Аудан әкімі Мирхан Дуанбековтің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылға арналған міндеттер мен бағыттар туралы» аудан тұрғындары алдындағы есеп беру баяндамасының тезистері



Дата22.02.2016
өлшемі107.51 Kb.
#2015


Аудан әкімі Мирхан Дуанбековтің «Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылға арналған міндеттер мен бағыттар туралы» аудан тұрғындары алдындағы есеп беру баяндамасының тезистері

2013 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны өсіп, көптеген жаңа жобалар іске асырылды.



Өнеркәсіп
2013 жылы ауданда 847,7 млн. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлемі индексі 42,2% ұлғайды.
Агроөнеркәсіптік кешен
2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7252,4 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 104,7 пайыз болды.

Ауылшаруашылығы саласына 102,1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 129,3 пайыз. Оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 85,6 млн. теңге субсидия алынды.

Ауылшаруашылығына 142,2 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 59,5 млн. теңгеге 335 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 316 бас аналық сиыр, 19 бас асыл тұқымды бұқа малы, мал тұқымын асылдандыруда 11 млн. теңгеге 33 бас асыл тұқымды бұқа малы және 550 бас асыл тұқымды қой, өнімділігі төмен малдарды ығыстыруда «Ақтөбеагросервис» арқылы 26,9 млн. теңгеге 60 бас бұқа малы, селолық кредиттік серіктестік және басқа көздерден 15,2 млн. теңгенің несиесі алынып, оған әртүрлі мал және мүліктер алынды, 29,5 млн. теңгенің ауылшаруашылығы техникалары жаңаланды. Барлығы жыл ішінде 112 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, 550 бас асыл тұқымды қой малы сатып алынды. Бұл аудандағы асыл тұқымды мал басының үлесін жыл ішінде мүйізді ірі қарадан 0,5 пайызға, қой ешкіден 10,1 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.

Мал басы аудан бойынша мүйізді ірі қарадан 3,5 пайызға, жылқыдан 4,9 пайызға, түйеден 2,8 пайызға өсті, қой-ешкіден 98,9 пайыз сақталды.

Тұрғындарды нанмен қамтамасыз етуде біздің ауданға бөлінген 507,3 тонна 1-сортты ұнды жеткізу шаралары алынды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны өсірмеу мақсатында жыл ішінде наурыз-қазан айларында әр апта сайын тұрақты жәрмеңке ұйымдастырылды.

Арзандатылған бағамен 418,3 тонна жем жеткізілді.

Тұрғындарды көкөніспен тұрақты қамту мақсатында, жеке кәсіпкер Н.Смағұлдың қаржылық қолдауымен көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан 2014 жылы пайдалануға беріледі.


Жер қатынастары
Ауданның жер қоры 4151,2 мың гектар. 2013 жылы ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының саны - 231 бірлік.

Жер учаскесін сатудан 4,0 млн. теңге, жалға беруден 8,6 млн. теңге бюджетке кірістелді.

Ауылшаруашылығы жерлерін түгендеуге байланысты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 6 шаруашылық құрылымының 13190 гектар пайдаланбай отырған жерлері анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тұрғын үй құрылысына 2007 жылдан бастап берілген учаскелерге түгендеу жүргізіліп, пайдаланылмаған 19 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.


Шағын кәсіпкерлік
Аудан бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 482 бірлік, 2012 жылға қарағанда 2,9 пайызға ұлғайды. Кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1860 адам, шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 0,2 пайызға өсіп, 842 млн. теңгеге жетті.

Барлық қаржыландыру көздерінен 2013 жылы 4,3 млн. теңге сомасында несиелік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1 кәсіпорынға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуге 5,3 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курстарында 103 кәсіпкер оқытылды.

Бөлшек сауда айналымы 617,1 млн. теңге, нақты 1,1 пайызға өсті.
Инвестиция
Негізгі капиталға 2013 жылы 1763,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2012 жылға 81,1 пайыз.

Бюджеттік инвестиция 934,5 млн. теңге, немесе барлық инвестицияның 52,9 пайызы, өткен жылға қарағанда 64,7 пайыз, жеке қаражат пен өзге көздерден 829 млн. теңге, немесе 47,1 пайызы, өткен жылға қарағанда 106,3 пайыз болды.


Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1051,6 млн. теңге, 2012 жылға 92,5 пайыз. 2013 жылы барлығы 7173 шаршы метр (72 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 113,8 пайыз. Оның ішінде жекелер қаражатымен 6662 шаршы метр (65 пәтер) және мемлекеттік коммуналдық 511 шаршы метр (7 пәтер) тұрғын үй салынды.
Инфрақұрылымның жайы
Ауыз сумен қамтуда 2014 жылы Құмтоғай, Жайсаңбай, Қалыбай, Құйлыс ауылдарында сумен қамту жүйелерінің құрылысы басталады.

Жолдарды жөндеуге 2013 жылы республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңгеге Шалқар-Ырғыз бағытындағы 11,3 шақырымды күрделі жөндеу жұмысы басталды, 2014 жылы жөндеу жұмыстарын аяқтауға 229,5 млн. теңге бөлінді.

2014 жылы Ырғыз селоішілік газ құбырының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.
Салық-бюджет жайы
2013 жылы бюджетке салық және басқа да түсімдерден 295,2 млн. теңге кірістелді. Болжам 17,3 пайызға артығымен орындалғанымен, өткен жылға қарағанда 1,3 пайызға төмен. Бұған 2012 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысын жүргізген компаниялардан бір жолғы айыппұл төлемдері түсуі себеп болған.

Жергілікті бюджетке түсім 234,4 млн. теңгені құрады, болжамнан 26,9 млн. теңге артық кірістелді, 2012 жылдан 7,9 пайызға артық. Бюджеттің шығысы 3026,3 млн. теңге болып 100 пайызға атқарылды.


Еңбек нарығы
Аудандағы тіркелген жұмыссыздар саны 24 адам. 2013 жылы 286 жаңа жұмыс орны қосылды, 318 жұмыссыз еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 370 жұмыссыз бағытталды, 59 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастырылды, жастар практикасы бойынша 39 жас жұмыспен қамтылды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бойынша 275 адам еңбекке орналастыруға өтініш білдіріп, 84 адам әлеуметтік жұмыстарға, 64 жұмыссыз жастар практикасына тартылды, 22 адам кәсіптік оқуға жіберілді. 20 жұмыссыз 37,5 млн. теңге несие алып, өз кәсіптерін ашты. 16 жұмыссыз кәсіпкерлік оқуға тартылды.

Ауылдық елді мекендерді көркейту жобасынан «Арай» мәдениет үйінің, «Жігер» спорт кешенінің, Ы.Алтынсарин орта мектебінің, «Ақбота» мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымының ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына 69 жұмыссыз тартылды.
Әлеуметтік қорғау
Аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда - ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге барлығы 280 адамға 10405,6 мың теңгеге бюджеттен түрлі әлеуметтік жеңілдіктер берілді.

18 жасқа дейінгі 1493 балаға 23667,3 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.


Білім
Мектепке дейінгі тәрбие беретін 13 мекемеде 730 бала, 16 шағын орталықтарда 340 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу 92,0 пайызды құрайды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуда жыл ішінде жаңадан 2 мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 1 мектептің құрылысы жүргізілуде. «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы шеңберінде 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді, Шеңбертал орта мектебіне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферт есебінен химия кабинеті алынды.

Барлық жалпы білім беру мектептеріндегі 448 аз қамтылған отбасы балалары, 1-4 сыныптағы 1183 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Балалардың жазғы демалысын, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру шараларымен 2857 оқушы қамтылды.


Мәдениет
2013 жылы 29 мәдениет мекемесі қызмет жасады. Ақылы қызмет көлемі 1788,7 мың теңге болды. «Арай» мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Нұра ауылдық кітапханасы модельді кітапханаға айналды. Қоғам қайраткері Т.Жаманмұрыновтың туғанына 125 жыл толу мерейтойы аудан көлемінде аталып өтті.
Дене шынықтыру және спорт
Ауданда 60 спорттық құрылғы бар. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Аудандық деңгейде спорттың 13 түрінен 43 рет жарыс өткізіліп, облыстық дәрежедегі жарысқа спорттың 8 түрінен 160 адам қатысты. Белшер ауылында демеушілер көмегімен спорт алаңы салынып, ауыл жастарының аудандық спартакиадасы өткізілді. Дене шынықтырумен және спортпен 4890 адам шұғылданады.
Қоғамдық-саяси жағдай
Аудан әкімі жанынан құрылған 7 ақпараттық топ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттауда 238 лекция-кездесу өткізді, оларда 12745 аудан тұрғыны қамтылды. Мерзімді баспасөзде 78 рет мақала жарияланды.
«Көркейе бер, туған жер!» акциясы
Облыс әкімі Архимед Бегежанұлының бастамасымен қолға алынған «Көркейе бер, туған жер!» акциясы 2013 жылы жалғасты. Акция аясында 2013 жылы 16 нысанда 16 млн. 694 мың теңгенің жұмысы атқарылды.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуы
Ауданда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2013 жылы бағдарлама аясында үйде оқытылатын мүгедек балаларды бағдарламамен қамтамасыз ету, бір мектепті химия кабинетімен жабдықтау жүзеге асырылды, Оған республикалық бюджеттен 3,1 млн. теңге және «Балапан» бағдарламасы бойынша 3 балабақша мен 10 шағын орталық қызметін қамтамасыз етуге 50,2 млн. теңге қаражат жұмсалды.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыруда 6 бағыт бойынша скринингтік тексерулер жүргізілді, бекітілген жоспарға сәйкес аурудың алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 506,0 мың теңге қаржы жұмсалып, шаралар ұйымдастырылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 11,7 млн. теңгеге 3 ауылдық елді мекенде балалардың ойын алаңдары, 5 елді мекенде көше жарығы орнатылды.
Аудан әкімінің 2013 жылы тұрғындармен есепті кездесуінде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпарат
Аудан әкімінің есепті кездесуінде айтылған мәселелерді шешу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, шешімін табуы тиіс 8 проблемалық мәселе қойылды. Одан 5-уі шешімін тапты, 3-уі шешілу сатысында.

Құмтоғай ауылын сумен жабдықтау жүйесі құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, нәтижесімен 2014 жылға 206,4 млн. теңге бөлінді.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі 57,6 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Жайсаңбай ауылына сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салудың жобалау-сметалық құжаттары дайындалды, құрылыс жұмыстарына 2014 жылға 313,5 млн. теңге бөлінді, 2015 жылға 422,8 млн. теңге бөлінеді.

Нұра ауылының жер асты су көздерін зерделеуге тендер өтіп, жеңімпаз анықталып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Жаныс би, Шеңбертал елді мекендерінің жер асты су көзін зерделеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. Жер асты су көздерін зерделеу жұмыстары 2014 жылға жоспарға енгізілді.

Аманкөл ауылдық клубының ғимаратын жөндеу мәселесін демеушілікпен бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен шешу жолдары қарастырылуда.

«Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының материалдық-техникалық базасын жақсартуға және Құйлыс ауылындағы көпірдің құрылысын салудың жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтауға қаражат бөлу жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы сұраныс жасалды. Бұл мәселелерді облыстық бюджеттен шешу жолдары қарастырылуда.


2014 жылы атқарылатын міндеттер
2014 жылы «Агробизнес - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жобаларға қаражат тарту жалғасын табады.

«Бизнестің -2020» жол картасы бойынша кәсіпкерлердің белсенділігін көтеруге жұмыстар жүргізіледі.

Салыққа 230 млн. теңге кірістеу жоспарын орындауда салық базасын ұлғайту жұмыстары жалғастырылады.

«Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

2014 жылы 4 млрд. 367 млн. теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту жоспарланады.

Ауданды газдандыруда 2014 жылы 2 млрд. 82 млн. теңгенің жұмысы атқарылады деп күтіледі, газ құбыры құрылысын 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

Жол қатынасын жақсартуда «Шалқар-Ырғыз» республикалық маңыздағы автожолының Ырғыз селосына кіре берістегі 11,3 шақырымына күрделі жөндеу аяқталады, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 229,5 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.

Білім беру саласында 29,1 млн. теңгеге Жайсаңбай аулындағы 60 орындық орта мектептің құрылысы аяқталады.

Ырғыз ауылының Оңтүстік-Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысы 87,8 млн. теңгеге салынады.

1 млрд. 65 млн. теңгеге Жайсаңбай, Құйлыс, Қалыбай, Құмтоғай ауылдарының ауыз сумен қамту жүйелерінің құрылысы басталады.

4,5 млн. теңгеге Ақши су құбырын қайта жарақтандырудың жобалау сметалық құжатын дайындау аяқталады.

15,0 млн. теңгеге «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымдарын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

Жеке қаражат есебінен 854 млн. теңгенің ауылшаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, тағы басқа салаларына қаражат тартылады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында елді мекендердің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту шаралары 13,8 млн. теңгеге жалғасын табады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет