Қазақ тілі мен әдебиетінен (Т2) 5-сынып бойынша аралық аттестатауға арналған тапсырмалар



бет1/5
Дата26.05.2024
өлшемі29.86 Kb.
#501888
  1   2   3   4   5
5 сын.каз т.Т2 емтих тапс. 1-нұсқа Мұғалімге


Қазақ тілі мен әдебиетінен (Т2) 5-сынып бойынша аралық аттестатауға арналған тапсырмалар
(6-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар)
1-нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу;
5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау;
5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу;
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.


Бағалау критерийі
Білім алушы:
- берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;
- фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтай алады.
- эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;
- мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.


Орындау уақыты: 120 минут


Тыңдалым. Айтылым


Мәтінді тыңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана жұмысы екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді.
Кітапханалар ерте заманда пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың ортасында Ассирия патшасы сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі.
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана жұмыс істейді. (105 сөз)
(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет