«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


Ж.Сәдуақасұлы – филология ғылымының докторы, профессор



бет9/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#124879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ж.Сәдуақасұлы – филология ғылымының докторы, профессор:

– Алдымен, «Латын әліпбиіне көшу» деген тіркес халықтың бұл үдерісті дұрыс, өз мәнінде түсінуіне мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан бұны «Латын әрпіне негізделген қазақша әліпби» деп, немесе «Жаңа қазақ әліпбиі» деп атағанды жөн көремін. Енді осы жаңа әліпбиге өту не үшін қажет екендігіне келсек, онда: Қазақ тілінің басқа ұлттардың тілі тәрізді дербес тіл екендігін және біздің еліміздің сол қазақ тілін негізгі тіл ретінде тұтынатын тәуелсіз, жеке мемлекет екендігін айғақтау үшін қажет; Қазақстанның әлемдік дамудан өз орнын ойып алуы үшін қажет; түркі әлемімен барынша жақын қарым-қатынас жасау үшін қажет; еліміздегі өмір сүретін ұлттарды бұрынғыдан да топтастыра түсу үшін қажет; ақыр соңында, ғылым мен техниканы терең меңгерген, тілін, елін, сүйетін жас ұрпақтың болашағы үшін қажет.

70

Қай жобаны қолдауымыз керек десек, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбектің жобасы қолдауға тұрарлық.



«Қазақша әліпбиге қалай және қашан, қандай жолдармен өтуге болады?» деген сұраққа келейік.

Осы жылдың ортасына дейін арнаулы комиссия құрылатыны айтылған. Егер талқылаудың барысы қазіргідей болса, ол уақытқа дейін әліпби және оған қалай, қандай жолдармен өту жайында көптеген ой-пікірлер жинақталады. Менің ойымша, құрылған комиссия «Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне өтудің Тұжырымдамасын» жасап халыққа ұсыну қажет. Ол одан әрі талқылауға жатпайтын, халықты осы іске барынша сендіре алатын, орындауға жұмылдыра алатын құжат болуға тиіс деп есептеймін. Мұнан соң комиссия екі-үш ай көлемінде әліпбидің Үкімет бе­кіткен түпнұсқасын ұсынуы қажет. Бірақ, түпнұсқа бекітілгенге дейін кез келген мекеменің өз бетінше әркім ұсынған, бекітілмеген әліпбиді (немесе қазіргі ағылшын әліпбиін) қалай болса солай пайдалануына жол бермеу қажет.

Жыл аяғына дейін мектеп оқушыларынан бастап, бүкіл азаматтарды жаңа әліпбиге үйретудің (таңбаларды жаттау, жазып үйрену, ағылшын таңбаларынан айырмашылықтарын көру, ауызша айтып үйрену) бағыт-бағдарын, әдістемелік құралдарын даярлап, тиісті орындарға (білім беру мекемелеріне, Тілдерді оқыту орталықтарына, Мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарына, т.б.) таратуы тиіс.

Жалпы 2017 жылға дейін халқымыздың басым көпшілігі өз бетінше жазып, оқи алатын дәрежеге жетсе, үлкен жетістік болады. 2017 жылдан бастап 2025 жылға дейін бүкіл елімізді жаңа қазақ жазуына көшіріп болудың нақты кезеңдік жоспары жасалынуы қажет.



А.Абасилов – филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы:

– Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби ауыстыру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол – саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық, т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема. Олай дейтін себебіміз, ол біріншіден, мемлекеттің тіл саясатының бағытын танытса, екіншіден, төл әліпби, төл жазу қандай да бір ұлттың мәдени құндылығын, бет-бейнесін көрсетеді. Үшіншіден, тілдің табиғатына, даму заңдарына, фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысына лайықталып таңдалған, соған сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық ережелерін жасауға икемді әліпби жасау лингвистикалық біліктілікті көрсетеді. Төртіншіден, таңдалып алынған әліпбиді қоғам санасы дұрыс қабылдап, тілдің қоғамдағы қызмет етуін толыққанды өтей алуы, тіл тұтынушылардың сол тілді еркін меңгеруіне ықпал етуі, тілдік бөгетті жеңе алуы мәселенің әлеуметтіклингвистикалық қырын танытады. Бесіншіден, әліпби ауыстыру – бұл әрі тілдік реформа жүргізу деген сөз.



Ш.Бекмағанбетов – филология ғылымының кандидаты, доцент:

– Қазақ жазуының латын графикасына көшуі – қазіргі қоғамның талабы. Әрине, ғылыми тұрғыдан келгенде, кирилл әліпбиі қазақ сөздерін дұрыс бейнелей алмайды деп кінәлаудың реті жоқ. Кей ғалымдарымыз осылай да пікір айтуда. Ал уақыт талабы, қоғам қажеттілігі болғандықтан, жаңа қаріпке көшуді қолға алып, оны дұрыс ұйымдастыру – қоғамның әр сауатты, мәдениетті өкілінің міндеті болмақ. Бұл жерде мәселе – жазудың ережелерін дұрыс таңдап қалыптастыруда. Осы тұрғыдан келгенде, біздің қазіргі қалыптасқан кирилл жазуы тілімізде көптеген олқылықтар әлі күнге дейін болып отырғаны бекер емес. Яғни біздің жазу жүйеміз өткен кеңестік кезеңде де, онан соңғы тәуелсіздік жылдарында да әлі толық орнығып болған жоқ. Бұл жағдай алдағы жаңа жазуға көшкен кезде де ұзақ уақыт бойы сақталуы ғажап емес. Сол үшін де жаңа қаріпке көшпес бұрын әуелі оның ғылыми негізделген, дұрыс жазу нормаларын белгілеп, нақтылап алу керек, осы бағытта халық арасында түсіндірме жұмыстарын жасау жөн болмақ. Онсыз біз өз жазуымызды қиындатып, ала-құлалыққа ұрынуымыз әбден мүмкін.

71

Жазу – аса жауапты іс, өйткені жазу дұрыс қабылданбаса, ол тұтастай тілді өзгертіп жібереді. Мысалы, кезінде қазақ тілінде ерін үндестігі әлсіз деген желеумен жүрөк, көңүл, өмүр тәрізді сөздердің бәрін соңғы езулік «і» әрпімен жазып, осыдан келіп, тіліміздегі сөздердің айтылуы еріндік, жазылуы езулік болып екі басқа қалыптасып кетті. Жаңа жазуда мұны жөнге, жаңа қалыпқа салу дұрыс болар еді дейміз.



Л.Есімова – Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы:

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенген болатын. Осындай жұмыстарды ескере отырып, латын әліпбиіне көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, тағы басқа елдердің тәжірибелерін зерттеп, осы реформаның бұлардағы оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерін назарға алуымыз қажет. Сондықтан, бұл мәселе жан-жақты зерттеуді қажет ететін үлкен саяси жоба деп айтуға болады.

Осы орайда, әлемдік деңгейде кең қанат жайған латын әліпбиі – Қазақстан халқын біріктіруші тіл болатынына, ұлттық тілімізді жаңғыртуға септігін тигізетініне сенімім мол.

Г.Ж.Қизатова – филология ғылымының кандидаты, профессор:

– Бұл мәселе тек қана тілдік-лингвистикалық қана емес, мұның психологиялық, ғылыми, философиялық, құқықтық, саяси, экономикалық та жақтарын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да бұл туралы сөз еткенде асығыстыққа бой алдырмауымыз қажет. Біздің талқылап отырған проблемамыз ғылыми тұрғыдан үлкен сауаттылықты, жауапкершілік пен ыждағаттылықты қажет етеді.



А.Жарылқасынов – «Нұр Отан» ХДП «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Менің ұсынысым, бүгінгі қаралып отырған мәселенің өте өзекті және мұқият ғылыми талдауды қажет ететіндігі себепті бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған еліміздің тіл саясатын жүргізуші мемлекеттік органдар өкілдерінен алдағы уақыттарда әліпбиімізді латын қарпіне көшіру мәселесіне байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде аймағымыздағы іргелі де жетекші білім ордасы болып табылатын Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің тіл мамандары мен ғалымдарының мол ғылыми әлеуеті мен мүмкіншіліктерін пайдалануымыз қажет деп ойлаймын.



Г.Баялиева – филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы:

– Латын әліпбиіндегі басты мәселе – тілдік фактор. Егер біз кирилл жазуында қала берсек, қазақ тілінің өзін-өзі сақтау иммунитеті жойыла береді. Ақырында түбіне жетеді. Кез келген тілден енген сөздерді игеру механизмдері болады. Ол механизмдердің біріне сөзді аудару жатады. Егер ол механизмдер жоқ болса, келесі бір жолы бар, ол – өзге тілден енген сөздердің дыбысталу жүйесін өзінің артикуляциялық базасына салып, өзінше алу. Сондай жолмен біздің тіліміз көптеген тұрмыстық, заттық атаулармен байыды. Мәселен, резеңке, бәтеңке, бөрене, т.б. Солардың бәрі қазір ешбір орыс танымайтындай өзгерген. Кирилл графикасы біздің санамызда орыс жазуын орыс тілінде жазу деген мықты стереотип қалыптастырды. Егер біз латынға көшсек, тілтанушылардың көмегімен жаңағы механизмдер жаңғырмақ. Қазір қараңыздар, қазақ тілінің орфографиясын ашсаңыздар, жарты сөзі қазақ орфогра­фиясының ережесін үйретеді де, жарты сөзі орыс графикасының ережесін үйретеді. Ешбір тілде ондай жоқ. Ең бірінші нәрсе, осы мәселе болу керек.



Г.Қамзаева – аға оқытушы, филология ғылымының кандидаты:

– Тікелей талқыланып отырған мәселеге көшсек, кириллдегі дүние ескіруде. Ресейдің өзі дамыған Батыс елдерінен 20 жылға кейін қалып отыр. Ал қазіргі біздің жағдайымызда латынға көшу жас буын үшін ешқандай қиындық туғызбайды. Осыған орай, бірнеше ұсыныс білдіргім келеді:


Латын графикасына көшкен түркі елдерімен тілді оқыту бойынша тәжірибе алмасу;

Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттеріндегі тілдерді оқыту орталықтарымен байланыс жасау;

Бастауыш сыныптарға латын әліпбиін үйрету үшін сағат санын беру;

Жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелеріне де әліпбиге үйрету курстары немесе таңдаулы пәндер енгізу.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен толық зерделеніп, жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

Б.Боранбай – филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы:

– Қазақ жазуын латын әрпіне негізделген әліпбиге көшіру жөніндегі мәселе қазіргі таңда қоғамда көп талас-тартыс тудырып жүр. Аталмыш тақырыпқа байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында тілші ғалымдардан бастап осы мәселеге бейжай қарай алмайтын күллі зиялы қауым өкілдері де өз үндерін қосуда. Латын әрпіне қазақ жазуын ауыстыруға қатысты Елбасымыз кесімді сөзін айтты, яки күн тәртібінде көшу-көшпеу туралы әңгіме емес, қалай көшу керек, қалай болғанда дұрыс болады деген мәселе тұруы керек деп ойлаймыз. Қазақ жазу тарихында латын әрпінің қолданысы тәжірибеде болған, 30-жылдары осы мәселеге қатысты тілшілермен қатар бүкіл қазақ оқығандары өз пікірлерін білдірген. Ахаңның өзге тілден сөз алмау керек, алған жағдайда тілімізге икемдеп алу керек деген қағидасы осы кезеңде актуальды болса керек. Тіл маманы ретіндегі біздің пайымымызша, дыбыс туралы тіл білімінің қазіргі таңдағы білгірі, осы саланың көшбасшысы профессор Әлімхан Жүнісбек мырзаның жобасына тоқталған абзал.



М.Жұмағұлова филология ғылымының кандидаты, доцент: Латын әліпбиін үйрету үшін мектеп және жоғары, арнаулы оқу орындарының ұстаздары жұмыла жұмыс жасауы тиіс. Осы орайда жасалынатын игілікті істерге біз үнемі қолдау көрсетіп, курстар жүргізуге, түсіндіру жұмыстары мен таңдаулы пәндерді беруге атсалысатын боламыз.

Ш.Баймаханова – Шетел тілдері және аударма кафедрасының аға оқытушысы:

– Әліпби туралы сөз еткенде профессор Ж.Сәдуақасұлы айтқан латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі деген атауды қолдаймын. Белгілі ғалым Ә.Жүнісбек ұсынған әліпби жобасы республикамыздағы бүкіл тілші-ғалымдар тарапынан қолдау табады деп ойлаймын.

Енді 28 әріп пе, әлде 31 әріп пе деген мәселеге келетін болсақ, әрине, 28 әріп тілімізде бар дыбыстардың таңбалары екені мәлім. Х, ф дыбыстарының тілімізге сіңісіп кеткені сонша, ол дыбыстарсыз кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуында айырмашылық болады. Кириллицамен жазылған рухани мұрамыз оқылмай қалады деп қорқудың да орны жоқ, шығарма қай әліпбимен жазылса да, қажетті, қызық дүние болса, оқылады. Қазіргі жастар ағылшын, араб, орыс тілдеріндегі шығармаларды ғаламтор арқылы жазу түріне қарамастан, тауып оқып жүргенін білеміз.

А.Абасилов – филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы:

– Дөңгелек үстелде сөз болған мәселелерді қорыта айтқанда, әліпби – адамдар ақылдаса отырып жасайтын, тіл дамытудағы саналы әрекеттердің бірі. Қазіргі таңда елімізде әліпби таңдау, оның ішінде латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау мәселесі өткір күн тәртібіне қойылды. Мұны мен қолдаймын.

Латын графикасына көшу арқылы біз тіліміздің табиғатын сақтаймыз, даму заңдылығының бұзылуына жол бермейміз, фонетикалық жүйесін қалпына келтіреміз, орфографиямызды түзеп аламыз, қысқасы, өз сөзіміз өзіміз­дікі болады.
//Сыр бойы.-2013.-16 наурыз.-12б.
Сәуле ТӨРЕХАНОВА, ҚМУ-дің аға оқытушысы

«Өзім ғана» деген қоғамда жетім азаймайды
Қазақ халқы ықылым заманнан жетімін жылатпаған, жесірін далада кездірмеген. Бірақ қазіргі танда жетімдер мен желіккендердің үйлері көбейіп кетті. Қылмыстық ақпараттар БАҚ көздерінен түспей тұр. Соның ішінде «КТК» қоғамның «маскара!» деп үрейленетін бетгерінен бастап баяндайды да, «жақсы жаңалықтармен қауышайық» деп аяқтайды. Жаңалық көрмес бұрын отбасы мүшелерінің өздерін психологиялық тұрғыдан дайындағаны дұрыс сияқгы. Эмоцияға берілгіш, жүйке жүйесі сын көтермейтін жан- дарға оны тындаудың кажеті жок дер едім. Өйткені таяуда ғана өз аймағымызда тіркелген қылмыс туралы ақпарат естіген жұрттың, әсіресе, әйелдер қауымының үрейін ұшырды. Ері араққа тойып алып, әйелін өлімге қиды. Ащы судың кесірінен каншама отбасының береке қашып, адамдар аяулы жандарын тағдыр тәлкегін орағытып, тас түйін етіп шырғалаңға салды десеңші!

Ащы судың қандай азғырушы күш екенін баршамыз түсінсек игі еді. Осы жерде өмірден бір мысал келтіргім келеді. Бір жігітке жабулы есіктен шығу үшін қазіргі қоғамда белең алып тұрған ауыр қылмыстардың ішінен таңдау ұсынылады. Олар: біріншіден, әйел зорлау; екіншіден, адам өлтіру; үшіншіден, араққа мас болу. Сонда жігіт: «Мен біреудің жесірін, аяулы анасын, сүйікті қызын зорлап, зина жасағанша, біреудің әлпештеп өсірген баласын өлімге киып, күнәһар болғанша, ащы суға масайрап, жайыма жүргенім артық», - деп пайымдайды. Бірақ бұл жігіт ойлағандай жеңіл-желпі тандау емес еді. Арақгың уына қаны тулаған жігіт қалай әиел зорлап, оның жетімегін қыршыннан қиғанын білмей қалған екен дейді.

Жетімдер жайы да — осы күнгі өзекті мәселелердің қатарында. Оны билік басындағьлар да, қалың бұқара да бір кісідей талқылап келеді. Жетімханалардың жағдайы — үнемі заң қызметкерлерінің бақылауында. Ең бастысы, жетімнің ақысы сұралып, тексеріліп жатқан жайы бар. Осы жерде мені қоғамда тек қара басының қамын күйттейтіндердің көбейіп бара жатқаны қынжылтады. Өзінің нәпсісін тояттандыруды ғана ойлап, жетімнің ақысына да қол сұғып, көз жасына қалу, «ішем бе, жоқ па, өзім білемін, шаруаң болмасын» деп алып, артынан қан жұтқан қандай өкінішті! Бұл коғамда «өзім ғана» деп өмір сүруге болмайды. Себебі «өзім» деп жасаған » әрекеттің барлығы елде тек жетімхана мен жесірлер санын көбейтетіні сөзсіз. Мәліметтерге назар аударсақ, жетімдер үйі тастанды балалар мен тұл жетімдерге толы екен. Әкесі мен шешесі қайтыс болды делік, сонда «бауырым ғой» дейтін аға- йын-туыстары қайда?! Жаны жайсаң ағайын-туыс пен ру мүшелерінің ішінен қамқоршының жоқтығы өзекті өртейді. Сондықтан «өзім ғана» деп өмір сүрмейік. Бір сәт өзгенің де жайын ойлап қойыңыз! Жазушы Жақау Дәуренбеков айтқандай, «өзім ғана» деген қоғамда жетімхана азаймайды.

//Халық.-2013.-21 наурыз.-3б.


Гүлбану МЫРЗАБАЕВА,ҚМУ-дың доценті.

БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ БИІГІ


Қазақ биі біздің өнеріміздің бөлінбес бөлшегі. Біздің өмірімізде болып жатқан қозғалыстардан өрілген көркем өрнек қазақ биінің маңызы мен мазмұны. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбіров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишілер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биінің өзіне тән ерекшеліктерді бойына сақтаған әрі оны басқа елдердің билерімен салыстыруға әсте келмейді. Сондықтан да ұлттық би қазынамыздың ортаймауын жаңа билермен толыға, байи түсуін ойлайтын жанашыр жандар баршылық. Ұлы тұлғалар негізін қалап кеткен ұлттық дәстүрлі би мектебіміз де бар, тек оны өз халқымыздың дүниетанымына сәйкес туындылармен, ұлттық бояумен өрнектей білсек.

Күй жанры мен би өнерін қосқанда сезімге толы, көрермендер тамаша әсер алатындай дүние шығады. Сахнада көркемдігі көз тойдыратын қимылдың үйлесімін табу оңай емес. Көрермен әсер алу үшін, би қоюшы балетмейстерлер тер төгеді. Күйлерді тыңдап, әр бөліміне талдау жасап, оларды заманауи талаптарға сай өңдеп, ізденудің нәтижесінде би қойылымына арнап фонограмма дайындалады. Би ырғақтарын халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, ұлттық ерекшелігіне тән қимылдармен өрнектеу үшін, қойылымға арнап либретто жазу, би кейіпкерлерін таңдау, би қимылдарын ойдан шығарып, комбинация құрып, музыка ырғағына үйлестіреді. Балетмейстер репетитор жұмысын атқарады, орындаушыларды таңдап, олардың әрбіріне жеке би қимылдарын үйретіп, белгілі бір ойластырған би схемасына тізбектейді.

Би қойылымы дайын болған соң сахналық костюм қажет. Костюм эскиздерін ойластырып, суретшімен ақылдасып, киім үлгілеріне керекті түстерді таңдап, киім тіктіреді. Қазақ халқының ұлттық киімдері, сән-салтанаты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, табиғат жағдайына байланысты бірнеше үлгіге бөлінеді. Би қойылымын жоғары деңгейде көрсету үшін, сахналық әсерлер – жарықтық әсер, декорация, костюм дұрыс болуы керек.

Күй жанры мен би өнерінің байланысу жолдарына тоқталсақ. Мәселен, Қорқыт атаның «Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Ұшардың ұлуы» сияқты күйлерінде табиғи дауыстар, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойлар бар. Қорқыт қобызының үні, Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйі, С.Мұқтарұлының «Қорқыт Ата» дастанынан алынған өлеңдері «Мәңгілік сарыны» атты хореографиялық қойылымға шабыттандырды. Бірінші көріністе Қорқыттың қобыз ойыны, көпшілік қобыз үнін тыңдаушылар және көр қазушылар кездессе, екіншіде Сыр­дария көрінісі, қобыз тартқан Қорқыт пен оны ортаға алған жылан бейнесіндегі бишілер. Бұл хореографиялық қойы­лым арқылы Қорқыттың бейнесі, қобыз ойыны халық жадында мәңгі қалады.

«Дидар», «Томирис» би ансамбльдері Тәттімбеттің «Былқылдағын», Құрманғазының «Балбырауынын», Н.Тілендиевтің «Әлқиссасын» қазіргі заманға сай өңдеуімен шыққан күй әуендерімен, би ырғағымен ұштастырып орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Соңғы жылдары Е.Хұсаиновтың орындауындағы «Тұран. Иран», «Қазынай», «Жеті өзек» музыкалық композицияларына арнап би қойылымдарын сахнаға шығардым. «Жеті өзек» музыкалық композициясы мен Р.Таймановтың «Қазақ қызы» әні негізінде «Қайран, қазақтың қыздары-ай» би қойылымы философиялық идеясымен, би пластикасымен, музыкалық магиялық дыбыстарымен ерекшеленді. Ал «Тұран. Иран» музыкалық композициясы сақ аруы Тұмар ханымға арналған. «Тұмар. Ханшайым. Тағдыр» атты би композициясында Тұмар ханшайымның әсем де батыр мінезі, сақ аруларының іс-әрекетін көз алдыңа әкеледі. Ел арасында ауыздан ауызға тарап, аңызға айналған әңгімелерге қандай да болмасын ән, күй әуендерін ұштастырып, керемет сахналық би қойылымдарын жасауға болады.

//Сыр бойы.-2013.- 30 наурыз.-4б

Алдажар ӘБІЛОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

ҚАРАТАУДАН ТҮСКЕН ЖОЛ
Пешенесіне жазылғанды көріп ғұмыр кешер небір пенде өтпеді дейсің бұл өмірден, алайда, оның бірін ел есінде сақтаса, енді бірін тез-ақ ұмытып кетіп жатады. Міне, сондай ел есінде қалған азаматтардың бірі – Оразбек Мақсұтұлы екені анық. Кездесіп, әңгімелесіп, әдебиет туралы ой бөлісіп жүргеніміз кеше ғана сияқты еді, марқұмның елу төрт жыл ғұмыр кешіп, мына жалғанмен кош айтысқанына да биыл үш жыл болыпты. Осыдан кейін қалай ғана «Зымырап бара жатқан уақыт-ай» демессің.

Оразбек сонау жылдары Жаңақорған өңірінің айтулы азаматы, бір аудан ғана емес, өңір мақтан тұтарлық қазақтың бірі – Алшынбай Тұртанов туралы мақаласына «Қаратаудан түскен құба жол» деп ат қойған екен. Біз бүгін марқұм Оразбек Мақсұтұлын еске алуға арналған дүниеге оның өзі айтқандай «Қаратаудан түскен жол» деп ат қойғанды жөн санадық. Иә, оны білер пенделер үшін, Оразбекті танитын замандастары үшін ол жүріп өткен жолдың әлі де сайрап жатқаны ақиқат.

Оразбек Мақсұтұлының жорналшылық қызметі, оның Казақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты екені, аз жазса да саз жазып бірнеше әңгімелерді өмірге әкелгені, аудандық «Сырдария» атты газетте шыңдалғаны, облыстық телерадиокомитеттің тілшісі, редакторы, бас редакторы, облыстық партия комитетінің лекторы, облыстық «Сыр бойы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасары сияқты қызметтер атқарғаны көзі қарақты оқырманға белгілі деп ойлаймыз. Оны еске алған теле­хабарларда марқұмның тәлімгер ұстазы, бірге тумаса да туған ағасындай болған жазушы-жорналшы Жақсылық Рахматулланың, құрдасы ақын Шакизада Әбдікәрімовтің, жары Бибігүлдің және тағы басқалардың айтқан жылы лебіздері, сағынышқа толы іздеулері де, бала күннен бірге өскен досы жазушы Жолтай Жұматтың (Әлмашов), ақын, жорналшы Мұхамеджан Нұрхановтың және т.б. еске алулары да қалың жұртты «Ей, өмір-ай» дегізгені анық. Біз бұл тұста оларды қайталаудан аулақпыз. Марқұм Оразбектің өзіміз аңғарған, өзіміз білген жайларын көңіл кө­зінен өткізбекпіз.

Оразбектің сөз өнері ауылына іңкәрлігі оқушы кезінен басталған. Марқұм екеуіміздің журналистер дайындау жөніндегі бір әңгімемізде мен «Бұл іс орта мектепте басталады ғой, сол кезде қолына қалам алмағанның кейін жақсы жорналшы бола қоюы қиын шығар» дегенді айттым. Ол болса: «Шамасы сен де сол 5-7 кластардан газетті төңіректегенсің ғой» - деп бір күліп алды да: «Бір қызық кез еді ғой. Мақала сияқты бірдеңелерімізді газетке жіберіп, қашан шығар екен деп Жолтай екеуіміз асыға күтіп жүретін едік» - деп ойлана қалды.

Оқушы кезінен-ақ шағын әңгіме, суреттеме, хабарлары аудандық газеттерде жариялана бастаған Оразбектің қолжазбалары оның ең алдымен өлеңге құмар болғанын көрсетеді.

...Көктем келді,

көктем келді шалғынды ап,

Жапырағын көгертіпті талдың да.

Отырып ап саясында ағаштың

«Неткен күн» деп таң-тамаша қалдың ба? – деп жыр төгеді Оразбек 1970 жылы «Көктем келді» атты өлеңінде. Дәптерге мұқият майда әріптермен жазылған өлеңдер соңына жазылған уақытын көрсетіп отыруы, тіпті кейбіріне қол қойып отыруы Оразбектің бала күнінен ісіне мұқият болғанын аңғартады. Жалпы оның өлеңдерінен байқалатын ерекшеліктер ретінде мен мыналарды атар едім: біріншіден, Оразбек көктемді сүйген жан, себебі өлеңдерінің біразы көктемді жырлайды, екіншіден, оның сықаққа бейімдігі.

77

1971 жылы жазылды деп көрсетіліп, қол қойған «Көкіме сықақ», 1973 жылы жазылды деп көрсетілген «Сотқардың сазайы» және т.б. өлеңдері мен шымшымалар топтамасы осының дәлелі.



1971 жылы «Жанашыр досы» атты шымшымасында ол:

Кездессем болды,

Ха-ха-ха-ға басады.

«Көмек» десем

Ат-тонын ала қашады, – десе, 1973 жылы «Сауыншы мен сиыр» атты шымшымасында:

«Қарасан келгір» деп,

«Бүйткенше өлгір» деп,

Сауыншы сиырға жекірді.

Шөп дегенді көрмей,

Жемді тоя жемей,

Сиыр да сүт бермеуге бекінді, – деп жазады. Бұлар шымшымаларға қойылар талапқа толық жауап бере алатын дүниелер деп ойлаймын.

Оразбек өлеңдерінің көбісі қолжазба күйінде сақталған, оның барлығы түгелдей керемет шығармалар да емес, алайда, оның балаң, балғын жырларынан автордың өзін көреміз, оның жүрек соғысын аңғарамыз. Жасөсіпірім Оразбекті туған жер – алтын бесік тербетсе, ол туған жерін, Қаратауды жыр бесікте тербетеді. Оныншы сыныпта, яғни 1973 жылдары жазған өлеңдері оның өлеңге біршама төселіп қалғанын, аз сөзбен көп мағына беруге ұмтылысын байқатады. Сөзімізге дәйек ретінде 1973 жылы балаларға арнап жазылған бір ғана шумақтан тұратын «Кемпірқосақ» атты өлеңді алалық.

Марат қатты қуанды,

Көріп кемпірқосақты.

Бара алмай жүрген ағалар

Күнге жаңбыр жол сапты.

Қолжазба Оразбектің 1971 жылдан прозаға да қалам тартқанын көрсетеді. Оның да кейбірі жарияланса, кейбірі жа­рық көрмеген. Ал өлеңдер болса 1974 жылдың шегіне жетіп тоқтайды да, 1971 жылы «Ақ лақ» атты әңгімеден басталып, ел аузынан алынған «Қомағай қоймайды», «Қожанасыр айтыпты» сияқты әңгімелермен, «Қызықты қыс күндері» атты күнделік сипатындағы әңгімемен, «Сырдарияға саяхат» атты суреттеме-пейзажбен, «Ауылым» атты сипаттамамен 1973 жылдарға иек артады. Иек артады да «Көк кесе», «Ерлік» атты әңгімелер, «Гүлдер» атты су­реттеме, «Жолдар алысқа шақырады», «Күнгей», «Еңбек баспалдағы немесе өзім жайлы очерк», «Сыр самалы» атты очерктер өмірге келеді. Бұдан соң шығармашылық 1971 жылы өмірге келген «Болуы мүмкін емес», «Сала құлаш шаш хикаясы» сияқты әзіл әңгімелермен, «Іңкәрлік», «Армандай күткен ақ таңым» әңгімелерімен, 1975 жылы өмірге келген «Бақыт тамшысы», «Жетім шал» әңгімелерімен жалғасып кете береді. Осы тұста айта өтетін бір жайт – өлеңдегі сықақ прозада әзіл әңгіме болып жалғасады, бұл сықақшылық, сыншылық Оразбектің табиғатында бар екенін көрсетеді.

Мұның барлығын тізбелеп отырғанымыз – қалың оқырманға және әдебиет зерттеушілеріне Оразбек Мақсұтұлы мұра­сының мол екендігін жеткізу.

1980 жылдары Оразбек қаламынан көптеген очерк, мақала, суреттемелермен қатар «Тоңмойын» атты әңгіме, «Менің жарық жұлдызым» атты новелла және т.с.с шығармалар өмірге келді. Жалпы қаламгердің шығармашылық тұлғалануы, толысуы ұзақ та, мехнатты, сыры мен қыры мол жол. Оразбек шығармашылығындағы сондай бір ерекше жайт – оның детектив жанрына құмарлығы. Бұған 1993 жылы 23 ақпанда жазылған «Ақырғы аялдама» атты сот очерк, 2008 жылы 30 қаңтарда «Сыр бойы» газетінде жарық көрген «КГБ полковнигінің 100 000 сомы» атты көлемді мақаласы дәлел. Бірде кездесіп, әңгімелескен кезімде өзі де: «Неге ертерек бармағанымды білмеймін, осы құқық қорғау саласына байланысты мәселелер мені қызықтырады» деген болатын. Менің О.Асылбаевпен бірлесе жазған

«Зауал», «Алаяқ» атты хикаяларым «Зауал» деген атпен 2005 жылы жинақ болып шыққанда өзі жүгіріп жүріп, қалалық кітапханада кітаптың тұсаукесерін өткізгенін қалай ұмытармын.

Жоғарыда сыншылық Оразбектің табиғатында бар дегенді айттық қой. Кейде әдемі юморы күлкіге қарық қылатын бізді. Бірде екеуміз полиция полковнигі Орынбек Асылбаевтың үйіне бара қалдық. Орынбек екеуміз шығармашылық бірліктеміз, ал ол Оразбекке туыс іні болып келеді. Оразбек алдында, мен сәл кейіндеу аулаға ене бергеніміз сол еді, бір кішкентай кәнден Оразбектің аяғын тістеп алсын. Жаздық сәкінің үстінде отырмыз, Оразбек шалбарының балағын әрі аударады, бері аударады, сосын басын шайқайды. «Ау, балағыңнан не таба алмай отырсың?» – деймін мен. Сонда Оразбек: «Менің інімнің негізгі мамандығы тергеуші – криминалист қой, оның иті де адамды криминалистше тістейді екен. Мына қарашы, шалбарда із жоқ, бірақ балтырымдағы тістің ізінен қан көрінеді. Тіпті кісі сенбес айтсаң» деп, біраз күлгенбіз.

Қай кезде болмасын редакцияға жолым түссе Оразбектің кабинетіне бас сұғамын. Көретінім – үстел басында қағазға шұқшиған Оразбек, қолда – қалам, ерінде – шылым. Осы көрініс ойға оралса оның «Бір күнгідей болмады-ау» деген естелік мақаласы мен мұндалайды. «Сырдария» газетіне қызметке барғанда танысқан, кейін сыйлас ағасы болған Құлжан Ысмайылов туралы жазған Оразбек: «...Буалдыр көк түтіннің арасынан (үшеуіміз темекіні ертелі-кеш бұрқыратамыз) бізді шырамытпаған ағайын Құлжекеңді танып жатады...» – деп бір өтсе, екінші бір тұста: «Сол бір күндері бүгінгідей адамдар томаға тұйық, ішмерез емес, редакция іші базар іспеттес – ойын-күлкі, ешкімнің ішпыстаны жоқ, жұмыс та жүріп жатыр. Құтекең, Асекең, Бөкең облыстық газетке ауысқан, қатарымызға Жолтай, Сарбұлақ, Жұматәлі, Сергей қосылған» деп Құлжан ағасын сағына еске алады.

Жазуға не шара, біз болсақ бүгін міне, «бір күнгідей болмады-ау» деп Оразбектің өзіне қатысты ой тербеп отырмыз. Оразбек қолжазбасында жазылған уақыты 1974 жылғы 14 февраль деп көрсетіліп Жолтай Әлмашовқа арналған үш шумақ өлең бар.

Жолтайым, менің Жолтайым,

Мәңгілік сені қолдаймын.

Өтініш бар аз ғана

Сонымды саған жолдаймын – деп бастайды да,

Оқыма мені сүйіп те!

Мен үшін барма күйікке!

Түсірме, бірақ, мүрдемді

Өлсем егер биікте! – деп ойын түйеді ол. Тәңір-ай, шамасы АЛЛА салды-ау аузына. Әлде Ақселеу Сейдімбеков ағам көп айтатын «Сұм жүрегім сезеді ғой» деген осы ма екен?!

Иә, Оразбек биікте көз жұмды және сол өз биігінде мәңгі қала бермек. Қаратаудан түскен жол – Оразбектің шығармашылық жолы кейінгі талапкер жастар үшін бағдаршам болары сөзсіз, осылайша жол жалғаса бермек.

//Сыр бойы.-2013.-30 наурыз.-8б.

Кәсіптік білім

Мейрамкүл ИБРАЕВА, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің техникалық пәндер оқытушысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет