Ақпараттандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға» деген сөздер тиісінше «мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметке» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
1-1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) ақпараттандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі – депозитке беру) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
8) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
10) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі – компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
13) ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
14) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
15) ашық кілттер инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
16) бағдарламалық өнім – ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
17) алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
18) домендік атау – Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;
19) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
20) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
21) интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
22) компьютерлік оқиға – ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы – «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
24) құжатталған ақпарат – материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар – мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;
26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
27) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
28) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттiк органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
28-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
29) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
30) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
31) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау – ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
36) «электрондық әкімдік» – жергілікті атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;
37) электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
38) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
39) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер;
40) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41) «электрондық үкімет» – мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
42) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы – «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
43) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
44) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
45) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) иемденушілері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;
46) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Осы Заңның күші ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3-бап. Ақпараттандыру объектілері мен субъектілері
1. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.
2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ
4-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің
мақсаттары мен принциптері
1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде "электрондық үкіметті" қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;
2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерін пайдалануға тең құқылығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу және оларды берудің міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеудің, өндіру мен берудің еркіндігі;
5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толықтығы мен дұрыстығы;
7) адал бәсекенің қамтамасыз етілуі;
8) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етілуі; P070863
9) ақпараттандыру саласының сенімділігі мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде қамтамасыз етілуі;
10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;
11) дербес деректердiң жиналуы, өңделуi оларды жинау мақсаттарымен шектеу қағидаттарына негiзделген.
3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудің нарығын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен оның жұмыс істеу, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде өзара іс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесін дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау;
6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
9) ақпараттандыру саласындағы операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын және мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын айқындау;
10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
11) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар міндетті түрде беретін құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тізбесін бекіту;
12) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін дербес деректердiң тізбесін бекіту;
12-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
14) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;
15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) алып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
4) ақпараттандыру саласында инвестициялық жобалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
5-1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту;
5-2) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;
5-3) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекiту;
5-4) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібін айқындау;
6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;
14) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;
22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;
24) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;
27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
28) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын әзірлеу;
30-1) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30-2) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30-3) алып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30-4) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру
Достарыңызбен бөлісу: |