Ауру тарихы Факультет: Жалпы медицина Курс: 3 Тобы: 313a кафедра



бет6/7
Дата18.05.2023
өлшемі87.09 Kb.
#473907
1   2   3   4   5   6   7
Ауру тарихы

Клиникалық диагнозды негіздеу:
1) Стационарга келген кездегі негізгі шагымдары: естен танып құлауы, шүйде, төбе аймақтарындагы тұрақты, таңертеңгілік, жатқанда шамалы басылатын бас ауырсыну, көз қарауытуы, құсу, физика-эмоционалды күш түскенде ауруы күшейеді, бас айналуы, оң жақ аяқ-қолының ұюы, жүрек тұсының ауырсынуы.
2) 30жылдан бері АГ-мен ауырамын деп есептейді. Бас, жүрек тұсының ауруы, АҚҚ тез көтерілуі болып тұрган. Бірнеше рет БСМП-да ем алган. Тұрақты гипотензивті дәрілер ішіп келеді.
3) науқастың жасы(атеросклерозды өзгерістерге әкеледі), тамақтану әдеті (тұзды, майлы тагамдар), ауыр жұмысы қажу, шаршауга әкеледі.
4) Объективті қараганда: аяқтагы ісінулер, беттегі плетора. жүрек ұшы соққысының күшеюі, жүректің сол жақ шекарасының ыгысуы(гипертониялық аурудың ІІсатысына тән); аускультацияда аортада ІІ тонның акценті. Жүрек согысының бұзылуы(синусты тахикардия). ЖСЖ-ның 96рет/мин согуы. Соның әсерінен пациент жүрек согысын естиді.
5) лабораториялық, инструменталды зерттеу нәтижелері: гиперхолестеринемия: белок алмасуы бұзылуынан белок шөккен артериялар қабыргасының склерозга ұшырауы.
ЭКГ-дагы сол жақ қарынша гипертрофиясы, ЭХО-КГ-дагы гипертонияга тән аорта өзгерісі; Көз түбін тексеру кезіндегі тамыр ангиосклерозы; Гипертониялық ауру фонындагы дисциркуляторлы энцефалопатия. Вестибулопатия, субкомпенсация симптомдары.
Этиологиясы:
-жедел және созылмалы түрдегі эмоционалды стресс;
-тұқымқуалау;
-кәсіби зияндылық(шу, қажу, шаршау, гиподинамия);
-тамақтану ерекшелігі(тұзды, майлы тагамдарды, магний жетіспеушілігі);
-бас-ми жарақаты;
-зиянды әдеттер(темекі, ішімдік);


Патогенезі
АГ патогенезінде ағзаның негізгі прессорлық жүйелеріне – симпат-адреналдық және ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйеге (РААС) жетекші рөл беріледі. Ол вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің белсенділігінің артуына жауап ретінде белсендіріледі. РААС-бұл ферменттер мен гормондар жүйесі, оның қоздырғыш факторы бүйректің юкстагломерулярлық аппаратының перфузиясының төмендеуіне жауап ретінде ренин өндірісі болып табылады.
Ренин ангиотензиногеннің ангиотензин I-ге айналуын катализдейді, ол ангиотензин түрлендіретін фермент (ACE) арқылы ангиотензин II-ге айналады. Бұл зат вазоконстрикторлық әсерге ие, миокардтың жиырылуын күшейтеді, альдостерон өндірісін ынталандырады, бүйрек үсті бездерінен және симпатикалық жүйке ұштарынан катехоламиндердің шығарылуын ынталандырады, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін ынталандырады, тұзды тағамдарды жеуге деген ынтаны арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет