Бейімдік дене шынықтыру пәні Антропологиялық зерттеу әдістері Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар. Антропологиялық зерттеу әдістері Өлшеуді тексеруден өткен (сертификатталған) өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл киімде болуы керек. Антропологиялық зерттеу әдістері Бойды өлшеу (дененің ұзындығы) Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 1). Антропологиялық зерттеу әдістері 1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы зерттелушіге түсіндіру, келісімін алу. 2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу. 3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау. 4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру. 5. Зерттелушіге алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз). 6. Зерттелуші вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны. 7. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру. 8. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай). 9. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді. 10. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |