Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т. Я



бет3/5
Дата08.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#185798
1   2   3   4   5

2. Ұйымның сыртқы ортасы

Ұйымның табысы ішкі ортадан басқа оны қоршаған сыртқы күштерге де байланысты. Қазіргі күрделі дүниеде басқарушылық қызметтерді тиімді орындау үшін осы сыртқы айнымалылардың іс-әрекетін түсіне білу қажет. Жүйелі тәсілдеменің басқару ғылымына қосқан маңызды үлестерінің бірі сыртқы ортаның маңызына баса назар аудару болды. Басшы үшін өзінің ұйымын, өз кезегінде сыртқы дүниемен байланысқан, өзара байланысты бөліктерден тұратын тұтастық ретінде қарау қажеттілігі туды. Жағдайлық тәсілдеме тұжырымдама жасау есебінен жүйе теориясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Оған сай аталмыш жағдайға барынша қолайлы басқару әдісі ұйым мен сәйкес түрде оған әсер ететін нақты ішкі және сыртқы факторлармен анықталады.

Сыртқы ортаның 4 сипаттамасы бар:


  1. Сыртқы орта факторларының өзара тәуелділігі - бұл бір фактордың өзгерісі өзге факторларға әсер ететін күштің деңгейі.

  2. Сыртқы ортаның күрделілігі - бұл ұйым жауап қайтаруы тиіс факторлардың саны.

  3. Ортаның жылжымалылығы - бұл ұйымның айналасында болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы.

  4. Сыртқы ортаның белгісіздігі - бұл орта туралы ақпараттың салыстырмалы саны мен оның дәлдігі жайлы сенім.

Қоршаған ортаны анықтау мен оның ұйымға әсерін есепке алу тәсілдерінің бірі - сыртқы факторларды 2 негізгі топқа бөлу. Бұл - ұйымға тура және жанама әсер ету күштері.

Тура әсер ету ортасына ұйым операцияларына тікелей әсер ететін факторлар жатады:



  1. Жабдықтаушылар. Жүйелі тәсілдеме тұрғысынан ұйым - бұл кірулерді шығуларға түрлендіру механизмі. Кіретіндердің негізгі түрлері: материалдар, жабдық, энергия, капитал мен жұмыс күші. Аталған ресурстардың кіруін қамтамасыз ететін жабдықтаушылар торабы мен ұйымның арасындағы тәуелділік ұйымның әрекет етуіне тікелей әсер етудің ең жарқын мысалы бола алады. Жабдықтаушылар үлкен күшке ие болса, ұйымды өздеріне қатты тәуелділікке қоюы мүмкін. Сондықтан жабдықтаушыларды таңдаған кезде олармен қарым-қатынасты тең дәрежеде құру мүмкін болуы үшін олардың қызметін жан-жақты әрі терең зерттеу маңызды.

  2. Заңдар мен мемлекеттік органдар. Заңдылықтың күйі көбіне тек оның күрделілігімен ғана емес, белгісіздігімен де сипатталады. Ұйымдар тек заңдарды ғана емес, мемлекеттік реттеу органдарының талаптарын да орындауға міндетті. Бұл органдар өз құзырына сәйкес заңдардың мәжбүрлі орындалуын қамтамасыз етеді әрі өздерінің талаптарын да енгізеді.

  3. Тұтынушылар. Олар қандай тауарлар мен қызметтер әрі қандай бағамен олар үшін ықыласты екендігін шеше отырып, ұйым әрекетінің нәтижесіне қатыстының барлығын анықтайды. Тұтынушыларды зерделеудің міндеті ең алдымен ұйым өткізетін өнімді алатындардың бейнесін құру. Бұл ұйымға тұтынушылар қандай өнімді көбірек қабылдайтындығын, қандай сату көлемін күтуге болатынын, потенциалды сатып алушылар аясын қаншалықты кеңейтуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

  4. Бәсекелестер. Көп жағдайда тұтынушылар емес, осы бәсекелестер қызмет нәтижесінің қандай түрін әрі қандай бағамен сатуға болатындығын анықтайды. Бәсекелестерді, яғни ұйымның сыртқы ортадан алмақшы ресурстары үшін күресуге тура келетіндерді, зерделеу басқаруда ерекше және өте маңызды орын алады. Аталмыш зерделеу бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, соған сәйкес бәсекелестік күрестегі өз стратегиясын құруға бағытталған.

Негізгі әдебиеттер: 7 [31-53]

Қосымша әдебиеттер: 7 [22-43]
Тақырып 5 Мақсатты таңдаумен кәсіпорынның даму стратегиясы.

Дәріс жоспары

1.Мақсат түсінігі мен классификациясы

2.Мақсатты құру принципі,қолданылуы

3. Кәсіпорынның дамуының стратегиясын жасау



1.Мақсат түсінігі мен классификациясы. Кәсіпорынның экономикалық саясатын жасау оның алдыңғы уақытта дамуымен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынның ресурстарымен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Мақсаттар - бұл кәсіпорынның барлық қызметін бағыттайтын,бірақ оған жету міндетті емес басқару процесі.Кәсіпорын басқару жүйесінде мақсат бірнеше қажетті қызметтерді атқарады:

- кәсіпорынның философиясын анықтайды,басқару ерекшеліктерін анықтайды.

-қызметтің белгісіздігін төмендетіп,қоршаған ортаға бейімделуге,уақыт үнемдеуге көмектеседі.

Қажеттілігіне байланысты мақсат стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді.

Уақытына қарай ұзақ (5 жылдан жоғары), орташа (1-5 жылға дейін), қысқа (1 жылға дейін) мерзімді болып бөлінеді.

Құрылымына қарай технологиялық, экономикалық, өндірістік, әкімшілік, маркетингтік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік болып бөлінеді

Сапалы жазылған және сандық көрсеткіштерін айқындайтын мақсаттар туралы осы көрсетілген форма арқылы айтуға болады.

Олар жатқызылатын деңгейі бойынша мақсаттар:

-жалпы;


-спецификалық болып бөлінеді.

Мақсаттарды келесі негіздерге сүйене отырып топтауға болады: кәсіпорын қызметінің жұмысына ықпалы шектелген ресурстар шартында берілген мерзімде жетістікке жету мүмкіндігі, қалыптастыру процесінде көп пайда алу, жұмыс барысында шешілетін мәселер немесе керісінше, келеңсіз нәтижелердің пайда болуы.



2.Мақсатты құру принципі,қолданылуы. Жақсы мақсаттардың болуы өзінен өзі ұйымды басқаруды жақсарта алмайды. Сондықтан, мақсаттарды қолданудың 4 принципін ұстану керек:

1. Мақсаттарды талқылау;

2. Ерекшеліктерді анықтау;

3. Қайта байланыспен қамтамасыз ету;

4. Марапаттау жүйесі мен мақсаттар байланысы.

3. Кәсіпорынның дамуының стратегиясын жасау. Фирма бағдарламасы – нақты мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін болашаққа жету жүйесі.

Бағдарламаны қалыптастырудың мәні көп мөлшерлі баламалар ішінде керекті даму бағытын тандау және таңдалған жолда өндірістік - шаруашылық қызметті ұластыру.

Бағдарламаны басқару мақсаттардың ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорын өзінің болашаққа позициясын анықтауда қолданылады.

Осыдан неше түрлі бағдарлама түрлерін атауға болады:



  1. Өнім - нарықтық бағдарлама;

  2. Маркетинг бағдарламасы;

  3. Бәсекелі бағдарлама;

  4. Салалар жинауды басқару бағдарламасы;

  5. Жаңалық енгізу бағдарламасы (инновациялық саясат);

  6. Қор жинау бағдарламасы;

  7. Даму бағдарламасы;

  8. Игеру бағдарламасы;

  9. Шетел инвестициалау бағдарламасы;

  10. Экспорт қызметін кеңейтуге бағытталған бағдарлама;

  11. Сыртқы экономикалық экспанция бағдарламасы.

Бағдарламаны таңдау әртүрлі қызметтерде кәсіпорынның болашақ дамуын салыстыру негізінде ерекшеліктерді анықтау және табысты қамтамасыз, ету үшін қызметтер арасында ресурстарды бөлу негізінде жұмыс істейді.

Егер кәсіпорын айналысатын қызмет түрі мақсаттарына сай болмаса, онда диверсификация жолына талдау жасалады және өтуге бет жасалған жаңа қызмет түрін анықтайды.



Қорытынды

Сонымен, мақсат – қолдануға тән нақты сипаттама, жетістіктері көзделген, қызметі бағытталған басқару процессі.

Барлық қызмет сияқты мақсат жүзеге асыруға қолданалатын принциптері арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі әдебиеттер: 7 [11-53]

Қосымша әдебиеттер: 6 [62-73]

Тақырып 6 Басқару әдістері..

Дәріс жоспары

1.Басқару әдісінің мәні.

2.Басқарудың экономикалық әдісі.

3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.



1. Басқару әдісінің мәні.Басқару әдістері – белгілі жетістікке жету үшін басқару субъектісінің объекке ықпал жасау тәсілдер жүйесі. Басқару әдістерінің теориялық негізі терең және жинақты жұмысты талап етеді. Себебі, басқарудың неғұрлым белсенді және әрекетті құралы дұрыс қолданбаған жағдайда жұйе нәтижелерге соқтырады.

Бұл басқару механизмінің дұрыс қалыптаспаған немесе диформацияланбаған кезінде қиындай түседі.

Басқару әдістері классификациясында бірнеше әдістемелер бар. Дегенмен, адамдарға және ұжымға олардың мүддесінен шығатындай белгілі басқару әдістерін қолдану керек. Сондықтан, ықпал ету классификациясына назар аудару керек: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік - психологиялық. Берілген классификациялардың негізгі болып жұмысшылардың еңбекке жеке ынтасы; олардың мүддесі мен қажеттіліктері табылады. Осы әдістер адамдардаң мінез-құлқын анықтайды:

-экономикалық әдіс;

-ұйымдастырушылық-жіктеу әдістері;

-әлеуметтік – психологиялық әдістері.



2 Басқарудың экономикалық әдісі..Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру.

Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу.

Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.

3.Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.Басқару әдістер жүйесінде

ұйымдастырушылық – жіктеу әдістері ерекше орын алады. Олар өзіне басқару субъектісіне объективті ықпал ету тәсілдерін күш және билік беделіне негізделіп қамтиды - заң, жарлық, қаулы, бұйрық, ұйғарым, нұсқау және т.б.

Бұл әдістер басшы мен қызметкердің әрқайсысының міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін анықтайды, сонымен қатар басқарудың әр деңгейі мен звеносына қатысты.

Олар жоғарыда тұрған билеушілердің мүддесін орындалуына қызметкерлердің персоналды жауапкершілігімен қамтамасыз етуі керек.

Ұйымдастырушы - жіктеу әдістерінің негізі – кез келген қоғамда бар, кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйеде бар ұйымдастырушылық қатынастар. Сол тарапта басқарудың неше түрлі қатынастары қалыптасады. Кез келген нақты ұйымдастырушылық қатынастар - бұл өзіне құқықтық қатынастарды және жауапкершілік, билікті қамтитын субъективті - объективті қатынастар.

Негізгі әдебиеттер: 5 [21-43]

Қосымша әдебиеттер: 3 [52-63]
Тақырып 7 Ағымды және стратегиялық жоспарлау

Дәріс жоспары

1.Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері

2.Жоспарлау принциптерітер

3.Стратегиялық жоспарлау

4.Ағымдық жоспарлау

1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері. Фирма ішілік жоспарлаудың басқару қызметі ретінде міндеттері мен мазмұны нарық сұранысы мен оны қамтамасыз ететін материалдық көздерін есепке ала отырып өндірісті дамыту және негізгі бағыттарды анықтау болып табылады. Жоспарлаудың қалыптасуы фирманың және әрбір жекелеген бөлімшенің берілген кезеңдегі даму барысындағы мақсаттарын нақтылауда, шаруашылық міндеттерін, оларға жету құралдарын,мерзімі мен жүзеге асырылуын; алдыға қойылған міндеттерді шешуге қажет еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау.

Мазмұнына, мақсаттарына және міндеттеріне байланысты жоспарлаудын келесі формаларын көрсетуге болады: стратегиялық немесе дамушы; ағымдық немесе оперативтік.

Тақырыпты жақсы игеру үшін жоспарлау мен байланысты келесі терминдерді қарастыру керек:

Жоспар түрінде жүргізу - басқару негізі;

Жоспарлылығы - басқару принципі;

Жоспарлау - басқарудың маңызды қызметі;

Жоспарлы тапсырмалар - басқару әдісі;

Жоспарлауды өңдеу және өткізу - басқару процесінің негізгі мазмұны .



2. Жоспарлау принциптерітер. Ағымдық және стратегиялық жоспарлау сапасы оны жүзеге асыру барысында ғылыми бағыттар мен жоспарлау принциптерін қолдану мүмкүндіктеріне байланысты.

Жоспарлау принциптерін қарастырайық:

1. Әлеуметтік бағыттылығы;

2. Жоспарлау обьектісін ранжирлеу;

3. Адекваттылығы:

4. Келісімділігі;

5. Нұсқаулығы;

6. Тепе-теңдігі;

7. Экономикалық негізделуі;

8. Жоспарлау жүйесін автоматтандыру;

9. Кері байланысты қамтамасыз ету.

Жоспарлау ұйымның барлық мүшелерінің оның жалпы мақсаттарына жету үшін күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді, өндірістік процессті тиімділігі мен нәтижені алдын ала көруге мүмкіндік береді.

Қамту дәрежесі бойынша: жалпы және бөлшектеп жоспарлау; кәсіпкерлік саясат аспектісіндегі жоспарлау мазмұны бойынша - стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарлау; жоспарлау бұйымы бойынша (жоспарлау объектілері) - мақсатты, құралдарды, бағдарламалық және әрекеттерді жоспарлау; қызмет көрсету саласы бойынша - өткізуді, персоналды, дайындауды, инвестициялық, қаржылық және кеңейтілген жалпы жоспарлау; жоспарлау тереңдігі бойынша - берілген рамкамен шектелген глобалды, контурлы және бөлшектеп жоспарлау; мерзімі бойынша - қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау; құрылымдық ұйымдастыру көзқарасы бойынша – жалпы жоспарлау (өндірісті ең жоғары жоспарлау) және кәсіпорынның орналасу жерін, қызмет көрсету саласын, учаскелер мен бөлімдерін жоспарлау; жеке жоспарлардың орындалу уақыттарын байланыстыру бойынша - тізбектеп және бір уақытты жоспарлау; деректердің өзгерісін есепке алу бойынша - қатаң және икемді жоспарлау; уақыт бойындағы кезегі бойынша - реттелген ағымдағы, сырғанақ және кезектен тыс, эвентуалды жоспарлау.

Жоспарлаудың негізін салушы принциптерге жоспарлаудың толықтылығы, бөлшектігі, дәлдігі, қарапайымдылығы мен түсініктілігі, үздіксіздігі, икемділігі, үнемділігі, «жоспарлауды түзету заңы» жатады.

Жоспарлаумен шешілетін міндеттер сферасында жоспармен атқарылатын қызметтің сапасы да қарастырлады: күрделілікті азайту, инициативаны көбейту, болжау қызметі, басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, тиімділік қызметі, интеграция мен координация қызметтері, реттеу қызметі, бақылау қызметі, тәрбиелейтін әсер мен оқыту қызметі, құжаттандыру қызметі.

Жоспарлаудың келесі кезеңдері ажыратылады: мүмкіндіктерді бағалау, міндеттерді қою, болжау, альтернативті іс-қимылды анықтау, альтернативті іс-қимылды бағалау, іс-қимылдық бағытын таңдау, туынды жоспарлаудың құрылуы, жоспарлаудың сандық сипатты құралы ретінде бюджетті құру.

Жоспарлаудың мынандай құраушылары бар: мақсаттар, бағдарламалар, нормативтер, ережелер, процедуралар, сметалар.

1) жоспарлау амалдары;

2) жоспарлау техникасы;

3) жоспарлау жүйесі;

4) стратегиялық жоспарлау;

5) тактикалық және оперативті жоспарлау;

6) жоспарлау проблемалары.

Жоспарлаудың келесі амалдары бар: «төменнен жоғары» (прогрессивті амал), «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты амал) және шеңберлі амал (екі жақты жоспарлау).

Жоспарлау техникасы жоспар құрылуында уақыт аралығын анықтайды; кезекті жоспарлау, қатаң және икемді жоспарлауға бөлінеді.

Жоспарлау жүйесі – кәсіпорынның бір-бірімен өзара келісімдерімен және тәуелділігімен жоспарлау процесі. Жоспарлау процесі іс-қимылдың шекараларын анықтаса, басқаға қарағанда жоғары тұрады, ал төмен тұратын процесс оларды есепке алады (жоғары тұрған жоспардың басымдылығы). Бұдан басқа, иерархиямен байланысты жоспар кейбір «туынды қатынаста» бір-бірін толықтырады, яғни төмен тұратын жағдай қажет болғанда жоғарыдан шығады.

Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:

а) жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;

б) мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;

в) тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;

г) оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.

3. Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау басқарушылармен қабылданған ұйым мақсатына жетуге арналған спецификалық стратегияларды жасауға апаратын шешімдер мен іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады, яғни кәсіпорынның нәтижелілігін ұзақ мерзімді қызмет ету мен жаңа мүмкіндіктерін білу мақсаты болады. Осылайша ең алдымен қоршаған ортамен байланысты барынша берік иелену керек. Және оларды келістіру керек.

Бақыланбайтын күштер мен критикалық тенденциялар қоршаған орта жағынан алдын алуы және оның кәсіпорынға әсер ету мүмкіндігі шектеулі болу керек. өзінің негізгі сипаттарын мақсаты бойынша, идеяны тасушы, проблема, горизонт, интенсивтілігі, қамтылатын облысы және принциптері бойынша ие болады.



4.Ағымдық жоспарлау Оперативті жоспарлау сондай-ақ өзінің ерекше белгілеріне ие, жоспарлау идеияларын ұстаушыларымен, міндеттерімен, интенсивтілігімен, ауқымымен, жоспарлау үшін негізбен байланысқан. Тактикалық жоспарлауда қаржыландыру, персоналдар, нәтижелер қамтылады. Оперативтік жоспарлауда ең алдымен кәсіпорынның бөлек функцияналдық аймақтарында қамтылады: өткізуді жоспарлау, өнідіріс (мысалы, өндіріс шығынының масштабтарын), дайындаушылар (мысалы, сатып алу бағасын), кәсіпорын персоналын (мысалы, жұмыс уақытын, еңбекақыны және жолақыны), қаржыны (мысалы, капиталға, қаржыға және қаржыландыруға қажеттілік) жоспарлау.

Жоспарлау шеңберінде кәсіпорындарға көптеген проблемаларды шешуге тура келеді. Оның себептері болып келесілер табылады: қалыпты жағдайдың ерекшеліктері, соңғы жағдайлардың ерекшеліктері, альтернативті генерациялау мәселелері, жоспарлау құралын қолдану мәселелері, жоспарлау бойынша көптеген бөлімдердің құрылымы мен шешім қабылдаумен байланысты мәселелер, жоспар үшін жауапкершілік, жоспарды бақылау.



Негізгі әдебиеттер: 7 [52-77]

Қосымша әдебиеттер: 8 [72-93]
Тақырып 8 Менеджмент жүйесіндегі ұйымдастыру қатынастары.

Дәріс жоспары

1.Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы

2.Оның түрлері және өкілеттілігі

3. Орталықтандыру және орталықтандырмау



1. Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы. Басқаруды ұйымдастыру реттелген, біртұтас, бірынғай жүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл жүйенің құрамдас бөліктері біртұтас ұйымдастырудың негізі болады.Ұйымдастыру қызмет барысындағы еңбек элементтерінің өзара байланыстылығын қарастыра отырып алдын-ала жоспарда бекітілген барлық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру басқарылатын және басқаратын жүйенің қалыптасуын болжайды; жүйедегі әрбір қызметкердің ролін және орнын анықтайды;оларды бөлімдер мен бөлімшелерге орналастыру; олардың нақты өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; қызмет барысындағы тапсырмалар мен қызметкерлер арасындағы байланысты қалыптастыру үшін құжаттандыру жұмыс қарастырады.

2. Оның түрлері және өкілеттілігі. Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бір немесе бірнеше ұйымдарға кіреді. Ұйымдастыру тәсілдері негізінде жүргізіледі. Адамның барлық саналы өмірі ұйыммен байланысқан.

Кез келген ұйым - бұл аса ірі жүйенің және сыртқы ортаның бөлігі.



Ұйымның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігіне байланысты ұйымды басқару ұйым ішіндегі процестер мен сыртқы ортамен өзара қатынасты басқаруды жүзеге асыру позициясынан қарастырылуы мүмкін.

Ұйым ішінде басқару бағыттаушы, құрушы және ұйымның өз мақсаттарына жету үшін ресурстарды қозғалысқа әкелетін рольді ойнайды. Ұйымның ішкі ортасына кіретіндер: мақсаттар, құрылым, міндеттер, ұйымішілік процесстер, технологиялар, кадрлар, ұйымдық мәдениет.

Сыртқы факторлардың негізгі екі топқа бөлінуі: тікелей және ұйымға сырттай жанама әсер ету ортасы. Тікелей әсер ету ортасындағы негізгі факторлар: жабдықтаушылар, кәсіподақтар, заңдар және мемлекеттік органдар, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасының күрделілігі. Жанама әсер ету ортасының негізгі факторлары: технология, халықаралық экономика жағдайы, әлеуметтік-мәдени факторлар, саяси факторлар, халықаралық жағдайлар.

Қоршаған орта жағдайындағы айқынсыздықтар қоршаған ортаға ұйымның бейімділігін дамыту жолымен айқынсыздықтарды жою жөніндегі менеджменттің міндеттері.

1) Ұйымды басқару процесін жүзеге асыру;

2) Басқару деңгейлері;

3) Шешімдерді дайындау;

4)Менеджмент принциптері.

Ұйымның барлық процестеріне тән ортақ қызметтер бар екендігі мәлім. Бүгінде бұл тізім логикалық іс әрекеттер арқылы былайша көрінуі мүмкін: мақсаттарды қалыптастыру; жұмысты жоспарлау; жұмысты жобалау; қызметті ынталандыру; жұмыс бағытын бақылау; кері байланыс.



3. Орталықтандыру және орталықтандырмау. Басқару жүйесінде құзыреттілік тепе-теңдікті сақтау негізінде бөлінеді. Ең алғашқы кезеңде басқару өкілеттілігін орталықтандыру,одан кейін екінші кезекте орталықсыздандыру жүргізіледі. Бірақта бұнда ескерілетін жағдай барлық құзіреттілік толығымен бөлінуі мүмкін емес. Көптеген фирмалар мен компанияларға басқарудың үш деңгейі тән: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Жоғарғы деңгей - президент және вице-президент, мақсаттар мен саясатты қалыптастырады, ең ірі сұрақтар бойынша шешім қабылдайды (жаңа акцияларды, жаңа тауарларды шығару, жаңа нарықты меңгеру және т.б.), ортаңғы буын басшылары (кеңсе басшылары, цехтардың басшылары, аға шеберлер және т.б.) негізінен өз бөлімшелерінің күнделікті қызметін басқаруға жауап береді: келесі күнге немесе аптаға жұмысты жоспарлайды және таратады, өндірістік персонал мен аса жоғарғы басшылық арасындағы байланысты жасайды, өндірістік және басқа операциялық рентабельділікті қамтамасыз ететін күнделікті шешімдер қабылдайды, басқа да адамдарды басқарады - төменгі деңгей басшыларын, немесе (шағын ұйымдарда) жұмыскерлерді. Төменгі деңгейдегі басқару - ол тек бағыныштыларын басқаратын қызмет адамдарының деңгейі (шебер, бригадир, топ басшысы, сатып алу бойынша агент, экспедитор және т.б.). Бұл деңгейде жоспарлау және ұйымдастыру қызметтері басқарушы, ынталандырушы және жұмыскерлер қызметін бағыттаушы әрекеттерінде жүзеге асады.

Менеджмент белгілі принциптерге негізделген шығармашылық болып табылады. Басқарудың келесі принциптері ажыратылады: дарабасшылық, жетекшілік, ынталандыру, жауапкершілік, кадрларды дұрыс таңдау және бөлу, үнемдеу және кері байланысты қамтамасыз ету.



Негізгі әдебиеттер: 8 [21-43]

Қосымша әдебиеттер: 8 [52-63]
Тақырып 9 Менеджмент жүйесіндегі бақылау

Дәріс жоспары

1. Бақылаудың маңыздылығы мен міндеттері.

2. Басқарудағы бақылаудың стадиялары мен түрлері

3.Бақылау кезеңдері



1. Бақылаудың маңыздылығы мен міндеттері. Бақылау-стандартты тұрақтандырудан, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және жеткен нәтижелерге тұзету жүргізуден тұратын процесс.

Бақылау міндеттер мен мақсаттарды қойған кезде және ұйымды құрғанда қажетті; сондайақ ұйым қызметінде табыстылықты қолдау үшін және сәтсіздіктерді болдырмау үшін қажет.

Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, ағымдық, қоытынды. Алдын ала бақылау жұмыстарды бастамас бұрын іске асырылады, ағымдық - жұмыстарды өткізу барысында, қортынды -жұмыс істелгеннен кейін жүргізіледі.

Бақылаудың әр түрі әр түрлі ерекше бағыттарға арналған, бірақ олардың мақсаттары бір-нақты алынатын нәтижелер талап етілетін нәтижелерге мейлінше жақын болуды қамтамасыз етеді.

1) Бақылау процесі;

2) Тиімді бақылауды жүргізу бойынша ғылыми ұсыныстар;

3) Тиімді бақылаудың сипаттамалары.

2. Басқарудағы бақылаудың стадиялары мен түрлері. Басқарудағы бақылаудың үш стадиясын қарастыруға болады: алдын -ала, ағымдық және қорытынды.

Алдын-ала бақылау ұйымның белсенді қызмет жасауының негізі болып табылады. Бұндай бақылаудың мазмұны - кәсіпорын қызметкерлерінің, өндірістік күштерінің, басқару жүйесінің жұмысқа деген дайындығын алдын-ала қарастыратын ұйымдастырушылық бақылау болып табылады.

Ағымдық бақылау көбінесе жедел және стратегиялық сипатта болады. Стратегиялық бақылаудың негізгі обьектісі ұйымның соңғы мақсатына жету үшін ресурстарды тиімді қолдану болып табылады. Ол текқана сандық көрсеткішпен сипатталып қоймайды,сонымен бірге сапалық сипатта да қарастырылады.

Оперативті (жедел) жоспарлау. Оперативті жоспарлау ағымдық өндірістік және шаруашылықтық қызметке бағытталған, көбінесе өнімнің технологиялық процестерге сәйкес жүргізілуін қарастырады.

Қорытынды бақылау. Ұйымдағы бекітілген жоспарлардың орындалу нәтижесін бағалау және келесі кезеңдерге жаңа жоспарларды бекіту болып табылады; ол тек нақты нәтижелерді жан-жақты қарастырыпқана қоймайды, сонымен бірге әлді және әлсіз жақтарын айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет