5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурсқа қатысуға жiберу
28. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
29. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн деп қарайды.
30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиiстi түрде ресiмделмеген күйде ұсынған;
2) оның сәйкестiгiн растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк фактiсi анықталған;
3) бiлiктiлiк талаптары жөнiнде жалған ақпарат ұсынған.
Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Ереженiң 87-1 және 87-2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
Конкурстық комиссия соманың бiр процентiнен астам мөлшерде өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлген жағдайда, енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келедi деп таниды.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
2) конкурстық комиссияның:
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету белгiлеген тұлғаны;
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету пайдасына енгiзiлiп отырған тұлғаны анықтауына мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге енгiзiлген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн қамтамасыз етудi өзге негiздер бойынша тануға жол берiлмейдi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
32. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
Егер әлеуеттi өнiм берушi осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе, онда:
конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн кейiнге қалдыру негiздемесi көрсетiледi;
Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
33. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:
1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;
2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердiң проценттiк мәнiн қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi және конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнiн, уақытын, орнын белгiлейдi.
34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiм берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге бередi немесе жiбередi, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына (www.aral.gov.kz веб-сайтында) орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiмi Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын ресiмдеуi
35. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресiмделедi:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы және оның мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) бекiтiлуi тиiс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиiс;
3) отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берiлуге тиiс.
36. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық баға ұсынысын конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: "САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу) – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ ( 02 сәуір 2014 жыл, 15.00 сағат 00 минут) ДЕЙIН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".
Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуi сияқты, бiрден артық конкурстық баға ұсынысын беруiне жол берiлмейдi.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңiмпазын анықтау
37. Конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күнi, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткiзедi.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтердi конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.
Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан белгiлеген тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердi оларды тiркеудiң хронология тәртiбiмен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртiбiмен жария етедi;
конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi бередi.
38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.
39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi аудио және бейне түсiрiлiмдер жүргiзу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияны көрсетiлген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиiс.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен
40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмiн жеңiлдету үшiн конкурстық комиссия әр түрлi валютада берiлген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
41. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi осы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын керi қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтiк болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын керi қайтарады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары керi қайтарылғаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екi және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген өлшемдердiң проценттiк мәнiнiң олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
4) ең төмен шартты төмен шартты баға негiзiнде конкурстың жеңiмпазын анықтайды.
42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
43. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн қайтарусыз негiзде ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз етудi қайтару
44. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен.
45. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайларда:
1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алса;
3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
46. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс берушi қол қояды және өнiм берушiге жiбередi.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
47. Тапсырыс берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтарады.
48. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
49. Шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу туралы жағдайларды қамтуы тиiс.
49-1. Отандық тауар өндiрушiлермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтердi көрсетушiлермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткiзгенi, жұмыстарды орындағаны, қызметтердi көрсеткенi үшiн толық ақы төлеу шартын қамтуы тиiс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Ескерту. Қосымша 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
50. Егер әлеуеттi өнiм берушi Заңда белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге ұсынбаса немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi енгiзбеген жағдайда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
51. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi:
1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың терiс пиғылды қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Ескерту. 51-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi
Лот
№
|
Тапсырыс
берушiнiң
атауы
|
Тауарлардың
(жұмыстың,
қызметтiң)
атауы
|
Қысқаша сипаттама
|
Өлшем
бiрлiгi
|
Саны,
көлемi
|
Беру шарттары
(ИНК ОТЕРМС
2000 сәйкес)
|
Тауарлар
беру, жұмыс
тарды орындау, қызметтер
көрсету
мерзiмi
|
Тауарлар беру,
жұмыстарды
орындау,
қызметтер
көрсету
орны
|
Аванс-
тық
төлем
мөлше-
рi,
%
|
Конкурс
тәсiлiмен
мемлекеттiк
сатып алу
үшiн бөлiнген
сома (№ лот бойынша),теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №1 – ( 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне қайырымдылық көмек ұйымдастыру)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
9 мамыр 2014ж
|
Арал ауданы
|
0
|
672 000-00
|
2
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №2 –
(1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедек балалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
1 маусым
2014 ж
|
Арал ауданы
|
0
|
200 000 -00
|
3
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №3 - ( 1 қазан – Қарттар күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық шаралар ұйымдастыру)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
1 қазан 2014 ж
|
Арал ауданы
|
0
|
150 000 -00
|
4
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №4 - (Мүгедектер күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедектерге іс-шаралар ұйымдастыру)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
13 қазан 2014 ж
|
Арал ауданы
|
0
|
100 000 -00
|
5
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №5 - (Жаңа жыл мерекесіне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедек балаларға қайырымдылық көмек жасау)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
26 желтоқсан 2014 ж
|
Арал ауданы
|
0
|
100 000-00
|
6
|
«Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
|
Лот №6 - (Жаңа жыл мерекесіне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек жасау)
|
Көрсетілген іс-шара жоспары бойынша жұмыс жасау
|
қызмет
|
1
|
|
26 желтоқсан 2014 ж
|
Арал ауданы
|
0
|
100 000-00
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 322 000 -00
|
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiктерде көрсетiледi.
_Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы_/______________ / Аяпов К./______________/
Күнi_ _____________
М.О.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |