Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының анықталуы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универститет “Шет тілдер:екі шет тілі” факультеті
Aқтөбе 2023
Орындаушы:Усерова Гүлдәурен Қабылдаушы: Бегимбаева Ж.С Топ: 108(2) ЖОСПАР - Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары.
- Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.
- Моңғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы.
- Өзбек және қазақ ұғымдарының арақатынасы.
- Қазақ терминінің әлеуметтік,этникалық мәні мен мазмұны.
- Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.
- Ұлы Орта Кіші жүздерінің пайда болуы.
- Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі.
- Қазақ хандығының құрылуы,оның барысы мен негізгі оқиғалары.
Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ халқының қалыптасуыда өзге де халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды.Оның алғашқы кезеңі сонау арийлер мен турлар заманынан басталған.Себебі,тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып,оның біртіндеп дамуына,тайпалық одаққа,одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі.Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзінде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады.Тайпалардың орналасуы,олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары,олардың орнының ауысуына әкелді.Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |