Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет6/22
Дата05.07.2016
өлшемі2.8 Mb.
#179256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Инновациялар. 2007-2008 жж. инновациялар саласындағы Қалалық кәсіпорындар белсенділігінің деңгейі 1,2 пайыздық тармаққа көтеріліп, 7,6%-ды құрады. Дәл сол уақыт аралығында облыс бойынша берілген көрсеткіштің өсуі 0,4 пайыздық тармақты (6,1-ден 6,5%-ға дейін) қамтыды.

Инновациялық қызметтің негізгі түрі жаңа технологияларды, жабдықтауларды, материалдарды енгізу болып табылады. Оның мейлінше аз үлесін ғылыми-зерттеу және жобалық-үйлесімдік жұмыстар алып отыр. 2008 жылға қарай қалалық кәсіпорындардың инновациялық өнімдерінің көлемі 3 103 млн. теңгені құрады. Бұл дегеніміз 2007 жылдың деңгейінен 1,4 се жоғары.

Инновациялық өнімдердің облыстық көлеміндегі қалалық кәсіпорындардың үлесі 18,8%-ды құрады (2007 ж. – 6,0%). Қаланың кәсіпорындарымен шығарылған инновациялық өнімдер көлемінің 23% экспортқа жіберілді.

Қала кәсіпорындарымен инновациялық сипаттағы көрсетілген қызметтер көлемі 2008 жылы 1263,2 млн.теңгені, яғни облыстық көлемнің 99,3%-ын құрады. 2007 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер көлемі 2,9 есе жоғарылады.

Қарастырылған уақыт аралығындағы технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындар 2,2 есе артып, 2 059,2 млн. теңгені (облыстық шығындар көлемінің 10,7%) құрады. Оның ішінде 94,3% – ұйымдардың өзіндік қаражаттары, 4,6% – республикалық бюджет, 1,1% – даму институттарының қаражаттары.

Қаланың инновациялық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік инвестицияларды тартумен ашылған «Технопарк UniScienTech» ЖШС болып табылады.

Технопарктің негізгі міндеті ғылыми-техникалық саланың және инновациялық бизнестің ресурстарын біріктіру арқылы аймақтағы тиімді инновациялық ортаны қалыптастыру, және де, осылайша ғылыми-техникалық үрдіс пен ғылымның коммерциалануын ынталандыру болып табылады.

Инновациялық саланың неғұрлым маңызды мәселелеріне жатады:



  1. Қалалық инновациялық жүйе элементтерінің бытыраңқылығы;

  2. Инновациялық қызметке инвестицияларды тарту қиыншылықтары;

  3. Қаладағы инновациялық технологиялардың қарқынды дамуына қажетті жоғары маманданған кадрлардың жоқтығы;

  4. Шаруашылық субъектілері жағынан инновацияларға деген сұраныстың төмен деңгейі;

  5. Ұйымдардың инновациялық әлеуеті деңгейінің төмендігі;

  6. Инновациялық туындыларды коммерциаландырудың төмен үлесі;

  7. Жоғары экономикалық тәуекелділік.



Ауыл шаруашылығы. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қаланың ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1920,7 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 80% – өсімдік шаруашылығы өнімдері, 20% – мал шаруашылығы өнімдері. 2005-2009 жж. облыстық көлемдегі қаланың үлес салмағы 3,1-ден до 2,4%-ға дейін 0,7 п.т. төмендеді.

Өсімдік шаруашылығы. Талданған уақыт аралығындағы ауыл шаруашылығының барлық дақылдары бойынша қаланың ауыл шаруашылықтық егістіктері ауданы 534 гектарға қысқарып (17,4%), 2009 жылы 2 535,1 га (облыстық егістіктер ауданының 0,3%) құрады. Оның ішінде бидай және ірі бұршақ дақылдарын егу ауданы 2005 жылға қарағанда 85,7%-ға, арпа – 80%-ға, картоп – 26,4%-ға, көкөніс – 30,7%-ға қысқарды. Нәтижесінде 2005-2009 жж. бидай мен ірі бұршақ дақылдарын жалпы жинау 77,9%-ға, арпа – 75,0%-ға, картоп –­­­ 18,6%-ға, көкөніс – 17,5%-ға қысқарды. Бұнымен қатар егістік аудандары мен жалпы жинау жұмыстарының төмендеуі аясында кейбір дақылдар өнімділігі көтерілгенін айта кеткен жөн. Оның ішінде бидай дақылдарының өнімділігі жинастыру ауданының бір гектарынан 1,8-ден 2,8 центнерге дейін, картоп – 168,5-тен 186,4-ке, көкөніс – 257,7-ден 307,0 центнерге дейін жоғарылады.

Мал шаруашылығы. 2009 жылы мал шаруашылығының жалпы өнімдері 383,9 млн. теңгені, облыстық көлемнің 0,8%-ын (2005 ж. – 0,9%) құрады. Қарастырылған уақыт аралығы ішінде ірі қара мал басының 2005 жылмен салыстырғанда 1 212 басқа төмендеуі байқалды. Бірақ-та бұл уақыт аралығындағы ет өндірісі 9,9%-ға, сүттің барлық түрлері – 1,8%-ға, жүн – 85,7%-ға өсті. 2009 жылы жұмыртқаның барлық түрлері өндірісінің 2005 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеуі байқалды. Оның себебі құста санының 1 934 бірлікке қысқаруы болып табылды.

Кәсіпорындағы қауіпсіздік пен сапа менеджменті халықаралық жүйесінің стандарттарын енгізу мәселесі әрдайым бақылауда тұр.

2010 жылдың 1 қаңтар күнгі қалпына 12 ауыл шаруашылықтық қайта өңдеу кәсіпорны (оның ішінде 2009ж. ХАССП ИСО 9001-2001 сериясындағы тамақты қорғау жүйесін «Евразиан Фудс» АҚ енгізіп, СТ РК ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесін «Достык» ТПК енгізді) сапа менеджменті жүйесін енгізіп, сертификатпен куәландырды.

Қаланың ауыл шаруашылықтық неғұрлым маңызды мәселелері:



  1. Ауыл шаруашылығының барлық негізгі дақылдарының егістік аудандарының қысқаруы мен оның салдарынан жалпы жинау көлемінің төмендеуі;

  2. Ірі қара мал басының, шошқа, жылқы және құстар санының қысқаруы;

  3. Ауыл шаруашылығына инвестицияларды тарту мәселелері.



Қала бюджеті. 2005-2009 жж. Қарағанды қаласы бюджетінің табыстары номиналдық көрсеткіште 2,5 есе өсіп, 2009 жылы 23 607,3 млн. теңгені құраған. Қарастырылатын уақыт аралығында табыс құрылымында салықтық түсімдер үлесі айтарлықтай төмендеп кетті: 78%-дан (2005ж.) 51,4%-ға дейін (2009ж.) және, керісінше, трансферттер үлесі күрт көтеріліп кетті: 14,2-ден 41,1%-ға дейін. Салықтық емес түсімдердің үлес салмағы 0,5% (2005 ж. – 1,2%), негізгі капиталды сатудан түсімдер – 7,1% (2005 ж. – 6,6%) құрады.

2009 жылы қалалық бюджеттің шығындары 23 573,0 млн. теңгені құрады. Бюджет шығындарының 85%-нан көбі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру, әлеуметтік көмек, көлік пен байланысқа жұмсалған еді. 2005-2009 жж. шығындар құрылымында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жұмсалатын қаражаттар үлесі аса көтеріліп (19,5-тен 36,2%-ға дейін), трансферттер үлесі айтарлықтай төмендеді.

2009ж. бюджет тапшылығы 264,3 млн. теңгені құрады. Бұл дегеніміз қарастырылған уақыт аралығында жыл нәтижелері бойынша қала бюджетінің артықшылығы 727,9 млн. теңгені құраған, бұл 2006 жылды қоспағанда ең төмен көрсеткіш болып табылмақ. Бюджет тапшылығы займдар мен бюджеттік қаражаттар қалдықтарының түсуі арқасында жабылды.
Экология. Қаланың дамыған өнеркәсіп саласының негативті факторларының бірі қоршаған ортаға жоғарғы антропогендік ықпал ету болып табылады. Алайда соңғы жылдары бұндай ықпал етудің төмендеуі байқалады.

2005-2009 жж. аралығында тұрақты көздерден атмосфераны ластау көлемі 11,5%-ға (5,6 мың тоннаға) қысқарып, 2009 жылы 43,0 мың тоннаны құрады. Бір адамға келетін ластау шығындылары деңгейінің де төмендеуі байқалды: адамға 110,2 кг-нан 2005 жылы адамға 91,7 кг-ға дейін 2009 жылы. Бұл дегеніміз облыстық орта есептен 5,5 есе төмен.

Атмосфераны ластау құрылымындағы қатты заттар үлесі 49,1%-ды, ал газ тәрізді заттар мен сұйық заттар үлесі 50,9%-ды құрады. Оның ішіндегі күкірт ангидриді шығындылары 27,7%-ды, азот тотығулары 14,7%-ды, көміртек тотықтары 7,2%-ды құрады.

2009 жылы қоршаған ортаға жұмсалатын ағымдағы шығындар көлемі 1 911 999,4 мың теңгені құрады. Оның 63,3%-дық қаражаттары су ресурстарын қорғауға, 23,5% – жерді қоқыстық ластанудан қорғауға, 11,3% – атмосфералық ауаны қорғауға, 1,9% – жерлерді қалпына келтіруге жұмсалған еді. 2005-2009 жж. қаланың облыстағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың үлестік салмағы 1,4 п.т. көтеріліп, 2009 жылы 15,2%-ға дейін жетті.

Қаланың экология саласындағы көптеген жылдар бойғы неғұрлым маңызды мәселелері болып қала береді:


  1. Қоршаған ортаны ластайтын көптеген ағымдық және тарихи заттардың бар болуы;

  2. Қоршаған ортаны қорғау жабдықтаулары мен кәсіпорындардың тазалау құрылғыларының әбден тозуы;

  3. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жою мәселелері;

  4. Көптеген көмір табушы кәсіпорындарды жабумен байланысты иеліксіз қалған жерлерді қалпына келтіру қажеттілігі;

  5. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселелері.



Туризм. 2004-2009 жж. қаладағы туристтік қызметпен айналысатын кәсіпорындардың саны 48 бірліктен 2009 жылы 115 бірлікке дейін көтеріліп, оның ішінде 53% – турфирмалар, 21,7% – орналастыру объектілері, 20% – келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, және де 5,2% – туристтік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер болып табылады.

2009 жылы туристтік қызмет көрсетулер көлемі 1 420 392,8 мың теңгеге жетіп, облыстық көлемнің 61,4%-ын құрады. 2005 жылы қала үлесі 26,2%-ды құраған еді. Көрсетілген қызметтердің 90%-дан астамы орналастыру объектілері мен келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер болды.

Қарастырылған уақыт аралығында қызмет көрсетілген туристтер саны 51 мыңға көбейіп, 2009 жылы 169,4 мың адамды құрады (облыстық көрсеткіштің 68,3%). Оның ішінде ішкі туризм үлесі барлық туристтердің 85,8%, келуші туристтер 8,4%, шығатын туристтер 5,8%-ды құрады. 2005 жылмен салыстырғанда ішкі туризм мен келетін туристтер санының ұлғаюы салдарынан шығатын туристтер саны айтарлықтай төмендеді. Жалпы облыс бойынша ұқсас тенденция байқалды.

Талданған уақыт аралығында орналастыру объектілерінің саны 4 бірлікке көтеріліп, 2009 жылы 23 бірлікті құраған. Берілген уақыт аралығындағы қонақ үйлік нөмірлер саны аса өзгермей (770 б.), оның үстіне олардың толықтырылуы 37,4%-дан (2005) 17,6%-ға (2009) дейін төмендеп кетті. 2009 жылы қала бойынша төсек-тәуліктің құны 9 299,2 теңгені құрады. Бұл дегеніміз облыстық орта құннан 2 есе жоғары.

Қаланың туризм саласындағы негізгі проблемалары:


  1. Орналастыру объектілеріндегі төсек-тәуліктің орта құнының өсуі;

  2. Орналастыру объектілері толықтырылуының төмендеуі;

  3. Қызмет көрсетілген туристтер жалпы көлеміндегі шығатын туристтер санының үлестік салмағының төмендеуі;

  4. Санаторийлер мен демалыс аймақтары санының жеткіліксіздігі.



Жергілікті жерде жасалынған тауарды дамыту

2009 жылдан бастап ұйымдар мен мемлекеттік органдармен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерде Қазақстанда жасалынған тауарлардың бар болу мәселесінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында ірі компаниялармен байланысты нығайту арқылы мемлекеттік сатып алулардағы Қазақстанда жасалынған тауарлардың бар болуын ұлғайту бойынша, отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша сатылы жұмыс басталды.

Қазақстанда жасалынған тауарлардың бар болуының үлесін ұлғайту шеңберінде дағдарысқа қарсы бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша қалалық штаб мүшелерімен қала кәсіпорындары тарапынан облыстың ірі кәсіпорындарына және ұлттық компанияларға ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің толық номенклатурасы мен орта айлық көлемдері талдаудан өткізілген еді.

Ірі және кіші компаниялардың достастығын қалпына келтіру мен қала кәсіпорындарының тапсырыстар «портфелін» үлкейтуге септігін тигізген жергілікті тауар өндірушілерінің ұлттық компаниялар және жүйеқұрушы кәсіпорындарға тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жеткізудің ниет-хаттамалары жасалынған диалогтік алаңдарға қала кәсіпорындарының қатысуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2009 жылы СТ-KZ сертификаттары 64 кәсіпорынға берілді.

Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен жүйеқұрушы кәсіпорындар және ұлттық компаниялар арасында 34541,3 млн. теңге сомасына (55790,9 млн. теңге сомасына жасалынған ниет-хаттамаларының 62%) 157 келісім-шарт (қолы қойылған 241 ниет-хаттаманың 65,1%) жасалынды.

2009 жылдың 28 қыркүйек күні қаланың ірі және орта кәсіпорындарының Қазақстандық тауар өндірушілерінің «Выбираем Казахстанское» атты Республикалық Форумына қатысуы ұйымдастырылды.

2010 жылдың 13 қазан күні Қазақстанда жасалынған тауарлардың бар болуы үлесін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қарағанды облыстық әкімдігі мен Қарағанды қаласындағы Қазақмыс тобымен бірлесе жүргізілген отандық тауар өндірушілерінің «Выбираем Казахстанское» атты 2 Республикалық Форумына 70 кәсіпкердің қатысуы ұйымдастырылған еді.

Қазақстанда жасалынған туындылардың бар болуы шеңберінде қаланың 11 ірі және орта кәсіпкерліктің мониторингі жүргізіліп жатыр. 2010 жылдың 9 айлық нәтижелері бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу көлемі 11 млрд. 033,1 млн. теңгені құрап, Қазақстанда жасалынған тауарлар үлесі 10 млрд. 816,8 млн. теңге немесе 98%-ға тең болды, оның ішінде:

тауарларды сатып алу көлемі – 9 млрд. 490,3 млн. теңгені құрап, Қазақстанда жасалынған туындылар үлесі 9 277,8 млн. теңге немесе 97,8%-ға тең болды,

жұмыстарды сатып алу көлемі – 920,6 млн. теңгені құрап, ондағы Қазақстанда жасалынған туындылар үлесі 100%-ға тең болды;

қызмет көрсетулерді сатып алу көлемі – 622,2 млн. теңгені құрап, ондағы Қазақстанда жасалынған туындылар үлесі 618,4 млн. теңге немесе 99,4%-ға тең болды.

2010 жылдың басынан Қарағанды қаласының мемлекеттік сатып алулары бойынша 1 млрд. 767, 2 млн. теңгеге тең 1059 келісім-шарт орындалып, оның ішінде Қазақстанда жасалынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер үлесі 1 млрд. 759, 4 млн. теңгені немесе 99,3%-ды құрады.

Осылайша Қазақстанда жасалынған тауарлардың үлесін жоғарылату жұмыстары тұрақты мониторингте тұрғаны белгілі.



Бәсекелестікті дамыту. Қарағанды қаласында бәсекелестікті дамыту қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құраушысы болып табылады. 2007-2009 жж. жүргізілген бөлек тауарлық нарықтардағы бәсекелестік деңгейінің жағдайын талдау қаланың тауарлық нарықтардағы бәсекелік ортаның жақсылыққа қарай сәл өзгергенін көрсетті.

Осылайша қарастырылған уақыт аралығында қаладағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16%-ға көтеріліп, 24 943 бірлікті қамтыды. Ондағы жұмыспен қамтылған адамдар саны 2,8%-ға өсіп, 50 260 адамға жетті.

Қаланың облыс ішіндегі негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша үлесі 6,3 пайыздық тармаққа жоғарлап, 29,6% құрады.

Талдау нәтижелері бойынша тауарлық нарықтардың бір бөлігі жоғары шоғырланған тұрпатқа жататындықтан, бәсекелестік дамуының төмен деңгейін дәлелдейді.

Бұл әлеуеті бар бәсекелестер нарығына кірудің әрі экономикалық (өтеудің ұзақ мерзімді болғанындағы үлкен қаржылық жұмсаулар), әрі әкімшіліктік (рұқсат етілген процедуралар) бөгеттерінің бар болуымен, сонымен қатар нарықта қызмет істеп жатқан субъектілердің нарықтың өзге субъектілерінің оған кіруге бөгеттерін жасауға бағытталған әрекеттік стратегиясымен байланысты.

Оның үстіне қаланың шағын кәсіпкерлігі бұрынғыша әлсіз диверсификацияланған, инновациялық белсенділігі аз болып қала беріп, қала нарықтарында қажетті бәсекелес ортаны қалыптастыру жолын күрделендіре түседі.

Қала экономикасының ерекшеліктері мен белгілі бір салалардың әлеуметтік маңыздылығын көңілге ала отырып, жергілікті атқарушы органмен бәсекелестікті дамытудың шараларын жүзеге асыру мейлінше тиімді және мақсатқа сәйкес болып отырған тауарлық нарықтар белгіленді:


  1. Азық-түлік тауарлары;

  2. Электр қуаты;

  3. Фармацевтикалық және медициналық өнімдер.



Азық-түлік тауарларының нарығы. Берілген нарық дамуының деңгейі халық өмірінің сапасы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуға маңызды ықпалын тигізеді. Осыған орай Қарғанды қаласындағы азық-түлік нарығы дамуын оңтайландыру өкіметтің жергілікті органдары үшін бірден-бір міндеті болып табылмақ.

Азық-түлік тауарлары нарығының жағымды әрі теңгерілген дамуын қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі оған қызмет көрсететін тепе-тең инфрақұрылымның бар болуы болып табылады. Сонымен қатар олардың арасындағы айырбастасу үдерістерін жүзеге асыратын салалар жиынтығының бар болуы да қажет. Қаланың азық-түлік нарығындағы қолайлы экономикалық жағдай туғызу үшін өкіметтің аймақтық органдары және орталық мемлекеттік органдармен бірге келесі бағыттар бойынша шаралар игерілетін болады:

- нарықтық инфрақұрылым дамуына қаржы бөлу;

- сауда кәсіпорындары құрылымын (сауда-қоймалық операцияларды механикаландыруға жол беретін ірі азық-түлік дүкендерінің саны мен үлесін ұлғайту, сауда жабдықтары, тоңазытқыш құрылғылары мен кассалық қызмет көрсетуді жетілдіру) оңтайландыру;

- жаңашалдықты енгізу (сапалы жаңа тауарлардың, оларды сатудың жаңа тәсілдерінің, сұранысты ынталандырудың жаңа әдістерінің пайда болуы);

- маркетингтік орталықтар, жарнама агенттіктерін, тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңкелер мен көріністер, ақпарат пен байланыс құралдарын қосатын ақпараттық инфрақұрылымды жетілдіру;

- статистикалық зерттеудің жаңа тәсілдерін енгізу (статистикалық жүйені басқаруды жетілдіру, жұмыскерлерді дайындау, есептеу жабдықтары мен ақпаратты тиімді сақтау, айырбастау және таратуды қайта жарақтау);

- берілген нарық қызметі субъектілерінің ерекшеліктерін ескеретін инвестициялық-несиелік ұйымдардың сәйкес құрылымының болуы.


Электр қуаты нарығы. Электр қуатымен қамтамасыз ету саласын талдау берілген нарық бәсекелестікті шектеу факторлары бар монополиялық сипатта екендігін көрсетті:

  1. алғашқы капиталдық маңызды жұмсауларда білінетін экономикалық шектеулер;

  2. электр қуатын сатып алу шығындары, электр қуатымен байланысты барлық шығындар;

  3. электр қуаты саудасындағы көрнекіліктің жоқтығы;

  4. әкімшіліктік бөгеттер (лицензияны алу үшін біліктілік талаптарын орындауға бағытталған шараларды жүзеге асыру қиындығы);

  5. энергокомпаниялардың ірі көлемі мен нарықтағы билігі бәсекелестіктің дамуын тоқтатады.


Фармацевтикалық және медициналық өнімдер нарығы. Берілген тауарлық нарықтағы бәсекелестіктің дамуына фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің инновациялық даму үлгісіне көшуі келесі жолдарымен әсерін тигізеді:

  1. отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің өндірістік қуаттылықтардың экспортқа қабілетті деңгейге дейін технологиялық тұрғыда қайта жарақтануы;

  2. бәсекеқабілетті өнімдерді шығару мақсатында ғылыми-зерттеушілік әлеуетті құру;

  3. отандық өнеркәсіппен стратегиялық маңызды, өмірлік қажеттілігі бар және ең маңызды дәрілердің шығарылуы;

  4. импорттың орнын толтыру мақсатында медициналық техника мен медициналық міндеттегі бұйымдарды шығару.

Жергілікті атқарушы орган құзыретті мемлекеттік органдармен бірігіп келесі бағыттар бойынша шаралар қолданылады:



  1. Дүниежүзілік экономикалық форумының (ВЭФ) Бәсекелестіктің жаһандық индексі (ГИК) шеңберінде «жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» субиндексінің (бәсекелестік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай туғызу мен т.б.) жақсаруына ықпал ететін шараларды құру мен жүзеге асыру. Оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерліктік корпорация (СПК) мен мемлекеттік-жеке серіктестік (ГЧП) арқылы да;

  2. Кәсіпкерлік әрекетте мемлекеттің тікелей қатысуын қысқарту;

  3. Басыңқы салаларда тауарлық нарықтардың инфрақұрылымын дамыту;

  4. Бизнеске қажетсіз ауыртпашылықты шегеру, сонымен қатар рұқсат беретін құжаттарды алу процедураларын жеңілдету (шегеру) мақсатында кәсіпкерлік саласында шығарылатын нормативтік-құқықтық актілерді монополияға қарсы органмен келістіру;

  5. Бизнестің жаңа субъектілерін тарту мақсатында аймақтық нарықтар, тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктер туралы ақпаратты жинау, талдау мен жариялауды ұйымдастыру.

Оның үстіне нарықтарға кірудің бостандығы болуы мақсатында бәсекелестік жоқ салалардағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын шығару жоспарланды.


2.2.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық ахуал. Соңғы жылдары Қарағанды қаласындағы демографиялық ахуалды саралау нәтижесі, шартты табиғи көбею және ішкі миграциялық ағынның арқасында халық санының тұрақты көбеюін көрсетеді. 2010 жылы қаңтар айының 1 жұлдызына Қарағанды қаласының халық саны 471784 мың адамды құрады. Ішкі миграцияның арқасында 2007 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызына қарағанда жалпы халық саны 18412 адамға көбейді.

Дүниеге бала әкелу деңгейі әлі күнге дейін үздіксіз өсуде. Туу деңгейі 2009 жылы 8207 мың бала санын құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда бала саны 513-ке дейін көтерілді. 2007 жылдан бастап өлім деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады. Өлім коэффиценті 2009 жылы 11,62 – ты құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 1,93 –қа азайды. Қарағанды қаласы халқының табиғи қозғалысының оңтайлы жағдайы неке қию рәсімі көбеюінің арқасында. Сөйтіп, 2009 жылы 4767 мың неке қиылды. 2008 жылмен салыстырғанда (4586 неке) бұл көрсеткіш едәуір көбейді. Сонымен қатар, ажырасу мәселесінің көбеюін айтып кеткен жөн болар. Яғни 2008 жылы ажырасу саны 1522 болса, ал 2009 жылы 1783-ке дейін жетті.

2009 жылы қалаға 14595 мың адам келді, оның 11340 кетіп қалды (миграция сальдосы +3255 адам). Ішкі миграцияның нәтижесінде оңтайлы миграциясының сальдосы шықты. Ал сыртқы миграция бойынша жағымсыз сальдо байқалды (-536 адам).

Қаланың демографиялық өсуінің басты мәселелері:



  1. кадрлардың жетіспеушілігі

  2. сыртқы миграцияның теріс сальдосының көрсеткіші


Білім беру. Қарағанды қаласында 2010 ж қыркүйек айының 1 жұлдызына 148 білім орталығы жұмыс істеуде. Олардың ішінде: ММ-127, ЖМ-21.

Мектепке дейінгі орталықтар саны – 42, сонымен қатар оқушы саны - 12367. Олардың ішінде ММ-36, оқушы саны-10164, ЖМ-6, оқушы саны- 1422. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие беру 7 мектеп-кешенінде өткізіледі. Олардың ішінде: ММ-3, құрамында 200 бала, ЖМ-4, құрамында 380 бала. 14 Мемлекеттік жалпы білім беру мектептерімен қатар құрамында 781 бала бар кішігірім орталық ашық.

Мектеп саны-89, оқушы саны-53887. Олардың ішінде ММ-80, оқушы саны-53104, ЖМ-9, оқушы саны-783.

Қалада 8597 бала оқитын, мектептен тыс 16 мекеме жұмыс істейді. Олардың ішінде: ММ-11, 7185 қатысушысы бар, ЖМ-5, 1412 қатысушысы бар.

Білім ұйымдастыру торабы 2010 жылы 2006 жылға қарағанда 7 объектіге көбейді.

Олардың ішінде: 2007 жылы «Мерей» балабақшасы ашылды, 2009 «Балақай» және «Толағай» деген 2 балабақша ашылды, 2010 жылы «Марал» атты жекеменшік балабақшасы ашылды. Мектептен тыс орталықтар саны 3 объектіге көбейді: 2009 жылы 2 мектеп-өнері ашылды, «Шахтер» КМҚК жанында аулалық үйірмелер ашылды.

2006 жыл мен 2010 жылдар аралығында 15 мектеппен қатар, кішігірім орталықтар ашылды. №33 мектебінің кішігірім орталығы мектеп-кешені деңгейіне дейін өсті. Сөйтіп, мектеп-кешендерінің саны 3 есе өсті, ал кішігірім орталықтар саны 14 есе азайды.

Қарағанды қаласында мемлекеттік білім беру мекеме саны-127, олардың ініде:

- жалпы білім беру мектептері-77, «Мектеп-Балабақша» комплексі -3, (Орта мектеп №33,38,77), олардың ішінде: қазақша -10 (Орта Мектеп № 4, 6, 12, 36, 39, 41, 18, 57, 76, 92) және аралас 39 мектеп.

- мектепке дейінгі білім беру мекемелері-36, олардың ішінде: мемлекеттік тілде тәрбие беретін 5 мекеме («Тілек», «Жұлдыз», «Гаухар», «Балапан», «Қарлығаш»), және 32 мектепке дейін білім беру мекемесінде қазақ тіліндегі топтар бар.

- Жалпы білім беру мектептерімен қатар (Орта мектеп № 8, 11, 20, 36, 37, 40, 46, 59, 60, 64, 79, 83, 88, 91)14 кішігірім-орталықтар ашылды.

- Мектептен тыс мемлекеттік мекеме саны -11, олардың ішінде: 5 музыка мектебі, 2 өнер мектебі, балалар және жастар сарайы, балалар көркемдік мектебі, жас табиғи зерттеуші бекеті, «Шахтер» КМҚК.

Қарағанды қаласында барлығы мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің саны-21, олардың ішінде:

- жалпы білім беру мектептер саны-6, (КУБУП қатарындағы сыныптар, Абдразакова атындағы мектеп, КФИ қатарындағы мектептер, Френдшип мектебі, «Диалог» мектебі, КарГТУ қатарындағы сыныптар), кешендер: «Мектеп-балабақша» – 3 («Альтер», «Ерфольг», «Лесок»);

- «Балабақша- мектептен тыс мекеме» кешені -1 («Ассоль»);

- мектепке дейінгі білім беру мекемелері- 6 («Гвоздичка», «Балапан», «Малинка», «Фонарик», «Дворец Детства», «Марал»);

- мектептен тыс мекемелер – 5, («Ассоль» компьютер орталығы, «Крон» өнер мектебі, «Надежда» компьютер орталығы, «Гвоздичка» денсаулық орталығы, Білім беру орталығы).

Барлық білім беру мекемелерінің мемлекеттік лицензиялары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет