Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Қазақ халық педагогикасының ғылыми негіздері



бет10/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143
Кітап Тәрбие

Қазақ халық педагогикасының ғылыми негіздері
Қазақ этнопедагогикасы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған халық педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі нұсқалары.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық (түп-түғияндық) ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына «этнос» түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.). Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы - халық педагогикасы. Ондағы этностық тіректі ұғым - әдеп. Әдеп - эстетика ғылымының «этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы.
Әдеп, яғни этика - жеке ғылым саласы ретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен әл-Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылықты, қайырымдылық пен мейірімділікті, ізеттілік пен имандылықты білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерін түйсіндіретін ұғымдардың тіректі атауы болып табылады.
Ұлттық әдеп эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі болып табылады. «Әдеп» сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәуішін ұғындырады. Әдеп - ұлттық педагогиканың, яғни қазақ этнопедагогикасының алтын арқауы, тәлімдік кредосы. Әдеп - игі әдеттің халықтық қолданысқа, яғни әдет-ғұрыпқа айналып, оның ұлттық іс-әрекеттегі болмысын көрсететін үғым.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б.) басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, қазіргі баспасөз арқылы оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып, ғылым болып қалыптасуына әсерін тигізді.
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор жырлары мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел болу жолдарын көрсеткен шығармалары, Мұхаммед Хайдар Дулатидің ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері мен тәлім-тәрбиелік тұжырымдары, Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру үшін істеген ғылыми еңбектері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерттеп, оны оқулық етіп бастыруы, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы педагогиканың (халық педагогикасы мен педагогикалық ойлардың) яғни қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде негізделіп, пән ретінде оқу-тәрбие ісінде қолданылуы қазақ этнопедагогикасы ғылымының болмысын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет