Атмосфера дегенiмiз


Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi



бет4/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Атмосфера дегенiмiз
Дәріс Дәнді дақылдар №1, Оптика. Есептер оқу құралы by Шыныкулова Г.Н. (z-lib.org), баланс, 40f35535e069a955ca6fc10d13d484b7, 42, Байтұрсынов А, Лекция-1634815154459, 1-зертхана Агрометеорология, 2-зертхана агрометеорология, 1-лаборотория, 2-практика агрометеорологии, 1-лаборотория.pptx, 1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология, Квалиметрия тест, Doc1 план
3. Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi:
Агрометеорологияның зерттеу әдiстерi егiншiлiктiң мына заңдарымен негiзделген.


1. Өсiмдiк тiршiлiгiне керек факторлардың өзара тепе-теңдiгi және бiрiн-бiрiмен алмастыруға болмайтындығы заңы. Өсiмдiк тiршiлiгiне қажет факторларды ұзақ уақыт зерттеу нәтижесiнде оларды бiр-бiрiмен ауыстыру мүмкiн еместiгi айқындалды. Қорытындылай келгенде, егiншiлiктiң бiрiншi заңы-факторлардың тепе-теңдiгi туралы заң туды. Бұл заң былай айтылады: Өсiмдiк тiршiлiгiне қажеттi факторлар абсолюттi түрде өзара тепе-тең болып келедi және оларды бiр-бiрiмен алмастыруға болмайды. Бұл заңнан туындайтын қорытынды - өсiмдiктiң дұрыс өсiп-дамуы үшiн барлық факторлармен (космостық және топырақтан алынатын) қамтамасыз ету керектiгi. Факторлар өсiмдiкке көп немесе өте аз мөлшерде қажет болуына қарамастан, оның бiреуi жоқ болса өсiмдiк өнiмiнiң күрт төменлеуiне немесе болмауына әкелiп соғады. Заңның абсолюттiк сипаты осыған байланысты екенi байқалады.
Егiн шаруашылығында факторлардың тепе-теңдiгi салыстырмалы сипат алуы мүмкiн. Ол өсiмдiктi әртүрлi факторлармен қамтамасыз етудiң қиын-жеңiлдiгiне және мөлшерiне байланысты болып келедi. Мысалы, Қазақстанның жағдайында негiзiнен бiрiншi орында ылғал, одан кейiн қоректiк заттар болып келедi.


2. Минимум, оптимум, максимум заңы.Өнiм деңгейi минимумда (аз мөлшерде) болатын фактормен анықталады; ең жоғарғы өнiм фактор оптималды (оңтайлы мөлшерде) болғанда алынады; фактор минималды және максималды болғанда өнiм мөлшерi төмендейдi немесе ол болмауы мүмкiн.
Өнiм деңгейiнiң минимумда болатын факторға байланысты екенiн бiрiншi айтқан өсiмдiк қоректенуiнiң минералды теориясының авторы Юстус фон Либих (1803-1873 жж.) болды. Жетiспейтiн фактордың орнын толтыра бастағанда, өнiмнiң деңгейi көтерiлiп, екiншi бiр жетiспейтiн фактор минимумда қалған кезде, өнiмнiң өсуi тоқтайтыны байқалған.
Бұл заңды дәлелдеу үшiн Гельригельдiң вегетациялық тәжiрибесiн келтiруге болады. Бiркелкi құнарлы топырақпен толтырылған шыны ыдыстарда арпа өсiрiлген. Ылғалдығынан басқа өсiмдiкке керек жағдайларды бiрдей етiп ұстаған. Әр-бiр 8 ыдыстағы топырақтың ылғалдылығы толық ылғал сиымдылығынан 5,10,20,30,40,60,80 және 100 деңгейде болған. Тәжiрибе нәтижесiнде ең жоғарғы өнiм топырақ ылғалдылығы 60 (оптимум) болғанда алынса, құрғақ топырақта (минимум) және ол суға толық қаныққанда (максимум) өнiм болмаған. Осы қорытындыны басқада (температура ж.б.) факторлармен жүргiзген тәжiрибе нәтижелерi дәлелдейдi. Сайып келгенде, ең жоғарғы өнiм фактордың оптималды жағдайында, ал оның минималды және максималды болуы өнiмнiң төмендеуiне әкелiп соғатыны айқындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет