Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
ХАСАНОВА И.У. РАХМЕТОВА А.Ж.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
(бастауыш сыныптар үшін)
Орал, 2021
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Каз
Х 24
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған
Авторлар:
Хасанова И.У., педагогика ғылымдарының кандидаты
Рахметова А.Ж., педагогика ғылымының магистрі, педагог- зерттеуші
Пікір жазғандар:
Хасанов Ғ.Қ., филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры
Сабыр М.Б., филология ғылымдарының докторы, БҚИТУ профессоры
Кинжекова Р.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті
Хасанова И.У., Рахметова А.Ж.
Қазақ тіліне арналған тапсырмалар (бастауыш сыныптар үшін): Оқу-әдістемелік құрал / И.У.Хасанова, А.Ж.Рахметова. – Орал: РБО М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 2021. - 55б.
Бұл оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білімін тереңдетіп, коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, функциональдық сауаттылығын дамытуға бағытталады. Қазақ тіліне арналған тапсырмалар бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
© Хасанова И.У., Рахметова А.Ж., 2021
2
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2021
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат игілігі үшін жан-жақты қызмет атқаратын тілді әрі таза, әрі көркем, әрі өткір, әрі әдеби дәрежеде және халық тілінің шұрайлы байлықтарымен сусындаған, екшеленген, белгілі бір нормада сауатты қолдана білу – үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті адамның бір қыры – тіл мәдениетінің жоғары болуы. Адамның сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің де көрсеткіші.
Д.Э. Розенталь сөзімен берсек, «Мәдениетті сөз – ұлттық дәстүрмен, мағына дәлдігімен, сөздік қорының кеңдігімен, грамматикалық сауаттылықпен, әдеби мәнерлілігімен ерекшелене алатын сөз».
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Демек, сөйлеу мәдениеті дамымайынша, жоғары ақыл мәдениетіне жету мүмкін емес, сондықтан тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін жүргізілетін жұмысты мектептің бастауыш сатысынан бастап-ақ, қазақ тілі пәнін оқытуда қолға алған жөн. Мұнда бастауыш сынып мұғалімінің атқарар жүгі ауыр, әрі зор.
Тұңғыш елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады» деп айтқанындай, ана тілі арқылы балалар тіліндегі дүниенің тілдік бейнесін ұлттық тағылым мен тәрбиеге, ұлттық ойлауға сай қалыптастыруынан саналы ұрпақ тәрбиелеу жүзеге асады.
Оқу-әдістемелік құралда қазақ тіліне арналған тапсырмалар жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жасалды. Бұл оқу- әдістемелік құралдың мақсаты – түрлі деңгейдегі тапсырмалар үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ана тілін жетік, терең меңгеруіне, ұлттық танымдық көкжиегін кеңейтіп, интеллектуалдық деңгейін көтеруге көмектесу. Танымдық тапсырмалар жеңілден-күрделіге қарай бағытталған. Оқушылар қоршаған ортаның қыр-сырын түсінеді. Жоғары сыныпта бастауышта алған білімін дәлелдей алады.
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде тез әрі дәл қолдана алу, дағдыларына ие болады:
Біріншіден, тапсырмалар оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады.
Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Үшіншіден, ұлттық менталды ойлауын, ұлттық танымын кеңейтеді. Төртіншіден, сыни ойлауға жетелеп, шығармашылыққа баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |