Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі118.68 Kb.
#178534
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 7 - 1 1 тамыз 2012 жыл

(кезектен тыс жетінші сессия)


Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8, 10–баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Қоса беріліп отырған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

_____________ Р.Мұқанов _____________ Б.Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 тамыздағы №7-1 шешіміне қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

мәслихатының кезектен тыс VІІ- сессиясының


КҮН ТӘРТІБІ:


1.

«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы - А.Тойшыбекова

2.
Ауданның басқару схемасын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты.

3.

«Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №57-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты.

4.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының сегізінші сессиясының төрағасы туралы.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының

кезектен тыс жетінші сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы 1 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның регламенті
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге - 5 минут, бiрiншi мәселе бойынша баяндамашыға - 10 минут, шешім қабылдау үшін - 5 минут, күн тәртібіндегі екінші, үшінші және төртінші мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 5 минут, сессияда анықтамалар беру үшiн 3 минут.
Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiту және шешім қабылдау

11.00 - 11.05


2.

Бiрiншi мәселе бойынша хабарлама беру және шешім қабылдау

11.05 – 11.20


3.

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші және төртінші мәселелер бойынша шешім қабылдау

11.20 – 11.25

4.

Сессияда анықтамалар беру үшiн

11.25 – 11.28

Бесінші шақырылған Жоба

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 7 - 2 1 тамыз 2012 жыл

(кезектен тыс жетінші сессия)

«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес және «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілддегі № 6-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ..... болып тіркелген) негізінде, аудандық мәслихат Шешім етЕДі:

1. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-128 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшадағы «5 582 250» деген сандар «5 818 050» деген сандармен ауыстырылсын;

«5 218 927» деген сандар «5 454 727» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «5 584 019» деген сандар «5 819 819» деген сандармен ауыстырылсын.

Аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________Р. Мұқанов ________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 7 - 3 1 тамыз 2012 жыл

(кезектен тыс жетінші сессия)


Ауданның басқару схемасын
бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:



  1. Қосымшаға сәйкес Сарысу ауданының жергілікті мемлекеттік басқару схемасы бекітілсін.

  2. Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №17-6 «Ауданның басқару схемасын бекіту туралы» шешімі жойылсын.

  3. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету Сарысу аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тулебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.



Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

_____________ Р.Мұқанов _____________ Б.Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 тамыздағы №7-3 шешіміне қосымша


Сарысу ауданының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы


1.

Аудан әкімі аппараты

2.

Аудан әкімдігінің білiм бөлiмi

3.

Аудан әкімдігінің ішкi саясат бөлiмi

4.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімi

5.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

6.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi

7.

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімi

8.

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

9.

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

10.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi

11.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

12.

Аудан әкімдігінің қаржы бөлiмi

13.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі

14.

Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі


Ауданның маңызы бар қала, ауылдық аймақ әкімдері аппараттары


        1. Жаңатас қаласы әкімінің аппараты

        2. Байқадам ауылдық округі әкімінің аппараты

        3. Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты

        4. Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты

        5. Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты

        6. Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты

        7. Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты

        8. Қамқалы ауылдық округі әкімінің аппараты

        9. Тоғызкент ауылдық округі әкімінің аппараты

        10. Түркістан ауылдық округі әкімінің аппараты

Сарысу ауданы әкімінің

2012 жылғы 1 тамыздағы

№7-3 шешіміне қосымша



Сарысу ауданының жергілікті мемлекеттік басқару

схемасы


Аудан әкімі




Аудандық сот

Аудандық мәслихат





Аудан прокуроры

Қазақстан Республикасы

Аудандық басқару органдары аумақтық органдары


Аудан әкімінің аппараты


Салық басқармасы


Аудан әкімдігінің білім бөлімі



Жаңатас қаласы әкімінің аппараты


Қазынашылық басқармасы


Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі



Әділет басқармасы



Байқадам ауылдық округі әкімінің аппараты



Статистика басқармасы



Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты




Аудандық ішкі істер бөлімі






Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі


Жайылма ауылдық округі әкімінің аппарт





Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі

Жаңаарық ауылдық округі әкімінің аппараты





Аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты



Аудандық мұрағат








ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау аудандық аумақтық инспекциясы

Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты



Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Қамқалы ауылдық округі әкімінің аппараты

Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

Тоғызкент ауылдық округі әкімінің аппараты






Аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі


Түркістан ауылдық округі әкімінің аппараты

Сарысу ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі









Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сарысу аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі



Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі










Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығының аудандық филиалы

Аудандық орталық аурухана

Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі




Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі




ҚР АШМ Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аудандық аумақтық инспекциясы




«Фитосанитария» РМК аудандық филиалы

Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі







Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 7 - 4 1 тамыз 2012 жыл

(кезектен тыс жетінші сессия)
«Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №57-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылдың 6 желтоқсандағы №57-5 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1) аталған шешіммен бекітілген комиссия құрамына енгізілсін:



Тоқсанбаева Мағия -

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы

2) комиссия құрамынан Б.Боранбаев шығарылсын.

2.Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету Сарысу аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тулебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

_____________ Р.Мұқанов _____________ Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 7 - 5 1 тамыз 2012 жыл

(кезектен тыс жетінші сессия)

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының сегізінші сессиясының төрағасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының сегізінші сессиясының төрағасы болып №1 Жаңатас сайлау округінің депутаты Оразбаев Темірхан Жаппарұлы сайлансын.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

_____________ Р.Мұқанов _____________ Б.Дондаұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет