Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный


Ќазаќ халќыныњ ќалыптасуындаѓы қыпшаќтардыњ рӨлі



бет4/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#125162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ќазаќ халќыныњ ќалыптасуындаѓы қыпшаќтардыњ рӨлі

Қ.Қ.Жылқышыбаева - т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., Қазмемқызпи)


М±сылман тарихшылары мен орыс шежірелері барша ¦лы Дала атымен аталѓан ќыпшаќтарды іргелі де к‰шті ру ретінде білген.

Ќазаќ далаларыныњ кейінгі этникалыќ дєуірінде елеулі орын алѓан ењ ірі тайпалар одаѓы жайлы мєліметтер м±сылман деректемелерінде келтірілген.

VІІІ-Х ѓасырларда ќимаќтар мен ќыпшаќтардыњ єуелі Алтайда, Ертіс µњірі мен Шыѓыс Ќазаќстанда басым факторѓа айналады. Ќимаќтар мемлекетініњ ХI ѓасырдыњ бас кезінде к‰йреуі жєне ќыпшаќтардыњ бір бµлігініњ Арал мен Еділ бойына ќарай ойысуы ќимаќтар мен ќыпшаќтардыњ орналасуыныњ жања сатысына негіз болды. Осы ќаралып отырѓан кезењ академик М.Ќозыбаевтыњ пайымдауынша этностардыњ т‰рік тайпаларыныњ ірге бµлу уаќыты болып табылады. Б±л кезењ ќазаќ тарихында оѓыз-ќыпшаќ дєуірі деген атќа ие.

Біздіњ дєуірдіњ Х ѓасырында Еуразия кењістігін мекендейтін славяндардыњ, роман-германдыќтардыњ, т‰ріктердіњ таѓы басќалардыњ ќ±рамында этностардыњ бµліну процесі басталады. Сµйтіп Батыста орыс халќы пайда болады. Осы мезгілде ¦лы далада ќыпшаќ халќы да ќалыптасты.

Бізге Л.Н.Гумилевтіњ ХІ ѓасырда т‰ріктердіњ ірі этнос ретінде тарих сахнасынан шыѓып ќалѓандыѓы жµніндегі т±жырымдамасы мєлім. Дєл осы т±ста олардыњ орнын ќыпшаќтар басады. Б±л турасында Мєшћ‰р Ж‰сіп Кµпеев /1/ µзініњ шежіресінде былай деп жазады: “Батыста – Сырдария, Шыѓыста – Ертіс, Оњт‰стікте - Жетісу, Солт‰стікте–Еділ. Осынау тµрт µзенніњ аралыѓындаѓы кењістікте ќыпшаќтардыњ 92 руы орын тепкен Дешті-Ќыпшаќ деп аталады”. Ќыпшаќтар тарих сахнасынан “т‰рік” ќ±рама этнонимін тайдырып, енді µздері µзге т‰рік тайпаларына µзек болѓан ірі этносќа айналды.

Атаќты парсы аќыны, саяхатшы ћєм уаѓыздаушы Насыри Хосроу 1045 жылы Алтай мен Еділ арасындаѓы ±лан-ѓайыр жерді алѓаш рет “Дешті-Ќыпшаќ” - “ќыпшаќтар даласы” деп атады жєне б±л атау кейін, ѓасырларѓа кетті. Б±дан соњ жарты ѓасыр µтті, орыс жылнамалары Ќара тењіз мањайындаѓы далаларды половецтер даласы деп атады. Ал ХІV ѓасырдыњ басында парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини б±рындары Хазар даласы делініп келген Еділ-Дон далалыќ алќабтары кµптен бері Ќыпшаќтар даласы деп аталып келе жатќанына т‰сінік берді.

Ќыпшаќтар ХІІ ѓасырда б‰кіл араб, парсы, славян, роман-герман єлемін тітіренткен ќаћарлы к‰шке айналады.

Жања далалыќ тайпалардыњ кµшіп-ќону д‰бірі Русьтіњ шекараларына да жетеді. Біраќ б±л жања мекендерде “ќыпшаќ” деген этносаяси термин сіњген жоќ, Русьте “сары” деген сµз славяншаѓа аударѓанда “желтый”, “половый” болып µзгерді. Сµйтіп жања келгендерге “половцы” деген ат ќойылды, ал дала “Половецтер µлкесі” деп атала бастады. Кейін олар Еділ, Дон, Днепр жєне Днестр µзендеріне дейін жетті.

1071жылы ќыпшаќтар Кіші Азияѓа жетіп Анатоли ќаласын жаулап алды, сµйтіп Османдыќ т‰ріктердіњ негізін ќалады. Кейінгі 30 жылдыњ ‰рдісінде ќыпшаќтар Карпат, Балќан тауларына дейін жетті, Дунайдыњ жаѓалауына шыќты. Дунайѓа ќарай µткендерді венгерлер, кундар деп атады, сондай-аќ ќыпшаќтар коман деген атпен де мєлім болды.

Бір ќызыѓы, ќазір Венгрияда ширек миллионѓа жуыќ ќыпшаќ мадьярлар т±рады. Аса ірі зерттеушілердіњ бірі Иштван Ќоњыр Мендекенніњ пайымдауынша олар ќилы єлеуметтік-саяси жєне тарихи себептерге орай Ертістіњ ортањѓы т±сынан, Аралдыњ мањайынан ІХ-ХІІІ ѓасырларда солай ќарай ойысќан. Єуелі Шыњѓысханныњ, кейіннен Батудыњ шапќыншылыѓы кезінде бір бµлігі Ќодан ханныњ бастауымен Венгрияѓа ќоныс аударѓаны аныќ.

Ќазір мадьярлар (венгрлік ќыпшаќтар) екі аймаќта т±рып жатыр. Шыѓыстаѓылар µздерін ¦лы ќыпшаќтар, ал батыстаѓылар – Кіші ќыпшаќтар деп атайды. Алѓашќылардыњ ќ±рамына ±лас, тоќсаба, жалайыр, керейіт, найман, баянд‰р, пешене, ќоњыр±лылар кіреді (Иштван Ќоњырдыњ фамилиясы да ќоњыр±лынан шыѓады, ол µзін ±лы ќыпшаќтардыњ ±рпаќтарына телиді). Кіші ќыпшаќтардыњ ќатарына шортан, тµртуыл, тазы, жыланшыќ, б±рыш±лы, ќуыр жєне басќа рулар жатады.

Осы ѓалым- “ќыпшаќ”деген сµз жалѓыз рудыњ аты емес, ертеде Дешті-Ќыпшаќ мемлекетініњ ќол астына енген халыќтардыњ жиынтыќ аты дегенді айтады. ¦лы аќын Маѓжан Ж±мабаев µзініњ “Жалын” деген шыѓармасында ѓ±ндардан соњ Еуропаныњ Алып жєне Балќан тауларына біздіњ ата-бабаларымыз жеткен деп жазады.

Махмуд Ќашѓари дєлелдегендей осы тайпалар одаѓы тамаша таза т‰рік тілінде сµйлеген /2/. Сµйтіп б±л тіл Ќыпшаќ одаѓына енген барлыќ т‰рік тайпаларына ортаќ тілге айналѓан. Єдебиетте ќыпшаќтар болашаќ ќазаќ халќыныњ µзегі болѓан деген т±жырымдаулар кездеседі. Біраќ академик М.Ќозыбаев б±л т‰сінік жеткілікті терењ емес деп есептейді. Ол ХІ-ХІІ ѓ.ѓ. ќыпшаќ халќы ќ±рылып бітті деген пікір айтады. Осы автордыњ пайымдауынша б±ѓан халыќтыњ бірегей аймаќќа орналасуы, т‰рік тайпаларыныњ ќатар дамуы, ортаќ тілі, кµшпенді, жартылай кµшпенді ѓ±рпы, бірегей мєдени -єлеуметтік ортасы, єскери демократиясы болуы, єскери ќимылдарды бірге ж‰ргізуі єсер еткен.

Ќазаќ халќыныњ ќалыптасуы кездейсоќ єрі бір уаќыттаѓы оқиға емес. Ќазаќ халќыныњ ќалыптасуына єсер еткен этникалыќ процестердіњ т‰пкі тамырлары ерте заманда жєне орта ѓасырларѓа ќарай кетеді. Ќазаќстан аумағындаѓы мемлекеттіњ туындау дєуіріне терењдеп барады. Ќазаќстан орта ѓасырлардаѓы халќыныњ-т‰ріктердіњ, т‰ргештердіњ, ќарл±ќтардыњ, оѓыздардыњ, ќарахандардыњ, ќараќытайлардыњ ќыпшаќтарѓа, наймандарѓа, керейлерге, ‰йсіндерге жєне басќаларѓа дейінгі генетикалыќ байланыстары болѓаны дау туѓызбаса керек.

Тарихи деректерге с‰йенсек, “ќыпшаќ” жєне “ќазаќ” деген ±ѓымдардыњ ќатар шыќќанын байќаймыз. Кейбір авторлар осылай болжам жасайды. Сµйтсе де ќазаќ халќыныњ шыѓу проблемасы єлі де болса жеткілікті т‰рде зерттелген жоќ. Ќазаќстанныњ ауќымды алќабындаѓы этногенетикалыќ процестердіњ кµптеген ќырлары аныќ емес. Ѓылымда “ќазаќ” деген этнонимніњ табиѓаты жµнінде єрќилы болжамдар бар. Ќазаќ халќыныњ ќалай ќалыптасќаны жµнінде єрт‰рлі т‰сініктемелер єліде орын теуіп келеді.

Алайда, ќыпшаќ халќы ќалыптасуыныњ соњѓы кезењін моњѓол шапќыншылыѓы ‰зіп жіберді. Этнос ретінде ќыпшаќтар ќазаќтардыњ этногенезінде елеулі рµл атќарды. “Ќазаќ” сµзініњ µзі ќыпшаќтар мекендеген аймаќта пайда болѓан деуге барлыќ негіздер бар. “Қазаќ” терминініњ алѓаш рет таралѓан аймаѓы Шыѓыс Дешті Ќыпшаќпен, басќаша айтќанда, ќазіргі Ќазаќстан аумаѓымен байланысты болды. “Ќазаќ” сµзініњ осы фонетикалыќ ќ±рамында пайда болуын А.Н. Самайлович шамамен ХІ ѓасырѓа жатќызды /3/.

Ќазаќ этнонимініњ пайда болуы кераѓар келіп жататын толып жатќан пікірлерін ќамтитындыѓын атап µткен жµн. Алайда б±л аса мањызды єрі кµкейтесті проблемаѓа єзірше келісімді жауап айтылѓан жоќ. Методологиялыќ т±рѓыдан алѓанда, ќазаќ халќыныњ тарихы мен ќ±рылу уаќытын деректемелердегі ќазаќ этнонимініњ пайда болуынан єдістемелік т±рѓыдан ажырата білу керек. Ќазаќ терминініњ еш к‰мєн келтірмейтін бірінші рет айтылуына келер болсаќ, ол 1245 жылы Мысырдыњ мамлюк мемлекетініњ ќыпшаќ ортасында ќ±растырылѓан кµне ќыпшаќ шыѓармасында (т‰рік-араб сµздігінде) айтылады. Онда “ќазаќ” сµзіне “еркін, кезбе” деген мєн беріледі /4/.

Ќазаќ ±ѓымыныњ пайда болуы ХІІІ ѓасырдан гµрі ертерек уаќытта ќатысты депте санау д±рыс болар еді, алайда хронологияны аныќтайтын ешќандай тікелей деректер єзірше табылѓан жоќ.

Ќазаќтану институтыныњ ќалыптасуы мен уаќыты жµнінде Х ѓасырдаѓы араб географы Ибн -Єл-Факихтіњ шыѓармасында, оѓыз ханзадасы Балќиќ Ибн Жабѓудыњ єњгімесіне байланысты сюжетте µте ќызыќты мєліметтер айтылады, оныњ мазм±ны мынадай: “Меніњ бабаларымныњ біреуі,- дейді Балќиќ, -сол кезде патша болѓан єкесіне ашуланып, одан бµлініп кетті.Ол µзіне келгендерді, жасаќшыларды, ќараќшылыќ (салук) жасауды ±нататын басќа адамдарды серік етіп тањдап алады”/5/. Ќазаќќа айналудыњ б±л классикалыќ сипаттамасы, тегінде, Сырдарияныњ тµменгі аѓысын жайлаѓан оѓыз билеушілері жабѓудыњ тарихымен байланысты болса керек,ал оныњ тарихи тамыры, жанама кµрсеткіштеріне ќараѓанда, ІХ ѓасырда жатыр деп айќын аныќталады. Ибн -Єл-Факих ќазаќќа айналудыњ арабша “салук” терминініњ оѓызша баламасын келтірмейді. Оныњ єрекетініњ аты-“салук” бєдєуилер арасында тайпада µзәне орын таба алмаѓан, сондыќтан топ ќ±рып алып, ќараќшылыќ жасау жолымен баќыт іздеп кеткен кедей болса да, алѓыр адамдарды білдірген. Алайда терминологиялыќ жаѓынан ерекше болѓанымен, ќазаќќа айналу институтыныњ мазм±ны єр-т‰рлі (оѓыз жєне араб ), бірақ біртектес кµшпелі екі ќоѓамда сєйкес келетіндігі айќын ањѓарылады.

Ќай жаѓынан алып ќараѓанда да, Ибн -Єл-Фахих арабтыњ “салук” сµзін “ќазаќ” терминініњ орнына ќолданѓан деп зор сеніммен айтуѓа болады.Тµменде кµрсетілгендей, оѓыз - т‰ркімен ќоѓамында ІХ-Х ѓасырларда орын алѓан “ќазаќ” ±ѓымы ќыпшаќтар ортасына сіњісіп кеткен. М±ндай алѓы шарт оѓыздар мен ќыпшаќтардыњ кейіннен генетикалыќ, тілдік, єлеуметтік жєне шаруашылыќ-мєдени жаќындыѓыныњ ќалыптасуына жеткізген сан ѓасырлыќ аса тыѓыз этникалыќ-саяси жєне этникалыќ-мєдени байланыстардыњ обьективті фактісінен ѓана туындамайды, сонымен бірге жазбаша деректемелердіњ ќосымша материалдарына да негізделді. Мєселен, ХІІІ ѓасырдаѓы Хорасан т‰ркімендерініњ арасында антропоним ќ±рамында “ќазаќ” термині атап µтілген.

“Данишиде-и-Манкул-у Манкул” кітапханасындаѓы бір ќолжазбаныњ колофонынында аныќ ќолтањбамен былай деп жазылѓан: “Б±л ќолжазбаны алѓан Білєл бин Жабрами бин М±хаммед Єли –ат Т‰ркмени Єл-Ќазаќи, хиджраныњ 660 жылы” 117, яѓни 1262 жыл. Б±л адамныњ жеке атындаѓы “Єл-Ќазаќи” деген сµзді, сірє, ќай этникалыќ ортаѓа жататындыѓын кµрсететін басќа хисбамен ќосаќты алынѓан нисба ретінде ќабылдау керек болар. Єл-Ќазаќи терминініњ т‰рікмен этнонимімен ќосаќталуы Мысырдыњ ќыпшаќ-араб сµздігінде “ќазаќ”терминіне єлеуметтік маѓына берілгені сияќты, б±л ±ѓымда єлеуметтік мєн болѓан жоќ, ќайта этникалыќ ерекшелік болды деуге жеткілікті негіз береді. ¤з есімінде этникалыќ белгілерді кµрсететін екі нисбаны (ат-Т‰ркімени жєне єл-Ќазаќи) ќосарластыра келтіру єлдебір ерекше жєне сирек кездесетін нєрсе емес. Сол кездегі жазбаша ењбектерде бір есімде єр т‰рлі екі этнонимніњ жазылу мысалдары бар, мысалы, Сайф ау-Дин Канкар ат-Турки.

Ќарастырылып отырѓан Білєл бин Жабырайыл бен М±хаммед єли ат-Т‰-рікмени єл-Ќазаќи деген жеке адамныњ есімімен Дешті Шыѓыс Ќыпшаќтан шыќќан, Хорасан т‰ркімендерініњ ќоѓамындаѓы ќыпшаќ ќазаќтары µкілініњ ањѓарылатыны к‰мєнсіз. Бір ѓажабы т‰рікмен – оѓыз ортасына єл-Ќазаќи т‰ріндегі терминініњ фонотикалыќ ќ±рылысыс тєн емес, керісінше, олар ‰шін “єл-Ќазаќи” деп жазылѓан термин зањды, яѓни оларѓа тєн фонетикалыќ нормаларѓа сєйкес “єл-Ќазаќи” сµзініњ ‰шінші буынындаѓы “ќ” єріпі “х” дыбысымен алмастырылады. Рашид ад-Дин Рап и Рашидидіњ Хорезм-Хорасаннан хат алысуына жататын “Ванф-наме”деген жазбаша ќ±жатында этникалыќ сипатта екені к‰мєн туѓызбайтын “ќазахлу” “ќазахлар” деген атаулардыњ кездесуіне ќараѓанда, Хорасан аймаѓында ќазаќтар айтарлыќтай топ болѓан.

Баяндалѓан материал ХІ-ХІІ ѓасырларда Дешті Шыѓыс Ќыпшаќ ќыпшаќтарыныњ ќоѓамында “ќазаќ” деп аталатын этникалыќ-єлеуметтік топтардыњ болѓаны туралы ќорытынды жасауѓа м‰мкіндік береді.Алайда, б±л айтылѓандардан ќазаќ халќы монѓолдардан б±рынѓы уаќытта ќалыптасќан деген т±жырым туындамайды. ХІ-ХІІІ ѓасырдыњ басында далалыќ µњірде де, егіншілік алќаптар да мекендеген жєне бірнеше шаруашылыќ- мєдени ‰лгілер шењберінде олардыњ ќоѓамы тіршілігініњ т±тас жєне бірыњѓай ж‰йесін ќ±рѓан ќыпшаќ тайпаларыныњ топтасуы ќазаќ халќыныњ ќалыптасуында аса мањызды кезењ болды. Этникалыќ ‰рдістердіњ дамуы негізінде ХІ-ХІІ ѓасырларда Ќыпшаќ хандыѓында ќазаќ халќыныњ этникалыќ ±йытќысы ќалыптасады.

Осы к‰ні µмір с‰ріп отырѓан бірсыпыра т‰ркі халыќтарыныњ µз алдына іргелі ел болып, ордалы Отан ќ±рып ќалыптасу тарихында кµне ќыпшаќ рулары мен тайпаларыныњ,±лыстары мен ±рпаќтарыныњ µзіндік ‰лесі µте зор болѓан.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Б.Кµмеков. Ќыпшаќ хандыѓы “Ќазаќ тарихы” 1993. №1

  2. М.Ќашќари Диуани л±ѓат ат-т‰рік. Ташкент 1960. 444 б.

  3. Смаилович А.Н. О слове “казах” //сб. казаки Антропологические очерки Алматы, 1927.13с.

  4. Ќыпшаќ сµздігі “Кодекс-Куманикус”. Ертедегі ќазаќ єдебиеті хрестоматиясы. Алматы. 1967.

  5. Ибн ал-Факих китаб ахбар ал-булдан. Фотокопия Мешхедской рукописи. И в РАН, ф.в.202.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының ролі нақтылы көрсетілген. «Қазақ» этнонимінің шығу тарихына байланысты деректерге тоқталған.

РЕЗЮМЕ


В статье показана роль кипчакских племен в становлении казахского народа. Автор так же приводит сведения об истории возникновения этнонима “казах”
КҮН БАТЫСТАН ТАРТЫЛҒАН ТЕМІР ҚОРШАУ ТАРИХЫ.

(ХVІ-ХVІІІ ғғ).

Мырзатаева З.Б. – т.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)


«Мылтығын орыс қытай, қалмақ сатты,

Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты,

Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,

Орыстар қамалдарын салып жатты»

Қожаберген жырау.

Патшалықтың темір құрсауымен қоршалған қазақ даласы казактық әскерилермен сонау ан алтыншы ғасырлардан бастап-ақ, қанды қақтығыста болды. Мақалада алға қойылған мақсат - Қазақстанның батыс аймағынан отаршылдар төндірген қауіп қатерлердің алғашқы шапқыншылық жорықтарын, жыртқыштық озбырлығын, даланы әскери қамалдармен қоршауға алуы жайында баяндау. Ол – Гурьевтен басталып Жайықты жағалай Оралға, содан соң түрлі тармақтарға бөліне келе Звериноголовск бекінісімен шектескен әскери сызықтардың құрылу тарихы болып табылады. Отаршылдар бізге дейін ең алдымен Астрахань, Уфаны алды, содан кейін Жайыққа беттеді. Осыдан соң орыс патшалары ХVІІІ ғасырдың басынан бастап Жайықты, Орь өзені мен Омь өзені аралығын тізбектеп қосатын әскери бекіністер орнатты. Бекіністер екі жақ тұстан (Жайық, Ертіс) түрлі тарихи жағдайлардың барысында бір мезгілде бой көтерді. Ертіс бойында жергілікті байлыққа қызыққан отаршылдар көбінесе өздерінің ішкі күштеріне сүйеніп орныққан болса, Орынбор өлкесі жағындағы бекіністер хан Әбілқайырдың көмегінің салдарынан тұрғызылды.

Патшалық отаршылдық кезең зерттеушілерінің бірі, профессор С.Қ.Жақыпбек ғылыми мақалаласында /1/ дәйектемелік жүйемен түркі халықтарына зор қауіп төндірген қаһарлы III Иван тұсындағы озбырлықтарды әшкерелеп, Ресей агрессиясының сол кездің өзінде қалай басталып, шығысқа қарай кең жайылғанын түрлі, құнды мәліметтерге сүйеніп баяндаған еді. Автор Карамзин Н.М., Потанин Г. т.б. еңбектерінде кездесетін деректер негізімен орыс патшалығының айдап-салуымен түркі халықтарын асқан қатыгездікпен қыспаққа алып, діни тұрғыдан қатты өштесіп, тіпті көмулі жатқан өліктерге дейін тонаған казак содырларының жыртқыштық әрекеттерін жан-жақты көрсеткен.

Осындай қарқынды күшпен басталған жаугершілік әрекеттер ІV Иван, Борис Годунов, М.Федорович тұсында да әрі қарай жалғасын тапты. Славян халқының баса-көктеушілігіне сол тұстағы қонсылас отырған қазақ хандары діндес бауырларына қол ұшын беріп, өз жерлеріне төніп келе жатқан қатерден сақтауға бар күшін жұмсаған. Батыс аймақтан хабар алып тұрған Сібір ханзадалары 1574 жылы Уфа қаласы салынып жатқанда Абылай Тәуекелдермен бірігіп сұрапыл қырғын шайқас жүргізді. Сол соғыста ерліктің ерекше көріністерін танытты /2/. Әсіресе, 1575ж. бұл ханзадалар Уфадан 15 шақырым жердегі Сібір жолындағы он күн бойы жүргізген шайқасы тарихта елеулі орын алады. Осы шайқас соңында олар жеңіліске ұшырап тұтқынға түскен/3/.

Қазақ хандарынан басқа түркі халқының ел басшылары Мәскеудегі бұл әділетсіздіктерге батыл қарсылық білдіре алды. Мысалы, Бақшасарай мен Ыстамбұлдағылар Ноғай және Қырым хандарына оларға орыстардың жасаған қысымын айтып, діндес бауырларына былай деп хат жазған:

«1.Орыстар егістік пен бүкіл өзенімізді алды; 2. Дон өзенін тартып алды;3.Азовтағы бүкіл еркіндігімізді шектеді; 4.Оның казактары алым-салықтар жинайды;5. Қырым ханына қатты қысымшылық көрсетуде; 6.Орыс-казактары Астраханьды алды; 7.Волганың екі жағы да жауланып алынды; 8. Енді міне, Қазанды алып жатыр. Қазан біздің мұсылмандардың рухани ошағымыз емес пе?! Біз барлық мұсылмандар бірігейік, орыс патшасынан қорғанайық!» /4/. Хат мазмұны отарлық қыспақтың бүкіл түркі елдерінің діңкесін құртып, ашу-ызасын тудырғанын анық байқатады. Бұл туралы пікірді бекіте түсетін бір еңбекте былайша баяндалады: «Орыстарға түрік сұлтандары қаһарлы ашу ызасын жасырмайды, Қырым ханы солтүстіктен аса қорқынышпен қараса, Персия мен Кавказ халқы үрейленумен болды, ал қасиетті Бұқар мен Хиуа православиелік христиандарға қатты ашулы еді. Сондықтан Мәскеу бұл ордалардың қақ ортасынан аяққа тік тұру үшін мықты бекініс-қамал тұрғызып тұрақты әскери күш ұстау керек екенін білді» /4/. Осылайша «ағаш зеңбіректерін сүйретіп, сүйекпен, таспен атқылаған, жүзі өткір қылышпен қаруланған орыс-казак әскері үздіксіз шығысқа жылжи отырып 1620ж Гурьев, 1622 ж.Жайық қаласын тұрғызды /5/. Сөйтіп, Жайық өзенінің жағалауынан тартылған алғашқы әскери сызықтар, яғни Гурьевтен Оралға дейінгі аралықта түрлі редут, форпост, айналасына ор қазылып бекінген бекіністер және тағы басқа түрлі типтегі әскери қамал құрылыстары салына бастады. Мәселен, сондай бекініс қамалдың біреуі - Жайық қаласының құрылысы төмендегідей еді. Ол орыс-казактық слобода типінде, яғни: ретрашемент (вал со рвом) және редант (двойной плетень обмазанный глиной) етіп тұрғызылды. Қала әскери стратегиялық тұрғыдан мықтап бекінді. Қала үш бұрышты түрде салынып, оның бір жағынан ор қазып қорғану тәсілі қолданылды. Қазылған әр жертөледе зеңбіректер тізбектеле орналастырылды. Ал екі қабырғасы қаланың Жайық және Шаған өзендерімен шектесіп, биік жағалау арқылы қорғанды /6/. Ал кейіннен Жайық бойынан жоғары қарай тұрғызылған бекіністер осыған ұқсас әскери қойма түрінде бірінен соң бірі бой көтерді. Міне, сөйтіп, қазақтың ен даласында суық қарулы шет ел жаулаушылары қона бастады. Осылайша қаулап келе жатқан орыстар әскерилеріне тосқауыл қоюдың орнына ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде Әбілқайыр хан оларға үлкен көмек көрсетті. Осы тұста, яғни Орынбор бекінісінің салынуы жөнінде баяндағанда Кіші жүз ханы Әбілқайыр қызметіне тоқталмай өту еш мүмкін емес. Өйткені тарих тылсымында белгілі орын алатын Әбілқайырдың «өз еркімен қабылдаған бодандық» шаралары бүгінгі күні тарихшылардың ойларын шатастырып, түрлі қайшы көзқарасты дүниеге әкелді. Расында тарихтағы қателіктерге әділ сын айтып шындыққа әділ бас ию тарихшыға жүктелетін игі іс. (қараңыз М Блок /7/, Карамзин /8/ т.б.).

Сонау ХV ғасырда Асан Қайғы өлеңдері Батыстан төнетін қауіпті баяндайды. «Елім-ай» атты қайғылы, зарлы өлеңнің авторы - Қожаберген, хан Абылайдың ақылгөй данышпан кеңесшісі - Бұқар жырау өлеңдерінде Батыстан - Ресейден жақсылық емес жаугершіліктің төніп келетіні баса көрсетіледі. Қараңызшы: 1.Асан Қайғы: «Ұлың, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда нетер?...» /1/. 2.Қожаберген жырау: «Мылтығын орыс қытай, қалмақ сатты, Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты, Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, Орыстар қамалдарын салып жатты». 3.Бұқар жырау: «Қарашы ойда жатқан орысты, Дін мұсылман жұртынан, Шіркін алған екен қонысты!, Аяғыңнан шалысты, Күндердің күнінде , Басыңа салып жүрмесін зор істі!.»; «Күн батыстан бір дұспан, Ақырда шығар сол тұстан, Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты поп, Күн шығысқа қарайды…» /9/. Алысты көре білген, киелі данышпан аталар үні болашақ ел басшыларына өнеге болуы тиіс еді. Сондықтан Әбілқайырдың бұл шешімі кейінгі халық өміріне жасаған ауыр қылмыс, әрі дөрекі қателік болды десек қателеспейміз. Өкінішке орай соған қарамастан хан Әбілқайыр елден билік үшін күрескен Кіші жүз атынан аз ғана өзінің айналасына жиналған ат төбеліндей өзі сияқты сатқындармен /10.10 1731ж. бес адам, 10.10 1732 ж 54 адам сүйеніп/, бодандыққа берілді. Тарихтың қазақ үшін қаралы жылдары болып басталатын 1731 жыл оқиғасы - жеке мәселе. Ол терең зерттеуді, сөйтіп оған кешенді пікір қалыптастыруды аса қажет ететін проблема. Біз бұл тұста хан Әбілқайырдың орыс бекіністерінің салынуына көмек көрсеткенін айту және оған сыни тұрғыдан бағасын беру болып отыр.

Сөйтіп, 1734 жылы Әбілхайыр хан, ұлы - Ералы арқылы орыс патшасынан Орь мен Орал қиылысында бекініс тұрғызуды сұранады. Егер орыс патшасы бекініс тұрғызатын болса, мынадай шарттарды орындайтынын айтып уәде береді: «1. Орыс шекараларын қазақтар шапқыншылығынан қорғау; 2. Бұл жерден өтетін орыс керуендерін қорғау; 3. Өз қол астынан орыстарға башқұрттар мен қалмақтар қақтығысы болған жағдайда әскер беріп, оларды талқандауға қатысу; 4. Бағалы аң терілерімен салық төлеп тұру» /10/. Онсыз да дендеп еніп келе жатқан Ресейдің отаршылдық дертіне Әбілқайыр ханның осылайша дем беруі, сөйтіп оны күшейте түсуі орны толмас қателік болды. Әбілқайырмен сыбайлас болған Тевкелев (ол да -Ресейге сатылған татардың белгілі мырзасы) қазақ жерінде жүргенде бүкіл арам пиғылдарын ішінде сақтады. Ол өзінің күнделік жазбасында патша нұсқауымен қызмет еткенін, келешекте мұнда бекініс қамал тұрғызуды көздейтінін, және оның қазақтар үшін құрылатын тұзақ (қақпан) болатындығын ашық жазған еді. Тағы айтатын мәселе, ол жақсы мен жаманның арасын ажырата алмаған қазақтың надан басшыларын бірде қорқытып, бірде алдап, ақырында ақшалай, заттай силық таратып, осы іс сапарында сыртқы істер министрлігінен небәрі 2900 рубль ғана шығын болып, оны дұрыс орындап шыққанын масаттана баяндайды /11 /.Қазақ дәстүрінде еліне сатқындық жасағандарды аямай жазалау тәсілі қолданылған. Яғни Отанын, елін, дінін сатқандар сондай-ақ, дұшпандарға көмектескендер ат құйрығына байланып азаппен өлтірілетін болған /12/. Ал қазақ жұрты Әбілқайырдың саяси қызметінен сатқындықтың нышанын жазбай таныды. Академик М.Қозыбаевтың ғылыми мақаласынан кездестірген мына жолдар оған дәлел бола алады. Онда былай делінген: «Ханға қарсы жақ Әбілқайыр хан мен ханшаны ат құйрығына байлап, далаға сүйретпек болған» /13/.



Әбілхайыр хан армандаған бекініс құрылысы 1733 жылдан мықтап тұрып қолға алына бастады. Сол жылы құпия кеңесші И.Кириллов бастаған топпен, Орынбор бекінісінің жобасы жасалды. Сөйтіп қазақ даласына арналған орыс оккупациялық Орынбор экспедициясы құрылды. Кириллов бастаған әскери оккупациялық экспедиция Орь бекінісінен бастап жоғарғы Оралға дейін, сосын бұл жерден Есет провинциясынан Челябинскіге дейін және жоғарғы Оралдан Уйскі бекінісіне дейін тартылған әскери сызықты құрды. Әскери сызықтағы бекіністерге толтырылған баукеспе тонаушы, бойына қанқұмарлық пен жауыздықты жинаған орыс-казактары қазақ мекендерінің тыныштығын бұза бастады. Қонсылас қонған дұшпандар қазақтардың бұрынғы мамыражай өмірін, енді ылғи қорқып-үрейленіп отыратын жағдайға түсірді. Күн сайын ауыл арасынан мал ұрланып, мыңдаған (үш мың қазақты қырып кеткен) кісі өлетін болды /14/. Тіпті тұтас ауылдардың күлі көкке ұшты, қиратылды. Дүние-мүлік қарақшылықпен тоналды, алып кетуге шамасы жетпеген жағдайларда барлық зат түгелімен отқа өртелінді /14/. Құрметті оқырман, бәрінен сұмдығы - мұндай қоқан-лоққы орыс-казактарынаң күнделікті ісіне, әдетіне айналды! Қарақшылар мұндай істерді жыртқыштықпен орындады. Бұл деректерді казактардың фольклорлық шығармаларынан кездескен мына өлең шумақтары анық көрсетеді: «Завтра солнце в восход, Собирайтесь в поход, У степных дикарей жечь аулы…Теперь своими казаками , В толпу он врезался киргиз, Его как зверя окружили, Отсекли головку в прочь, И жизни тут лишили…»/15/. Өлең шумақтарынан көрініп тұрғандай кезінде Ресейдің әртүрлі өлкелерінен жиналған маскүнем бұзық орыс-казактары қазақтарды адам қатарында көргісі келмеді. Шарасыз дәрменсіз қалған жергілікті халық өмірі тұзаққа байлаулы қалды. Шекара әкімшілігінде отарлық басқару ісі орын алды. Ол елді қиратуды, жазалауды заңдастырып мұны орындауды аталған шабармандар үлесіне берді. Әйтсе де елағалары азаттық жолында ешқашан кері шегінген емес. Көптеген тарихи - әдебиеттерде суреттелетіндей қазақ батырлары қанша айтсақ та күш тең емес қантөгіс шайқастарда қорқу дегенді білмеген, керісінше, «жау қайда?» деп оны іздеп қуып жүріп өлтірген. Сондай кезекті ұрыстардың бірі архив деректерінде 1724 жылы 18 қазан мерзімінен басталып баяндалады. Жайық бойындағы орыс бекіністеріне 3000 қарулы сарбаз еніп орыс-казак әскерилерін қиратып, тоналған мал-мүліктерін айдап алып кеткен /16/. Осындай тартыстар қақтығыстар әр жерлерде жиі болып тұрды. Бір сөзбен айтқанда бекіністермен белдеуленген қазақ даласы тыныш өмір сүруден қалды. 1736 жылы Орынбор үздіксіз Корпус атауымен Орынбор әскерінің негізі қаланды. Бұл Корпусты толтыру үшін Сібірден 2 мың казак әкеліну және бекініске қашқын солдаттар, түрлі жер аударылған қылмыстыларды казак тобына енгізіп орналастыру туралы жарлық шықты /17/. Жаңа бекіністер: Самара, Верхнеозерная, Озерный, Орал бойында, Чернореченск тағы басқа көптегн бекіністер тұрғызылды. 1743 жылы Орынбор казак әскері патша жарлығымен бекітіліп, 1744 жылы оның алғашқы атаманы Матвей Шилов тағайындалды. Сол жылы Орынбор өлкесінің басшылығына Жайық казак әскері бағындырылды. Сөйтіп, 1780 шақырымды құрайтын Гурьевтен Тобыл губерниясына дейінгі аймақ Орынбор әскери шекара сызығы құрылды. Міне осылайша өте тез арада, «бодандық» келісім шарттан кейін небәрі он жыл ішінде Орынбор өлкесі жағынан орыс әскері мықтап тұрып орын тепті. Орынбор патшалықтың нағыз орталық стратегиялық базасына айналды. Әскерилерге толтырылған қалың қоймасына айналды. Орынбордан батысқа қарай Сакмар сызығындағы бекіністер шоғырландырылса, оңтүстікке қарай Төменгі Жайық, солтүстікке қарай Сакмар және Жоғарғы Жайықтың Орскі дистанциясы, шығысқа - Батыс Сібірмен қосатын Уйскі және Жоғарғы Яицкі сызығындағы Красногорская дистанциясы тарады.

Төменгі Жайық сызығы, Орынбордан 18 шақырым қашықтықтағы Чернолуцк бекінісінен басталып Каспий теңізіне дейін 700 шақырым созылды. Гурьев, Кулагин Калмыковск, Елек және Жайық қамалдарынан басқа, онда Чернореченск, Татищев, Нижнеозерный және Рассыпной және 19 казак форпосты болды.

Сакмар сызығы отаршылдардың ізбасары - Неплюев тұсында құрыла бастады. Сакмар қаласы тағы басқа екі бекіністен тұрды. Предтеченский және Воздвиженский, және екі редут: Никитинский және Желтый. Бұл сызық Башкирияның ішкі бекіністерімен жалғастырушы болды.

Жоғарғы - Жайық сызығы 56 шақырымды алып жатқан 9 бекініс және 16 редуттан тұрды. Орынбордан шығысқа бағыттала отырып оңтүстік шығысқа бұрылады. Ол Орск бекінісінен тура сол өзен сияқты солтүстікке қарай бұрылып Жоғарғы-Жайық бекінісіне дейін жетті. Жоғарғы - Жайық сызығындағы бекіністер екі дистанцияға: Красногорск және Орскіге бөлінді.Красногорскіде: Нежинск, Вязов редуты, Красногор қамалы, Гиряп редуты, Озерная қамалы, Никольский редуты, Ильинск редуты, Подгорный редуты, Кр.Губерлинск және Разбойный редуты орналасты. Орск дистанциясына мынадай қамалдар кірді: Орск, р. Калпацкий және Терекпинский, Таналыцкая қамалы, Урдасымская қамалы, Орловсий, Берязовский, Урдасымский, Грязновский редуттары т.б.

Уйская сызығы 573 шақ. созылды. Онда 9 қамал және 9 редут тұрғызылды. Ол Жоғарғы-Жайық қамалынан басталып Звериноголовскімен аяқталады. Бұл жерден 59 шақырымдай аймақтан алғашқы Сібір қамалы Преснегорковская басталады. Бұл әскери сызық, Жоғарғы-Жайық жүйесі секілді 2 дистанцияға бөлінді: жоғарғы Уйск және Төменгі Уйск. Алғашқысында 8 бекініс, Төменгі Уйск дистанциясында 10 бекініс қамал салынды /18/. Атап өтетін жағдай бұл бекініс қамалдардың барлығы Омбы өлкесінің губернаторы құпия кеңесші И.И.Неплюев тұсында орын теуіп ерекше қуатқа ие болды.

Бекініс пункттер күшейген сайын қазақтар қарсылығы да өткірлене түсті. Бұрынғы еркіндігі үшін олар отаршыл дұшпандарының бекіністерін қиратумен болды. Бұл кезде өкінішке орай шеп бойына орналасқан әскери қойманы толық ығыстыру мүмкін емес еді. 1737, 1738 жылдардан бастап Әбілқайыр хан өз қателігін түсінген соң ба, жоқ басқа себептермен бе ол жағы белгісіз әйтеуір өзі де Орал әскери сызығына шабуыл жасап, орыс форпостарын талқандауға қатысты /19/. Сондай-ақ, 100 орыс тұтқынын алған, мал-мүліктерін қайтарып алған Еділ бойындағы қақтығыс кейін 1743 ж. ақпанда болып өтсе, 1760 ж. 200 қазақ Жайық пен Іле бекіністерін тас-талқан етіп қиратты. Ал 1761 жылы 400 ашуға булыққан қазақ сарбаздары Яманьхалық форпостының күлін көкке ұшырды. Тарихи деректерді саралай отырсақ орыс бекіністері қаншалықты күшейтілсе де қазақ сарбаздарының ұйымдасуы да солғұрлым салмақты бола түскен. Мәселен, 1770 жылы Степной редутына шабуыл жасаған қазақтар саны 1000-ға жеткен /20/.

Шекара бойындағы орналасқан орыстық басқарманың органдары өз билік институтын қалыптастыруда барлық амал тәсілдерін қолданды. Португалия, Голландия, Франция, Англия өз отарларында жергілікті халықты бағындыруды жеңілдету үшін, алғашында әскери тірек пункттерді қаптата орнатқан /21/ болса, Ресей де Қазақстанды жаулауда осылайша бекіністер орнатудан бастады. Сосын әскери тұрғыдан бекініп теңсіз айырбас сауда, тонап-талау, жан түршігерлік жазалау тәсілдерін қолданды. Бұл тұрғыда президент Н.Ә.Назарбаевтың қазақтардың І Бүкіләлемдік Құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Патшалық Ресейдің отаршылдығы өзге мемлекеттердің отаршылдық жүйесінен ешқандай кем түскен жоқ» /22/ дегені тегін емес еді.

Біз ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы өлкенің батыс аймағынан тартылған әскери сызықтардың құрылу тарихын баяндадық. Бүкіл Батыс Сібір, Челябіден Орынборға дейін және Есет провинциясына дейінгі қазақ даласы орыстар иелігінде қалды. Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Гурьевтен Орынборға, Орынбордан Омбы бекінісі және одан Өскеменге содан кейін одан әрі ішкері үздіксіз созылып белдеуленген орыстардың әскери сызықтарының қоршауында қалды. Бұл темір қоршау барған сайын тарылып, ХІХ ғасыр ортасына қарай агрессияшыл Ресейдің бүкіл Қазақ жерін басып алуын аяқтады. Осыдан кейін еліміз бен жеріміз 300 жылға созылған Ресейдің тепкісіне түсті, оны езіп қанау, тонау және ең қиыны құқысыздық жайлады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жақыпбек С.Қ. Қазақ елін Ресейдің жаулауы: басталуы, жүруі. //ҚазҰУ хабаршысы. №2 (29). 36-40 б.

  2. Жуковский И. Краткое обозрение достопамятных событий Оренбургского края расположенных хронологический с 1246 до 1832 г. СПб., 1832.

  3. Материалы по историко-статистическому описанию Оренбургского казачьего войска. Вып. 1. СПб., 1904. С. 112.

  4. Бұл да сонда, С. 34.

  5. Бұл да сонда, С. 34.

  6. Паллас А.С. Путешествие по разным провинциям империи. СПб., 1890.

  7. Блок М. Апология истории или ремесло материка. М., 1986. С. 79.

  8. Карамзин Н.М. Предания веков. М., 1987. С. 62.

  9. Бұқар жырау Қалқаман ұлы шығармалары. Алматы, 1992. 32 б.

  10. Мейер Л. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами ген. штаба. Киргизская степь Оренбургского ведомства. СПб., 1865.

  11. Разные бумаги ген-майора Тевкелева об Оренбургском крае и о киргиз-кайсацких ордах. СПб., 1762. С.8.

  12. Кенжеахметов С. Даланың әділет, хұқық және білім заңдары. //Ақиқат. 1998. №10. 70-77 б.

  13. Қозыбаев М. Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? //Ақиқат. 1998. № 7. 21 б.

  14. ҚРОМА. 4 қор, 1 тізбе, 2003 іс, 15 п, 231 п, 233 п.

  15. Зобнин С. Казачьи песни. «ИРГО Семипалатинск Под.отдел. Записки. Вып. 1. 1903. С. 135.

  16. Быт поселенцев Оренбургского края вообще и уральских тогда яицких казахов в частности за 100 лед назад. //Уральские войсковые ведомости. 1876. 20 июня, №24.

  17. ПСЗР, Ст. 1016. 1736.

  18. Прошлое Казахстана в источниках и материалах /Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. 2-е изд. Сб. 2. Алматы: Қазақстан, 1998. С. 34-36.

  19. Крафт И.М. Тургайский областной архив. Описания архивных докоментов 1731 по 1782 гг., относящихся к управлению киргизами. СПб., 1901. С. 14, 7, 11, 12.

  20. Донесения ген-майора Девина генералу Шпрингеру 12 июня 1770 г. 4 сообщение Оренб. Губерн. Рейндорфа 10 августа 1770 г. С. 62.

  21. Всемирная история. Том. 1. Минск, 2002. С. 340, 341, 392, 558, 563.

  22. Казахстанская правда, 1992. 2 октября.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстанның батысында Ресей патшалығының жүргізген әскери-казактық отарлау тарихы баяндалады. Өлкенің шекарасынан айнала орналастырылған әскери-бекініс пункттердің құрылуы мерзімдік құжаттармен дәйектеліп, тарихи деректермен талданады.
РЕЗЮМЕ

В статье всесторонне рассматривается история создания военных линий на Западе Казахстана, также на основе анализа архивных материалов подробно освещается грабительская политика царизма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет