1.Өткен шақтық есімше. Өткен уақытта істелген не істелмеген іс, қимыл, амал, әрекетті белгілі заттың қимылдық сапасы, белгісі етіп көрсететін етістіктің түрін ө т к е н ш а қ т ы қ е с і м ш е дейді. Өткен шақтық есімше етістіктің түбіріне-қан,-кен,-ған,-ген жұрнақта-
рының бірі жалғану арқылы жасалады. Мысалы: қайтқан қаз, ұшқан құс, жүгірген аң, оқыған адам, айтқан сөз, алысқан қол.
2. Келер шақтық есімше. Осы кезге дейін істелмеген, алдағы кезде істелуге тиісті іс, қимыл, амал, әрекетті белгілі заттың қимылдық сапа- сы, белгісі етіп көрсететін етістіктің бір түрін к е л е р ш а қ т ы қ е с і м ш е дейді . Келер шақтық есімше етістіктің түбіріне –ар,-ер,-р жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады. Мысалы: айтар сөз, көрер көз, барар жер, басар тау.
–ар,-ер,-р жұрнақтары жалғанған етістіктің түрі үнемі алдағы кезде істелуге
тиісті қимыл, амалды білдіріп, зат есім сөзінің алдына ғана қолданылып
қоймайды. Етістіктің бұл тұлғасы кейде, әсіресе мақал- мәтелдерде, үнемі
болып тұратын созылыңқы қимыл, амалды білдіріп, сөйлемнің баяндауышы
қызметінде де қолданыла береді. Мысалы: 1. Көп біріксе, ел болар, көп тілегі көл болар, 2, Ауырлықты жер көтерер, ауыр қазаны ер көтерер. 3. Жаңбыр- мен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер. 4. Шаруа жазда жазылар, қыста қысылар.5. Жыртық үйді жел табар, өтірік сөзді шын табар. 6. Тауды,
тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.7. Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар.(М.М.) 3. Ауыспалы шақтық есімше. Бірде осы шақтық, бірде келер шақтық, тіпті кейде өткен шақтық та ұғым беретін есімшенің түрін а у ы с п а л ы