ТҮН
«Қиын сәтте тізгініңді босатпай,
шапшаң да шебер қимылда».
Мен алда, Синченко артта екеуміз қараңғыда шауып кетіп барамыз.
Панюковтың ротасына баратын бағдарды картадан анықтау жатудың қажеті
жоқ. Ӛйткені жол екі айрылған кезде атыс естілген жаққа бұрылсаң болғаны.
Зеңбіректің ауыр дӛңгелектері батпақ бетіне айғыздап салған терең із де бізге
жӛн сілтей алады. Бір мезетте кӛкке атылған ракеталар қараңғыны қақ жарып
жарқ ете түсті де, тӛмен ағылғанда сәулесі ӛлезгіп барып, сӛніп тыңды.
Панюковтың ракетасы жоқ болатын. Ендеше, бұл атылған ракеталар
немістердікі.
Жол тӛмен құлдилады. Енді жаңбыр суы арық, атыз, шұңқыр, жыра
дегендеріңе іркілмей, ылдиға зымырап ағып жатыр. Ылдилаған сайын
қараңғы түн қоюлана түскендей, жар қабақтың тасасынан енді немістердің
ракетасы да кӛрінбейді. Тек алыстағы ӛрттің күрең сәулесі ғана аспанда
қыландайды. Жол бойында қарауытқан үйлер мен шарбақтар тұсынан ӛтіп
барамыз. Қыбыр еткен жан жоқ Тек анда-санда еріншектене иттер үреді. Бір
мезетте ашық алаңға шықтық: ерте түскен аяздан жалаңаштанған бұтақтар
аспан аясында қарауытып кӛрінеді, оның ар жағы мидай дала. Білмейтін
жердің ой-шұқыры кӛп қой, кӛз жетер атырапты түгел зердеңе тоқып алғың
келеді. Бұл араға ұрыс шебі де жақын.
Ұзамай Күрең тӛбел де елеңден, жай аяңға кӛшті. Сай түбінде судың
сарқырап аққаны естіледі. Бір-екі минуттан кейін алдымыздан бӛгет кездесіп,
тоқтай қалдық. Жаңбырдан тасыған бұлақ суы ернеуінен шығып кеткен.
Карта бетінде бұл бұлақ қылдай жіңішке сызықпен бейнеленген. Күн бұрын
бұл суды оп-оңай кешіп ӛтуге болатын сияқты, тереңдігі, шамасы, қоныштан
аспайды. Ал қазір мұның долданып жатқанын кӛрмеймісің! Жайшылықта ат
арба ӛтетін кӛпір тасқын судың астында қалыпты. Біздің зеңбіректер қай
жерден ӛтті екен? Әне-міне дегенше кӛзі ӛткір Синченко зеңбірек ізін тауып,
маған кӛрсетті. Күрең тӛбелді зеңбіректің ізіне салдым Аттың бауырынан
келетін асау суды үстімізге шашырата, арғы жағаға ӛттік. Буырқанған тасқын
су аттардың сирағына жабысқан балшықты лезде шайып кеткен, енді Күрең
тӛбелдің ала тірсегі қайтадан ағараңдап кӛрінеді. Менің ұшқалақ жануарым
да, Синченко үсті-үстіне қамшылаған сомбал Шабдар да баттасқан
балшықты белуардан кеше, қия беткейден мықшыңдап әрең шықты.
Кенет қараңғы түнектен саңқ еткен дауыс естілді.
- Тоқта! Кімсің?
Даусынан таныдым, батарея командирі Кубаренко екен. Ол да Күрең
тӛбелді тани кетті:
- Жолдас комбат, сізбісіз?
258
- Кубаренко, неге тұрсың бұл жерде? Зеңбіректерің қайда?
- Батпаққа батып қалды, жолдас комбат… Әне тұр.
Алдыңғы жақты нұсқайды ол. Мен тізгіннің жебеуімен ілгері ұмтыла
бергенімде, суда қайраңдап қалған зеңбіректерге тап болдым. Сол арада
кӛлбеп жатқан отты да ажыраттым. Әл-дәрмені құрыған ӛзге аттар мүлгіп
тұр. Зеңбіректерге жармасқан артиллеристер қараңдайды,
- Ӛте бергенімізде осылай қайраңдап қалдық, комбат жолдас, - деп
мәлімдейді Кубаренко. - Орудиелерді кӛтерісіп шықпақшы болып жаяу әскер
де қайрат жұмсап бақты, бірақ кешеуілдеу бергесін жӛніне тартты.
Тасадағы қыраттың жотасынан екі-үш пулеметтің тақылдағаны
естіледі. Немістердікі екенін даусынан ажыратам. Анда-санда миналардың
дүңкілдеп жарылғаны құлаққа келеді. Бұлар да немістердікі, ӛйткені бізде
қазір миномет дегенің жоқ.
- Осы арадан біздің атқылауымызға бола ма? - деп сұраймын мен.
- Болмайды, жолдас комбат. Дӛңес тым биік. Межелеп ату қиын-ақ.
- Әңгіме былай, Кубаренко… Қазір Филимонов келіп жетеді.
Сені батпақтан шығарып аламыз, Заев бӛгелмей-ақ қойсын. Оған айт,
ротасын ӛрге бастап кете берсін.
Күрең тӛбелді кӛсілте:
- Синченко, ер соңымнан! - деп дауыстадым да, қияға қарай тарттым.
2
Кібіртіктеп, мықшия ӛрлеген Күрең тӛбел әрең дегенде қыратқа
шықты. Жануарды мәпелеп жалынан сипаладым. Әбден қызынып, тершіген.
Алагеуімде алда қыландаған жотаны ажыратам. Жотаның үстінде
доғаша иіліп жерге құйылған ракеталар кӛзге шалынады. Ілбіп ӛрге кӛтеріліп
бара жатқан бірнеше жауынгерді қуып жеттім:
- Тоқта! Кімсіңдер? - деп жӛн сұрадым.
- Ӛзіміз, жолдас комбат.
- Фамилияң кім? Қай ротадансың?
- Жауынгер Березанский, жолдас комбат. Бірінші ортадан.
Ротадағылар Березанскийді қарт деп атайтын. Бұлай дейтін жӛні бар:
ӛзі ылғи күрк-күрк жӛтеліп, қақалып-шашалып жүреді. Елден ерекше, мұның
темекі түтінімен ысталып, сарғыш тартқан, селдір мұрты да бар. Мұның
шабан қимылын кӛрген сайын жаным кейиді. Міне қазір де әрең сүйретіліп
келеді.
- Қайда барасыңдар? Рота командирі қайда?
- Білмейміз. Ӛзіміз де іздеп жүрміз. Жоғалтып алдық, жолдас комбат.
Бұған ішімнен налып, ілгері жүріп кеттім. Жаңбыр басылған бірақ
жыра-жыраны қуалап, әлі де су ағып жатыр. Ақырында, қыр басына шықтық.
Азынай соққан ызғарлы жел түрпідей тиіп, бетті, қолды қариды.
Бұл араға бізден бұрын келіп жеткен немістер жотаға бекініп,
деревняны алған. Ракеталардың жарығымен дӛңестегі үйлердің тӛбелері
259
қарауытып кӛрінеді. Сол деревня жақтан атылған сәулелі оқтар ауаны
тілгілейді, ракеталар кӛкке шарықтайды. Ал біздің жақтан жеке-дара мылтық
даусынан басқа айбынды атыс үнінің естілмеуі қалай?
Айналама кӛз жіберіп, артыма қайырылып қараймын. Япырай, ӛрт
шапағынан да жоғарылап кетіппіз ғой!. Кӛмескі тартып, сӛнуге айналған бұл
шапақ кӛз ұшында қылаңдап, бәсеңдей түсуде. Бұл жерден жанып бітуге
айналған үюлі кӛмір тәрізді ӛрт қордасын да айқын ажырата бастадым. Қорда
дегенім Волоколамск станциясы. Біздің қорғаныс шебіміз сол арадан ӛтетін.
Солға таман қараңғыда ажыратып болмайтын қала жатыр. Қаланың шығыс
жақ шетінде Панфиловтың штабы орналасқан-ды.
Осынау ӛңірде, ӛңменіңнен ӛтетін ызғарлы жел ӛтінде тұрып, мен
ӛзімді жападан-жалғыз қалғандай сезіндім. Ішімнен Панфиловқа мұңымды
шаққандаймын: «Жолдас генерал, батальон қудаланып, бӛлшектенді;
зеңбіректер қайраңдап қалды; ат-арба барлық басқару құралдарымен,
байланыс жабдықтарымен қоса Волоколамскіге кеткен; біз кешігіп
қалыппыз, бізден бұрын келіп жеткен немістер жотаға бекініп үлгеріпті, енді
не істеймін, қалай етемін, жолдас генерал?»
Жоқ, Бауыржан, генералдан жауап күтпе! Ӛз білігіңмен қимылда!
Ӛйткені саған: «Сенемін сізге», деп еді ғой ол. Ендеше, жігеріңді неге
жасытасың? «Тимковоны ал!» деген бұйрық бар сенде. Соңдықтан тас-түйін
бекініп ал да, бұйрықты орында!
3
Күрең тӛбел жолсыз даламен аяңдап келеді. Бір шетте пішен маясы
қараңдайды, аттың басын солай бұрдым енді.
- Әй, кім бар мұнда?
- Біз, жолдас комбат.
- Неге жүрсіңдер бұл жерде? Взвод командирі қайда?
- Білмейміз, жолдас комбат.
Маңайда батпақты қопара жарылған мина үйреншікті қызыл-күрең
жалынын шашады. Аттан түстім.
- Қайда бармақсыз, жолдас комбат?
- Осында жүре тұрып, істің жайын анықтаймын.
Алдымен Панюковты іздеп таппақшымын. Түрпідей желден
бүрсеңдеп, айдалған жермен ілбіп барамын. Етігім бірден зілдей ауыр
тартты, балшық желімдей жабысып, оны жұлып алғысы келгендей. Ӛз
командирлерінен кӛз жазып қалған жауынгерлер нақ осы арада селдей
соғылысып жүр. Панюков қайда болды екен, ә?
Мынау лайсанда ротаның тоз-тоз болып, ыдырап кетуі не сұмдық!
Қапелімде орысша мықтап балағаттаған дауыс естілді. Ӛктем де, ӛжет
дауыс.
- Жат! Тізбектеле жат деймін!
- Қайда жатамыз? Батпаққа ма?
260
- Жат! Үймелемендер! Бір мина бәріңді жайпап кетеді. Тізбектеле,
алшақ жатыңдар!
Жарлыққа тағы да балағат сӛз тіркелді. Дӛрекі, ӛктем дауысты кім
бұл? Алғашқы сәтте ажырата алмадым. Осынау белгісіз командир әмір ете
берді:
- Шилібаев! Проценко! Жұртты жинандар!
- Құп болады, жолдас политрук!
Политрук? Сонда кімі болғаны? Шынымен-ақ сӛлекет Дордия ма?
Жоқ, ол болмас, мәнері де, даусы да ӛзгеше. Жаңа команда естілді:
- Глушков!
- Мен!
- Әзірше взводты басқарасың. Бірінші взвод - Глушковқа! Оңға бетте!
Тығыз тұрмаңлар деймін!
Тағы бір сыбап алды. Жо-жоқ, ұялшақ, ұяң Дордиядан мұндай сӛздер
есітіп кӛрген емес. Кенеттен тағы сол дауыс ӛзгеше мәнерде естілді:
- Мұратов, менің бӛркімді кӛрмедің бе?
- Кӛрмедім, жолдас политрук.
- Іздеп кӛрші. Мана түсіріп едім.
Па, шіркін! Дәл соның ӛзі ғой - кәдімгі ебедейсіз жарық кӛз Дордия!
Бӛркін жоғалтып алыпты. Ал ӛктемдік пен ӛжеттік бұған қайдан біткен? Бір
сағаттың ішінде мұны ӛзгертіп жіберген қай керемет?
Мен қасына барып едім, жайлап құлдилаған ракетаның ӛлезгіген
сәулесімен ақ сары политрукті кӛрдім. Ызғарлы жел бейне тарақтай, оның
келтелеп қырыққан шашын кейін қайыра, желбіретіп түр.
- Дордия, рота командирі қайда?
- Білмеймін, жолдас комбат. Оны таба алмадым,
- Ротаны басқар.
- Құп! Басқара бастадым да, жолдас комбат.
Арт жағымызда батпаққа келіп түскен мина гүрс етіп жарылды.
Дордия екеуміз жата қалдық. Айғыздалып, миы шыққан жердің іркілдек
батпағына шынтағымыз шомып-шомып кетті.
Егістіктің әр жер-әр жерінде анда-санда жарылған миналардың қызыл
күрең жалындары пайда болады. Қараңғыдан Мұратов шыға келіп,
политрукке құлақшынын берді. Мен одан жӛн сұраймын:
- Мұратов, айтшы ӛзің, рота командирінен қалайша кӛз жазып
қалдың?
Кішкентай байланысшы іркілмей жауап қайырды:
- Мен политруктің қасында болдым, жолдас қомбат. Үшеуміз:
лейтенант, политрук және мен ылғи бірге жүріп келгенбіз. Әне-міне дегенше
болған жоқ, рота командирінен айрылдық та қалдық… Сірә, озып кеткен
болар. Біз қалып қойдық.
Мұратовтың сӛздерінен ӛз командиріне деген жан тебірентерлік сенім
лебі еседі. Панюковқа мен де сенемін. Әрине, арттағыларға назар аудармай,
261
шағын жауынгерлер тобымен алға шығып, деревня маңындағы бір жерде
бекініп жатқан болар.
Тікірейген шашын қолымен жатқыза, Дордия құлақшынын киді.
- Аяз біліне бастады, жолдас комбат. Бетті қариды! - деп үн қатты ол.
Иә, жел бұрынғыдан да ызғарлы. Дордия бытырап жүргендерді жинау
үшін тағы да жауынгерлерін жұмсады. Бірақ бастары әрең құралуда.
Дордияның қасына әзірше келіп жеткені отыз-қырық шамалы ғана.
Дұшпанның атысын бақылап жатырмын. Миналардың тарсылы некен-
саяқ - тәрізі, әрекет екі-үш миномет болуы керек. Деревня жақтан атылған
сәулелі оқтар тізбегі түрлі түсті сызаттарымен қараңғы түнді тілгілеп, тӛмен
құйылуда. Долдана соққан желдің ұшқан оқ бағдарын әнтек қиыстатқаны да
байқалады. Дұшпанның зеңбіректері жоқ тәрізді. Біздің алдымыздағы жау,
мен осында жіберген Панюков бастаған біздің топ сияқты, немістердің басқа
жортуылшы заставасы болуы керек. Дұшпан жарқырауық ракеталарын
шақтап, үнемдеп жұмсауда: екеуден, үшеуден атқылайды да жайлап тӛмен
құлаған ракеталар қарауытып барып, әбден сӛніп біткенше күтіп тұрады.
Оқта-текте түрлі түсті дабылшы ракеталар да ұшырылады: сірә, немістер
бізге тап болып, қақтығысып қалғанын хабарлап, қосымша күш сұрап
жатқанға ұқсайды. Бәлкім, оларға кӛмек жіберілген де шығар. Дереу шабуыл
жасап, атыс ұяларын құртып, граната лақтырарлық жерге жақындап, күші
шамалы кезінде немістерді деревнядан қуып шықсақ болар еді. Бірақ оған
құс қайда? Дордияның маңына тіпті ротаның жартысы да жиналған жоқ.
Заев, Заев, тез жетсеңші! Ӛте қажет болып тұрсың ғой!
Біреу ентіге басып, жүгіріп келеді. Әлі ӛзіме-ӛзім сенбесем де, оның
еңкіш тұлғасын, сермеген ұзын қолдарын, омырауы торсиған шинелін танып
тұрмын.
- Заев! - деп айқайлап жібердім.
Демін әзер алып, Заев мәлімдей бастады:
- Ротаны келтірдім, комбат жолдас!
- Пулеметтеріңді әкелдің бе?
- Сүйреп жеткіздік, жолдас комбат…
- Жарайды, Семен… Немістерді деревнядан қуып шығу керек.
- Қуып шығамыз, жолдас комбат! - деп жауап берді Заев қарлыққан
жуан дауыспен.
Біраз үндемей тұрдым. Заев бұйрықты күтуде. Не айтармын оған?
Шешім қабылдайтын, жауынгерлік бұйрық беретін нақ осынау сәтте
мыңдаған ой, мыңдаған қайшылық кеудемді кернеп, жанымды жаралауда,
Панфиловтың айтқан ақылы есімде: «Бір бүйірден қиыстап барып
соғысыңыз… Бәлкім, кӛп шығынсыз-ақ түріп тастарсыз…», - деген. Ал егер
Заевтың ротасын орағыта жіберсем, кӛп уақыт жоғалтамын, Тимководан тағы
да бірнеше дүркін дабылшы ракеталар атылды. Немістердің кӛмек сұрап,
асықтырып жатқаны аян. Атаканы екі-үш сағат кешеуілдетсең, Заевтың
Тимководан орағыта ӛтуіне осынша уақыт керек, дұшпан осы екі арада онда
жаңа күштердің, артиллериясын, басқа да құрал-жабдықтарын жеткізіп
262
үлгереді. Қалай етуім керек? Не бұйыруым керек? Тағы да Панфилов есіме
түсті: «Мен қобалжып отырмын, жолдас Момышұлы, менде шешім де жоқ,
уақыт та жоқ…" Уақыт жоқ! Бейне құрсаумен қысқандай, басынды
зырқырататын, тынысыңды тарылтатын нәрсе міне осы. Мен Заевқа мынадай
бұйрық бердім:
- Ротаңды сайлап алып, оқ ат! Жауды қуып шығуға баста.
Жүгіре-жатыс әдісімен жақындай бер. Таяқ тастам жерге жеткенде
гранатамен қуып шығамыз!
- Түсінікті, жолдас комбат!
- Осы арадан сені Дордия сүйемелдейді. Есіттің бе, Дордия? Екінші
рота кӛтерілді дегенші-ақ ӛз жауынгерлеріңді де атакаға баста. Ал, Заев,
неғұрлым тезірек, тезірек қимылдағайсың! Тізгініңді босатып алып жүрме!…
- Босатпаймын! Ешкімді де еркінсітпеймін…
Заев тасадағы ӛз ротасына қарай батпақты кеше, қорбандай басып
жӛнелді.
4
Заевтың соңынан мен де жӛнелдім. Хал мүшкіл: менде сәулелі белгі
беретін жабдық та, телефон байланысы да жоқ. Сонда ұрысты қалай
басқармақпын? Командирден командирге ӛзім жүгіріп жүрмекпін бе?
Қараңғыда ақырын ғана берілген жарлық сӛздӛрі, балшықты
шалпылдатқан аяқ дүбірі естіледі - екінші рота жауынгерлік тәртіпке еніп,
атакаға шығар алдыңда шеп құруға кіріскен. Немістер жаңа келген ротаны
байқаған болуы керек, миналары сусылдан келіп, жиі-жиі жарыла бастады.
Біреудің шыңғырған, ыңырсыған даусы естілді.
Келе жатқан бетімде қарсы алдымнан екі адам кездесті: жаралы
жауынгерді сүйемелдеп, кейде кӛтеріп келе жатқан ауыр денелі фельдшер
жылы лебізбен күңкілдеп сӛйлейді:
- Сен ӛздігіңмен жүр, аяғыңды басып жүр… Жантайма, балақай. Тік
жүр, аяғыңмен жүр.
Тағы біреудің шыңғырғанын есіттім. Заявқа барып жеттім. Жүресінен
отыра қалып, қол пулеметін реттеп жатыр ол. Мойнына ақ бинттен есіп, жгут
асынған, байқауымша, мұны таңғыш үлдіректен жасаған сияқты. Заев қол
пулеметінің мойнын осы жгутқа кигізіп, атуға ыңғайлауда. Мен тұрып:
- Заев, кімді күтіп отырсың? Адамдарыңды орынсыз мерт қыласың.
Бастасайшы! - деймін.
Ол орнынан ұшып тұрды. Пулеметінің мойны ақшыл таңғышқа
орналасқан, қаруының әйдік дүмбісін қарнына қыса ұстаған.
- Тыңдаңдар! - деп барылдады Заев. - Алға!
Жол-жӛнекей ок жаудыра, ол деревняға қарай жүгіре жӛнелді. Лезде
тізбек те лап кӛтерілді. Мен мұны кӛбінесе кӛзіммен емес, командирге кәнігі
ішкі сезіміммен андағандаймын.
263
Түн баласын жаңғырықтыра, сарт-сұрт атылған винтовкаларымыз
жауға ажал отын шашуда. Борпылдақ егістіктен ротаның соңынан кетіп бара
жатып, жауынгерлердің ентелей жүгіргенін кӛремін. Біреулері жата қалып,
екінші біреулері тізерлеп тұрып оқ атады да, қайтадан кӛтеріліп, алға
ұмтылады. Пулеметшілер жүгіріп ӛтті. Қапсағай Қалимолдин еңкейген бойы
пулеметтің қаңқасын арқалап алған, Мурин пулеметтің тертесін кӛтерген,
Блоха ленталарын асынған. Әне-міне дегенше тоқтай қалып, жалма-жан
пулеметін құрған бұлар дүркіндете оқ жаудыра бастады. Еруліге қарулы,
немістер де жанталаса атқылауда. Жиі-жиі жарылған миналары жер бетін
айғыздауда. Әуедегі аспалы ракеталардың ақтаңылтақ жарығында біз
кӛлеңкесіз аруақтар сияқтымыз. Біздің жақтың атысы кенетттен тыйыла
қалды. Мұның себебін айқын түсініп те, кӛріп те келемін. Мина жақын жерге
келіп жарылғанда, жауынгер батпаққа сүңгіп жата қалады. Сонда оның
былғанбаған жері қалмайды, үсті-басының малынғаны былай тұрсын,
қаруының аузы да, затворы мен қорабы да балшықпен бітеліп қалады.
Сәлден соң жауынгер тура келіп, винтовкасын кезеніп, шүріппесін басқанда,
әрине, оқ атылмайды. Сонда оның мылтығы айбарлы қарудан жай бір ауыр
кеспелтекке айналады. Винтовка тұрсын, Заевтың немістерге қарсы жұмсаған
қол пулеметінің тақылдаған үні де үзілді. Дәл осы себептен Блоханың
пулеметі де істен шықты.
Сӛйтіп, біздің атысымыз жаудың қарсы күш жұмсауынан емес,
балшықтың қырсығынан тыйылған еді, пулеметтеріміз бен винтовкаларымыз
осылайша кәдеге аспай қалған еді.
Қайда кӛз жіберсең де жабысқақ, суық жерге бауырын тӛсеп жатқан
жауынгерді кӛресің. Мұндай хал кісіні жабықтырмай қойсын ба. Еңсесі
түсіп, мұңайған Заев қасыма келді.
- Мінеки, жолдас комбат, хал-жайымыз осындай, - деп күңк етті ол.
Бұрынғыша мойнына ілген жгуты балшықтан қарайып кеткен. Қол
пулеметінің дүмбісін тӛмен қаратып, шоқпар сияқты, иығына арта салған.
Мен: "Пулеметтерді ұрыс даласынан алып шығыңдар да, қарастындағы
племхозға барып, тазалап, майлап, қайта оралыңдар», деп бұйырдым.
- Адамдарыңды тасаға орналастыр. Бірақ винтовкаларың тазалап
болғанша ұйықтаушы болмасын. Күзет қой. Түсінікті ме?
Заев бойын түзеді. Жарлық оның ойын айықтырып, қайтадан қуат
бітіргендей.
- Ә-ә! деп бәйектеді ол. - Орындауға бола ма
- Орында.
Заев бұл арада да ӛзінің тақуалығын кӛрсетпей қалған жоқ. Мінсіз
әскери тәсілмен пулеметін жалма-жан жерге түсіріп, бейне ізет еткендей
белгі берді де, қараңғы түнекке сүңгіп, ғайып болды.
5
264
Ұзамай Тимково түбіндегі далада жан біткеннің бәрі тым-тырыс
болды. Біз оқ атпағалы қашан. Немістер де атысын тоқтатқан. Кӛкке
кӛтерілген ракеталар да некен-саяқ. Айналаны қараңғы түнек қаптап алған.
Тырс еткен дыбыстар, жылт еткен ұшқын да, адам да білінбейді. Кӛз
ұшындағы ӛрттің шапағы да сӛнген.
Жым-жырт. Тек желдің ұлып, ысқырғаны ғана құлаққа келеді. Үсті-
басын су болған. Тоңып, қалтырап барам. Тісім тісіме тимейді. Панюков
туралы ой басымнан кетпейді. Қайда екен ӛзі? Алда жүрген болар, сірә.
Қалай да табу керек.
Компас бойынша бағдарымды, яғни батысты мезгейтін азимутты
анықтап алып, егістікпен қараңғы түнек қаптаған деревняға кетіп барамын.
Қата бастаған жер беті аяқтың салмағынан ойылып кетеді де пайда болған
шұңқыр-ізге сол заматта су толады. Малмандай болған шалбарым мен
сырмалы бешпентім қаудырап, қата бастаған. Тұла бойым қалшылдап,
дәрменім бітіп барады, тісім тісіме тиер емес.
Екінші ротаның күзетінен әрі ӛттім. Мұндағылардың да денесі
қалтырап, тістері сақылдайды. Маған тіл қатқан да, менен жӛн сұраған да
ешкім жоқ. Мен де дәнеңе айтпадым. Сұрапыл түннің түйткісі айтпаса да
белгілі ғой.
Егістікпен кетіп бара жатқаныма кӛп болды. Қасымда адъютантта,
хабаршы да жоқ: бәрі жан-жаққа жіберілген, Синченко аттардың қасында
қалған. Қараңғыда әлденендей жұмсақ нәрсеге килігіп, сүрініп жығыла
жаздадым. Бақсам, ӛлік екен. Бірінші ротанікі болар-ау деймін. Ендеше,
біздің адамдардың осында болғаны ғой. Панюковтың басқаруымен алға
ұмтылып, келіп жеткен шығар. Илікпей қалған саусақтары мен ӛлікті сипап
байқап кӛрдім. Қолым қушық погонға ілікті. Неміс қой? Иә, неміс. Қай жер
болды екен бұл? Шынымен немістердің шебіне тап болғаным ба? Бәлкім,
Панюков осындағы немістерді қырып, жотаға бекінген шығар? Ілбіп ілгері
кетіп барамын. Кенеттен аяқ дүбірі есітілді. Оң жағымнан біреу, сол
жағымнан тағы біреу келе жатыр. Денемнің қалтырауы су сепкендей
басылды. Әлгілер екі жағымнан жақындап келеді. Бәлкім, немістер болар. Екі
жақтан қармамақшы ғой, тәрізі. Пистолетімді суырып алдым. Тоқтады да,
шүріппесін басуға әзірледім. Ешкімді байқамағансып, алға бастым. Erep
немісше дауыстаса, табанда атамын. Жақындап келгендер тұра қалды. Ӛтіп
кете бардым. Ешкім де үн қатпады. Қараңғыда сыр бермеске бекігенбіз. Осы
күйде екі айрылып кеттік.
Панюков қайда, жауынгерлер қайда? Еш нәрсе ашықтай алмадым да,
кейін қайттым.
Ӛз адамдарымызға қарай адымдап барамын. Жаңбырдан былқылдап
жатқан батпақтан етігімді әрең суырып аламын. Сағатымның сәулелі
тілшесіне қарап қоямын: мезгеулі жерге жететін уақыт болғандай еді.
Күзеттен ӛтіп кетпедім бе екен ӛзім? Әлі жүріп барамын. Енді ылдилай
бастаған сияқтымын. Не пәле бұл? Қайда тап болғанмын? Шынымен-ақ
адасып, батальоннан айрылғаным ба? Осы ой жүрегіме шаншудай қадалып,
265
тынысымды тарылтты. Батальонынан айрылды деген не сұмдық? Бұл
қалпыммен түні бойы адасып, айдалаға лағып кетермін…
6
Адасқан бойы шарқ ұрып жүрмін. Ақырында жолым оңғарылды.
Қараңғыда бір сарайға кез болдым. Ішінен дауыстар естіледі. Құлағымды
тіктім де, орысша сӛздерінен ӛз адамдарымыз екенін аңғардым. Дарбаза
тесігінен ішке кіргенімде, сабан үстінде тізіліп отырған және сұлап жатқан
жұртты кӛрдім.
- Кім бұл?
- Ӛздерің кімсіңдер?
Бақсам, сарайға Панюковтың ротасынан отыз шақты, яғни бір
взводтай адам жиналған екен. Арасында жаралы екі жауынгер бар екен.
Взвод командирі кіші лейтенант Агейкин де осында болып шықты. Жалма-
жан бойын түзеп, қарсы алдыма тік тұра қалды. Фонарь жарығын түсірген
едім, Агейкиннің бӛркіне, шинеліне сабан жабысып тұрғанын байқадым.
Агейкин, рота командирі қайда?
- Білмеймін, жолдас комбат. Жоғалтып алдық.
- Политрукпен байланыс жасадың ба?
- Оның қайда екенін білмеймін, жолдас комбат.
- Әрине, сабан үстінде сұлап жатар болсаң, дәнеңе де білмессің.
Екі жауынгеріңді политрукке жібер. Оны қайдан табу керек екенін
айтып беремін.
Агейкиннің Дордияға жібергелі жатқан жауынгерлерімен тілдесуге
шамам жетті, әйтеуір. Оларға:
- Менің осында екенімді айтыңдар, бар, - деп бұйырдым,
Сӛйттім де, тұла бойым ауырлап, сабанның үстіне ұзынымнан құлап
түстім. Не болған маған? Жігіттерімнің жаси бастағаны ма бұл? Ауырып
қалдым ба әлде? Қалтырап барамын. Барған сайын қатты тітіркенемін. Бой
жылытар лаж жоқ. Саңылау-саңылаудан желдің уілдеп тұрғаны мынау.
Етігімді шешіп, ішіндегі суын тӛгіп тастасам, шұлғауымды сығып, қайта
кисем болар еді, бірақ оған дәрмен жоқ. Дірілімді басу үшін, кӛзімді жұмып,
екі қолыммен қысамын. Нәр татпағаныма кӛп болды, бірақ тамаққа зауқым
жоқ.
Бір ғана тілегім: жылынсам, жылынсам екен деймін.
Біраз уақыт есеңгіреп жатқан болуым керек, Рахимовтың даусынан
есімді жиғандаймын.
- Комбат осында ма?
- Рахимов, сенбісің? Бері кел.
Жаным сая тауып, бойым жеңілденгендей. Жинақы да тындырымды
Рахимов келіп жетті ғой ендеше, керегіңнің бәрі: байланыста, штаб та, тәртіп
те болады дей бер. Бірақ бұл жолы олай болмады.
- Филимонов қайда?
266
- Әлі келіп жеткен жоқ, жолдас комбат.
- Панюков ше?
- Белгісіз. Табылған жоқ.
- Бірінші рота қалай?
- Дордия басқарып жүр. Бәрін дерлік жинап алыпты. Жұрт взвод-
взводымен сарайларға орналасты.
- Телефон байланысы қалай? Ат-арбалар келді ме?
- Жоқ, жолдас комбат.
- Кӛршілер бар ма?
- Онысын білмедім. Анықтауға адамдар жібердім.
Мен үндемей қалдым. Жанымды күйзелткен тітіркенуді сездірмеуге
тырысамын.
Рахимов халімді андағандай:
- Ауырып қалғансыз ба, жолдас комбат?
- Бар, шаруанды ретте.
Бір минуттай тұрғаннан кейін, ол кілт бұрылып, үн-түнсіз шығып
кетті.
7
Сабан үстінде жатып, тағы да қалшылдай бастадым. Ӛңменіңнен
ӛтетін мұндай зәрлі ызғарды мен бұдан бұрын бастан кешірген емеспін. Аяқ-
қолым, бет-аузым, іші-бауырым түгел мұздап барады. Ішімнен: бұдан да
безгек болсамшы, денем қызып, жалындасашы деп кӛксеймін. Осылайша
маңдайым, екі бетім, бүкіл денем лапылдап, албыртып жатсам-ау деймін.
Ақырында талықсып кетіппін, ӛнім мен түсімді ажыратудан қалдым.
Осындай халде телефон аппараты кӛзіме елестейді, трубкасын құлағыма
тосып, Панфиловпен сӛйлескендеймін.
«Жолдас генерал, Тимковоға келіп жеттім. Оны дұшпан алып
қойыпты. Ештеңе істей алмай тұрмын».
«Оқасы жоқ, жолдас Момышұлы. Адамдарыңызды аман сақтаңыз.
Таң ата ұрысқа бастаймыз».
«Қаруымыз оқ атудан қалды, жолдас генерал. Балшық бәрін мақрұм
етті»,
«Ештеңе етпейді, тазалап аласыңдар… Қазір адамдарыңыздың қамын
ойлаңыз, жолдас Момышұлы. Ұйқтап алсын»,
«Менің де ұйқым келді».
«Ол болмайды, жолдас Момышұлы. Сіздің үйқтауыңыз жӛн емес.
Сіздің ұйқтауыңыз жӛн емес, жолдас Момышұлы", - деген сӛздер жадымнан
кетер емес. Бірақ менде тұруға да дәрмен жоқ. Қалшылдан, сандырақтап
жатырмын. Есеңгіреген халде әлдекімнің сарайға келіп кіргенін байқадым.
Онда да біреу емес, үш-тӛрт адам. Әлгілер біреулермен тіл қатысып, сабан
үстіне келіп отырды да, аяқ киімдерін шеше бастады. Біреулердің
267
жӛткерінгені, баяу үнмен зілсіз балағат сӛз айтқаны, қартаңдау біреудің
жӛтеліп, қақырына түкіргені құлағыма келеді.
Жӛтелгені маған таныс. Ернімді әрең жыбырлата:
- Березанский? - деймін.
Кӛпке дейін жауап жоқ. Неткен сылбыр ӛзі, оңбаған! Ең алдымен
тамағын кенеп, қатты күрсінді бұл күрсінуден айқын күйініш лебі еседі: тағы
да комбатқа тап борышын ғой дегендей, - сонан соң барып үн қатты:
- Мен…
Ӛзім қайранмын - осынау сӛлекет мұртты солдаттың әлдеқашан бір
жылы үйді паналап, дамылдауына болар еді ғой, бірақ осы сарайдағы ӛз
взводына келіп жеткенше түні бойы белуардан балшық кешіп, қарулас
серіктерін іздеумен болған.
Тағы да мең-зеңмін. Кей-кейде жан рақатын сезген деймін. Аңсаған
ыстық леп соғатындай. Күйіп-жанып, сандырақтап жатсам да, жауынгерлерім
мен батальоным жайындағы беймаза ой миымды шағатындай. Осылай
тұралап жатар болсам, қайратқа қайта мінбесем, таңертең кӛрер күніміз не
болмақ? Бірақ бас кӛтерер дәрмен җоқ. Мүлгіп жатып, әлдекімнің аялап,
үстіме шинель жапқаның сездім. Кӛзімді ашып, түстеп танығым келеді.
Үстімде еңкейіп біреу тұр. Әрең кӛтерілген қолыммен түрпідей келте шашын
сипалап, Бозжанов екенін таныдым.
- Бозжанов, үшінші рота қайда?
- Жақындап қалды, жолдас комбат.
- Жарайды… Племхоздағы Заевқа бар. Пулеметтерін жӛндеуге
кӛмектес.
- Құп, барайын.
Тағы да ӛмір шындығын, уақыт мерзімін сезуден қалғандаймын. Бір
мезетте біркелкі, үйреншікті үн: аттардың пішенді күрт-күрт шайнағаны
құлағыма келеді, Арада тағы бір сәт зымырап ӛткендей.
Біреу қайратты қолдарымен етігімді шеше бастады. Одан:
- Бозжанов, әлі де кетпепсің ғой? - деп сұраймын.
Бұл жолы қателесіппін. Бозжанов дегенім Синченко болып шықты:
- Бұл менмін, жолдас комбат…
Суықтан сіресе бастаған етіктерімді суырып алып, ол мұздай болып
қатып қалған жалаң аяқтарымды әлденедей бір құрғақ, жағымды нәрсемен
сүртіп, әне-міне дегенше жаңа шұлғаумен орап қойды, онан соң құтысынан
стақанға құйған нәрсесін маған ұсынды. Спирттің иісі мұрнымды жарғандай.
Мен дем алмастан сіміріп қойдым. Арақ кӛзімнен жас ағызып, бойыма қуат
бітіргендей. Синченко үстіме тағы бір шинель жапты. Бұған да кӛңілі
кӛншімей, мені жас балаша аударыстырып, жан-жағымды қымтай бастады.
- Жетер! Жӛнел енді.
Бірақ ол әбден қымтап болғанша кете қоймады. Онан соң кӛңілін
демдеп:
- Тәуір болған сияқты… - деп үн қатты. - Сізге тағы не істесем екен,
жолдас комбат?
268
- Шай, шай! Ӛзі дозақ отындай ыстық болсын!
Ішімнен мырс етіп: шайдың ауылы алыс болар?! - деймін.
Қанша уақыт ӛткенін білмеймін, әйтеуір бір мезгілде:
- Мінеки, жолдас комбат, ыстық шай… - деген дауыс естілді. Кӛзімді
ашсам, таң ата бастаған екен. Жӛнді жабылмаған дарбазадан, қабырғалардың
саңылауларынан күңгірт сәуле білінеді. Сарайда Синченко екеумізден басқа
жан қалмаған. Мәз-мейрам болып күлімдеген атқосшы маған қолындағы
стақаны мен қызылкүрең және кӛкшіл бояулармен әшекейленген әйдік
термосын ұсынды.
- Қайдан алдың?
- Доктордан, жолдас комбат. Шабдармен санитариялық взводқа
шауып барып әкелдім. Рұқсат етіңіз, жолдас комбат, мен құйып берейін.
Стақанды қос алақаныммен қыса ұстап тәтті жылы шайды ақырын
ғана ұрттап, рақаттана іше бастадым.
- Санвзвод қай жерге орналасыпты?
- Біздің штабтың маңына. Племхозда екен, жолдас комбат. Жылы
мекен?
- Жараланғандар кӛп пе?
- Жиырма шақты… Ауыр жараланғандары жоқ сияқты. Бәрі де ӛз
аяғымен тылға кетті.
- Филимонов қайда? Келіп жетті ме?
- Келіп жетті, жолдас комбат, ротасын әзірше арғы жақтағы поселкеде
қалдырыпты.
- Панюковтан дерек бар ма?
- Жоқ, есітпедім.
Мен бос стақанды жерге қойдым.
- Шылым әкел.
- Мінеки, жолдас комбат, тартыңыз. Тек есіңізде болсын: екі-ақ
қорабы қалды. Онша жомарттық жасай бермеңіз, әйтпесе құр алақан
қаламыз.
- Жарайды. Тәлім үйретем деп-ақ жалықтырып біттің.
Шылымымды
тұтатып,
алғаш
сорғанда-ақ
науқастан
әлі
айықпағанымды білдім. Жиренішті кӛрінген темекі түтінінің аузымда кермек
дәмі қалды. Мен жӛн сұрау бердім:
- Осындағы адамдар қайда кетті?
- Политрук Дордияға. Түн ортасында-ақ шепке орналасу үшін бәрін
шақыртып алған.
- Солай де… Етігімді әкел.
Әлі де кебе қоймаған етігімді киіп, орнымнан тұрдым да, керіле
бастадым. Буын-буыным қақсайды. Әл-дәрменім құрып, жатқым келеді.
Оқасы жоқ, дес бермеспін! Түн ішінде жұмарланып қалған киімнің қатпарын
жазып, белдігімді шарт буынып алдым.
- Қайда бармақшысыз, жолдас комбат? Штабқа ма?
- Жоқ, алдымен Дордияға барамын. Шебін кӛремін.
269
Таңертеңгі бұлыңғыр ашыла бастады. Жел тынған. Тым-тырыс.
Сұмпайы түн келмеске кетті. Жаңа ұрыс күні - мың да тоғыз жүз қырық
бірінші жылдың жиырма жетінші октябрі басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |