Айзере: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Нұрым: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Данара: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз. Ендеше алғашқы тартуларымыз алтын ұя мектебімізге арналады.
Ерасыл: Мектеп сенсің – адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің – жамандықтан жиренткен
Елнұр :Мектеп сенсің – жақсылықты ұран ғып
Мектеп сенсің – мені жұртқа сыйлы еткен
Нурислам: Мектеп деген – білім кені, жер кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені
Аяжан :Мектеп деген – тәрбиешіге адамға
Мектеп деген – даналардың мекені
Диляра: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Аруна: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Айару: Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Эльнура: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Айсұлу: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Айзере : Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Достарыңызбен бөлісу: |