Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет91/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143
Кітап Тәрбие

5. "Наурыз тойы" кешін өткізу:
а) Кештің меймандарын сый-сыяпатпен қарсы алу, салтанатты кешті басқарушыларды, әділ қазылар алқасын белгілеп, оны жариялау.
ә) "Наурыз тойының" құттықтаулары және "Наурыз" ("жаңа күн") туралы қысқаша түсініктеме.
б) "Наурыз — жыл басы" қойылымын (студенттердің даярлауымен) сахнадан көрсету.
в) "Наурыз — жыл басы" тақырыбына арналған студенттердің көркемсөз оқуын және өздерінің шығармаларын тыңдау, "ой-тапқыштар" жарысын ұйымдастыру.
г) Жасалған бағдарлама бойынша студенттердің көркемөнерін (ән айтуын, күй тартуын тыңдау, билерін тамашалау) көру, байқау, бағалау.
6. "Наурыз тойы" кешінің қорытынды бөлімі: а) Кешке белсенді қатысушыларды марапаттау.
ө) Кешті Қазақ Республикасының ән ұранымен аяқтау.
Кездесуді ұйымдастыру. Студенттер этнопедагогикалық тақырыпта этнограф, педагог, тарихшы, мәдениеттану ғылымының маманы т.б. ғалымдармен жоспарлы түрде кездесуді кештен тыс уақыттарда да жан-жақты ұйымдастыруына болады. Ол үшін кездесудің тақырыбы, жоспары, мерзімі, орны белгіленеді.
Мысалы: "Казақстандағы этнопедагогикалық ойлар тарихы" деген тақырып бойынша, осы этнопедагогика ғылымын зерттеуші ғалымдармен, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалымдармен, этнограф және филолог ғалымдармен кездесуді жоспарлы түрде ұйымдастыруға болады.
Тақырып бойынша этнопедагогика ғылымын тереңдеп зерттеп үйренуге арналған кештер әңгіме, пікірлесу, пікірталас, студенттердің ғылыми жұмыстарын сараптау және қорытындылау т.б. әдістемелік тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Ол үшін, кездесуді ұйымдастырушылар өзара кеңесіп, ғалымдармен ақылдасып, жоспарлы және мақсатты іс атқаруға міндетті.
2.Конкурс ұйымдастыру әдісі. Аудиториядан тыс этнопедагогика пәнінің белгілі тақырыптары бойынша конкурс, ғылыми-зерттеу жұмыстары, пікірталас, пікірлесу, термешілер жарысы, түрлі айтыстар т.б студенттердің білімін дамытып, жауапкершілігін арттырады. Мысалы, Абай Құнанбаевтың этнопедагогикалық еңбектерін зерттеу жұмыстарына конкурс жарияланып, оның шарттары белгіленеді. Конкурстық жұмыстарды талқылап, бағалайтын сарапшылар белгіленеді (сарапшылар мүшелігіне озат студенттер де ендірілуі керек).
Абай Құнанбайұлының этнопедагогикалық еңбектерін зерттеудің конкурстық бағдарламасы:
а) Абай өлең сөздің ұлттық тәрбиелік мәні туралы қандай өлең
шумақтарымен өз ойын айтады?
ә) Абайдың қара сөздерінің ұлттық тәрбиелік мәнін жан-жақты талдап баяндаңыз.
б) Абай халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып, оларды тәлім-тәрбие ісіне қолдану үшін, қандай тұжырымдар жазды?
в) Этнопедагогикалық ойлар тарихында Абай дананың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ұлы ғұламалардың, әсіресе, қайсысымен пікір сәйкестігі бар?
г) Абай қазақ халқының ұлттық (этностық) ерекшеліктерін қалай сараптайды? Ол үрдістің тәрбиелік мәнін қалай ашады?
Бұл тақырып бойынша конкурстың алғышарттары (Абайдың этнопедагогикалық еңбектерін ғылыми жүйеде жан-жақты зерттеу, ұлы ақынның өлендерінің ұлттық тәрбиелік мәнін ашу, данышпанның даналық сөздерінің этнопедагогикалық мәнін ашу, ұлттық тәрбиеге ұлы ғұламаның қандай үлес қосқанын айқындау) конкурстың (жоғарыда көрсеткендей) мазмұны, конкурсқа қатысушылардың білімдік дәрежесі, конкурс өткізетін мерзім айқындалып, уақтысында хабарланады.
Конкурс ашық түрде (баяндау, пікірталас т.б.) және жабық түрде (арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауымен) өткізілуі мүмкін. Конкурсты қалай өткізуі жөнінде оқытушылар кеңесі, студентермен әңгімелесу тәсілі сияқты ұйымдастыру іс-әрекеттері жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет