Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет39/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Кітап Тәрбие

Парасаттылық мінез тәлімі
Сабырлылық, ілтипаттылық, инабаттылық, әдептілік, пайымдылық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасаттылық мінезін паш етеді.
Сабырлық, шыдамдылық, төзімділік адамның адами қасиетін қалыптастырып, парасатты бейненің кейпін кемелдендіреді. Жақсылыққа да жамандыққа да шыдау ақылға байланысты.
Ақыл-парасаты бар адам ашуланбайды, алуан түрлі қайшылықтарды ақылға жеңдіреді. Парасаттылық – ақылдың жеңісі «Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық ақыл–парасатты жоғары бағалайды.
Парасатты адам басқа адамдарға ілтипаттылық көрсетіп, олардың ақылына ақыл қосады. Кішіпейілділік қасиеттерін сабырмен, салауаттылықпен көрсету парасаттылық белгісі.
Парасатты адам инабатты, кішіпейіл болады. Ол жалмаңдап, жағымпаздамбай, басқаға инабаттылықпен сый-сияпат көрсетеді. Инабаттылық – имандылық белгісі.
«Әдептілік, әдемілік» дейді халық. Сабырлы, салмақты, инабатты адамның әдептілігі оның беделін арттырады. Әдеп – парасаттылықтың алтын арқауы, адами қасиеттің нұры.
Парасатты адам пайымды болады. Ол сезімтал, әрнәрсенің парқын білетін тұлға. Жан-жақты пайымы жоқ адам «парасатты» болмайды.
Парасатты адам айналасындағыларды, мейірім шапағатымен баурап алады. Ол жақсы көргенін өбектемейді, «өзім» деп, «өзгеше» қызмет жасайды.
Мейірім-шапағаты мол парасатты адам жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһаннамға жақсылық жасайды.
«Жақсыдан парасат, жаманнан кесапат», «парасатты мінез, патшадайын бір өзі» деп халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өнеге алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлттық парасаттылық мінезді қабылдаудың тәсілдерін үйретеміз.
Сабырлылық мінез тәлімі
Ақыл тоқтату, шыдамдылық, төзімділік, салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық жеке тұлғаның беделін арттырады.
Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл тоқтатып, жақсылықта тасымайды, жамандықта жасымайды». Сабырсыз, арсыз адам одан соққы көріп, сабыр сақтамаудың сазайын тартады.
Қиындықта, қысылтаяңдыққа шыдамдылық көрсету, сабыр сақтаудың нәтижесі. Қилы заманның қиындықтарына шыдай біліп, сабыр мен ақыл ұстанған адам мақсатына жетеді.
Төзімділік шыдамдылықтан пайда болады. Сабырлы адам «бәріне де төзеді». Аштыққа арымай, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған адам ақылдың айбарымен адамдығын сақтайды.
Жеңілтек болмай, салмақтылық көрсету - жеке тұлғаның жетелік қасиетін көрсетеді. Салмақтылық сабыр сақтаудың салтанатты көрінісі. «Сары алтындай салмақты болу» - адами асыл қасиет.
Сабырлы адам әрбір әрекетті байсалдылықпен бастайды. Байсалды басталған іс баянды болады. Байыптылық пен байсалдылық іс-әрекеттің өнімділігіне себепші болады. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дейді қазақ. Байсалдының күші басым болады.
Кемелді адам кешірімді болады. Кешірімді болу үшін, сабыр сақтап, әрнәрсенің байыбына бару керек болады. Кешіргіш адам кек сақтамайды. Кеңес беріп, кешірім жасау сабырлықтың, саналы ұлттың белгісі болып табылады.
«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетерсің мұратқа» деп қазақ халқы ұрпағын сабырлыққа тәрбиелейді. «Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін алтыбақан, ала ауыз», - деп Абай сабырсыз болмауды уағыздайды.
Сабырлылық – байып пен байсалдылық арқылы қалыптасқан өнегелі мінез. Біз жастарға сол мінезден үлгі алу жолдарын үйретеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет