Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидасын бекiту туралы


§10. Жануарларды тасымалдау ерекшелiктерi



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#131362
1   2   3   4   5   6   7   8
§10. Жануарларды тасымалдау ерекшелiктерi

      254. Жануарларды (құстарды, терiсi бағалы аңдарды, хайуанаттар паркiнiң жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетiспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулi автокөлiк құралдармен жүзеге асырылады.


      Жануарларды өзi аударғыштармен тасымалдауға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 254-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      255. Автокөлiк құралдарын жабдықтауға iрi қара малды және жылқыларды тасымалдау үшiн ернеулердi шанақтың еденiнен – 2 м дейiн және қойларды, ешкiлердi және шошқаларды тасымалдау үшiн 1,5 м дейiн биiктiктi өсiру және көлденең және тiгiнен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.
      Жануарларды тасымалдау үшiн қажеттi жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтушi бередi және автокөлiк құралына орнатады.
      Автокөлiк құралының шанағында алып жүрушiнiң болуы қажет кезде, жүк жөнелтушi жануарлардан қоршалған арнайы орын (iрi жануарларды тасымалдау кезiнде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.
      Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгi және қысқы мезгiл) тасымалдау кезiнде, оларды қорғау үшiн жүк жөнелтушiнiң талап етуi бойынша автокөлiк құралының шанағы жабық болуы тиiс жағдайларда, кенептi – тасымалдаушы, ал басқа қажеттi материалдарды жүк жөнелтушi бередi.
      256. Автокөлiк құралы шанағының еденi жарамды болуы тиiс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкiн бұрандардың, шегелердiң және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиiс.
      Малды тасымалдау кезiнде шанақтың еденiне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрiн сiңiрiп алуды қамтамасыз ететiн төсеме салынады. Жол үстiнде шанақтан төсеменi лақтыруға рұқсат етiлмейдi.
      257. Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткiзбейтiн түбi бар торлармен жүргiзiледi. Жүк жөнелтушi торларды автокөлiк құралдарының шанағында, ауаның әрбiр торда еркiн айналуын қамтамасыз ететiндей етiп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейiн жүк жөнелтушi оны мықтап бекiтедi.
      Терiсi бағалы аңдар, олардың түрiне байланысты тасымалдауға металл торлы есiгi бар металл немесе берiк ағаш торлармен берiледi. Торлардың есiктерiнде өз бетiмен ашылу мүмкiндiгiн болдырмайтын берiк тиектерi болады және құлыптармен жабылады.
      258. Автокөлiк құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрi аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлерi алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететiн жылдамдықпен жүзеге асырылады.
      259. Қозғалыстың әрбiр сағатынан кейiн автокөлiк құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.
      260. Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемiнде бiр рет, жазғы кезеңде кемiнде екi рет суарылады.
      261. Егер жануарларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендiру жүргiзiлмеуi мүмкiн.
      262. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлiк құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекiтуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуi салдарынан болған шетiнеуге байланысты шығыстарды өтемейдi.
      263. Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлiк құралдары берiледi. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудiң сапасын мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды.
      Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезiнде, олар өздерiне тиесiлi шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрiгерi және мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексередi.
      264. Жүк жөнелтушi түрi, жынысы және жасы бойынша бiртектi жануарлар мен құстардың бiр автокөлiк құралға тиелуiн жүргiзедi.
      Бiр автокөлiк құралына түрi, жынысы және жасы әртүрлi жануарларды бөлек тиеу мүмкiн емес кезде, оларды бiр-бiрiнен сенiмдi қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етiледi.
      265. Жүк жөнелтушi тиеу кезiнде iрi жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгiздердi және басқаларды) автокөлiк құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берiк байлайды.
      Iрi қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкiлердiң және басқа ұсақ жануарлардың төлiн байлаусыз, бiрақ барлық жануарлар автокөлiк құралының шанағында жата алатындай етiп тасымалдауға рұқсат етiледi. Ауру жануарлар тасымалданбайды.
      Жылқылар тағасыз тасымалданады.
      266. Жануарларды автокөлiк құралымен қандай да бiр жұқпалы дерт бойынша қолайсыз аумақтар арқылы тасымалдау кезiнде, бағыттарды тиiстi мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдары жергiлiктi атқарушы органдармен:
      1) ауданаралық және қала маңындағы тасымалдар кезiнде – ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық инспекторымен;
      2) ауданаралық тасымалдар кезiнде – облыстардың ветеринарлық-санитарлық органдарымен;
      3) облысаралық және халықаралық тасымалдар кезiнде – ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
      267. Жануарларды жерден мамандандырылған автокөлiк құралына тиеу үшiн артқы трап есiк пайдаланылады. Басында бiрiншi бөлiктi тиеу жүргiзiледi. Жануарларды қозғалыс бағыты бойынша бастарымен алға қарай орналастырады, шанақтың алдыңғы қабырғасындағы сақиналарға байлайды, осыдан кейiн бiрiншi қоршау жабылады. Содан кейiн екiншi бөлiк тиеледi және тағы сол сияқты.
      268. Жануарларды қаптал есiк арқылы және артқы трап есiктi пайдалану арқылы мамандандырылған автокөлiк құралының бөлiктерiне тиеу жүйелiлiгi осы Қағидадағы 11-қосымшада көрсетiлген.
      269. Жануарларды жерден мамандандырылған емес автокөлiк құралдарына тиеу жиналмалы көпiршелер бойынша жүргiзiледi.
      Бұл ретте жүк жөнелтушi шектегiш ағаштарды автокөлiк құралдың шанағынан алдын ала алады, жануарларды кiргiзедi және қозғалыс бағыты бойынша қояды, алдыңғы көлденең ағашқа қысқа байлайды, артқы ернеудi жабады және автокөлiк құралдарға шектегiш ағаштарды орнатады.
      270. Жануарларды автокөлiк құралдарына тиеу тәсiлдерiн, оларды орналастыруды, сондай-ақ жануарларды бiр автокөлiк құралмен тасымалдау нормаларын жүк жөнелтушi тасымалдау шарттарын, (автокөлiк құралының үлгiсiн, жануарлардың түрi мен жасын, тасымалдау алыстығын, жыл мезгiлiн, жол төсемiнiң жай-күйiн және тағы басқа), автокөлiк құралының жүк көтергiштiгi мен сыйымдылығын толығырақ пайдалануды және тасымалданатын жануарлар және автокөлiк құралының сақталуын қамтамасыз етудi ескере отырып белгiлейдi.
      271. Автокөлiк құралы бару пунктiне келiсiмен жануарлар дереу түсiрiледi. Жануарларды түсiру тиеу кезiнде қабылданған керi тәртiппен жүргiзiледi.
      272. Жолда жануарлармен бiрге жүру және күтiм жасау үшiн жүк жөнелтушi жануарларды тасымалдауға қабылдау, жолда жануарларға күтiм жасау, суару, қоректендiру, жануарлардың бекiтiлуiн, күзетiлуiн бақылау, жануарларды жүк алушыға тапсыру үшiн алып баратын адамдарды бөледi.
      273. Автокөлiк құралына тиелген жануарлар үшiн жүк жөнелтушi бiрге жүретiн адамдардың үлкенiне қажеттi құжаттарды (белгiленген нысандағы ветеринарлық куәлiк, табын ведомосi, тауар-көлiк жүкқұжаты және тағы басқа) бередi.
      Жануарларды ағынмен жүретiн бiрнеше автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде, қажеттi құжаттар (тауар-көлiк жүкқұжатынан басқа) тасымалданатын жануарлардың барлық партиясына берiлуi мүмкiн.
      274. Тасымалдауға алдын ала ветеринарлық тексеруден өткен жануарлар ғана жiберiледi. Жануарлардың әрбiр партиясына ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ресiмделген тиiстi ветеринарлық сертификат берiледi.
      Бiр ветеринарлық сертификатты бiрнеше автокөлiк құралы үшiн ұсынуға, бiр жүк алушының мекенжайына барғанда ғана рұқсат етiледi. Бұл жағдайда ветеринарлық сертификат бiрге жүретiн адамдардың үлкенiне берiледi. Жануарларды заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген ветеринарлық сертификатсыз тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
      275. Жануар жолда ауырған кезде, бiрге жүретiн адам ауырған жануарды тексерту және ветеринарлық қызметкердiң нұсқауы бойынша одан әрi iс-әрекет жасау үшiн жақын маңайындағы ветеринарлық пунктке барады. Жануарды союға ерекше, жануардың жай-күйi оны ет дайындау ұйымдарына дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бермейтiн жағдайларда ғана рұқсат етiледi. Сою туралы актiге мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау ветеринарлық-санитарлық инспекторы қол қояды, Актiде мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық қадағалау органдарының еттi одан әрi пайдалану туралы қорытындысы көрсетiледi.
      276. Автокөлiк құралдарының тасымалданатын жануарларды ветеринарлық дәрiгер тексеру үшiн, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдардың үлкенiнiң сұрауы бойынша (жануарларды суару, қоректендiру, демалдыру) кiдiруi (тұруы) осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес бiрге жүретiн адам және жүргiзушi қол қоятын актiлермен ресiмделедi.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұруды және жануарларды ветеринарлық дәрiгер тексеру үшiн ветеринарлық мекемеге соғуды, сондай-ақ жануарларды суару, қоректендiру, демалдыру үшiн тұруды жүк жөнелтушi төлейдi.
      277. Бару орнына келiсiмен негiзгi бiрге жүретiн адам жүк алушыға қарап шығу үшiн табын ведомосiн, жолдама парақты, ветеринарлық сертификатты, малдың жолда шетiнеуi және амалсыз сойылуы туралы актiлердi ұсынады. Мал өлшеудi жүк алушы бiрге жүретiн адаммен бiрге жүргiзедi. Малды тапсыру актiмен ресiмделедi. Жүк жөнелтушiнiң алдында жануарларды жеткiзгенi және тапсырғаны туралы есептi бiрге жүретiн адам бередi.
      278. Жануарлар түсiрiлгеннен кейiн автокөлiк құралдары санитарлық өңдеуден өтедi. Механикалық тазартудан кейiн автокөлiк құралдарын мынадай дезинфекциялағыш заттардың бiрiмен: формальдегидтiң 2 % ерiтiндiсiмен, құрамында 2-3 % белсендi хлор бар хлорлы әктастың ерiтiндiсiмен, хлораминнiң 4 % ерiтiндiсiмен, өткiр натрдың 2 % ыстық (60-70 Со) ерiтiндiсiмен, жаңа сөндiрiлген әктастың 20 % маңызымен, көрсетiлген заттардың әрқайсысының шығынының нормасы 1 шаршы метр ауданға 0,5 литр болатындай етiп дезинфекциялануы тиiс. Басқа да дезинфекциялағыш заттарды, егер олар жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға сәйкес келетiн болса және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлсе қолдануға болады.
      279. Автокөлiк құралының шанақтарын уақтылы санитарлық өңдеу үшiн жануарларды жаппай түсiретiн орындарда дезинфекциялау-шаю пункттерi ұйымдастырылуы тиiс.

§11. Құрылыс жүктерiн тасымалдау ерекшелiктерi

      280. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар кiрпiш тасымалдауды пакеттiк тәсiлмен: балшық кiрпiштi – тегендерге “шырша түрiнде” қалап, силикат кiрпiштi – тегендермен және тегендерсiз қоршау немесе тарту құрылғылары арқылы жүзеге асырады.


      281. Жүк жөнелтушi кiрпiш тасымалдау үшiн тегендер, таспа қоршаулар және пакеттердi бекiтуге және бөлуге арналған құрал-жабдықтарды бередi. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушылар автокөлiк құралдарына қоршағыш құрылғылар мен бекiткiш құрал-жабдықтарды дайындауды және орнатуды жүк жөнелтушiнiң есебiнен өзiне алуы мүмкiн.
      282. Кiрпiштi тегендермен тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi автокөлiк құралы тиелуге келгенге дейiн жүктiң тегендерге қалануын қамтамасыз етедi. Тегендердiң типтерi мен параметрлерi ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиiс. Төменгi қатардан, пакет бұрыштарынан және бүйiр жақтарынан түскен кiрпiштерi бар пакеттердi тиеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 282-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      283. Кiрпiштi жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған пакеттердiң саны бойынша жүзеге асырады.
      284. Кiрпiштi тиеудi, сондай-ақ пакеттердi бекiтудi тасымалдаушы, ал бекiткiштердi ажырату мен кiрпiштi түсiрудi жүк алушы жүзеге асырады.
      Тасымалдаушылар жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша бекiткiштердi орнату мен ажыратуды жүргiзуi мүмкiн. Түсiру аяқталғаннан кейiн жүк алушы автокөлiк құралы шанағының еденiн кiрпiш қоқымынан тазартады.
      285. Автокөлiк құралының жүк көтергiштiгi 7 тоннадан аспайтын жағдайларда, пакеттердi жүк жөнелтушi шанақ бiлiгiнiң бойымен, ал автокөлiк құралының жүк көтергiштiгi 7 тоннадан артық болса, шанақ бiлiгiне перпендикуляр түрде шахмат тәртiбiмен автокөлiк құралдың қаптал ернеулерiнiң бiрiне тығыз қойылады. Кiрпiштердi тегенге қалау тәртiбi осы Қағиданың 12-қосымшасында келтiрiлген.
      Пакеттердi шанаққа көлденең орналастыру кезiнде жүк жөнелтушi қимасы 50х50 мм және ұзындығы 1 м ағаштарды қаптал ернеуге жанаспайтын шеткi пакеттер тегендерiнiң астына салады.
      286. Тасымалдаушы автокөлiк құралында кiрпiш пакеттерiнiң қалануы мен бекiтiлуiнiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң және автокөлiк құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуiн тексередi. Жүк жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша жүктi қалау мен бекiтудегi байқалған қателiктердi жояды.
      Пакеттердi бекiту, сондай-ақ олардың бекiтiлу дұрыстығын тексеру тиегiш механизмдердi автокөлiк құралынан әкеткеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
      287. Босаған тегендердi тиеудi – жүк алушы, ал түсiрудi кiрпiш жүк жөнелтушi жүргiзедi.
      288. Босаған тегендердi қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар дана саны бойынша жүргiзедi.
      289. Темiр-бетон өнiмдер олардың түрiне байланысты көлденең, тiк немесе қиғаш күйде тасымалданады.
      Тасымалдау және сақтау кезiнде техникалық шарттар бойынша белгiлi бiр нүктелерiнде тiреудi қажет ететiн темiр-бетон өнiмдерiне жүк жөнелтушi тiреу нүктелерiн көрсетiп таңба жасайды.
      290. Тасымалдау шарты бойынша жүк жөнелтушi тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралдарын қосымша құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтауды жүргiзуi мүмкiн. Тараптардың келiсiмi бойынша қосымша құрал-жабдықтарды орнатуды тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң есебiнен жүргiзуi мүмкiн.
      291. Темiр-бетон өнiмдердi бекiту үшiн қажеттi төсемелер мен аралық төсемелердi жүк жөнелтушi ұсынады. Қысқы мезгiлде жүк жөнелтушi темiр-бетоннан жасалған өнiмдердi қар мен мұздан тазартып ұсынады, сондай-ақ резеңке жапсырылған төсемелер мен аралық төсемелер қолданады.
      292. Тасымалдаушылар темiр-бетон өнiмдердi орындар саны мен стандарттық салмақ бойынша жүк жөнелтушiден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
      293. Қозғалыс үшiн қауiптi аймақтардағы тиеу және түсiру пункттерiнде жүк жөнелтушi мен жүк алушы тәулiктiң кез келген мезгiлiнде көрiнетiн сақтандырғыш жол белгiлерi мен көрсеткiштердi орнатады.
      294. Темiр-бетон өнiмдердi шығыран жабдығының көмегiмен тиеу және түсiру кезiнде жүргiзушi автокөлiк құралының кабинасында болмауы, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүктi автокөлiк құралы кабинасының үстiмен жылжытпауы тиiс.
      295. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды, ожау немесе бункерлiк үлгiлердегi шанақтары бар жүк автомобильдерiн, цистерналарды бөледi. Құрғақ бетон қоспаларын және құрылыс ерiтiндiлерiн ыдыстық тәсiлмен қаптарда тасымалдау үшiн тасымалдаушылар ернеулi автокөлiк құралдарын, ал ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде бункер үлгiсiндегi шанақтары бар жүк автомобильдерi мен цистерналарды бөледi.
      Ескерту. 295-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      296. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдауға арналған өзi аударғыштардың тығыздалған артқы ернеуi, 450-500 мм биiктетiлген алдыңғы және қаптал ернеулерi болады.
      Ескерту. 296-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      297. Тасымалдаушылар сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды көлемi және салмағы бойынша жүргiзедi.
      Жүктi қабылдаушыға сұйық бетонды және құрылыс ерiтiндiлерiн тапсыруды тасымалдаушылар ұлттық стандартта белгiленген тасымалдау кезiнде бетонды және құрылыс ерiтiндiлерiн нығыздау коэффициентiн ескере отырып көлемi және салмағы бойынша жүргiзедi.
      Жүктi автомобильмен тасымалдау шартында жүк жөнелтушi тасымалдануға тиiстi сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерi қоспаларының көлемдiк салмақтарын, тасымалдаушылар тасымалданған жүктiң көлемiн тоннамен қайта есептеу үшiн көрсетедi.
      Ескерту. 297-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      298. Жүк жөнелтушiлер және тасымалдаушылар жеткiзу мерзiмiн айқындау кезiнде ұлттық стандарттарда белгiленген және тасымалдау кезiнде олардың тұтастығын қамтамасыз ететiн сұйық бетонды және құрылыс ерiтiндiлерiн шектi жеткiзу мерзiмдерiн ескередi. Жеткiзу мерзiмдерiн жүк жөнелтушi әр барған сайын берiлетiн және жүк қабылдаушыға жүкпен бiрге берiлетiн ерiтiндiге арналған паспортта осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысанда көрсетедi.
      Ескерту. 298-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      299. Цемент тасымалдау кезiнде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар цементке жауын-шашын тиюiне және оның тозаңдануына жол бермей, жүктiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      300. Цемент ыдыссыз тәсiлмен мамандандырылған автомобиль-цистерналарда, сондай-ақ ыдыстық тәсiлмен (қаптарда) ернеулi платформасы бар автомобильдермен және кенеппен жабылып тасымалданады.
      301. Жүк жөнелтушi цементтi ыдыссыз тәсiлмен тасымалдауға 100 0С аспайтын температурамен бередi.
      302. Цементтi ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде, оны жүк жөнелтушiден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар автомобиль-цистернаны жүгiмен және жүксiз таразыға тарту арқылы салмақ бойынша жүзеге асырады.
      Қаптардағы цементтi жүк жөнелтушiден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және таңбаламада көрсетiлген стандарттық салмақ бойынша жүзеге асырады.
      303. Цементтi ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi мен жүк алушы автокөлiк құралы-цистернаны жүксiз және жүгiмен таразыға тартуды, цистернаның люктерiн тиеу алдында ашу мен тиегеннен кейiн жабуды, түсiру жеңдерiн цистернамен қосуды және ағытуды жүргiзедi.
      304. Жүк алушыдан цементтi түсiру кезiнде тасымалдаушы сығымдағышты iске қосуды және түсiру шүмегiн ашуды, ал түсiру аяқталғаннан кейiн сығымдағышты ажыратуды және түсiру шүмегiн жабуды жүргiзедi.
      305. Жүк алушының автокөлiк құралы-цистерналардан цемент түсiруге арналған қатты төсемi бар алаңшалары болуы қажет.
      306. Тұрақты түсiру орындарында (ерiтiндi тораптарында, құрылыс индустриясы зауыттарында, iрi құрылыстарда) жүк алушы автокөлiк құралы-цистернаның 12-14оС еңкiштiгiн қамтамасыз етiп, түсiру алаңшаларын жабдықтайды. Уақытша объектiлерде түсiру алаңшалары көлденең және қабылдау құрылғысының жағына қарай еңiсi болады. Түсiру орнына автокөлiк құралы-цистернаны тракторлармен сүйреп әкелуге рұқсат етiлмейдi.
      307. Жүк алушы цемент қабылдауға арналған сыйымдылықты автокөлiк құралы-цистернаның сығымдағыш қондырғысы қамтамасыз ететiн түсiру биiктiгiне сәйкес келетiн биiктiкке орнатады. Уақытша сыйымдылықтардағы (қоймалардағы) қабылдау люктерi жалғастырғыш шлангалардың өлшемдерiне сәйкес келедi және түсiру аяқталғаннан кейiн тығыз жабылады. Қабылдау құрылғыларының түсiру шлангаларын сымның, жiптiң және басқа қолға түскен құралдардың көмегiмен бекiтуге рұқсат етiлмейдi. Цистернаның iшiнде қысым жасау үшiн ауаның бөтен көздерiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
      308. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралы тиелуге келгенге дейiн түрi мен өлшемi бiрдей шифердi, тегендерге оны қабаттап салып, алдын ала дайындалуын қамтамасыз етедi, автокөлiк құралға тиеудi және тегендердi автокөлiк құралдарына бiркелкi қоюды жүргiзедi.
      309. Тиеулi жабық автокөлiк құралдарын, шиферi бар пакеттердi жүк жөнелтушi пломбалауы тиiс.
      310. Тегендерге толтырылған шифердi жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы орындардың саны бойынша жүргiзедi.
      Шифердi тасымалдауға салмақ бойынша қабылдауға жүк жөнелтушi мен жүк алушының таразысы болған кезде ғана рұқсат етiледi.
      311. Жүк жөнелтушi шифердi тасымалдауға жинақтаушы бөлшектерiмен (арқалар, шегелер) ұсынған кезде тасымалдаушы, тасымалдауға жүк қабылданған тәртiппен оларды жүк жөнелтушiден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.

§12. Үйiп тасымалданатын жүктердi тасымалдау ерекшелiктерi

      312. Үйiп тасымалданатын жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды бөледi.


      Ескерту. 312-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Қағиданы 312-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 N 1306 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi).
      313. Тасымалдаушылар жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша өзi аударғыштарды жылыту жүйесiмен жабдықтауды жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының есебiнен төлеу арқылы осы жұмыстарды өздерiне қабылдап алуы мүмкiн.
      Ескерту. 313-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      314. Үйiп тасымалданатын жүктердi тиеу үшiн жүк жөнелтушi ожауының көлемi автокөлiк құралының шанағы көлемiнiң 1/3 аспайтын тиегiш механизмдердi бөледi.
      315. Үйiп тасымалданатын жүктердi тиеу кезiнде тиегiш механизмнiң ожауы автокөлiк құралы шанағының түбiнен 0,5 м аспайтын қашықтықта болады.
      316. Шанақты үйiп тасымалданатын жүктердiң қалдықтарынан тазарту тәртiбi мен шарттары жүктi автомобильмен тасымалдау шартында белгiленедi.
      317. Үйiп тасымалданатын жүктердi тиеу кезiнде жүргiзушi автокөлiк құралының кабинасында болмайды. Жүк жөнелтушiге жүктi автокөлiк құралы кабинасының үстiмен жылжытуға рұқсат етiлмейдi.
      318. Жүк жөнелтушi тасымалдаушымен автокөлiк құралының тиелуге берудiң басталғаны туралы жүргiзушiнi хабардар ету (дыбыстық немесе жарықтық сигналмен) тәртiбiн, сондай-ақ автокөлiк құралын тиеуге қою орнын белгiлеу тәсiлiн (белгi ағаштармен, белгiлермен, нұсқағыштармен) келiседi және жүктi автомобильмен тасымалдау шартында көздейдi.
      319. Карьерлерде тиеу жұмыстарының орындалу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтушi:
      1) карьердiң iшiндегi жолдың өтетiн бөлiгiн төменгi еңiс жағынан биiктiгi 0,7 м топырақ үйiндiсiмен немесе қорғаныш қабырғамен қоршауды;
      2) карьер iшiндегi жолдың 8 градустан артық еңiсi болған кезде, жолдың өрiнен бастап, 100 м аспайтын қашықтықта ұзындығы 50-100 м еңiссiз жол учаскесiн жабдықтауды;
      3) еңiстерi бар тиеу алаңшаларында автокөлiк құралы доңғалақтарының астына тiреулер қоюды;
      4) автокөлiк құрал қозғалысына кедергi жасайтын көмiрдiң, кеннiң және басқа да пайдалы қазбалардың кесектерiн жинауды;
      5) карьер iшiндегi жолға қажет кезде шаңды кетiру үшiн су шашуды;
      6) карьер iшiндегi жұмыс орындарына жарық орнатуды қамтамасыз етедi.
      320. Жүк жөнелтушi карьерлерде газдардың белгiленген нормадан артық шоғырлануына жол бермеуi тиiс.
      321. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралын беру кестесiн жару жұмыстары мен тиегiш механизмдердi жөндеу кестесiмен келiседi.
      322. Үйiп тасымалданатын жүктердi жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүк жөнелтушi мен жүк алушының таразысы болған кезде – салмақ бойынша, ал таразы болмаған кезде өлшеу-таразыға тарту актiсi бойынша жүргiзедi.
      323. Жүктiң меншiктi салмағында өзгерiс байқалған жағдайда, тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi тасымалданатын тонналы жүктiң мөлшерiн қайтадан бiрге анықтауды талап етуi мүмкiн.
      324. Үйiп тасымалданатын жүктердi бiр жүк жөнелтушiден бiр жүк алушының мекенжайына тасымалдау кезiнде ресiмдеу жүк жөнелтушiнiң жүргiзушiге әрбiр сапарға талон беруi арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      Соңғы сапарды орындау кезiнде жүк жөнелтушi үйiп тасымалданатын жүктердi тасымалдау кезiнде берiлетiн талондардың орнына – тауар-көлiк жүкқұжатын, ал топырақ тасымалдау кезiнде тасымалданатын жүктiң барлық мөлшерiне өлшеу немесе таразыға тарту актiсiн ресiмдейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет