Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет35/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143
Кітап Тәрбие

Имандылық мінез тәлімі
Инабаттылық, ізеттілік, әдептілікті, мейірімділікті, тазалықты, діндарлықты көрсететін бұл ұлттық мінез қазақ халқының ұлттық психологиясына тән құбылыс. Иман арабша «сенім» адам арына, Аллаға сенім.
Иманды адам – инабатты адам. Ол басқа адамның қасиетін қадірлейді, арын ардақтайды, адам баласына тек жақсылық жасауға иманды адамнан басқалар байыппен қарап үлгі-өнеге алады. «Иманы бардың – сыйламы бар» деп, халық иманды адамды сыйлау құрметін жоғары бағалайды.
«Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деп, халық имандылық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді. «Кішілігім сыйланым, кісілігім иманым» деп, ақын кісілік үлгісі арқылы ұрпағын ұлылыққа тәрбиелейді. Имандылық – адамгершіліктің арлы бейнесі.
Имандылық әдептілікті көрсетеді. Ұлттық әдептілікті сақтаған иманды тұлға әдеппен сөйлейді, әдепті сақтайды, ұлттық мәдениетті құлшына құрметтеп, өзінің мәдениеттілігін, әдептілігін көрсетеді.
Жан мен тән тазалығын, ой тазалығын сақтай білген адам өзгелерге өнеге көрсетіп, сыйлау, қадірлеу, қастерлеу, жанашырлық жасау әрекеттерімен сүйіспеншілікке бөленеді.
Иманды адамның жаны таза, тәні таза, бойы таза, пиғылы таза болады. Тазалық пен тақуалықтың арқасында, денсаулығы мықты, жансаулығы құтты болады. Діни қағидалардың тәрбиелік мәніне зер салып, оны тәлім-тәрбиеге қолдана білетін, адамдық асыл қасиетті тұлға, басқаларды да бақытты болуға баурайды. Біз ұлттық тәрбиеде имандылықты жастардың бойына сіңіру тәсілдерін қолданамыз.


Кісілік мінез тәлімі
Инабаттылықты, имандылықты, әдептілікті, ізеттілікті, салауаттылықты, сабырлықты, қайырымдылықты көрсететін бұл (қазақи) ұлттық мінез ел қуантады.
«Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» көрсететін адамды қадірлейді. Кісі болып, кәмелеттеніп, ұлттық сыйласымды бойына сіңіріп, инабаттылық көрсеткен адам – нағыз кісі.
Кісілік имандылыққа да байланысты. Иманды адам адам баласына, табиғатқа, жан–жануаларға тек жақсылық тілейді. Көпшіліктің көңілін қалдырмайды. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп, халық кісілікке тәрбиелейді.
Ұлттық әдепті бойына сіңірген «кісі» әдепті (мәдениетті) жоғары бағалайды, өрендерді әдептілікке баулиды. «Әдептілік - әдептен, әдеп біліп әдеттен» дейміз.
«Кісімсіген кісі болмас, кішірейген кіші болмас» деп, халқы кісілік мінезді адамның кішіпейілді болатынын үлгі-өнеге етіп көрсетеді, «ұлық болсаң, кішік бол» дейді.
«Кісі болған» адам салауатты болады. Ол ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болып, жан тазалығын, тән тазалығын сақтайды, артық сөз сөйлемейді, іс–тәртібін қалыптастырып, оны бұлжытпай орындайды. Сөз мәдениетін, жүріс–тұрыс мәдениетін сақтайды.
Кәмелетті кісі «Сабыр! Сабыр! Сабыр!» деген қағиданы өзінің кісілігіне кір келтірмейтін әдет–ғұрыптарды қатал орындайды, беріктігі мен бектігін көрсетеді.
Бұл қазақи мінез дәріптеліп, үлгі-өнеге ретінде тәрбие жұмыстарында парықтап пайдаланылады, өздігінен «салыстыру» тәсілі тәрбиеде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет