Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы хатшысы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі289.5 Kb.
#133812
1   2   3   4   5

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы хатшысы

___________Т.Блалиев __________Б.Дондаұлы



Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы №2-4 шешіміне қосымша



Сарысу аудандық мәслихатының

РЕГЛАМЕНТІ



Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы

жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық катынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.

Аудандық мәслихаттың регламентi аудандық мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.

Аудандық мәслихаттың регламентi оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар сессия жұмысына қатысқан барлық депутаттар санының басым көпшiлiгiнiң даусымен қабылданады және аудандық мәслихаттың шешiмiмен рәсiмделедi.

I БӨЛIМ

Жалпы ережелер



1-тармақ. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Сарысу аудандық мәслихаты аудан халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн, оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады.

Аудандық мәслихаттың қызметi Конституцияға, Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы аудандық мәслихаттың регламентіне негiзделедi.



2-тармақ. Аудандық мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда, тұрақты комиссиялар мен өзге де органдар, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.

3-тармақ. Аудандық мәслихат депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiктер берiледi.

4-тармақ. Аудандық мәслихат, оның тұрақты комиссиялары, аудандық мәслихаттың аппараты жылдық, тоқсандық және ағымдағы жоспарлар бойынша жұмыс iстейдi.

5-тармақ. Аудандық мәслихаттың жұмысы, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзуі мемлекеттiк тiлде қамтамасыз етiледi.


II БӨЛIМ


1-тарау. Аудандық мәслихаттың құзыретi

және оның қызметiн ұйымдастыру
6-тармақ. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы аудандық мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемінде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

7-тармақ. Аудандық мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.

Аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.



8-тармақ. Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясында мынадай негiзгi мәселелер қаралады:

1) Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау туралы қорытынды хабарламасы;

2) Сарысу аудандық мәслихат хатшысын сайлау туралы;

3) Сарысу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы;


4) Аудандық мәслихаттың келесi кезектi сессиясының төрағасын сайлау туралы.

9-тармақ. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.

10-тармақ. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ аудан әкiмiнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi.

11-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды.

Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетін мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және аудан әкiмiне - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.

12-тармақ. Аудандық мәслихат сессиясы аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.

Аудандық мәслихат мәжiлiсiнiң заңдылығын анықтау үшiн депутаттарды жеке тiркеу жүргiзiледi, ол сессияның басталуына 30 минут қалғанда аяқталады. Қажет болған жағдайда сессия жұмысы аралығындағы үзiлiсте депутаттарды қайталап тiркеу жүргiзiлуi мүмкiн.

13-тармақ. Аудандық мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады.

Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.

14-тармақ. Сессияның ұзақтығын аудандық мәслихат белгiлейдi. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.

15-тармақ. Аудандық мәслихаттың мәжiлiстерi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, бiрақ орыс тiлiнiң ресми тiл ретiнде қолданылуы қамтамасыз етiледi.



16-тармақ. Аудандық мәслихаттың сессиясында баяндама үшiн 30 минут уақыт, қосымша баяндамалар үшiн 10 минутқа дейiн берiледi. Жарыссөзге шығушыларға 10 минутке дейiн, кандидатураларды талқылауға 3 минутке дейiн, мәжiлiстi өткiзу ретi, анықтамалар мен сұрақтар үшiн 2 минутке дейiн уақыт берiледi.

Сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгiнiң даусымен сессия жұмысында уақыт басқаша белгiленуi мүмкiн.

17-тармақ. Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы аудан әкiмiнiң және аудан прокурорының өтiнiшi бойынша оларға сөз кезектен тыс бередi.

Төрағалық етушiнің рұқсатынсыз аудандық мәслихат сессиясында сөйлеуге ешкiмнiң құқысы жоқ.

18-тармақ. Аудандық мәслихаттың сессиясында сөз алған депутаттың этика Ережесiн бұзбауы, аудандық мәслихат депутаттарының және басқа азаматтардың ар-ожданына тиетiн мәдениетсiз, дөрекi сөздердi пайдаланбауы, жалған ақпарат таратпауы, заңсыз iс-әрекетке шақырмауы тиiс.

Аталған талаптарды бұзған жағдайда төраға сөйлеушiнiң сөзiн тоқтатады.

Төраға аудандық мәслихат депутатының сөзiн оған берiлген уақыт iшiнде төмендегiден басқа жағдайларда бөле алмайды:

1) сөйлеу уақыты бiтсе;

2) талқыланып отырған тақырыптан ауытқыса;

3) осы тармақтың жоғарыда аталған талаптары бұзылса.

19-тармақ. Жарыссөз мәжiлiсте отырған аудандық мәслихат депутаттарының көпшiлiк дауысымен ашық дауыс беру арқылы тоқтатылады. Жарыссөздi тоқтатуды дауысқа салған кезде мәжiлiске төрағалық етушi жарыссөзге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы депутаттарды хабардар етедi, сөйлегiсi келгендердi анықтайды және оларға мәжiлiске қатысқан депутаттардың көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз бередi.

Баяндамашы не қосымша баяндама жасаушы 10 минут мөлшерiнде қорытынды сөз сөйлей алады.

20-тармақ. Сессияда талқыланған мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттарының пiкiрлерiн, сын-ескертпелерi мен ұсыныстарын есепке алу және шешiмнiң нақты мәтiнiн дайындау үшiн сессияда депутаттар құрамынан редакциялық комиссия сайлануы мүмкiн.

21-тармақ. Аудандық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен аудандық мәслихат сессиясында қаралатын мәселелерге қатысты шақырылатын лауазымды қызметкерлердiң сандық және дербес құрамын анықтай алады.

Аудан әкiмi, оның орынбасарлары, аудан прокуроры, аудандық соттың төрағасы, аудандық iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң басшылары аудандық мәслихаттың кез-келген мәжiлiсiне қатысуға және сөйлеуге құқылы.

Сессия төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.

Шақырылған адамдар белгiленген тәртiптi сақтайды, аудандық мәслихаттың құзырлы қызметiне араласуға құқықы жоқ, мәслихат жұмысын қолдаған, қолдамаған пiкiрiн бiлдiруден өзiн аулақ ұстауға мiндеттi, төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынады, белгiленген тәртiптi сақтайды.

22-тармақ. Аудандық мәслихаттың қызметi жария жүргiзiледi. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының жұмысы, шешiмi, оның өкiлеттiгi шеңберiнде қабылданған шешiмдерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


2 тарау. Дауыс беру және шешiм қабылдау тәртiбi

23-тармақ. Аудандық мәслихаттың актiлерi:

Аудандық мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мен қаулылары мәслихаттың актiлерi болып табылады. Олар аудан аумағында орындалуға мiндеттi. Қабылданған актілер бақылауға алынып, орындалуы аппарат қызметшілері тарапынан қадағаланады.

Аудандық мәслихаттың шешiмдерi сессия жұмысына қатысқан депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

24-тармақ. Аудандық мәслихат мәжiлiстерiнде қаралып отырған мәселелер жөнiндегi шешiмдер ашық дауыспен қабылданады. Қажет болған жағдайда, депутаттардың басым көпшiлiгiнiң талабы бойынша, заңда басқалай қаралмаған реттерде, жабық дауыс беру жүргiзiледi.



25-тармақ. Дауыс беру алдында төрағалық етушi дауысқа қойылуға түскен ұсыныстардың санын хабарлайды, олардың тұжырымдарын тиянақтайды.

Дауыстарды санау аяқталған соң төрағалық етушi оның қорытындысын хабарлайды.

26-тармақ. Дауыс беру кезiнде әр мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты бiр дауысқа ие, олар шешiмнiң қабылдануын «Қолдайды», «Қарсы» немесе «Қалыс» дауыс бере алады.

27-тармақ. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда аудандық мәслихат депутаттардан және мәслихат аппаратынан сайлау кезінде сайлау комиссиясы құрылған аудандық мәслихаттың сессиясына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия аудандық мәслихат сессиясына рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия аудандық мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады, ал бос орынға рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады.

28-тармақ. Дауыс ашық берiлген жағдайда дауыс санының есебiн шығару сессияда төрағалық етушiге мiндеттеледi.

29-тармақ. Бюллетень пайдаланып, жабық дауыс беру жүргiзiлген жағдайда аудандық мәслихат депутаттары арасынан есеп-санақ комиссиясы сайланады. Аудандық мәслихат сессиясы қатысып отырған депутаттардың көпшiлiк дауысымен есеп-санақ комиссиясын сайлау туралы шешiм шығарады.

Есеп-санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасын және хатшысын сайлайды. Есеп-санақ комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.

Дауыс беруге қажеттi ақпараттары бар бюллетендер есеп-санақ комиссияның бақылауымен, ол бекiткен үлгiде және белгiлi мөлшерде жасап шығарады.

Рейтингілік дауыс беру кезінде Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды.

Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Аудандық мәслихат депутаттары бюллетеньде кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы жеті квадратта белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.

Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны сайланатын комиссияның сандық құрамына сәйкес келетін болса, аудандық мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдіреді, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.

Дауыс беру уақытын және орнын, оны өткiзу тәртiбiн есеп-санақ комиссиясы белгiлейдi және ол туралы хабарлайды.

Әрбiр депутатқа есеп-санақ комиссиясы төрағасының қолы қойылған бiр бюллетень берiледi. Бюллетеньдердiң саны аудандық мәслихат депутаттарының тiзiмдiк саны мөлшерiнен артық болмауы тиiс.

3-тарау. Аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыру

30-тармақ. Мәслихат:

1) мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, оның сайлаушылардан түскен өтініштері бойынша есебін тыңдайды;

2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есебін тыңдайды;

3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

4) заңдарда белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;

5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;

6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;

7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

Аудандық мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

31-тармақ. Аудандық мәслихаттың құзыретiне мыналар жатады:

1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;

4) өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;

5) жылу маусымына дайындық және оны өткiзу бойынша ұсыныстар енгізу;

6) әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу;

7) атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актісіне сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен сайлау;

10) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес, бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн ережелердi бекiту;

11) жергiлiктi бюджеттiң, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

12) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекiту;

13) әкiмнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдік жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту;

14) әкімнің ұсынысы бойынша «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру;

15) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;

16) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;

17) аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу;

18) ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту;

19) ауданның мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиiстi аудан бюджетiнiң атқарылуы мәселелерi бойынша жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

32-тармақ. Аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің аудандық мәслихат депутаттарының алдында есеп беруін өткізу тәртібі:


  1. аудан әкімі өз құзыреті шегінде жылына бір рет аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп береді;

  2. қала және ауылдық округ әкімдері өз құзыреті шегінде, мәслихат бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жылына бір рет аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді;

  3. аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің есептері бойынша кезектен тыс сессия аудандық мәслихаттың депутаттарының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша шақырылады;

  4. аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің есептері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды. Осы мәселелер бойынша айтылған сын-ескертпелердің, ұсыныстар мен сұрақтардың тізбесін дайындап, орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

5) аудан, қала және ауылдық округ әкімдері есеп беру қорытындылары бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды және шешімдердің орындалуын көрсетілген мерзімде мәслихатқа уақытылы хабарлап отырады.

33-тармақ. Аудан және қала әкімі қызметіне аудандық мәслихаттың келісімімен облыс әкімі тағайындайды.

34-тармақ. Аудан және қала әкімін тағайындауға келісім беру туралы аудандық мәслихаттың шешiмi қабылданады.

35-тармақ. Аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.

36-тармақ. Аудан әкiмi ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi аудандық мәслихаттың екi рет бекiтпеуi аудандық мәслихаттың аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiруі туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.


4-тарау. Аудандық мәслихаттың жұмысын жоспарлау
37-тармақ. Аудандық мәслихаттың қызметi перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүргiзiледi.

38-тармақ. Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын аудандық мәслихаттың хатшысы тоқсандарға бөлiп, күнтiзбелiк бiр жылға жасайды, жоспар алдын-ала аудандық мәслихаттың аяқталып бара жатқан жылдағы соңғы сессиясында бекiтiледi. Қалыптасқан ахуалға байланысты аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкін.

39-тармақ. Аудандық мәслихаттың перспективалық жоспары сессия төрағасынан, аудандық мәслихат хатшысынан, тұрақты комиссия төрағаларынан, депутаттық топтар мен депутаттардан және аудан әкiмiнен түскен ұсыныстар ескерiлiп жасалады. Онда аудандық мәслихаттың қарауына енгiзiлетiн мәселелер тiзбесi айқындалады.
5-тарау. Аудандық мәслихаттың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындаудың, сессияның күн тәртiбiн белгiлеудiң тәртiбi
40-тармақ. Аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылатын мәселелердi, егер ол мәселелер аудандық мәслихаттың жоспарында қарастырылмаған жағдайда сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтар мен депутаттар, аудан әкiмi жазбаша түрде сессияның өтетін мерзімінен 10 күн бұрын ұсынады. Сессияның күн тәртiбiне мемлекеттiк басқарудың жоғары органдары, ауыл, ауылдық округ азаматтары өкiлдерiнiң жиналыстары, қоғамдық бiрлестiктер жазбаша түрде ұсыныс енгiзе алады.

41-тармақ. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбiн және жұмыс ретiн сессия төрағасы аудандық мәслихат хатшысымен бiрлесiп сессиядан кемiнде 10 күн бұрын айқындайды, ол сессия жұмысына қатысушы депутаттардың көпшiлiк даусымен түпкiлiктi бекiтiледi. Сессияның күн тәртiбiне енгiзiлетiн негiзгi мәселелер аудандық мәслихаттың перспективалық жоспары негiзiнде айқындалады.

42-тармақ. Аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылған мәселелер бойынша баяндамалар мен анықтама материалдарды және қаулылардың жобаларын тұрақты комиссиялардың депутаттары және аудандық мәслихат аппаратымен, сондай-ақ аудандық әкiмдікпен, қоғамдық бiрлестiктер және ұйымдармен бiрлесiп әзiрлейдi.

43-тармақ. Аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары мен оған қатысты құжаттарды, оларды дайындауға жауапты адамдардың қойған қолымен аудандық мәслихат сессиясына кемiнде 10 күн бұрын аудандық мәслихат аппаратына тапсырылады.

44-тармақ. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелердi әзiрлеу мақсатында жергiлiктi жердегi iстiң жайын зерттеу үшiн аудандық мәслихат кемiнде 30 күн бұрын депутаттар мен мамандардың құрамынан жұмысшы топ құрады.

Комиссия дайындаған материалдар қорытындылау үшiн сессиядан кемiнде 15 күн бұрын аудандық мәслихат аппаратына тапсырылады.


6-тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
45-тармақ. Аудандық мәслихат сессияның төрағасы:

1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;

4) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, аудандық мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

5) мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген аудандық мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.

46-тармақ. Аудандық мәслихат сессияның төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады, ол аудандық мәслихат депутаттары арасынан ашық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

47-тармақ. Аудандық мәслихаттың кезектi сессияның төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн аудандық мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Аудандық мәслихат депутаты мәслихат сессияның төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.

48-тармақ. Аудандық мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет