Аннотация
Ұсынылып отырған ғылыми жобада қазақ халқының киелі қобыз аспабының шығу тарихы, құрылымы, даму белестері оның халық мәдениетінде алатын орны жайында толық мағлұмат берілген.
Аннотация
В данном проекте говорится об истории происхождения кобыза-музыкального инструмента казахского народа, о строении кобыза, о его роли в жизни и культуре казахского народа.
Мақсаты: Қазақ халқының – қобыз аспабының құрылымымен таныстырып, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын қастерлеп, бағалай білуге насихаттау.
Міндеттері:
Қазақ халқының киелі қобызының шығу тарихымен танысу.
Қазақ халқының киелі қобызының Қорқытпен байланысы мен дәстүр өлшем бірліктерін талдау.
Қобыздың құдіреті мен нарқобыздың тағдырын баяндау.
Өзектілігі: Қобыз әлемнің моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, қобыз аспап ғана емес бақсылардың емдеу құралы, қазақ халқында және өзге ұлттарда алатын орнын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Қазақ халқының Қорқытпен байланыстыратын қобыздың алатын орны ерекше. Сондықтан мәдени-мұраның қыры мен сырына үңіліп, қадір-қасиетін айқындау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Ал осы негіз қалаушы құндылықтардан айырылып қалмауымыз үшін ең басты байлығымыз мәдени-мұраларды қорғау.
Жоспар
I. Кіріспе
1. Қазақтың киелі қобызының шығу тарихы.
II. Негізгі бөлім
2.1. Қорқыттың өмірге келуі
2.2. Қорқыт пен қобыз
2.3. Қорқыт туралы зерттеулер
3. Қобыздың құдіреті
3.1. Нарқобыздың тағдары
3.2. Қобыз түрлері
3.3. Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері
III. Қорытынды
I. Кіріспе
Қазақтың киелі қобызының шығу тарихы.
Қобыз VIII ғасырдан, Қорқыт ата заманынан келе жатқан қазақ халқы үшін киелі аспап. «Қарағайдың түбінен қайырып алған, үйеңкінің түбінен үйіріп алған» қобызды қазақтың кие тұтуының өзіндік мәні бар. Бұл қобызды ойлап тапқан мистикалық тұлға – Қорқытпен тікелей байланысты. Қобыз адамның дауысын, қасқырдың ұлуын, аққудың қиқылын, жел мен судың үнін бере алады. Табиғаттың қайталанбас дыбыстарын ағаштан ойылып жасалған қарапайым аспаптың бере алуы, көптеген ғалымдардың таңданысын тудырып отыр. Қобыз ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Аспап ысқысы бар шекті аспаптардың қатарына жатады. Өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытпай, бабалар жолын жалғастыру үшін қажет. Осы мұраны танып меңгеру бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны жас ұрпаққа үйретіп, олардың бойына сіңіру, білікті ұстаз мамандардың міндеті.
Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан – ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.
Ақиқаты аңыздан ажырай қоймаған Қорқыт тұлғасына қатысты сұрақтар қаншалықты көп болса, қобыздың да адамзат баласына беймәлім сырлары жетерлік. Аңыздарда жаңа жасалған аспапта Қорқыт баба күй тарта бастағанда, бүкіл дүние күңіреніп, әлемнің астаң-кестеңі шыққандығы айтылады. Көкте ұшқан құс пен жерде жүгірген аңды да күйінің сиқырлы үнімен арбай алған абыз атаның қасиетті қобызының үні шыққанда, бүкіл даланың топырағын төңкерген дауыл тұрып, аспанды күркіреген қою қара бұлт шалған. Ол өзінің болмысымен, күңіренген күйімен халықты қорқытып қана қоймаған, Сыр суының үстінде күй тартып, елін бақытқа кенелткен дейді. Қобызды қазақтың кие тұтуының сыры, оның осылай пайда болуының ғажайып ертегіге ұқсастығында да жатқан шығар.
Қазақ жұрты қобыздың ерекше үнімен қоса, пішініне де зор мән берген. Қасиетті аспаптың аққу пішіндес сипатында өзіндік ерекшелік бар көрінеді. Академик Әлкей Марғұлан мұның себебін аққу құстың киелілігімен байланыстырған. Ғалым бұл орайда ежелгі қазақтардың аққуды қастерлеп, оның бейнесін өздерінің тотемі еткендігін негізге алады.
Достарыңызбен бөлісу: |