Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады



бет4/4
Дата08.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#122954
1   2   3   4

3.3.3. Конструкция сызбасын салу

Құрастыру сызбасын салу үшін алғашқы берілгенді таңдау негіздеуге құрастыру методикасын таңдау мен негіздеу және құрастыру сызбасын салу үшін алғашқы берілгенді негіздеуден тұрады. Инженерлік құрастыру бұйымның техникалық құрылысын творчестволық жағынан алдын – ала анықтайды. Осы кезеңде шешілетін негізгі міндеттер үлгілердің көлемі форманың жазық детальдарының өлшемдерін кезінде осы форманың қалыптасатынын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге конфигурация мен детальдың өлшемдері бұйымның кез – келген тұсындағы қабаттар саны мен материалдың түрі, топтарымен жалғастырудың құрылымы бұйымның адам денесіне жақсы қонымын пайдалануға ыңғайлылығымен үйлесімін ағзаның қызметіне қолайлы жағдайлардың өндіріс үнемділігін және тағыда басқаларын қамтамасыз етуі тиіс.

Көркем құрастыру болашақ бұйымның көркем бейнелейтін ізденістерге және заттай көрінісін ізденістіруге де байланысты.

3.3.6. Лекал спецификациясы

5 – кесте



Бөлшектердің атауы

Бөлшектер саны

Есептеулер

Лекал бойынша

Пішілгенде

1

2

3

4

Жамылғы










Арқа бойы

1

1

Тұтас пішілген

Алдыңғы бойы

1

1

-

Жейде










Арқа бойы

1

1

Тұтас пішілген

Алдыңғы бойы

1

1

-

Жең

1

2

-

Тік жаға

1

2

-

Шалбар










Алдыңғы бойы

1

2

Тұтас пішілген

Артқы бойы

1

2

-

ІV тарау. Технологиялық бөлім

4.1. Құралдар мен өңдеу тәсілін таңдау

1. Жұмыс орны, құралдар.

Әуелі жұмыс үстелі жөнінде. Матаны пішу үшін үлкен тік бұрышты үстел қажет, үстел жанында тіккен кезде, оның үстінде көйлектің үлкен бөлшектері еркін жататын болу керек.

Үстелден басқа: үтіктейтін үлкен тақта, үтік, бастыратын маталар керек.

Жұмыс басталмас бұрын сіздің үстеліңізде те қажетті заттар, сол жағыңызда — пішу нәрселері, оң жағыңызда — қайшы, сызғыш, бор, жіп, ине, түйреуіш, оймақ, суыртпақтар алып отыратын істік болуы керек. Әрдайым жаныңызда болатын нәрселер: сантиметрлік таспа, кескіштер, негізгі және қосымша бөлшектерді сызуға арналған қағаз, лекало қию үшін орама және сызықтарды тексеруге арналған калька болу қажет.



2. Матаны пішуге әзірлеу.

Көптеген маталар жуылғаннан кейін ұзындығы мен ені аздап шуиды. Сондықтан маталарды пішпес бұрын шуыту жұмыстарын жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл барлық мата үшін міндетті емес. Шуыту кезінде матаның талшықтық құрамы ескеріледі. Үй жағдайындағы апшыту жұмыстары былай жүргізіледі. Жөн маталарды тігіс су бүркегішпен дымқылдайды. Сосын полоткалы дымқыл сүлгіге мата таза кепкенше үтіктейді. Жасанды талшықтарды сулеп сәл ғана сығады да, құрғақ - жаймаға орап, 2-3 сағаттан соң ашып матаны үтіктейді. Матаны пішуге жаяр алдында ұзындығы мен ені түгелдей ескеріледі.



Матаны жаю.

Матаны жаюды екі әдіспен жүргізуге болады.

1. Бүкпесін екіге қайырылған.

2. Ашық түрде.

Бұйымды дайындау шартынан І-ші әдісті қолданады. Бүктеп жаю, яғни мата ұзындығы бүктеп, оң бетін ішкі жағына қарата отырып, ұзына бойына жаю болып есептеледі. Ашық түрде жаю кезінде матаның барлық ұзындығы мен ені түгел ашылып жайылады. Оң беті төмен қаратылады.

3. Үлгілерді орындау

Үлгілерді мата бетіне орындауда суретін, түктерін жіп бағытын ескеру қажет. Суретті матаны пішу күрделі процесс. Егер маталар көзді немесе жолақты болса, онда пішер алдында суретті бір-біріне дұрыс келтіру қажет. Түкті маталардағы үлгілер бір бағытта қойылады. Түк бағыты үлгіге қарама-қарсы қойылса мата көркі артады.



Үлгілерді айналдыра сызу

Үлгілерді үшы үшкірленген бор немесе сабынмен екі сызық арқылы айналдыра сызады. 1-ші сызық үлгілер контурынан алынады да, 2-сі тігістік қосымшаларды қалдырып, үлгілердегі бақылау сызықтарын, бүкпелер сызықтарын келтіріп сызады. Сызықты тігістер иық бүйір, жең және жеңді қолтық ойындысына біріктіруде тігіс ені 1,5-2 см, ал белдемшенің сәнді сызықтары 2-5 см аралықта болады.



4. Матаны пішу

Мата 2-ші контурлі бор сызығымен сызылады. Тез қозғалған жылтыр маталар екі қабатталып бүктелгеннен кейін қозғалысы көп болады. Сондықтан олар әрбір 10 см сайын түйреуішпен бекітіледі. Мата бетіне таңдап алынған фасондағы лекалалар түгелдей орналастырылады. Кейбір маталар болмасын лекалаларды орналастыру барысында мата үнемділігін ескеру қажет. Сонымен бірге лекалалар контурын сызған кезде жоғарыда қабылданған тігістер сақталынуы тиіс. Қырқу процесі кезінде мата жоғары итерілмейтіндей дәрежеде қайшы жүзі қойылады және оны осы процесті сақтай отырып жүргізіледі.



Техникалық қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар

1. Еңбекті қорғау өндірісті ұйымдастыру аса маңызды және қажетті элементі және ол техникалық санитарлық тазалық шаралардан құралады. Бұл шаралар денсаулық және қауіпсіздік жағдайдарын жасауға жәрдемдеседі. Ғылым мен техникалық жаңа жетістіктерін ескере отырып техникалық қауіпсіздіктігімен өндірістік санитариялық ережелерін сақтау керек.

Тігін машиналарымен жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік сақтау нұсқасы

I. Жалпы қауіпсіздік талаптар

1. Тігін машинасының қауіпті орындары

1. Ине

2. Жіптартқыш



3. Макавик

4. Қайысты желек

2. Тігін тігушінің міндеті

1. Қауіпсіздік ережелерін оқып, методын үйрену

2. Өзіне тиісті жұмысты орындау.

3. Қорғаныс жабдықтарсыз, жөнделетін машиналарда жұмыс істеуге болмайды.

4. Жарақаттанғанда медпунк және шеберге хабар беру тиіс.

II. Жүмыс алдындағы қауіпсіздік шаралары:

1. Арнайы киім кию.

2. Өз жұмыс орнын тексеру.

III. Машинамен жұмыс істеу уақытындағы қауіпсіздік шаралар мен қауіпсіздік әдістер.

1. Үстел және астыңғы жіптердің сабақталуы мен инені ауыстыру тек қана электр двигателін өшіру барысында жүргізіледі.

2. Жіптартқыш шаш орап кетпеу үшін машинаға жақын еңкеймеу тиіс.

3. Тігіс жүргізгенде бұйымды иненің екі жағынан қолмен ұстап отыру керек.

4. Машина жұмыс істеп тұрғанда инеге жақындауға болмайды.

5. Машина тазалау және майлау тек қана электр двигателін өшіру барысында орындалады.



ІҮ. Үтіктеу жұмысындағы қауіпсіздік шараларымен қауіпсіздік әдістер

1. Жарақат алмау үшін үтікті ұқыпты пайдалану керек

2. Үтік затты қызып кетпеу керек.

3. Үтік сымы қызған үтік бетіне айқаспауы керек.

4. Үзіліс уақытында үтікті өшіру керек.

5. Үтік жұмысында ағаш немесе резинкалы кілемше болу керек.



Ү. Ине және қайшы жұмысының қауіпсіздік ережесі

1. Ине мен түйреуіштерді киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды.

2. Сынған инелерді түйреуіштерді, катушкаларды тастамай жинап ыдыстарға салу керек.

3. Қайшыларды белгілі қораптарға сақтау керек және қайшыны жабық алмас бетінен ұстап сақина жағын ұсыну керек.


4.2 Өңдеу тәртібі

Киімді жеке тапсырыс бойынша дайындау мынадай келесі этаптардан тұрады.

Конструкциялық технологиялық киімді дайындау арқылы өндірісте жаңа сән үлгілерін қолдану киімді суретті консультантпен бірге және пішілуінің көмегі арқылы тапсырыс берушінің жеке сұранысына қарай сән бағытына сай (фасон. Таңдау, материал таңдау, өлшем алу, паспортын дайындау осындай жұмыс түрлері жатады) материалды пішуге дайындау (примерка) тапсырыс берушінің дене ерекшелігіне қарай параметр фасонын таңдау, өлшем алудан киін киімді тігу, дайын киімді тапсырыс берушіге өлшеп алып тапсыру.

Ылғалдық – жылумен өңдеу жұмыстары.

Бұйымдардың сырт көрінісін П.Ж.О (ВТО) өткізудің сапасына байланысты болады, сондықтан оны дұрыс орындаудың үлкен маңызы бар.



Дымқылдық – жылулық жұмыстар.

Бұйымдардың сырт көрінісі дымқылдық – жыулық өңдеуден өткізудің сапасына байланысты болады, сондықтан оны дұрыс өңдеудің маңызы бар.

Дымқылдық – жылулық жұмыстарды атқарған кезде мынадай ережелерді сақтау қажет.

1. Бөлшектерді алдын – ала дымқылдайды немесе булайды, содан кейін толық кепкенше үтіктейді.

2. Тігісті үтіктер алдында оны екі жағынан отырғыза үтіктеп алу керек. Кейін шығыңқы жерлерді бөлшектер бетіне жатқыза үтіктейді.

3. Дымқылдық – жылулық өңдеуді ішкі жағынан тігіс бетіне ешнәрсе жаймай-ақ оң бетіне жайып ақтару керек.

4. Бұйымдарды дымқылдық – жыулық өңдеуден өткізу негізінен ішкі жағынан, ал преске салуды оң жағынан атқарады.

5. Үтіктеген соң көктеу жіптері қалатын мата бөлшектерінің шет жақтарын дымқылдық – жылулық өңдеуден екі қайтара өткізу ұсынылады: алдымен сәл дымқылдап немесе дымқылдамай үтіктейді, сосын бөлшектерді қажетінше дымқылдап қайта үтіктейді.

6. Дымқылдық – жылулық өңдеуден өткізу нәтижесінде бұйым бөлшектерінің оң жақтарында жылтырап қалған жерлерін булау көмегімен келтіреді.

7. Ашық түсті материалдардан әзірленетін бұйымдарды дымқылдық – жылулық өңдеудің барысында үтіктейтін үстелді немесе престің жастығын ақшыл матамен жабады.

8. Дымқылдық – жылулық өңдеуден әбден өткізіп болған соң, бұйым оған берілген форма толық тұрақталғанға дейін ілінген күйде кептірілуі тиіс.

Дымқылдық – жылулық өңдеуден өзкізудің негізгі шамалық көрсеткіштері мыналар болып табылады: температура, престеу, қосымша өңдеуден өткізу уақыты және дымқылдау.



Ылғалдық – жылумен өңдеу жұмыстары (ВТО)



Құрал өндіріс дайындаушы

Қыздыру температурасы

0)



Қызу әсер ету уақыты

Ылғалдық


Ескерту


Үтікпен

Преспен

1

2

3

4

5

6

7

1.

Бумен қызатын үтік столы

160

60

-

10


Мойын әдібін, бел әдібін желімдегенде пайдаланылады

2.

Электрлі үтік

С 3 – 315


130 – 150


60

-

10


Қайтарып, жай қызып отырып үтіктегенде қолданылады

3.

Бумен қызатын үтік столы

165

60

-

10


Жан тігістерін иық тігістерін айыра үтіктегенде қолданады


4.1.3. Құралдарға сипаттама

Тігін машиналары

Шығарушы


Жылдамдығы


Тігіс туралы



Тігін қадамының ұзындығы

Чайка ІІІ

Класс 116 – 2


ПМ3

1200


Тура және ирек тігіс,

әрі өрнекті


1 – 4мм


Арнайы машина

«оверлог»



Қытай

3500


Торлаушы үш жіпті болады

4мм




Қорытынды

Көшпенділер өмірін, салт – дәстүрін көрсететін, айрықша бейнелейтін қол өнердің бір көне көзі ершілер өнері. Жылқа малы, оның ішінде небір шабандоз сәйгүліктер, құлагердей тұлпарлар қазақ баласының жаны десек, ер жігіттің ұшар қанаты, басар тауы, алтын қамалы болып келген. Қауырсынын ұшар алдында қамдап баптаған сұңқардай, кеңіл бөліп, аттың жауырынын соқпастай, өкпесін қақпастай арнайы ер – тоқымдар, жүген, ноқта, құйысқан дайындатқан. Сәйгүліктің көздің нұрынан өткен сұлулығына, толықтырып, толтырып тұратындай күмістелген, алтындалған ер – тұрмандар, қызғылт қайыстан өрнектеліп өрілген жүген, құйысқан, бедерленіп таңба басылған тебінгі, тоқымдарды ерекше атаған жөн.

Қазақстан жерінде халыққа кең тараған ерлердің бірнеше түрлері бар ер – тұрмандардың түрлері мен аттары олардың сыртқы түр сипатына, жасалу әдістеріне, күнделікті тұрмыста қолдануларына байланысты болады. ер – тұрманның қасының түріне, оларға қолданған ою - өрнекке, сүйек пен күміс, алтынмен безендіріліп әшекейлеулеріне қарап және халықтың әлеуметтік, экономикалық тұрмыс дәрежесіне қарай балалар, әйелдер, еркектер және белгілі тайпа, рулар ерлері деп бірнеше топқа бөлінеді. Сонымен қатар ер – тұрманның ауырлығына, күнделікті тұрмыста жұмысқа мінуге, батырларға, байларға арналған ерлердің түрлері жасалады. Әдемі жеңіл, көрнекті көркем ерлер бәйгелер мен қыз қууға қолайлы болып шеберлер қолынан шығып отырды.

Қазақ халқы – кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан – жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік – Сібір, Орта – Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің там ауырлығының бір себебі – олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы – жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен – жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал – саймандары да көші – қонға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді.

Жалпы ер қосу өнері қазақ халқы үшін бағалы өнер туындыларына жатады. Ол ғажайып қолөнер туындыларынан алынып «Жас дәурен» деп аталатын бұл коллекция жиынтығындағы киімдер жас жігіттерге және жас қыздарға арналып тігілген. Ата – бабамыздан мирас болып келе жатқан бағалы байлығымыз. Яғни ер – тоқымды алу себебіміз, онда нағыз ұлттық өрнектер нақышына келтіре жасалынып, былғарыға басылған. Ер – моқым жасауда қатты және жұмсақ былғарылар, күдері қолданған. Осы бұйымдарды қолдана отырып, біз жаңа заманға сай, жастарға лайықты етіп, фольклор стильінде коллекция жасап шығардық. Бұл киімдердің сырт көрінісіне қарап, олардың ұлттық үлгіде жасалғанын көруге болады. Әрбір бұйым өзінше ерекше ою - өрнектермен бейнеленіп, әсемделген. Қазақ киімі үшін ою - өрнектің алатын орны өте зор. Әсіресе, ұлттық ою - өрнекке қарап, оның жас ерекшелігін, байлығын, байқаған. Мерекелік пен күнделікті киімнің ерекшелігі оның әшейекінде болған.

Ою - өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Дабий тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керамика ыдыстары дәлел бола алады.

Сан ғасыр бойы халық арасында аталған өрнектің элементтері өзгертіліп немесе түп – нұсқасы пайдаланылып келеді. Кейде ою - өрнектердің бай мазмұнға ие болып шарықтау шегін байқасақ, енді бірде тоқырау кезеңдерін көруге болады.

Қазақ киім – кешегі – ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық тамғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.

«Асыл мұра» жиынтығының негізгі мақсаты атадан балаға мұа болып келе жатқан ұлттық киімімізді кәзіргі заманға сай етіп, жаңа стильде етіп шығару. Мұнда ұлттық ою - өрнектер былғарыдан, күдеріден қырқылып жабыстырылған. Жиынтықтың негізі ат - әбзелдерінен құралғандықтан, мұнда аттың қылы да қолданылған. Ерсіз – атты, атсыз – ерді елестету мүмкін емес. Сол себебті жиынтықта аттың түсі,яғни қызыл – қоңыр түртер қолданылған.

Жалпы қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен азынақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей,жер шұқылап, мал ұстап күн кешкен. Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас – Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшыелдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық – тұрмыстық мәдениеттің бірден – бір көрінісі болғандықтан, қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп – тұруға ыңғайлайлылығымен ерекше.

Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият тексерген. Киім – кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу – нақышыш сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерін ажырата білген.

Қазақтың киім – кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіптен меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса ел иелігіне қызмет ететіні даусыз. Оған дәлел әр түрлі маталардан тігілетін шапан, бешпент, камзолдардың, аң терілерінен, қаракөл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілетін бас киімдердің, кебіс – мәсінің, тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып келе жатқаны. Қазақы киімнің қоныштылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондағы киім табиғатымен біте қайнасқан келбет пен әшекей бірлестігін қазіргі киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді. Тіпті егде тарта бастағандардың киім – кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты европалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жатқанының өзінде үлкен мән бар.

Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени – тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім – кешегі – ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдіке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.

Оның қай-қайсымыздың болса да ұлттық мақаныш сезімімізді оятатыны хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1. Н.Ә. Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылдағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауы.

2. К экономике знаний через инноваций и образование. Лекция Президента Республики Казахстана Н.А.Назарбаева в Евразийском национальном университете имени Л.Н.Гумилева. 27.05.2006. Каз. Правда. № 131-132

3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңы" 1999 ж.

4. Қалыбекова А.А. Теоретические и прикладные основы народной педагогики КАЗАХОВ. Алматы. БАУР, 2005.-200 стр.

5. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (оқу құралы).-Алматы; Өнер, 1999ж., 152 б.

6. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері:-А: Рауан. 1992.-120 б.

7. Бағжаева С. Әйел және балалар киімдерін сәндеп өңдеу. Алматы: 1999.231б.

8. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру /оқу құралы/. Алматы. Республикалық баспа кабинеті; 1995 ж., 117 бет.

9. Байбатшаева А.Е., Жолдасбекова С.А. Тоқыма материалдарының негіздері. Шымкент: ОҚМУ, 2002 ж-71 бет.

10. Жолдасбекова С.А. Киімді көркемдеп сәндеу.- Шымкент, М.Әуезов

атындағы ОҚМУ 2003. 114 б.

11. Қабдықайырұлы Қ. және басқалар. Оқытудың педагогикалық жаңа

технологиясы. Алматы. 1999ж. - 149 б.

12. Қоянбаев М., Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттерге

арналған оқу құралы. Гумилев атындағы ЕАУ Астана, 1999-321

13. Құтпанбаев Ә. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие /көмекші құрал/-

Алматы, 2001 ж. 94 бет.

14. Қоңыратбай Т. Кәсіп және мәдениет. /Оқу құралы/. -Алматы, Ы.

Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық

баспа кабинеті, 2000 ж. 110 бет.

15. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері (монография), А.:

"Әл- Фараби" баспасы-1995.-450 б.

16. Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом. Учеб. Пособ. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 480 с.

17. Ұзақова А.С. Тігін өндірісінің техникасы мен технологиясы. Шымкент. 1999.- 47 б.
Қосымша:

18. Акимов Л.Б. и др. Основы экономических знаний в школе: общеобр. Учрежд М.: Просвещение, 1996.- 130 с.

19. Андреянова Л.И. Уроки шитья.Переиздание — Екатеринбург: "Стрибог" 1995-240с: ил

20. Бланк А.Ф.,Фомина З.М. Практическая работа по моделированию

женской одежды.- М.:Легпромбытиздат, 1992,-256 с.

21.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, "Рауан", 1995.- 265 б.

22. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және

практика. А.: Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж, 130 б.

23. Лихачев В. М. Педагогика. Курс лекции: учеб. пособ. Для студентов пед. учебн. Заведений М.: Юрайт, 1999.-464 с.

24. Левицкая Л.В. Технология швейных изделий: Учебное пособие. М.:

МОПИ им.Н.К.Крупской, 1990.-149 с.с: ил. бучения. М.: - 1986 г.

25. Симоненко В.Д. Методика обучения учащихся основам предпринимательства. Брянск, 1994.-157 с

26. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы.- Алматы: "Қазақ университеті", 1993-240 бет.

27. Труханова А.Т. Иллюстрированное пособие по технологии легкой одежды: Учеб. пособие для учащихся профессиональных учебных заведений. - М.: Высшая школа; Изд. центр "Академия", 2000.-176 с:

28. Юдина Е.Н., Евтушенко. М.А., Иерусалимская О.А. Шейте сами Редакционно - издательский центр "Культ-информ-пресс". 1995.-415 с: ил. 29. Технология: Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық /К.Өстеміров, Б.Қалназаров, Г.Шымеекева, М.Ырсымбетов.-Алматы: Атамүра, 2001.-192 бет, суретті, кестелі.

30. Технология. Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті пәндерінен бағдарламалар жинағы. Алматы. 2000 ж., 71 бет.



31. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы А.С. Ұзақова, Б. Момышұлы атындағы 44 орта мектептің еңбекке баулу пәні мұғалімі Р.А.Наурызбаева. Бағдарлама. "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент —2001.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет