Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама


Гендік аурулардың сипаты, ерекшеліктері



бет19/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
15.Гендік аурулардың сипаты, ерекшеліктері. Біріншіден, гендік аурулар әр жаста болуы мүмкін. Кей біреулері жатыр ішінде (гемофилия, саңыраулық), басқалары- туғаннан кейін, балалық шақта (Фридрейх атаксиясы), кейде жасы толған кезде (Гентингтон хореясы), тіпті ересек, кәрі, мосқал адамдарда (подагра) кездеседі.
Екіншіден, гендік аурулардың көбісі көп гендердің және сыртқы орта факторларының үйлесімділік жұмысының бұзылуына тәуелді болады. Бұл полигенді ауруларына: диабет, шизофрения және басқалары жатады. Сонымен қоса моногенді, Мендель заңдары бойынша тұқым қуалайтын ауруларда бар (саңыраулық, нерв жүйесінің аурулары), олардың саны бүгінгі күні бір жарым мыңдай болады.
Үшіншіден, Мендель заңдары бойынша тұқым қуалайтын аурулар бір ғана емес, түрлі мутантты гендермен тұғызылуы мүмкін, олар ұқсас, клиникалы ажыраталмайтын зақымдану суреттемесімен бейнеленеді. Бұндай тұқым қуалайтын аурулардың гетерогендігі моногенді аурулардың ережесі болып табылады.
Төртіншіден, бір ауру әр тасымалдаушыда әр түрлі, әр дәрежеде байқалынады, тіпті бір жанұядада, - клиникалық полиморфизм деп аталады. Гендік аурулардың тұқым қуалау мінезі хромосомадағы мутантты геннің орналасуына тәуелді. Егерде мутантты ген аутосомада орналасқан болса тұқым қуалау түрін аутосомды-доминантты немесе аутосомды-рецессивті деп атайды; егер мутантты ген жыныстық хромосомада (Х не У) орналасқан болса, онда жыныстық хромосомамен біріккен, тұтасқан тұқым қуалайтын ауру деп айтады.
Аутосомды-доминантты аурулар (саусақтарының қысқа болуы (короткопалость), отосклероз, бұлшық ет атрофиясының кей түрлері, Гентингтон хореясы және басқалар) еркектер мен әйелдерде бірдей жиілікте кездеседі. Егер де ата-анасының біреуінде осы белгі болса, онда аурудың ұлдары мен қыздары да осы аурудан азап шегеді, өйткені мутантты не қалыпты аллелі бар хромосомаға бірдей мүмкіншілікпен ие бола алады (50%). Сонымен, доминантты ауруы бар көп жанұяларды зерттегенде, олардың балаларының жартысы (қыз және ұл балаларда да) ауру екендігі анықталды. Бұл ауруға шұлдықпаған жанұя мүшелерінде тек дені сау ұрпақ болады.
Аутосомды-рецессивті аурулар (саңырау-мылқаулық, Тея-Сакса ауруы және т.б.) мутантты геннің гомозиготалы жағдайында ғана білінеді, басқаша айтқанда ауруды тұқым қуалау дені сау гетерозиготалы екі ата-анасынан болады. Еркектер мен әйелдер бірдей жиілікпен зақымданады. Аурудың туу қауіп-қатері 25% құрайды. Ауру адамдар дені сау адамдармен некеге тұрса ұрпақтарының дендері сау болады, бірақ мутантты геннің тасымалдаушысы болады. Сондықтанда, гетерозиготаларда генді «жасырынды» тасымалдау оның таралуына мүмкіндік туғызатындығы түсінікті. Ген тасымалдаушыларда білінбей, іс жүзінде табиғи сұрыпталудың әсеріне ұшырамайды. Сондықтанда адамдағы патологиялық белгілердің көбісі рецессивті гендермен қамтамасыз етіледі. Гомозиготалы жағдайда геннің білінуі мүмкіндігіне ата-аналарының қандас туыс болуы әсер етеді, өйткені қандас туысқандары бір мутацияның тасымалдаушылары болуы мүмкін. Осыған байланысты сирек кездесетін рецессивті ауруларда аурудың ата—аналары арасындағы қандас туысқандар некелерінің жиілігі жалпы популяциядағы осындай некелер жиілігімен салыстырғанда едәуір жоғарлағандығы байқалынады.
Жыныстық хромосомамен біріккен, тұтасқан тұқым қуалайтын белгілер Х және У хромосомаларында орналасқан гендермен белгіленеді. У-хромосомасы Х– хромосомасына қарағанда генетикалық селсоқ болып саналады. Сондықтанда, Х- хромосомасында орналасқан барлық гендер, ХУ жыныстық хромосомасы жинақталғанда белсенді болады және еркектерде кездеседі. Егерде әйелдің Х-хромосомасының біреуінде аурудың дамуы үшін жауап беретін рецессивті ген болса, ол көрінбейді, өйткені басқа Х-хромосомадағы оның аллелі, оның әрекетін басады (домининантты болып келеді). Бұндай әйел- мутантты геннің тасымалдаушысы, дені сау қыздарға ие болады, олардың ішінде 50% мутантты геннің тасымалдаушысы болады. Ұлдарының арасында 50% (ХУ) жыныстық хромосома жиынтығында мутантты гені бар Х-хромосома болады. Олар ауру болады, өйткені У-хромосомада дұрыс аллель жоқ. Х- хромосома әкесінен ұлдарына берілмейтін болғандықтан, тек қыз балаларына ғана берілетіндігінен, бұндай аурулар еркек жағынан (әкесінен ұл баласына) таратылмайды. Дені сау, гетерозиготалы тасымалдаушы анасынан мутантты генді алатын ұл балалар ғана ауырады. Сонымен, жыныстық хромосомалармен біріккен,тұтасқан рецессивті аурулар туралы айтқанда, тек еркектер ғана зақымданады. Бұл жолмен келесі аурулар: гемофилия, дальтонизм (қызыл-жасыл соқырлық), түрлі көз аурулары, кемақылдылықтың көп түрлері беріледі. Егерде Х-хромосомасында орналасқан мутантты ген доминантты болса, ол еркектерде де әйелдерде де айқын көрінеді. Бұл жерде популяциядағы әйелдердің ауруының жиілігі еркектермен салыстырғанда екі есе көп болады, өйткені әйелде екі Х-хромосома бар және осыған байланысты онда мутантты геннің орналасуы мүмкіндігі екі есе көбейе түседі. Бүгінгі күні гендік аурулардың көбісі суреттеліп жазылған, оларды клиникалық симптомдардың жиынтығы бойынша және тұқым қуалау механизмдері бойынша да жіктеуге болады. Жоғарыда мономерлі тұқым қуалайтын, басқаша айтқанда Мендель заңдары бойынша тұқым қуалайтын аурулар туралы әңгіме қозғалды. Олардың санының көбіне қарамастан, олар адамның барлық тұқым қуалайтын патологиясының арасында біршама көп емес үлесін құрайды. Тұқым қуалайтын, көбіне кен таралған аурулар, шизофрения, ревматизм, атеросклероз және тағы басқалар Мендельдің қарапайым тұқым қуалау заңдылықтарына бағынбайды. Осыған байланысты соңғы топтың ауруларының пайда болуына ортаның ролі, әсері, моногенді тұқым қуалайтын кемшіліктердің пайда болуына ортаның тигізетін әсерінен гөрі, едәуір көп болады. В.П.Эфроимсон (1968) тұқым қуалаушылық пен ортаның ролінің ара қатысы бойынша адам ауруларын 5 негізгі топқа бөлген:
1. Сыртқы жағдайларға тәуелсіз, тек белгіленген генотипі бар адамдарда байқалынатын аурулар (гемофилия, Даун синдромы, Гентингтон хореясы және т.б.).
2. Ортаның белгіленген факторлары бар жағдайда, тек белгіленген генотипі бар адамдарда байқалынатын аурулар (подагра, қант диабеті және т.б.).
3. Жиілігі және ауырлығымен генотип пен ортаға тәуелді, түрлі генотипі бар адамдарда байқалынатын аурулар (гипертониялық аурулар, аш ішекке жара шығу (язва двенадцатиперстной кишки) және т.б.).
4. Ауырлығы мен жиілігі бойынша генотипке тәуелді, түрлі генотипте байқалынатын аурулар (туберкулез, тіс кариесі және т.б.).
5. Жиілігі мен ауырлығы толығынан сыртқы факторларға тәуелді, аурулар
Бұндай жіктелуде келесі ереже сызылып көрсетіледі, тұқым қуалайтын аурулардың көбісі ағзаның физиологиялық жағдайына, басқа гендердің әрекетіне және ағзаның қоршаған ортамен өзара қатынасына тәуелді болады. Сонымен қоса, тұқым қуаламайтын патологияда адамның генетикалық ерекшелігінің әсерінен дами түседі. Әр ауруда бірдей сыртқы этиологиялық фактор жеке барысты ауруды туғызатындығының себебі, адамның генетикалық бірегейлігінде жасырынылады. Түрлі мүшелері мен жүйелерінің тұқым қуалайтын кемшіліктері бар балалармен арнайы мекемелерде жұмыс істейтін мамандар үшін, есте сақтау қажет, тіпті тұқым қуалайтын құрылымдармен анықталған ауру сандық және сапалық қатынаста да әр адамда жеке байқалынады, өйткені әр адам жеке дамиды жасы үлкен болса, да кішкентай бала болса да.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет