ІІ. Ашылмаған сыры көп асыл өнер.
2.1. Ши түрлері.
Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлт ойындары содан қалған.
Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар – ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады.
Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши. Халық қолөнерінің шеберлері сол жоғары айтылған өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды. Ал өне бойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Өнбойы тұтас емес, әр жерінен аралатын оралған шиді ораулы ши дейді.
Ақ ши дегеніміз – қабығынан аршылған, оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ «өре ши» деп те атаған.Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт-ірімшік жаюға өре ретінде, сондай-ақ үйдің төбесін сыларда біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ шиді қолданған.
Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Әр тұсынан өрнек сала оралған бұл ши түрі көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни үй ішін безендіріп, ою-өрнекпен, түрлі бейнемен суреттелген. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған.
Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде «жез ши» деп те атау ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде пайдаланған.
Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «Шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.
Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши екені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |