Аударма айшыќтары


А.С. Пушкин шығармаларының



бет34/39
Дата17.04.2024
өлшемі1.26 Mb.
#499003
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Хрестоматия 2009

А.С. Пушкин шығармаларының
аудармасы туралы


С.Қирабаев

А.С.Пушкин шығармалары ақынның тірі кезінде-ақ шет тілдеріне аударыла бастаған. ХІХ ғасырдың орта шенінде дүние жүзі оның ұлы ақын екенін мойындады. Данышпан ақынның шығармаларын К.Маркс пен Ф.Энгельс оқып, өте жоғары бағалады. Сол кездің өзінде хорват халқының бір оқымыстысы: «Ұлы данышпан адамдар өз басы немесе өз халқы үшін ғана өмір сүрмейді. Ол өзінің жасаған байлықтарымен бүкіл халықтарды қамтамасыз етеді. Пушкин де барлық адам баласына сый тартты, ол сыйын әлі ұсына береді. Біздер, хорваттар, оның талантына бас иеміз, оны тек ұлы ақын емес, славян халқының ұлы деп сыйлаймыз» деп жазды.


Поляктың атақты ақыны Адам Мицкевич пен Болғар әдебиетінің классигі Иван Вазов оны дүние жүзінде ең талантты, данышпан ақын деп атады.
Содан бергі бір жарым ғасыр шамасындағы уақыт ішінде Пушкин шығармалары дүние жүзі халықтарының тілінің барлығына дерлік аударылды. Әсіресе, Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін ғана жер шарының алтыдан бір бөлігінде орнаған советтік елде Пушкин шығармалары ақынның өзі көксеген еркіндікті тапты.
Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аудару Абай дәуірінен басталғаны мәлім. Ұлы ағартушы ақын өз тұстастары Шевченко, Чавчавадзе, Тоқай тәрізді Пушкиннен үлгі алумен бірге, оның біраз шығармаларын қазақ тіліне аударды. Пушкин Абайдың демократиялық көзқарасының қалыптасуына әсер етті, ақындық талабын шыңдады.
Абай «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды. Бірақ ол өлең ұйқасы мен ырғағын сақтауды, түпнұсқаны дәлме-дәл беруді мақсат еткен жоқ. Пушкин шығармаларын өз ортасына ұғымды, өз халқының мәдени дәрежесіне шақтап беруді көздеді. Орыс халқының данышпан ақынының ой-пікірі Абайдың көкейіне қона кетті. «Атадан алтау туып, жалғыз қалған» ол жан шөлін Пушкин поэзиясымен қандырды. Сондықтан Абай аудармаларының маңызы оның түпнұсқамен дәлме-дәл келуінде, орысшасына жақындығында ғана емес, қазақ халқын орыстың озат идеясымен таныстыруында. Абай аудармасының өзіне, дәуіріне тән үлкен өзгешелігі бар. Ол – еркін, творчестволық аударма.
Абайдың кейін де Пушкин шығармаларын қазақшаға аудару ісі тоқтап қалған жоқ. Оның еңбектерінен рухани азық алған қазақ халқы Пушкин шығармаларын әр дәрежеде (аударма мен аударма дәрежесі С.Қ.) аударып келді. 1937 жылы қазақ тілінде шыққан ақынның үш томдық таңдамалы шығармалары жинағына «Евгений Онегин» романының бірнеше аударма үзінділері кіргізілген. Олардың аудармашылары белгісіз. Шығарма бірден-бірге қолжазба күйінде тарап, аударушысының атын сақтамаған. Сөйтіп, кейін ол совет тұсында халық аузынан жиналып алынған. Бұл аударманың көркемдік дәрежесі төмен. Солай бола тұрса да, бұдан халықтың Пушкин шығармаларын сүйіп оқып, оны аударуға талпынғанын көреміз.
Адам аласын азат еткен Ұлы Октябрь Социалистік революциясының нәтижесінде ғана ақыннан қалған мұраларды толық меңгеруге, оның шығармаларын аударуға мүмкіндік жасалды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Пушкин шығармалары кең аударыла бастады. (1934 – 1935 жылдары). Тайыр Жароковтың аударуында «Кавказ тұтқыны» жеке кітапша болып шықты.
Ақынның қайтыс болуына жүз жыл толуына байланысты, 1937 жылы оның үш томдық таңдамалы шығармалары басылды. Бірақ бұл жинақ ішінде өрескел қателері болғандықтан көп кешікпей пайдаланудан шығып қалды. Мұнда Пушкин шығармалары бұрмаланып теріс аударылды. Тәуір деген аудармалардың өзі Пушкин тәрізді ұлы ақынның бойына шақ емес, оның қаламынан шықты деп ойлауға болмайтын, ақынның дәрежесін көрсете алмайтын аудармалар болды. Қысқасы, бұл жинақты Пушкиндікі деп айтудың өзі ақынға қиянат еді, ондағы шығармалар ұлы ақын емес, қарапайым ақынның шығармаларымен теңдес-ті. Аударманың көркемдік дәрежесі төмен, поэзиялық сапасы нашар болды. Мұның негізгі себебі, біріншіден, сол кездегі әдебиет майданындағы жасырын жат элементтердің әсері болса, екіншіден, Пушкин шығармаларын аударуға қатысқан (сол кезде) Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев сияқты ақындарымыздың творчестволық жастығы және аударма жасаудағы тәжірбиесінің жоқтығы еді. Үшіншіден, ол кезбен салыстырғанда қазір оқушы жұртшылықтың мәдени дәрежесі өсіп, табиғи тілегі арта түсті.
Содан кейін істелген Пушкин шығармаларын аударудағы күрделі еңбек – ақынның туғанына 150 жыл толуына байланысты Қазақтың Біріккен Мемлекеттік баспасы 1949 жылы басып шығарған бір томдық таңдамалы шығармалары.
Жинаққа кірген шығармалардың аудармасы, негізінен алғанда бұрынғысынан әлдеқайда көркем. Бірсыпыра өлеңдерде аудармашылар түпнұсқасының негізгі мағынасын көркемдігін сақтауды мақсат еткен. Сөздің дәлдігін мұқият ықтияттай отырып, көркем сөзді идеялық мазмұнға бағындыру жағын қарастырған. Бұл тұрғыда Ғ. Орманов, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Қ. Бекқожин, Ә. Тәжібаев жолдастар едәуір еңбек еткен. Олардың аудармасында «Ескерткіш», «Сібірге хат», «Қара шәлі», «Еркіндік», «Қысқы кеш», «Анчар» т.б. өлеңдер біркелкі көркем, мазмұнды болып шыққан.
Қазақтың әдеби тілін дамытуда аударманың мәні зор. Ол тілді байытуға, түрлі сөздер мен сөйлемдердің құрылыстарды ұстартуға көмектеседі. Ол үшін аударманың творчестволық болуы қажет. Абай аудармаға осы тұрғыдан қараған. Ол аударма арқылы қазақтың тіліне түрлі жаңа сөздер мен сөйлемдік құрылыстарды кіргізді, ескі сөздерге жаңа мән берді. Пушкин шығармалын аударуға қатысқан кейбір ақындардың осы межені ұстағаны – аса бір қуанарлық іс. Әрине, бұл жолда бірден жетістікке ие болу қиын да. Дегенмен, аз да болса да, табыстың бар екені даусыз. Бұл жөнінен Ғ.Ормаовтың тамаша талабын атауға болады. «...С мрачною душою на дальний путь глядел» дегенді ол «жанымды мұңға толтырып, жарық бір жолға қарадым» (9 бет) деп аударыпты. Орынды, дұрыс аударма сияқты. «Мұңды жанмен» деу келмес еді. Сол тәрізді «жүректің ішін нұр алды» (44 бет), «Жаным жасар өлеңімде» (душа в заветной лире переживет) деген мағынада, Қазақшасы, 79 бет) деген сөйлемдік құрылыстардың қазақ тілінде бұрын болмағаны белгілі.
Жас ақындарымыз да Пушкин шығармаларын аударуға қатысқан. Бұғанасы қатып, буыны бекіген ақын Хамит Ерғалиевті («Патша селосы туралы ойды» аударған) қоспағанның өзінде, Т.Әлімқұлов, М.Әлімбаев, Ж.Өмірбеков сияқты жастар өздерінің творчестволық аударма жасауға да икемделіп қалғанын көрсетті.
Бұдан Пушкин шығармаларының аудармалары түгелімен тамаша шыққан деген қорытынды шықпайды.
Пушкин өлеңдерінің аудармасына тән үлкен кемшіліктің бірі – ақынның стилін сақтамау. Аудармашылардың көпшілігі Пушкин шығармасының мазмұнын беруге талаптанған да стиліне көңіл бөлмеген. Мысалға «Көз жасы» дейтін өлеңінің аудармасын алайық:
Гусармен кеше отырып
Алыстық ләзәт шарабын.
Жанымды мұңға толтырып,
Жырақ бір жолға қарадым. (9 бет)
Оның орысшасы мынадай:
Вчера за чашей пуншевою
С гусаром я сидел
И молча с мрачною душою
На дальний путь глядел.
(1-том, 193 бет) (1)
Осы аударма стилі жағынан оригиналдан гөрі мына бір өлеңге ұқсайды:
Аттанып ауыл-анадан,
Оқуға кеттім қалаға.
Жабыла маған қараған
Жалтаңдай кеттім далаға. (2).
Бұл өлеңнің кімдікі екенін білетін адам жоғарғы өлеңнің аудармашысын тани да қояды. Ғали ақынның бәрімізге таныс стилі өлең де, аударма да менікі деп тұрғандай.
Осы тұрғыдан біздің ақындар Пушкинге қиянат жасаған. Әр аудармашы ақын оның шығармасын өз стиліне салып жіберген.
1916 жылы Пушкин «Жыршы» дейтін өлең жазды. Бұл – ақынның Лицейде оқып жүрген кезінде, Жуковскийге еліктеп жазған өлеңі еді. Өлеңнен Жуковскийдің құлаққа жағымды естілетін романтикасының әсері анық естіліп тұрады. Өлең формасының өзі де, қайталанып келетін сөздер тізбегі де, сұраулық интонация да, ойлы-элегиялық ритм де бұл айтқаныңызды толық дәлелдей алады. Әрине бұл өлеңде сонымен қатар жас Пушкиннің Жуковскийдің өзіне ғана тән «орта ғасырлық романтизмін» (Белинский) қабылдамағаны сезіледі:
Слыхали ль вы за рощей глас ночной
Певца любви, певца своей печали?
Когда поля в час утренний молчали,
Свирели звук унылый и простой –
Слыхали ль вы?
Встречали ль вы в пустынной тьме лесной
Певца любви, певца своей печали
Прискорбную ль улыбку замечали
Иль тихий взор, исполненный тоской, –
Встречали вы?
Вздохнули ль вы, внимая тихий глас
Певца любви, певца своей печали?
Когда в лесах юношу видали
Встречая взор его потухших глаз,
Вздохнули ль вы?
(1-том, 216-бет).
Аудармасы:
Мұңды зар мен махаббат жыршысының
Естіп пе едің орманнан түнгі үнін?
Қыр мүлгіп, таң алдында дем алғанда,
Зарлы үнін талмаураған сыбызғының.
Естіп пе едің?
Көріп пе едің қойнында түгі орманның
Жыршысын махаббаттың, мұң мен зардың?
Аңғардың ба, қайғымен езу тартып,
Сүзіліп мұңды көзбен қарағанын?
Көріп пе едің?
Мұң мен зардың, махаббат жыршысының
Тебіреніп пе ең есітіп нәзік үнін?
Көргенде орман ішінде жас жігіттің
Жалыны жанарының сөнгендігін.
Тебіреніп пе едің? (11 бет)
Аударған – Мұзафар Әлімбаев жолдас. Сөз жоқ, түсініп аударған, мағынасы дәл, поэзиялық құны да төмен емес. Бірақ ол Пушкиннің стиль ерекшеліктерін ескермеген. Түпнұсқаның екінші жолы (үш шумақ өлеңнің барлығында да) «Певца любви, певца своей печали» болып әдейі қайталанып отырады. Әр шумақ қайырмасында келетін «Слыхал ль вы?», «Встречали вы?», «Вздохнули ль вы?» деген сөздерден басталады. Ал, аудармада осы ерекшеліктер сақталмаған. «Певца любви, певца своей печали» деген жол «мұңды зар мен махаббат жыршысының», «жыршысын махаббаттың, мұң мен зардың, «Мұң мен зардың, махаббат жыршысының» деген сияқты әртүрлі аудармамен біресе бірінші, біресе екінші жолға ауысып отырады. Бұл жол түпнұсқада үнемі екінші жолда келеді. (Аудару ыңғайына қарай бірінші жолға ауыстыруға болар). Сол тәрізді аудармада әр шумақтың «Естіп пе едің?», «Көріп пе едің?», «Тебіреніп пе едің?» (осы сөздің аудармасы да дәл емес) деген сөздерден басталмағаны былай тұрсын, бұл сөздер түпнұсқадағыдай бір жолда (аудару ыңғайына қарай не бірінші, не екінші жолда) берік сақталмайды.
Пушкин шығармаларын аударудағы стильмен байланысты бұл кемшілік көп аудармаларда ұшырайды.
Пушкин шығармаларының аудармаларына тән кемшіліктің екінші түрі – аударманың түпнұсқаға дәл келмеуімен байланысты. Мысал үшін Тәкен Әлімқұлов жолдас аударған «Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барады» деген өлеңді тұтас алып қарайық.
Редеет облаков летучая гряда;
Звезда печальная, вечерняя звезда,
Твой луч осеребрил увядшие равнины,
И дремляющий залив, и черных скал
вершины.
Люблю твой слабый свет в небесный
вышине;
Он думы разбудил, уснувшие во мне.
Я помню твой восход, знакомое светило,
Над мирною страной, где все для сердца
Мило,
Где стройны тополи в долинах вознеслись,
Где дремлет нежный мирт и темный
Кипарис,
И сладостно шкмят полуденные волны.
Там некогда в горах, сердечной думы
Полный,
Над морем я влачил задумчувую лень,
Когда на хижины сходила ночи тень –
И дева юная во мгле тебя искала
И именем своим подругам называла.
(І том, 313-314 б)
Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барады,
Мұңды жұлдыз бір жалт етіп қарады!
Сенің сәулең – нұрландырды даламды,
Күңгірт құзбен мүлгіп тұрған аралды.
Нәзік сәулең сонау көктен тіл, қатты
Ұйықтап қалған қиялымды оятты.
Сүйем сені! Сүйікті елдің кешінде
Шоқтай жайнап шығатының есімде.
Зәулім терек зеңгір көкпен таласқан.
Шайқалады мирт, кипарис ағаштар.
Оңтүстіктің шуылдайтын толқыны
Аралаушы ем тауын. Сүйем мен соны.
Бергенде үйге түн пердесі тұр өзге,
Ойға шомып қараушы едім теңізге.
Іздеуші еді сені жас қыз мұнарда,
Уа дариға, сол дағы естен шығар ма!
(26 бет).
Салыстырып қараған адамға аударманың дәл еместігі бірден байқалады. Аудармашы кей жерде сөз тастап кетіп, кей жерде сөйлемнің өзара байланысын бұзып отырады. «Твой луч осеребрил увядшие равнины, и дремляющий залив, и черных скал вершины» деген сөйлем «сенің сәулең нұрландырды даламды, күңгірт құз бен мүлгіп тұрған аралды» делініп аударылған. «Дала» деп жалаң аудару «равнинаның» мағынасын бермейді. Екіншіден, залив арал емес: Ал, «черные скалы вершины» дегенді«күңгірт құз» деп аудару да түпнұсқаның мағынасын толық жеткізіп бере алмайды. Бұдан кейін келетін «Люблю твой слабый свет в небесной вышине» деген жол «Нәзік сәулең сонау көктен тіл қатты» болып қате аударылған. Дұрыс мағынасы: көктегі сенің нәзік (немесе әлсіз) сәулеңді сүйемін – дегенге келеді. Ал, «Сүйем сені» деген сөздер аударманың 7-жолына ауысып кеткен. Бұл сөздер ол жерде басқа сөздермен байланыспай оқшау тұр. Түпнұсқаның 9-10жолдары («Где стройны тополи в долинах вознеслись, где дремлет нежный мирт и темный кипарис») алдыңғы сөйлемді толықтырып тұрса, аудармада бұл екі жол алдыңғы жолдардан байланысын үзіп, бөлек тұр, яғни түпнұсқадағы «зеңгір көкпен таласқан, зәулім теректері шайқалған, шайқалған нәзік мирт пен күңгірт (шартты түрде) кипарис ағаштары бар елдің үстінде» деген мағынаны аударма бермейді Сонымен бірге «нежный мирт и темный кипарис» дегендегі «нежный, темный» сияқты сөздерді тастап кеткен. Бұл – өлеңнің поэзиялық құнын әлсіретеді. Ал, «и дева юная во могле тебя искала, и именем своим подругам называла» дегенді «Іздеуші едім сені, жас қыз, мұнарда, уа, дариға сол дағы естен шығар ма» деп аудару – тіпті «еркін» кеткендік. Аудармашы соңғы жолды алып тастап, өзінше жазған, онымен ол өлеңді күшейте түсем деп деп ойлаған, бірақ бұл жол автордың ой екпінін өзгертіп жіберген.
Мұндай кемшілік бірсыпыра тәуір аударма жасаған Ғ. Ормановта кездеседі.
Что в нем? Забытое давно
Волненьях новх и мятежных
Твоей душе не даст оно
Воспоминаний чистых и нежных
(2 том, 116 бет).
Жазуда не бар? Ұмытып,
Кетерсің жаңа қызықпен.
Көңілді бізден суытып
Үзерсің күдер үміттен.
Мұндағы «бұрын ұмытылып қалған» деген мағынада тұрған сөзді аудармашы «ұмытып кетерсің» деп аударған. Екіншіден, «в волненьях новых и мятежных» деген мағынаны «жаңа қызықпен» деген сөз жеткізіп бере алмайды, аударма түпнұсқадан көп төмен жатыр. Ал, соңғы екі жол басқаша аударылған, «твоей душе не даст оно (забытое давно. С.Қ.) воспоминаний чистых и нежных» дегенді «көңілді бізден суытып, үзерсің күдер үміттен» деу де аударманың әлсіздігін байқатады.
Өлеңдердің аудармасына, тән үшінші кемшілік – аудармашының жолма-жол аударып, дәл мағынасын беремін деп отырып, өлеңнің қасиетін жойып алуы. Кей аудармаларда өлең жолы қара сөзге айналып, орын-орынға қойыла салынған. Осы кемшілік Тәкен Әлімқұлов аударған «Ай» атты өлеңде бар. Бұл жерде біз түпнұсқаның поэзиялық құндылығына шек келтірмей-ақ, аудармадан үзінді келтірейік.
Минуттарым менің қайран (?)
Зырлап қайда кетіп қалдың?
Неге ұзап кеттің, ай, сен
Мөлдір көкке баттың неге? (?)
Қоштастым-ау қалқатаймен
Бозарып таң аттың неге? (?) (10бет).
«Минуттарым менің қайран» сиқты сөйлемдердің құрылысы да қазақша болмай шыққан. Екіншіден, ай мөлдір көкке барып батпайды. «В небе светном утонул» (233-бет, 1-том) дегеннің мағынасы ол емес.
Өлеңнің ұйқасын мықты қадағалайтын Ғали ақынның:
Кеңшілік болып тағдырдан (?)
... Қарар ем сізге бәрімен (68бет).
деген сөздерді ұйқастыруы да дәлме-дәл аудару мақсатынан туған.
Пушкин поэмаларының ішіндегі бірсыпыра тәуір аудармаларға қосылатын «Руслан мен Людмила» (аударған Ә.Тәжібаев, «Кавказ тұтқыны» «аударған Т.Жароков), «Полтава» (аударған Қ.Аманжолов) поэмаларының өзінде де дәл келмейтін тиянақсыздықтар ұшырайды.
Ә.Тәжібаев жолдас:
И славит сладостный певец
Людмилу – перелесть и Руслана
И Лелем свитый им венец.
(2 том, 261- бет).
дегенді:
Жырына қосты тойдың қызық сәнін
Мақтады түкті жүреку Русланды
Аялап Людмиладай сүйген жарын. –
(99-бет).
деп аударған. Мұнда түпнұсқаның үшінші жолы аударылмай қалған, аудармашы екінші жолдың мағынасынан екі жол өлең тудырған.
Вперед! Мечом и грудью смелой
Свой путь на полночь пробивай
(2-том, 266-бет).
Бас алға! Семсеріңді айбатыңмен
Северге аш жолыңды қайратыңмен
(104-бет).
И бранной Славой заслужить
Внимание гордое Найны
(2-том, 269-бет).
Арманым қан майданда қайрат қылу,
Тәкаппар Наинаны бас идіру.
(107-бет).
Алғашқы аударма қазақша жатық емес және нақтылығы жағынан да біраз кемшіліктері бар. Ал, соңғы аударма теріс шыққан. Түпнұсқада Наинаны бас идіру, қан майданда қайрат қылу ештеңе жоқ, Наинаның көңілін аудару туралы ғана айтылған.
Т.Жароков аударған «Кавказ тұтқынынан» үзінді келтірейік.
Текут беседы в тишине;
Луна плывет в ночном тумане;
И вдруг пред ними на коне
Черкес.
Ел тыныш, қозды әңгіме құнарында,
Ай жүзді тұңғиық түн тұманында:
Сол кезде алқа-қотан отырған жұрт
Қарады бір аттыға көз алдында.
Бұл аудармада да қоспа сөздер көп. Бір ескере кететін нәрсе, Пушкин шығармалары 7 немесе 11 буынды қазақ өлеңімен аударуға дәл келмейді. 11 буынды өлең өлшемі сөз еселеуді керек етсе, 7 буынды өлеңге Пушкин сөзі сыймайды. Тайыр осы екі қиыншылықтың екеуіне де ұшыраған. «Кавказ тұтқыны» 11 буынды өлең өлшемімен аударылған ол сөз еселеуге мәжбүр болған. (Бұл кемшілік Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Қ.Аманжоловта да бар). Соның салдарынан жоғарғы үзіндіге түпнұсқада жоқ біраз сөздердің кіргені байқалады.
Ал, «Цыгандар» поэмасы Жароков жолдас 7 буынды өлең өлшемімен аударған, сол себептен автордың сөзі бір жолға сыймай, екінші жолға ауысып отырған. Ауысқан жалғыз, жарым сөз бір жол құрай алмай, аудармашы тағы да сөз қосып, оны тұтас жол етіп шығарған.
Не любишь? Мне какое дело
Я песню для тебя пою.
(2 том, 410-бет).
Сүймейсің бе? Сүюіңнің
Маған қанша керегі
Өзім үшін мән әнді
Шырқаймын, жаным тіледі
(217-бет).
Немесе:
Все тихо; ночь. Луной украшен
Лазурный юга небосклон.
Старик Земфирой пробужден;
О мой отец! Алеко страшен.
Послушай: сквозь тяжелый сон
И стонет, и рыдает он.
(2-том, 412-бет).
Әлем тыныш маужырап
Ай нұрына көмілген.
Земфирамен жалғыз-ақ
Шал елеңдеп елірген.
«Құлағың сал, әкежан,
Алекоға дұрыстап.
Ұйықтап жатып манадан
Ыңырсып жылайды дауыстап.
(219-бет).
Соңғы үзіндінің бірінші жолы «Все тихо, ночь. Луной украшен» деген сөздер бір жолға сыймай.
«Әлем тыныш маужырап
Ай нұрына бөленген»
Делініп, екі жол болып шыққан. Оның үстіне, ақынның ой екпіні өзгеріп, мағына дәл шықпаған. Міне, осындай қоспа сөздердің салдарынан Пушкин жазғандағы 590 жол поэма Т.Жароков жолдастың аудармасында 663 жол болыпты.
Бұл аударманың екінші кемшілігі – түпнұсқа мен аударма дәл келіп отырмайды.
Но вот она, за нею следом
По степи юноша спешит
(2-том, 404-бет).
Қыз келді. Міне, жанында
Келді онымен жас жігіт.
(210-бет).
Текст теріс аударылған. Оригиналға үңілсек, «міне, қыз келді. Оның артынан қыр бетінде асыға басқан жас жігіт көрінеді» деген мағынаны береді. Аудармаға қарасақ, жас жігіт қызбен бірге келген.
Мысалы, «Салт атты» поэмасында (аударған Ғ.Орманов) түпнұсқадағы кейбір сөздердің түсіп қалуы, аудармашының өз жанына сөз қосуы жиі ұшырайды.
Жениться? Ну... Зачем же нет?
Оно тяжело, конечно,
Но что ж, он молод и здоров.
Трудиться день и ночь готов;
Он кое-как себе устроит
Приют смиренный и простой
И в нем Парашу успокоит
(2-том 529-бет).

Үйленем бе? Несі сөкет


Бойдақ жүрем мен қашанғы?
Тыныш орын табам ептеп
Жұбатамын Парашамды.
(289-бет).
Оригинал 7 жол аударма 4 жол оригиналдың 4 жолы (2, 3, 4, 5-жолдар) «бойдақ жүрем мен қашанғы» делініп бір-ақ аударылған.
Добро, строитель чудотворный» –
Шепнул он, злобно задрожав, –
Ужо тебе» И вдруг стремглав
Бежать пустился, –
(2-том, 537-бет).
деген үзінді де:
«Жарылқайсың! Жетті, жетті.
Дей берді де қашты жытып, –
(297-бет).
боп, жүдеп аударылған. Аудармашы тым «еркіндік» жасаған.
Поэманың аудармасында түпнұсқаға дәл келмейтін жерлері де бар.
И бедный ужин свой варит.
Или чиновник посетит
Гуляя в лодке, в воскресенье.
(2-том,537-бет).
Ет қайнатып етеді ауқат
Жексембі күн не саяттар,
Қайық мінген барады ойшыл.
(298-бет).
Мұнда «бедной ужин» – «ет», «чиовник» – «ойшыл» болып аударылған. Поэмада «Как воры» – «Жыртқышқа ұқсап», «весною» – «өткен жазда» болып аударылған жерлер де бар.
Көп жерде ақынның стилі, ой екпіні сақталмайды, аудармашы оқиғаны тізіп қана шығады.
Нечастной
Знакомой улицей бежит
В места знакомые. Глядит
Узнать не может. Вид ужасный!
Сорлы Евгений көрге жерге
Тартты таныс көшелермен.
Танымайды бірі мүлде
Түрі жаман, бәрі өзгерген!
Аудармада ақынның сипаттауы жете берілмеген. «Вид ужасный!» деген лепті сөйлем «түрі жаман» деген хабарлы сөйлем мағынасында ғана қалған. Аудармашы формальды жағынан қарап, аяғына леп белгісін қоя салған.
«Коломнадағы үйшік поэмасын Қ.Бекхожин аударыпты.
Четырестопный ямб мне надоел,
Им пишет всякий, мальчикам в забаву
Пора б его оставить. Я хотел
Давным-давно приняться за отаву.
А в самом деле: я бы совладел
С тройным созвучием. Пущусь наславу!
Ведь римфы запросто со мной живут
Две придут сами, третью приведут.
(273-бет).
Аудармашы дәлме-дәл жасаймын деп отырып, Қалижан бұл үзіндінің поэзиялық қасиетін жойып, жолма-жол аударып, қара сөз тәрізді, орын-орнына қоя салған.
Ну, женские и мужские слоги
Благословясь, попробуем; слушай!
(2-том,488-бет).
Әйелше және еркекше сөз буындар
Жалбарынып, басталық тыңдаңыздар!
(274-бет).
Бұл жердегі аударма тіпті адам түсінбейтін бір жұмбақ болған да шыққан.
Жинаққа «Иван Петрович Белкин марқұмның хикаялары», «Дубровский», «Капитан қызы» тәрізді Пушкиннің прозалық шығармалары аударылып кіргізілген. Бұл аудармаларда да бірсыпыра кемшіліктер бар. Әсіресе, «Иван Петрович Белкин марқұмның хикаялары» мен «Дубровский» аудармасында түпнұсқаны толық сақтамаушылық стилі жағынан нашарлық байқалады. Түпнұсқамен салыстырып отырмай-ақ, аудармашылардың (Қ.Сағындықов пен О.Оспанов жолдастар) сөйлем құрау стилін байқау үшін аудармадан үзінді келтірейік: «біздің арамызда әскери қызметте жоқ бір-ақ адам бар еді. Жасы отыз бестердің шамасында еді, сол үшін біз оны шал дейтінбіз. Оның бізден артықшылығы тәжірбиесінің молдығы еді, оның үстіне ылғи қабағы салыңқы жүретіндігі, тоң мінезі, шақпа тілі біздің жас ақылымызға үлкен әсер етеді» (516) немесе «Оның ауқаты, кірісі қандай екенін ешкім білмеуші еді және оны сұрауға ешкімнің батылы бармаушы еді, оның кітаптары болушы еді... ол тұратын там үйдің ішіндегі көзге түсерлік жасау – бір ғана пистолеттердің жинағы еді, оның атымпаздығы адам таңқалғандай еді, егер де ол төбеңе қойылған алмұртты атып түсірем десе, біздің бір адам да қобалжымастан басын нысана қылар еді» (561-562) я болмаса (ол жаза баспаушы еді, ашықауыз емес еді. Әттең не керек, оны өртеп жіберіп істеді ғой, әйтпегенде бүтін шайкадан бірде-бір адам оның қолынан шығып кете алмас еді. Ол болса бірін қоймастан түгел ұстар еді. Дубровскийдің өзі де одан құтылып кете алмас еді, басын сатып ала алмаған да болар еді. Тарас Алексеевич одан ақшаны алуын алар еді де, өзін де босатпас еді. Марқұмның әдеті осылай келуші еді:» (649-бет).
Аудармашылардың түсініп аударғандығына шек келтіруге болмайды, олар өздерінше түпнұсқаны дәл береміз деп те талаптанған, әңгіме түсінуде ғана емес қой, аударманың қазақша жатық болуы аса қажет. Міне, осы тұрғыдан қарағанда аударма нашар. Аудармада әр сөйлемнің бірыңғай аяқталып («еді») отыруы оқушыны жалықтырады, оның үстіне аудармашының тілге кедейлігін көрсетеді. Ал, Пушкин тілін осындай халге түсіру – аудармаға жауапсыз қарағандықпен бірдей. Әсіресе, аударма жасаумен 15 жылдан бері шұғылданып келе жатқан Қ.Сағындықов жолдастың Пушкин шығармаларын аударуға осылай қарауы – кешірілмес күнә.
Бұл аудармада аударманың түпнұсқаға дәл келмеуі жағынан да біраз кемшіліктер бар. Құрманбек Сағындықов жолдас жазушының жалпы ойын еремін деп отырып жеке сөздердің дәл аударылуына көңіл бөлмеген. «Почтеннейшее письмо» – «Мүбарак хат» (558), «дворовые птицы» –«түтінге келетін құстар» (552), «Рассеяные жители столицы – «жаңғалақ астана адамдары» (563), «вторник» – «сәрсембі» (563) болып аударылған. «Сильвио встал ивынул из картона красную шапку с золоою кистою с салуном (то что французы называют bonnet de Police) он ее надел: она была прострелена на вершок от лба» (4-том, 61-бет) үзіндінің аудармасы мынау: «Сильвио тұрды да, қағаз жәшіктің ішінен француздардың полицейский шапка деп атайтын алтын шашақты шошақ төбе қызыл шапкасын алды, басына киді. Шапкада маңдайдан екі елідей жоғарырақ тиген оқтың ізі бар екен».(565-бет). Аудармашы автордың әдейі жақша ішіне алып, фрацузша беріп отырған сөзін қазақшалап, жақшадан тыс, сөйлемге қосып жіберген. Француз сөзін орысша атуға Пушкиннің тілі келмеді деп аудармашының өзі де айта алмас еді. Бұл жерде аудармашы мазмұнын айтып берсем болады дегендей, тым «еркіндік» жасаған. Екіншіден, сөйлемдер арасының байланысы онша жатық емес. «... шапкасын алды, басына киді. Шапкада...» болып арасы үзіліп-үзіліп отырады. «Я на всех бывал или свидетелем, действующим лицом» деген сөйлем «мен барлық дуэльге бірдей қатынасар едім. Не куә, не қарсы жақтың бірі болатынмын» деп аударылған. Біріншіден, мұнда бір сөйлем екі бөлініп кеткен. Екінішіден, «действующее лицо» (қатысушы) деген сөз «қарсы жақтың бірі» болып шыққан. Аудармада осы тәрізді кемшіліктер көп-ақ. «поединок тем и кончился» – сонымен дуэль аяқталмай қалды» – «сонымен дуэль аяқталмай қалды» (566), «Во вторую весну» – «екінші көктемнің үстінде» – «усатой землемер» – «Мойлау землемер» (576), «Задумчивый человек» – «шытырман адам» (582) сияқты аудармалардың орынсыздығын былай қойғанда, «деревня где я венчался» деген сөйлемді «мен мекелескен деревня» (580) деп аудару – қазақша болып шықпаған.
Осындай кемшіліктер О.Оспанов жолдастың аудармаларында да бар. Онда «рокавая книга» – «бәлелі кітап» (588), «владелец» «бай» (529), «золотые ряды облаков» – алтынды бұлттар» (603), «романтический герой» «романтике қаһарманы» (662) болып шыққан. Аудармашының принципсіздігі сондай, ол бір сөздің өзін бірнеше түрлі аударған. «Имение» – бір жерде «жер-су» (598), бір жерде «мекен-жай» (621), бір жерде «имение» деп аударылған. Ал, «жер-су» – «владение» деген мағынада да қолданылады.(618). Сол сияқты барин («төре»–614, әкем-627), «исправник» («полиция бастығы»-649., «исправник»-660), папенька («әкетай»–626, папа–660, папатай–673) деген сөздер де әртүрлі сөздермен берілген. Тіпті Кирилла Петрович деген сөз (Троекуровтың аты-жөні) бір жерде Кирилла Петрұлы (622,623) болып кеткен Аударманың жалпы сапасын көрсететін бірнеше сөйлемдерді мысалға келтіріп көрейік: «Сели на стол. Алексейпродолжал играть роль рассеяного и задумчивого» (110-бет, 4-том). «Стол басына тамаққа отырысты. Алексей әлі де болса, жаңғалақ ойға шомған адамның ролін ойнаумен отыр (609-610). «Маленький человек в кожанном картузе и фризовой шинеле вышел из телеги и пошел во флигель к приказчику; Троекуров узнал заседателя Шабашкина и велел его позвать». (147-бет). «Былғары фуражкалы, жөрекі мауытыдан шинель киген кішкене кісі арбадан түсіп, флигельде тұратын приказчикке қарай жүрді – бұл заседатель Шабашкин болатын. Торекуров оны шақыруға бұйрық берді» (618-бет). Бұл аудармалар түпнұсқаға сай келмейді. Алдыңғы сөйлемде «рольрассеянного и задумчивого» деген сөздер «жаңғалақ ойға шомған адамның ролі» болып қате аударылған. Ал, соңғы сөйлемдегі «картузды» – «фуражка» деп аудару, «Торекуров узнал заседателя Шабашкина (Троекуров заседатель Шабашкинді тани кетті) дегенді – «бұл заседатель Шабашкин болатын» деу де – аудармаға қалай болса, солай қараушылық.
«Евгений Онегин» романының аудармасы туралы бір екі сөз. Кезінде орыс өмірінің энциклопедиясы атанып, үлкен баға алған бұл романның қазақ тіліне аударылуы – аса қуанышты іс. Бірақ аударма қазақ оқушыларының үмітін ақтай алмады. Еркін, өр, тасқын поэзия Қ.Шаңғытбаев жолдастың аудармасында барлық қасиетінен айырылып, жұтап, жасық, құранды шығарма болып шыққан. Бұған аударманың кез келген жері мысал бола алады.
Тастап дүние михнатын бос
Бойды балап сарпалдаңнан
(318-бет).
Өлеңнің сазын үйренуге
Құмартып бір бөлмейтін ой.
Үйретсек те, білмеді мүлде
Парқын сірә, ямба, хорей.
Сөгетін Гомер, Феокритті;
Оқыды бірақ Адам Смитті
Терең ойлы эконом еді...
(384-бет).
Мұның барлығы да поэзия емес, тіпті қазақша құрылмаған сөздер тізбегі ғана.
«Евгений Онегин» туралы Белинский былай деп жазған еді: «шын художник болғандықтан, Пушкин өз шығармаларына поэтикалық заттарды талғап алуға мұқтажданбайды, нендей зат болса да, оған поэтикалық қасиет бере біледі. Мысалға оның «Онегинін» алайық, бұл тек осы күнгі өмір шындығын тұтасымен қамтыған поэма ғана емес, өлеңмен жазылса да, осы күнгі өмір ақиқатының бүкіл поэзиясын қамтыған шығарма. Жайнаған жазғытұрым да ыстық жаз да, мазасыз жаңбырлы күз де, аязды қыста осында; мұнда астана мен деревня де, астаналық өмір мен шабындық жер, шарап, шошқа, қора, туған жер туралы әңгімелеп отыратын помещиктер де бар; қиялшыл ақын Ленский де, әзәзіл, өсекші Зарецкий де осында. Кейде көз тартатын сұлу әйелдің көркем келбеті, кейде қолына сыпырғыш ұстап кофейнидің есігі алдында ұйқысы қанбай қалғып тұрған трактир қызметшісі кездеседі. Осылардың әрқайсысы өзіне лайықты поэзиялық тілмен айтылған. Табиғаттың әдемі суретін іздеп Италияға барудың Пушкинге керегі жоқ еді; көркем табиғатының иегінің астында, Россияда болатын. Оның біркелкі жазық даласы, сұрғылт аспаны, көшесі мұңға толған деревнялары, кейде бай, кейде жарлы қалалары барды. Бұрынғы ақындарға елеусіз болған нәрселер Пушкин үшін поэзия болды. Ол үшін күз –көктем мен жаздан артық. Оның өлеңдерін оқығанда, көктем мен жаз суретінің тәуірлігін мойындамауға еркіңіз жоқ».
Белинский осылай бағалаған қыстың бір суретінің аудармасын қарайық:
Но наше северное лето,
Карикатура южных зим,
Мелькнет и нет: известно это,
Хоть мы признаться не хотим.
Уж небо осенью дышало,
Уж реже солнышко блистало,
Короче становился день,
Лесов таинственная сень.
С печалыным шумом обнажалась,
Ложился на поля туман.
Гусей крикливых караван
Тянулся к югу; приближались
Довольно скучная пора;
Стоял ноябрь уж у двора.
(3-том, 81-бет).
Кекеткендей күнгейде қыс
Теріскейдің жаздыгүнін
Келер де кетер; білсе де іш,
Жүрміз ғой тек, жазбай шынын.
Мінекей, күз торлады көкті,
Күнде сараң шұғыласын септі.
Қысқарып күн тартты шағын.
Саялы ну жапырағын
Күңірене төгіп тұр сидиып,
Жер бетіне түсті тұман.
Қаздар қайтты қаңқылдаған
Оңтүстікке керуенін жиып:
Жақындады көңілсіз шақ;
Ноябрь тұр аулада нақ.
(372-бет).
Бұл аудармадағы жеке сөздер мен сөйлемдік құрылыстардың дәл еместігін былай қойғанда түпнұсқадағы табиғаттың көркем суреті аудармада жарқын берілмеген.
Екіншіден, түпнұсқамен салыстыра қарағанда аудармада нақтылық түпнұсқаның мазмұны мен көркемдігін сақтау жоққа тән.
Быть можно дельным человеком,
И думать о красе ногтей,
К чему бесплодно спорить с веком?
Обычай деспот меж людей
Второй Чадаев, мой Евгений.
(17-бет).
Тырнағын күтіп кейбір жандар
Көрінеді іскер кісі
Неге қажет ғасырмен жанжал?
Ғұрып адам әміршісі.
Онегин кем бе Чадаевтан.
(311-бет).
Аударма дәл емес. Алдыңғы екі жолдың мазмұны; іскер адам (мұның өзі де шартты түрде) болуға, тырнақты бояу туралы ойлауға болады – дегенге келеді. Ал аудармада «тырнағын бояу» ой емес, іске ауысып кеткен. Бұл жерде аудармашы түпнұсқаны бұрмалаған. «К чему бесплодно спорить с веком» дегенді «неге қажет ғасырмен жанжал» деу – мағынасына қарамай, сөздерді жолма-жол аударып қоя салу. Сөйлемнің құрылысының өзі қазақша емес. Қазақшалағанға бұл сөйлем «дәуірден (немесе ғасырдан) көріп қажеті не?» деген мағынада айтылып тұр.
Мына бір екі жолды талдап көрейік:
Так усились мы мечтой
К началу жизни молодой
(25-бет).
Сағындырып жас кезіміз
Қиял қуып кететінбіз
(319-бет).
Мұнда «К началу жизни молодой» деген жол «сағындырып жас кезіміз» боп аударылған. Шынында түпкі мағынасы бұған келмейді. Түпнұсқаға қарасақ, қиял қуу – жас өмірдің (немесе жастықтың) алғашқы кезінде болған. Ал, аудармаға сенсек, ол жастық өткен кезде яғни кәрілік дәуірде болған. Бұл кезде герой жас кезін сағынып, қиял қуып жүрген тәрізді. Сөйтіп түпнұсқа мен аударманың мағынасы қарама-қарсы болып шыққан.
Поймал и славу между тем
Но я, любя, был глуп и нем,
(30-бет).
Деген үзіндінің де аудармасы осындай, бұл жерде герой: сүю арқылы даңқымды шығардым, бірақ топас және мылқау адамдай болдым деп отыр. Ал, Шаңғытбаев:
Даңқың шығар. Сүю бірақ
Ақымақ қылды мені кей уақ; –
Деп аударған. «Поймал и славу» «даңқын шығар» дегенге келмейді. Түпнұсқа өткен шақта тұр, «даңққа да ие болдым» деген сөз. Аудармашы оны келер шақта берген. Сол тәрізді «глуп» –«ақымақ» деген сөз емес, – топас», «милау» деген мағынаны береді, «нем» аударылмаған. Оның орнына аудармашы «кей уақыт» деген екі сөзді қосқан. Әрине, бұл – өлеңнің ұйқасы үшін ғана тұр.
Осындай аудармалардың бірсыпырасын қарастырайық:
Онегин шкафы отварил;
В одном нашел тетрадь расхода
В другом наливок целый строй,
Кувшины с яблочной водой
И календарь осьмого года
Старик, имия много дел
В иные книги не глядел.
(32-бет).
Бұл аудармашының кемшілігі негізгі мағынаны бұрмалап, теріс беруде екені көрініп тұр. «Тетрадь расхода» «дәптер толы шығын» деген сөз емес қой, «шығын жазатын дәптер» емес пе? «Наливок целый строй» деген жолдың аудармасы тіпті келмейді, «Наливка» – миуа да, шарап та емес, ол – арақтың басқа бір түрі, бұл жерде әңгіме, миуа шараптардың сан алуан түрінде емес, бір қатар (тізіліп тұрған) наливканың шкафтың бір ұясында тұрғаны туралы болып отыр. Ал, «В иные книги не глядел» деген жол басқа «кітаптарға қарамапты» деген ойды білдіреді. Аудармашы оны «қарамапты кітапқа көп» деген. Бұл жерде (басқа кітап» (иные книги) деп автордың атап айтып отырған кітаптары ажыратылмайды. Автор кітапқа қарамаған қарттың кім екенін (дәл осы жерде) айтпайды, ал, аудармашы «шаруажай қарт» деп сөз қосып, «толықтыра» түскен.
Осыған жалғас ІV бөлімде осындай қате қайталанады.
Один среди своих владений
Чтоб только время проводить
Сперва задумал наш Евгений
Порядок новый учредить
(356-бет).
Түпнұсқада өзіне қарасты жерде жалғыз уақыт өткізу үшін, Евгенийдің жаңа тәртіп орнату туралы ойлағаны айтылады. Ал, аударманың мәні – керісінше. Оған қарасақ, Евгений малға ие боп, жалғыз өзі елден аулақ тұру үшін шалдың бұрынғы ісіне бұзады. Шынында, Евгений малдан (дәлірек айтқанда шаруашылықтан) безген адам. Ол уақыт өткізу үшін жүр. Оның осы мақсаты аудармадан түсіп қалған.
Шаңғытбаев жолдас оның жалғыз тұруы мал баққысы келгендіктен деп түсіндіреді. Ол әлі шалдың бұрынғы ісін бұзған жоқ, әуелде жаңа тәртіп орнату туралы ғана ойлайды.
Жасыратыны жоқ, Қуандық Шаңғытбаев жолдас оның жалғыз тұруы мал баққысы келгендіктен деп түсіндіреді. Ол әлі шалдың бұрынғы ісін бұзған жоқ, әуелде жаңа тәртіп орнату арқылы ғана ойлайды.
Жасыратыны жоқ, Қуандық Шаңғытбаев жолдас «Евгений Онегин» сияқты ұлы шығарманың идеялық мазмұнын түсінбеген. Оны қалай болса, солай аударып, бұрмалаған. Аударманың қазақша еместігін былай қойғанда, түпнұсқада айтылған ой мен мазмұнды жеткізіп бере алмайды.
Лорд Байрон прихотью удачной
Облек в унылый романтизм
И безнадежный эгоизм, –
(345-бет).
Неткен сорақылық! Герой романтизм болып кетті, – дейді аудармашы. Жеке сөздердің аудармасын бұл жерде талдап жатпай-ақ қояйық, соның өзінде, сөйлемдер арасында байланыс жоқ, Байронға еліктеп романтизм мен эгоизмге бой ұрды деген Пушкиннің ойын аудармашы осылай бұрмалаған. «Унылый» деген сөзді тастап кеткен, «безнадежный» «қайыры жоқ» болып шыққан. Осы тәрізді аударманың 351-бетінде «без грамматической ошибки» деген жол «грамматикалық қатесі бар» болып аударылған, басқасын былай қояйық, аудармашы «без ошибки» дегенді түсінбеуді деуге болмайды, түсінген, сөйте отырып, осылай аударма жасауға «батылы» барған, қысқасы, аударманың қай жерін қарасаңыз да Қ.Шаңғытбаев жолдас «Евгений Онегинді» бүлдіріп аударған. Қуандық бұл аудармаға да өзінің жаны сүйетін ескі, түсініксіз сөздерді де көп тықпалаған; тәрк, дәріс, мұрапалы, лала, салқана, ірә, ұтыр, діндер («крещенный мир» деген мағынада), пақауат, лұғат, уәсуәс т.б. сол тәрізді «дүр» мен аяқталатын («индеец мұнда әкелді дүр» – 455) сөйлемдерге көбірек әуестенген. Жеке сөздердің мағынасы сақтамай, қалай болса солай аудара береді. Мысалы бір «абзал» деген сөз «живой» (301), «послушный» (333), «слава» (433), «свежее» (437), «роскошный» (433) т.б. Сөздердің бәрінің баламасы ретінде қолданған.
Жалпы алғанда, Пушкиннің таңдамалы шығармалары жинағы деп ұсынып отырған бұл кітап – үлкен міндет атқаруға кіріскен талабымен бірге көп кемшіліктер, тіпті өрескел бұрмалаушылықтары бар кітап болып табылады. Мұның ішінде халқымыз сүйіп қадірлейтін Пушкиннің кесек тұлғасы, Тасқынды поэзиясы әлі толық көрінбейді. Ұлы орыс халқының туысқандық көмегіне сүйеніп өсіп келе жатқан қазақ елі мен оның түрі ұлттық мазмұны социалистік мәдениетінің қорына Пушкин шығармалары да кіруге тиісті. Сондықтан оны аудару ісін жақсартуды кезектегі міндеттердің қатарына қосып, Пушкин еңбектерін төл шығармаларымыздың дәрежесіне көтеруіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет