Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Ірінді жаралардың емдеу жалпы принциптері. Заманауи антибиотикотерапия



бет61/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

Ірінді жаралардың емдеу жалпы принциптері. Заманауи антибиотикотерапия.

Қабыну ауруларының емін – емдеудің жалпы принциптерінің есебімен және патологиялық процестің сипаты мен орналасу ерекшелігімен жүргізеді.
Хирургиялық инфекциясы бар науқастарды емдеудің негізгі принциптері:

  • емдеу шараларының эпитропты және патогенетикалық бағыттылығы

  • жүргізілетін емнің кешенділігі: емдеудің конвервативті (антибактериалды, дезинтоксикационды,иммунотерапия) және жедел әдістері.

  • организмнің индивидуалды ерекшелігін, қабыну процесінің даму сатысын, сипатын, орналасқан орнын ескеріп, емдік шараларды жүргізу.

Іріңді хирургиялық инфекцияны емдеу барысында жергілікті және жалпы ем жүргізіледі.

  1. Антибактериальді ем – антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа да микробтарға қарсы дәрілер тағайындалады. Антибиотикерді ішке, бұлшықетке, венаға, артерияға, сүйек ішіне, лимфа тамырына, эндолюмбальді және әртүрлі қуыстарға енгізеді. Бұл кезде антибиотикотерапияның барлық қағидаларын сақтаған жөн. (мөлшері, енгізу арасындағы интервал, ем ұзақтығы, дамитын асқынулар, дәрілердің токсикалық әсері) Дисбактериоздың алдын алу үшін, науқасқа антибиотиктермен қосып, саңырауқұлаққа қарсы дәрілер тағайындалады. Көбінесе, емдеу барысында, әртүрлә антибиотиктерді және басқа да микробтарға қарсы заттарды бірге енгізеді. Антибиотиктерді тағайындағанда науқастан бөлініп алынған микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын ескеру қажет. Жаңадан шыққан кең спектрлі антибиотикердің үлкен мөлшерін енгізгенде,науқастың иммунитеті де төмендейді, сондықтан олармен бірге иммундық жүйені дәрілер де енгізу керек.

  2. Дезинтоксикациялық ем. Интоксикацияның дәржесіне байланысты дененің детоксикациясының әртүрлі әдістері қолданылады – инфузионды дезинтоксикациялық ем (гемодез, плазма, глюкоза ерітінділерін құю,үдетілген диурез). Ауыр жағдайларда экстракорпоральды детоксикация әдістері жүргізіледі: плазмосорбция, плазмофорез, гемосорбция, ксеносорбция, гемодиализ.

  3. Иммунотерапия. Іріңді интоксикацияның салдарынан науқастың иммундық жағдайы өзгерістерге ұшырайды. Иммунитетті қалпына келтіру үшін, арнайы емес иммунотерапия (метилурацил, Т – активин, тималин, тимоген, лейкинферон,донорлық плазма), арнайы енжар иммунотерапия (гипериммунды сарысу, иммуноглобулиндер, гипериммунды плазма) және арнайы белсенді иммунотерапия (вакциналар, анатоксиндер) жүргізіледі. Науқастың иммундық жағдайын лабораторлы зерттеу әдістерімен бақылап, емнің түрін тағайындау керек.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет