Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Етістіктерден болған дара баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет25/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
синтаксис кітап

Етістіктерден болған дара баяндауыштар. Етістіктердің сөйлемдегі негізгі 
қызметі- баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан 
қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені- етістікті баяндауыштар. Айттым, 
болды. Кестім, үзілді!... дегеніндей олар дара күйінде–ақ баяндауыштық қызметте бір 
құрамды тиянақты сөйлем болыпта келеді.
Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде 
жұмсалуынан олардың өздеріне тəн мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын 
көрінеді. Етістіктің сабақты жəне салт болуы сияқты, болымды жəне болымсыз болуы 
да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да 
ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер 
жасалатындықтан , олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның 
үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті 
баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық 
болады. Мысалы: бір істі істеуден үзілді-кесілді бас тартқанда, айтылған хабарға 
өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз 
əдебиетінде жиі ұшырасады.Мысалы: Тəуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да 
тайынбан. 
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.
Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады: Өнер білім бар 
жұрттар, тастан сарай салғызады.
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрамлас сөйлемдердің баяндауыштары 
болып келе береді. Бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы 
бола алмайды.
Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: I, II жақта 
баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, III жақта жіктік 
жалғау жалғанбайды. 
Етістіктерден болған күрделі баяндауыштар. Күрделі етістікті баяндауыштың 
құрамы. Қазақ тілінде де əлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш 
қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық 
негізі қызметі –қимыл процесінің құбылмалы нəзік реңктерін білдіру. Əлденеше 
етістік бір күрделі баяндауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі болады да, қалғандары 
оған не біріне- бірі көмекші болады. Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі 


қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бір талайы 
көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктерді4 де бір талайы көмекші болып 
жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан 
түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде төрт ябес етістікті болып та келеді.
Күрделі баяндауыш құрамындағы етістіктердің қызметі. Көмекші етістіктер 
жоқарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың шақтық, түрпаттық (видтік), 
модальдық,т.б. мағанасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі.
Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші 
қызметте жұмсала бермейді, олардың біріне-бірі үйлес келетін, бірін- бірі 
толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағанасына қарсы келетін етістіктерден 
құралып, синтаксистік бірлік жасалады.
Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де күрделі етістіктердің құрамы 
алуан-алуан болады: кейде жоғарғындай бірі динамикалық мағынадағы етістіктер 
немесе екеуі де статикалық не динамикалық мағынадағы етістіктер болады: кейде
одан да басқа қимылды, күйді білдіретін етістіктер тіркесіп, күрделі баяндауыш 
болады. Соған лайық, олардың екінші компоненттерінің негізгі етістіктерге қосатын 
мағыналары да əр түрлі болады. Оны аңғару үшін бір тұлғадағы негізгі етістіктерге 
түрлі –түрлі көмекші етістіктерді тіркестіріп, салыстырайық: бере баста, бере түс, бере 
сал; тұра тұр, тұра бер, тұра қал. 
Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш 
болғанда, субьектінің қимыл процесінің əр түрлі құбылыстарын, мысалы: істің, 
қимылдың біткенін, бітпегенін, олардың қарқынын, бастау, аяқталу-кезеңдерін 
білдіреді.
Баяндауыштардың осылайынша қайталап айтылуы арқылы да қимылдың 
созылыңқылығын білдіруі-күрделі етістік баяндауыштардың жұмсалуындағы стильдік 
ерекшеліктің бірі. Бұлай айтудың тағы бір қызметі бар. Негізгі етістіктерді қос сөз 
ретінде қосарлап айту арқылы да қимылға созыңқылық өң беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет