Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Зайцева И.А., Кукушин В.С., Ларин Г.Г., Румега Н.А., Шатохина В.И. Коррекционная педагогика/ Под.ред. В.С.Кукушина. Изд-е 2с, перераб. И доп. – М: ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004.-138-162б
-
Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б.П.\ М., Академия 1998.
-
http//:www.google.ru
11- дәріс. Тақырыбы: Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру. Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері. Педагогикалық қолдау - объективті шындық ретінде.Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары. Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету.Жеткіншектерді қайта тәрбиелеу ерекшелігі. (2 сағат)
Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері
Жоспар:
-
Педагогикалық қолдау - объективті шындық ретінде.
-
Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары.
-
Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету.
-
Жеткіншектерді қайта тәрбиелеу ерекшелігі.
-
Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері.
-
Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер
-
Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі
-
Бекітуге арналған сұрақтар
-
Жасөспірім және жеткінщек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері тақырыбы бойынша тест
6.1 Педагогикалық қолдау – объективті шындық ретінде
Педагогикалық қолдау – бұл уақыт талабы болып табылады. Сондықтан да педагогика ғылымы мен практикасының тапсырмасы –педагогикалық қолдауды енгізу. Бұндай енгізулер дамып келе жатқан жеке тұлға маңызы үлкен.
Педагогикалық қолдаумен қамтамассыз ету принциптерін О.С. Газман мен Т.В.Анохин былай жіктеп көрсетті:
-
Көмек көрсету мен қолдауға баланың келісімі;
-
Потенциалды жеке мүмкіндіктері мен нақты күшіне тірек болу;
-
Мүмкіндіктерге деген сенімділік;
-
Бірлесіп,қызметтесіп көмек көрсету;
-
Конфиденциалдық (анонимдік);
-
Мейірімділік, бағаламау;
-
Қауіпсіздік, денсаулық сақтау, адами құндылықтарының құқықтары;
-
«Зиян келтірмеу» реализациялық пікірі;
-
Рефлексивті – аналитикалық үйлесім процесінің нәтижесі.
Жеткіншектердің тәрбие, оқу және оның жетістікке жету жолындығы олардың дамуына кедергі жасау қиындықты болдармау үшін педагогикалық қолдаудың мақсатын құру қажет.
Т.В. Анохин қиындықтың (әлеуметтік, субъективті, материалдық) түрлері мен оның шығу тарихын былай бөліп көрсетті.
Педагогикалық қолдаудың келесі түрлері:
-
Диагностикалық – баланың немесе жеткіншектердің мәселелері қалыптастырылады.
-
Ізденушілік – мәселенің себебін педагогпен бірлесіп қарастыру.
-
Іскерлік – баламен және үлкендердің арасындағы қарым-қатынас арасындағы мәселенің шешімі бойынша «қорытындыға» келісім жасау.
-
Іс-әрекетті – баланың өзіндік қалыптасуы мен іс-әрекетін үлкендер тарапынан ынталандыру.
-
Рефлексивті – тәрбиеленуші мен үлкендердің өмірлік іс-әрекетіндегі мәселелерді шешу фактісін қолдану.
Педагогикалық қолдану қазіргі кезде өте кең қолданыс тапқан жоқ. Ғалымдармен педагог-практиканттардың қарастыратын ең басты мәселесі болып оқушлардың оқудағы қиындықтары.
Педагогикалық қолдауды іске асыру мынадай төмендегі жағдайларға байланысты деп қарастырды А.Асмалов.
-
Оқушының қарым-қатынасын және өзіндік пікірін қолдау,
-
Баланың жекелей өсуіне қолдау көрсету.
6.2 Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары
Балалық шақтан ересектікке өту кезеңі дене, ақыл –ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынан негізгі өзара тән ерекшеліктері болып табылады, барлық бағыттарда жаңа құрылымдар қалыптасып организмнің, сана-сезімнің үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынастары олармен әлеументтік іс-әрекеті,әдістері мүдделердің танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлқына іс-әрекеттері қарым қатынасқа арқау болатын моральдық, этикалық нормалар мазмұнының нәтижесесінде ересектік элементтер пайда болады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның моральдық және әлеуметтік негіздерді қолдану және қалыптастыру болып табылады.
Жеткіншектік –қиын және сыналатын кезең деп саналады. Осы уақыттың сапалық өзгерістеріне байланысты бұл өзгерістер бұрынғы ерекшеліктері мүдделі қарым-қатынас түбірінен өзгеретін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін көбінесе күтпеген жерден болады.
Осы кезеңіндегі өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъектілердің болуымен қалыптасады, ал екінші жағынан тәрбиелеудегі қиыншылықтармен байланысты. Жеткіншек үлкендердің ықпалына көнбейді, тіл алмау, қарсылық пен наразылықтардың әртүрлі формалары кездеседі : тентектік, дөрекілік,тұйықтық.
Мысалы: «Маған өмір сүру қиын,-деп он бес жастағы қыз бала айтады.-Ата -анам құрбыларыммен бірге жүргенге рұқсат етпейді»,- Ал енді тағы бір қыз «Мен киноға,не би кешіне бармаймын», өйткені менің ата-анам ешқайда босатпайды. Мен темір торда өмір сүріп жатқандаймын,-дейді».Сондықтан да осындай жағдайда үлкендер тарапынан өзара қарым-қатынасқа түсу басты роль атқарады.
Баланың қиындықтарының көбісі оның жекелей ерекшелігінің қалыптасуынан туындайды.
-
Өзгенің өзіне деген сенімінің болмауы;
-
Не нәрсені жүрегіне жақын қабылдау;
-
Құрбыларымен тіл табыса алмау.
Осындай тіл табыса алмау негізінде жеткіншек отбасыдан, мектептен тыс қарым-қатынас формаларын іздейді.
Өкінішке орай қазіргі жағдайда жеткіншектер мен жасөспірімдердің мінез-құлқы кері әсер етуші факторлардың әсерінен алуан түрлі өзгеріп жатады. Оларға әсер ететін факторлар:
-
Отбасындағы келіспеушілік;
-
Шамадан тыс еркелету;
-
Ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы;
-
Отбасындаға баланың орны;
-
Талап қоюдың жиілігі мен дәйектілігінің болмауы;
-
Қоршаған ортаның теріс ықпалы;
-
Әлеуметтік-психологиялық қараусыздық.
Жеткіншектер мен үлкендер арасындағы позиция типтері:
Авторитарлық позиция. Бұл позиция бойынша жеткіншекке қатаң талап қойылады. Оған барлғына рұхсат етілмейді. Жеткіншектердің пікірі ескерілмейді, шешімді үлкендер қабылдайды
Демократиялық позиция –тең дәрежедегі үлкендер мен жеткіншектер қарым-қатынасы.
Либералды позиция – бұнда таңдау құқығына жеткіншектер ие болады. Осы позиция бойынша жеткіншектер шешемді әрдайым өздері қабылдайды ал үлкендер өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Ысырып тастау позициясы –бұл типте жеткіншектер өмірінде үлкендердің болмауы.
6.3 Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету
Жеткіншектер мен балаларды тәрбиелеуде ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің, сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары басты роль атқарады. Жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімдер, тәрбиеші, сынып жетекшілер тарапынан әр түрлі тәрбие сағаттарын,ашық сабақтар,ойын сабақтарын, тренинг сабақтарын жүргізу маңызды.
Мінезі ауыр балаларды қиын бала деп атайды. Қиын балалармен жұмыс жүргізу кезінде қатаң талап қойылады. А.С.Макаренко тәрбиеленушінің өзіне деген қатынасын құрмет көрсетумен байланыстырды.
Үлкендердің талабын жеткіншектер жүзеге асыру үшін, төмендегідей қағидаларды орындауы керек.
-
Талаптарды орындау сатысында, өзінің жекелей ерекшеліктерін жетілдіру;
-
Мейірімділік, сыпайылық көрсету;
-
Қосымша аргументтік талаптар;
-
Уақытты дұрыс пайдалану;
-
Талаптың қиындауы;
-
Орындауға бақылау жасау.
Бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады:
* Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесінің жетімсіздігінен өзін дұрыс көрсете алмайды;
* Отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оөытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді;
* Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалы.
6.4 Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі
Баланың тәртібінен қарсы іс-қимыл жасауынан өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келеді,яғни жан азабынан қорғанады.
Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқа баламен салыстырмаңыз!
Егер бала байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған үнемі көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдайда көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мақтап отырыңыз.
Тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайды.
Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көрсетеді. Егер ата-аналар өз жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейді.
Қиын балалардың көпшілігі мейірім,жылылықты жиі сезінбейді. Сондыттан осындай жеткіншектермен жұмыс жүргізетін мұғалімдер мынадай сөздерді жиі қолданулары керек:
-
Қолдау ( « Өте жақсы», «Осы қалпыңнан тайынба!»).
-
Мадақтау («Сен бүгін жақсы жұмыс жасадың!»).
-
Қарым-қатынас барысында мейірімділік көрсету, көңіл бөлу.(«Мына оқулықтарды балаларға беріп жіберші»).
-
Сенім көрсету(«Мен кілтті саған сеніп тапсырдым»).
-
Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру.
-
Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері
Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәні де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәні де, сәнді өтуіне оның басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді.
«Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек еді. Өкінішке орай, адамзатпен XXIғасырға аузын арандай ашқан аждахадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», бірге аяқ басты.Анашаның Қазақстанда және бақа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген.XX-XXI ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген,темекі түрінде тартқан.1975 жылы клиникалық норкология емханасы ашылды. Бір рет тартқаннан-ақ,басы ауырып,жүйке - жүйесін уландырады, бұлшық еттері шаншиды. Анашаны қолданған адам мида сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді ағзаның дамуы тоқталады.
Алкоголь ол есірткі. Адам ағзасын улап қана қоймайды, ол қоғамға да тигізер зияны өте көп. Сондықтан әр түрлі қоғамда жат қылықтар болып жатады. Мысалы: қазір жеткіншектер теледидардан әр түрлі кино фильмдер ұрлық, зорлық, тонау, кісі өлтіру сияқты нәрселерді көріп, сана сезімдері уланады. Екіншіден, үйде болатын ата анасының ұрыс жанжалы баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп қана қоймай оның келешек өмірінің дамып жетілуіне балта шабады. Бала үйден алатын жылылықты көшеден іздейді. Соның әсерінен әр түрлі жағыдайларға тап болады. Үшіншіден қасындағы достарына еліктеуі мүмкін.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізге салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Халық денсаулығы » атты мемілекеттік бағдарлама халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұрты – халық. Денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл – Фараби « Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін, » - деген екен.
Нашақорлық – есірткілердің мемлекеттік тізіміне енгізілген, адамды психикалық, кейде физикалық тәуелділікке және өздеріне деген төзімділікке, сонымен қатар медициналық - әлеуметтік зардаптарға алып келетін заттарды құтұнудан туындалған аурулар. Бүгінде нашақорлықтың бүкіл әлем бойынша кең жайылып, талай жанның, әсіресе жас буынның өмірін тым ерте қиып жатқандығы баршаға мәлім. Бұл қасірет біздің елімізді де жай қалтырған жоқ. Сондықтан осы мақаланы жазудағы мақсат – адам санасын улайтын бұл дерттен жастарымыздың бойын аулақ ұстауына жәрдемдесу. Ал «дұшпанды» жеңе білу үшін ол туралы мағлұматтың неғұрлым мол болғаны жақсы. Сонымен адам нашақорлыққа қалай ұрынады?
Есірткіге тәуелділіктің қалыптасу механизмдері. Нашақорлықтың пайда болуы және қалыптасуы бас миының эмоциялық – позитивті орталықтарына есірткінің әсер етуіне байланысты. Есірткілік заттың әсерінен пайда болған көңіл – күйдегі ауытқулар өз кезегінде « рефлекстік мақсаттарды», яғни адам іс - әрекетінің кезекті рет жағымды көңіл – күйді іздеу ркфлексін, туындатады. Демек, оның дәмін татып көрген жанның алғашында көңіл – күйі керемет көтеріліп, «рахат» сезімге бөленеді де осы сезімді тағы да бастан кешіргісі келіп, нашаны қайдан тапсам екен деп аласұра бастайды. Осы мақсатта қол жеткізген сайын, яғни есірткі жиі тұтынған сайын адам тұрақты паталогиялық жағыдайға ауысады., басқаша айтқанда оның есірткіге тәуелділігі арта түседі.
Нашақорлық клиникасы. Психикалық тәуелділік – физикалық тәуелділік – есірткіге төзімділік.
Психикалық тәуелділік – үнемі немесе ара - тұра есірткі қабылдауға ұмтылу. Бұл кезеңде адамды есірткі туралы ойлар мазалайды, оны тұтынғанда көңіл – күйдің көтерілуі, есірткі болмағанда көңіл – күйдің күрт төмендеуі байқалады.
Физикалық тәуелділік дегеніміз ағзаның бүкіл қызметтерінің қайта құрылуы кезіндегі жағыдай. Есірткі әсері тоқтаған кезде дөрекі психикалық және соматикалық бұзылыстар туындайды. Абстинентті синдорм пайда болады, ол кезекті есірткі қабылдаған соң жеңілдейді немесе тоқтайды.
Апиын нашақорлығы. Бұл топтағы нашақорларға көкнәрдан алынатын заттарды тұтынатын адамдар жатқызылады.
Апин және оның түрлері:
1. Морфий – ақ түсті кристалл ұнтақ, түймедақ түрінде және ампулалар шығарылады.
2. Кодеин – тұтқырлығы әр түрлі қарақошқыл түсті сұйықтық, капсула және түймедақ түрінде өндіріледі.
3. Героин – түсті ақтан бастап қоңыр түске дейін ауытқитын ұнтақ.
4. Омнопон – апиын анальгетигі, ампуладағы ертінді. Осы топқа сонымен бірге дионин, тебаин жатқызылады.
Морфиннің аз ғана мөлшері психикалық үдерістер ағымында өзгерістер тудырады. Шалықтау ( эйфория ) пайда болады, қиял жандана түседі, қабылдау артады, жеңіл ой және дене еңбегі жеңілдік иллюзиясын тудырады, бірақ зейін қою қиындайды, қандайда бір қызметке деген қажеттілік төмендейді, еңбек өнімділігі, көлемі мен қимыл белсенділігі төмендейді.
Опиаттарға деген тәуелділік тез дамиды. 2-3 рет қабылдаған соң – ақ психикалық тәуелділік туындайды. Есірткі туралы ойлар адамды жаулап алып, бір сәт те босатпайды. Дене тәуелділігі де тез дамиды.
Морфий абстиненциясы ахуалы бұлшық еттердің, ішкі ағзалардың жанға бата ауыруымен, қан аралас нәжіспен, жүрек – қан тамыры қызметінің төмендеуімен, жүрек соғысы және тыныс алу бұзылысымен, буындардың, аяқ - қолдың ауыруымен, көздің жасасаурауымен, тұмаумен, түшкіркмен, жөтелмен, есінеумен қатар жүркді. Абстиненция құбылыстары 5 – 6 күнде азаяды, алайда науқас бір айдан кейін және ем басталған соң ұйқының бұзылуына шағымданады.
Амфетаминдік тип нашақорлығы. Амфетаминдер қоздырғыш құралдарға, психостимуляторлар тобына жатады. Ең белгілі амфетаминдер – амфетамин, фенамин, ритали, экстази. Оларды ішеді және тамырға егеді. Амфетаминдердің жіті улану белгілері: көңіл - күйдің көтерілуі, дене сергектігі, ойлаудың жылдамдауы, жағымды психикалық сергектік.
Амфетаминдерді жүйелі түрде қабылдаған жағыдайда абстиненцияның ауыр көріністері байқалмайды. Психикалық және физикалық шаршаудан, организмнің жүдеп жадауынан науқас адам есірткілік заттардың мөлшерін көбейтеді. Көру және есту елестері, сөйлеу қозғыштығы, сандырақ идеялар, т.б. пайда болады.Әсіресе белсенді қозғалыс мысалы, билегенде экстази қабылдау организмнің шапшаң сусыздануына және естен тануға алып келеді.
Нашақорлық адам өмірі үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті проблема екендігі белгілі.Нашақорлық залалсыздандырылмаған және ортақ пісектерді қолданатындықтан оларды В.С гепатиттері, ЛИТВ/ЖИТС , тіндердің өлеттенуі сепсис дамиды. Тазартылмаған героиын, қоюлығы жоғары есірткі қабылдаған жағыдайда адам өлімге душар болады, сондай ақ есірткі мөлшері шамалап артық болғанда қалшылдап, қомаға ұшырайды немесе өледі.
Нашақорлық – емделуі өте қиын қауіпті дерт. Алаңғасар, сенгіш жастардың өз ортасына біреудің жетегіне еріп, жаман жолға түсіп кетуі оп - оңай. Сондықтан ата – ананың, ұстаздардың, туыстардың сақтығы аса қажет.Өйткені есірткінің дәмін татып көрген адамның одан бас тартып кетуі аса қиын. Сонымен бірге бүгінгі заманда нашақорлықтың неекендігін білу әр азаматтың міндеті десек артық айтқандық емес. Темекі тарту
Жеткіншектер көбісі темекі тартуды есейіп, ақылдары артқанынын дәлелдейді, нағыз өмірге қадам басқандай көреді. «Ересек өмірге өту» мектеп дәретханаларының бірінде, қалтарыс – қуыстарда жүзеге асатыны жасырын жайт емес. Мектеп оқушыларының зиянды әдетке бой ұруларының алдын алу үшін мектептегі тәрбие сағаттарына осы негіздегі тақырыптар тереңінен талданып, пікір алысулар өткізіліп тұру қажет.
Жасөспірімдер арасында есірткіге бейімделу себептерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
-
Әлеуметтік
-
Әлеуметтік – психологиялық
-
Отбасылық
-
Жеке басына байланысты
-
Үйреншікті әдет иірімі
Уақыт өте келе көптеген жандар үшін темекі тарту жылдардан желі тартқан ескі әдетке айналады. Темекінің түтінін құшырлана бір сұрмаса, өзін қоярға жер таппай қиналатындарды сондай беймазалыққа түсіретін қандай күш? Ащы темекі түтінінің дәмі ме? Осындай сұрақ ойландырған ғалымдар тәжірибе жасап та көрген екен. Темекі түтініне тұншыққан бөлмеде темекімен «ұзақ жылдық достығы бар» шылымқорларды біраз отырғызғаннан кейін – ақ олардың бастары айналып, әлсіреп, жүректері айныған. Кейбірі тіпті есіне танып қалған.
-
Темекі түтінінің құрамы қандай
Бұл – 400- ға жуық түрлі химиялық заттардан – Менделеев кестесінің элементтерінен, және күрделі қосындылардан тұратын улы қоспа. Бірнешеуін ғана атар болсақ: аммоний, бензол, ацетон, бензин, никотин, қорғасын, никель, марганец, сынап, хром... Қатерлі тізім осылай жалғасып кете береді. Улы қойыртпақтың құрамында кремнийден, кальцийден, титан, стронций, полонийден бөлінетін радиоактивті заттар да бар. Осындай улы заттардан құралатын темекі түтінін құштарлана жұту арқылы шылымқор өз ағзасын өндірістік қалдықтарды қайта қорытатын зауытқа айналдыратынын білеме екен? Нақты дәйекке сүйенсек, бір қорап темекі тарту арқылы шылымқор 0,0012 г.синиль қышқылын, 0,0013 г.күкірт сутегін, 0,18г. Никотин, 0,64 г.аммиак, 0,92 г. Иісті газ, темекі қарамайының түрлі шоғырының қосылымының грамын қабылдайды екен. Ал, темекі қарамайының таза құрамының 1 грамы жылқыны да сұлатып салатыны анықталғаны қашан. Адам үшін темекі қарамайы қатерлі ісік жасушаларының өршіп - өсуіне әсер ететіндігімен қауіпті.
Темекі тартудан әсіресе, тыныс мүшелері және жүрек - қан тамырларжүйесі аса зардап шегеді. Созылмалы бронхит, өкпе, тамақтың қатерлі ісігі, яғни «жаман ауру», атерросклероз, жүрек аурулары – темекінің «ерінбей еңбектенгенінің» нәтижесі. Темекі тартудан шаш талшықтары да зардап шегеді.Өйткені,никотиннің күшімен қан айналымының бұзылуынан түбірлері толық қоректенбейді.Содан шаш түсе бастайды.Шылымқорлар темекі түтінін өздері жұтумен бірге,сол түтінмен дем алған айналасындағы адамдардың да денсаулығына зиян келтіреді.
Алкагольді ішімдіктер өте ерте замандарда пайда болған екен.Ал кейбір халықтарда арақ шарап өндірумен тұтыну ұлттық салтының ажырамас бөлшегіне айналған.
Балалардың көбі жеткіншектік кезеңде ересектік өмірге тезірек өтуге жанталаса ұмтылады.Егер кемелдену шағында балаңыз оғаш қылықтар танныта бастаса,танданбаңыз.Басбостандығын алуға арпалыс, жора жолдастарынан шеттеп қалмау,мектептегі, үйдегі іш пыстырар тәрбиелік әңгімелерден құтылып,өз өмірінің қожайынына айналу,үлкендер орнатқан ережелерге қарсылық көрсету, кей баланың өзін үлкен сезінуге тырысудағы әрекеттері.Әрине, жеткіншектер темекі тартып,ішімдіктің дәмін татуға 20-30жыл,жарты ғасыр бұрында ұмтылған.
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің тәрбиелеу және оқыту мәселелері ең алдымен отбасы жағдайына байланысты. Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көреміз. Егер де осындай жағдайлар барысында ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер өзжеке мәселелерін дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол берілмейді.
6.6 Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға
арналған тренингтер
№1Жаттығу: «Бұдан да жылдамырақ бола ма?»(15минут).
Мақсаты: Аз уақыттын ішінде топтың есімдерін есте сақтау.
-
Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды.
(бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұрау). Топта барлығы жақсы араласқан соң, «Тоқта» дейсіз.
-
Бәрі көздерін жұмып тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа: «сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деп айтыңыз.
-
Ол үшін ойыншыларға мынадй кеңес беру керек: есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.
-
Ойынның әр рауындынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раунд үшін ойыншыларға қанша уақыт қажет екенін айту керек, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырамыз да рекордтық мерзімін айтыңыз.
Нұсқаулар: ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с ойыншылар қосылады. Ойынның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың барлығы қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.
Талдау:
-
Жаттығу ұнады ма?
-
Қандай әсер алдыңыздар?
№2Жаттығу. «Біздің даусымыз біз».
Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан бірнеше кезең арқылы ынтымақты қауым құрайық. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз (қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші шеңбер жасауға болады). Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топтың бірігуіне ықпалын тигізеді, бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады \бірліктің болуына әкеледі\, ортада тұрған адамға, яғни маған, соқтыңысқан (қатысқан) дұрыс... Енді шеңбердегі орындарды ауыстырамыз, бәрі ұл-қыз «арқылы» тұратын болады.
Келесі адам – өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірімізге өте жақын тұрамыз және қолдау көрсетеміз. Әркім өзіне ыңғайлы болатындай, қолдарынан,иықтарынан, белдерінен ұстайды.
Әрі қарай қауымдастығымызды сезініп көрейік, Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңберіміз тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты-сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? (топ өлең таңдайды). Сонымен бастайық....
Соңында қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік.
Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.
Қазір өзімізді қалай сезінудеміз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды аз да болса біз осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді?
Енді не сезінеміз?
Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөледі. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.
№3.Жаттығу « Алфавит » 20 минут
Достарыңызбен бөлісу: |