Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Қанның құрамдарын құю(эритроцитарлы массалар, эритроцитарлы взвеси, лейкоцитарлы,тромбоцитарлы массасы,плазма). Көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштері



бет22/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

31.Қанның құрамдарын құю(эритроцитарлы массалар, эритроцитарлы взвеси, лейкоцитарлы,тромбоцитарлы массасы,плазма). Көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштері.
Қан компоненттері
Заманауи жағдайда негізінен қан компоненттерін (жеке құрамдас
бөліктерін) пайдаланады. Бүтін канда антигенді факторлардың көп мөлшерде
болуына байланысты посттрансфузионды реакциялар және асқынулардың
болу мүмкіндігінен, бүтін қанның трансфузисын сирек өткізеді. Бұдан басқа,
компоненттер трансфузиясының емдік әсері жоғары, себебі бұл кезде ор-
ганизмге жалпылама әсер ету қамтамасыз етіледі. Компоненттер трансфу-
зиясына белгілі бір көрсеткіштер бар: анемияда, қан жоғалтуда, қан кетуде
эритроцитарлык массаға көрсеткіш; лейкопенияда, агранулоцитозда, им-
мунды тапшылықты жағдайда - лейкоцитарлық массаға; тромбоцитопения-
да - тромбоцитарлық массаға; гиподиспротеинемияда, қанның ұйытушы
жүйесінің бұзылысында, АҚК тапшылығында - кан плазмасы, альбуминге,
протеинге көрсеткіш.
Қанның шығындалуын азайту кезінде компонентті гемотрансфузионды те-
рапия, жақсы емдік әсер алуға мүмкіндік беріп, үнемдеуде үлкен маңызы бар.
Эритроцитарлық масса
Эритроцитарлык массаны бүтін каннан тұндыру немесе центрифугалау
жолымен 60-65% плазманы ажыратып алады.
Ол донорлык қаннан плазма көлемінің аздығымен және эритроцит-
тер концентрациясының жоғары болуымен (гематокриттік саны 0,65-0,80)
ерекшеленеді. Флакондарда немесе пластикалық қапшықтарда шығарылады.
4-6 °С температурада сақтайды.
Эритроцитарлық масса
Эритроцитарлык массаны бүтін каннан тұндыру немесе центрифугалау
жолымен 60-65% плазманы ажыратып алады.
Ол донорлык қаннан плазма көлемінің аздығымен және эритроцит-
тер концентрациясының жоғары болуымен (гематокриттік саны 0,65-0,80)
ерекшеленеді. Флакондарда немесе пластикалық қапшықтарда шығарылады.
4-6 °С температурада сақтайды.
Мұздатылған эритроциттер
Мұздатылған эритроциттерді қаннан лейкоциттерді, тромбоциттерді және
плазма нәруыздарын бөліп алу жолымен алады, осы үшін қан 3-5 рет арнайы
ерітінділермен жуылуға және центрифугалауға ұшырайды. Эритроциттерді
мұздату баяу болуы мүмкін - электрлік тоңазытқыштарда 70-тен -80 °C
дейінгі температурада, сонымен қатар жылдам сұйық азотты пайдаланумен
(температура -196 °C). Мұздатылған эритроциттерді 8-10 жыл бойы сақтайды.
Мұздатылған эритроциттерді еріту үшін контейнерді 45 °С температурадағы
сулы моншаға салады, содан соң жуып, оңашалайтын ерітіндімен жуады.
Эритроциттерді еріткеннен кейін 4 "С температурада 1 тәуліктен асырмай
сақтайды.
Мұздатылған эритроциттердің артықшылығы - сенсибилизациялаушы
факторлардын (плазма нәруыздары, лейкоциттер, тромбоциттер), ұйыту
факторларының, бос гемоглобиннің, калидің, серотониннің болмауы немесе
кұрамында аз болуы. Бұл олардың трансфузиясының көрсеткішін анықтайды:
аллергиялык аурулар, посттрансфузиялык реакциялар, науқастың сенси-
билизациясы, жүрек, бүйрек жетіспеушіліктері, тромбоз, эмболия. Әмбебап
донор қанын пайдалануға болады және массивті гематрансфузия синдро-
мын болдырмауға мүмкіндік береді. Жуылған нативті немесе мұздатылған
эритроциттерді HLA жүйесімен лейкоцитарлық антигенге сәйкессіздіктің бо-
луында немесе плазма нәруыздарына сенсибилизацияланғандарға құяды.
Тромбоцитарлық масса
Тромбоцитарлык массаны жеңіл центрифугалау жолымен, сакталуы 1
тәуліктен аспаған, консервіленген донорлык қанның плазмасынан алады.
Оны 4 С температурада, 6-8 сағат, 22 °С температурада 72 сағат сақтайды.
Жаңа дайындалған массаны жалпылама пайдаланады. Құйылған
тромбоциттердің өмір сүру ұзақтығы 7-9 күн.
Тромбоцитарлык массаның трансфузиясына көрсеткіш болып, келіп шығу
себебі әртүрлі тромбоцитопения (кан жүйесінің аурулары, сәулелі терапия,
химиотерапия), сонымен қатар, жедел қан жоғалту үшін көлемді жүргізілетін
гемотрансфузиялар кезіндегі геморрагиямен көрінетін тромбоцитопениялар.
Тромбоциторлық массаның трансфузиясы кезінде топтық үйлесімділікті,
Rh-фактор бойынша үйлесімділікті есепке алу, биологиялық сынаманы
жүргізу керек, себебі тромбоцитарлы массаны алғанда донорлық қанның
эритроциттері коспасы болуы мүмкін.
Лейкоцитарлық масса
Лейкоцитарлық масса құрамында көп мөлшерде лейкоциттер мен эритро-
циттер, тромбоциттер және плазмасы бар ортадан тұрады.
Препаратты тұндыру және центрифугалау жолымен алады. Флакондарда
немесе пластикалық капшықтарда, 4-6 °С температурада 24 сағаттан асыр-
май сақтайды, жаңа дайындалған лейкоцитарлық массаны жалпылама кұяды.
Кұятын кезде донордың немесе реципиенттің топтык, резус-сәйкестігін,
кажет болған жағдайда - HLA антигені боиынша сәйкестігін есепке алу
кажет. Биологиялық үйлесімділікке сынама жүргізу міндетті деп есептеледі.
Лейкоцитарлы массаның трансфузиясы лейкопениямен жүретін аурулар-
да, агранулоцитозда, (қан жасалудың тежелуінде) сәулелі және химиотера-
пия нәтижесінде орын алған кан жасалудың тежелуі, сепсисте орындалады.
Ентігу, калтырау, дене температурасының жоғарылауы, тахикардия, АК түсіп
кетуі түріндегі реакциялар және аскынулар болуы мүмкін.
Қан плазмасы
Қан плазмасын, сұйығын (нативті) бүтін каннан тұндыру немесе центри-
фугалау жолымен алады. Плазманың құрамында нәруыздар, көп мөлшерде
биологиялық белсенді компоненттер (ферменттер, дәрумендер, гормондар,
антидене) болады. Оны алғаннан кейін бірден пайдаланады (2-3 сағаттан
кешіктірмей). Ұзақ уақыт сақтау қажеттігі туғанда, мұздатуды немесе
кұрғатуды (лиофилизацияны) колданады. Флакондарда немесе пластикалық
қапшықтарда 50-250 мл-ден шығарады. Мұздатылған плазманы - 25 °С тем-
пературада 90 күн бойы, - 10 °С температурада 30 күн бойы сақтайды. Қолданар
алдында 37-38 °С температурада ерітеді. Плазманы құюға жарамсыздығының
белгілеріне: онда көлемді ұйындылардың, тұнбалардың пайда болуы (түсінің
көмескі сұр-қоңыр түске өзгеруі), жағымсыз иіс.
Плазманы АҚК тапшылығындағы жоғалтылған плазма орнын тол-
тыру мақсатында, шокта, қан кетуді тоқтату үшін кешенді парентераль
қоректендіруде қолданады. Трансфузияға көрсеткіш, қан жоғалту (егер ол
АҚК 25% артық), плазманың трансфузиясына бүтін қанды (эритроцитарлы
массаны), шок (жарақаттық, операциялық), күйік ауруы, гемофилия, ауыр
іріңді-қабыну аурулары, перитонит, сепсис жатады. Плазманың трансфузия-
сына қарсы көрсеткіш - ауыр аллергиялық аурулар.
Құйылатын плазманың әдеттегі дозасы - 100, 250 және 500 мл, шок-
ты емдеуде 500-1000 мл. Құюды донор және реципиенттің топтық (АВО)
сәйкестігінің есебімен іске асырады. Биологиялық сынаманы міндетті түрде
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет