Асыл аналар


«Әбу Талиб дүниеден өткенше құрайыштардың маған қолы



Pdf көрінісі
бет58/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   200
Asyl-analar

«Әбу Талиб дүниеден өткенше құрайыштардың маған қолы 
жеткен емес»
1
, – деп айтқан. 
Үш күн өткен соң һижра жыл санауынан үш жыл бұрын алпыс 
бес жасында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жан жары Хадиша 
дүниеден өтті. 
1
Ибн әл-Әсир, әл-Кәмил: 91. 


73
 
 
Бұл пайғамбарлықтың 10-жылы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) елу 
жасында болған оқиға еді. Пайғамбармен (с.а.с.) елшіліктен 
бұрын он бес жыл, одан кейін он жыл, барлығын қосқанда 
жиырма бес жыл – ширек ғасыр бірге өмір сүрді. 
Сүйікті асыл жарының орны толмас қазасы Аллаһ елшісінің 
(с.а.с.) жанына қатты батады. Әбу Талиб пен Хадиша дүние 
салған бұл жыл тарихта «Амул-хузн» (қайғы жылы, қаралы жыл) 
деген атпен қалған. 
Міне, осылайша Хадиша өзінің артынан дін жолындағы 
қасиетті, даңқты күрес пен Исламды дағуат етудің мәңгілік 
үлгісін қалдыра отырып, Жаратушысының алдына аттанды. Ол 
Аллаһ елшісімен (с.а.с.) жиырма бес жыл отандасып, ақылды да 
салиқалы жар атанған-ды және Аллаһ тағала мен Оның елшісінің 
(с.а.с.) ашуына тиетін дәнеңе істеген емес. Осы бейнетінің жемісі 
оған жаннат болды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жаннаттың ең жақсы әйелдері: Мәриям Имранқызы мен 
Хадиша Хуайлидқызы»
1
, – десе, тағы бір хадисінде: «Осы 
дүниеде де, ақыретте де сый-құрметке ие болған төрт әйел 
бар. Олар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның әйелі Әсия, 
Хуайлидтың қызы Хадиша және Мұхаммедтің қызы 
Фатима»
2
, – деген.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өмірінің соңына дейін оны еске алумен 
өткен. Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін бірнеше жылдан соң 
әйелдерінің бірінің үйінде отырып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
сыртта Хадишаның сіңлісі Халәның дауысын естіп, оны 
Хадишаның дауысына ұқсатып: «Тәңірім-ау, Халә!» – деп 
орнынан тыпыршып кеткені жайлы хабар етіледі
3

Айша (Аллаһ оған разы болсын):
1
Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20; Муслим: Фадаил әс-сахаба: 69. 
2
Әл-Хаким, Мустадрак: 3/185. 
3
Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20. 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет