84
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – АЙША ӘБУ БӘКІРҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН)
«Аллаһтың атымен ант етемін! Ол әкесін есептемегенде,
Пайғамбарға (с.а.с.) ең сүйікті адам еді»
Айша – Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
жан досының қызы,
шыншылының
шыншыл қызы, сүйіктісінің сүйікті қызы,
жанашыр дос,
қамқор әйел, Аллаһтың Кітабында күнәлардан
және жүректердің шүбә-күдігінен арылған мүміндердің пәк
анасы. Ол күш-жігері сарқылғанша ораза ұстайтын.
Бұл әйел шыншыл да шарапатты
ханым әрі Исламдағы ұлы
сүйіспеншіліктің – Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
махаббатының иесі,
бұл өмірдегі ең сүйікті адамы. Сахих хадисте келгендей, Амр ибн
Ас (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
–
Уа, Аллаһтың елшісі! Ең жақсы көретін адамың кім? – деп
сұрайды.
Аллаһтың елшісі (с.а.с.):
–
Айша, – деп жауап береді. Амр:
–
Ал ер кісілерден ше? – дегенде, ол (с.а.с.):
–
Оның әкесі, – деген
1
.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны «Хумәйра» деп
еркелетіп, адамдарға:
«Діндеріңнің жартысын осы Хумәйрадан
үйреніңдер»
2
, – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны артық жақсы көрсе де,
әйелдерінің арасындағы теңдікті сақтап:
«Аллаһым, мына менің
иелігімдегі тиесім, иелігімде болмаған нәрседе мені сұраққа ала
Достарыңызбен бөлісу: