«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
195
1930 жылдың қысында қосымша жүн дайындау жөнінде бұйрық түсті, соның салдарынан
жүні қырқылған қаншама отар-отар қой аяздан қатып өлді.
Тіпті ресми деректің өзінде
республика бойынша бір жылда 20 млн. мал басының кемігені айтылады. Келесі 1931 жылы тағы
10 млн. мал жойылған. Ұжымдастыру мен байларды тәркілеу шаралары аса қатаң әдістермен
жүргізілді. 1922-33 жылдар аралығында үкіметке қарсы шыққан және ет пен астығын жасырған
33 мың адам сотталып кете барды.
1930-31 жылдары тәркілеу барысында 6800 адам республика аумағынан көшірілді. Сонымен
қатар осы уақытта Қазақстанға КСРО-ның басқа аймақтарынан мал-мүлкі тәркіленген 180 мың
кулак жер аударылды.
Күштеп ұжымдастыру, индустрияландыру, мал-мүлікті тәркілеу,
аштықтың белең алуы
адамдарды айтқысыз қиыншылық заманына алып келді.
1931-33 жылғы ашаршылықтан басқа, оның алдында 1921-1922 жылдары да үлкен аштық
нәубеті болғанын жұртшылықтың көбі біле бермейді. 1917 жылы Қазақстанда 2 910 000 қазақ
өмір сүрген болса, 1924 жылғы жүргізген санағында қазақтардың саны 1 965 443-ке әрең жеткен.
Табиғи өсімді есептемегеннің өзінде 1 млн. қазақ саны кеміген. Ал, 1931-33 жылдардағы
ашаршылықтың қасіреті одан да сорақы, Қазақстан аумағындағы қазақ халқы үш миллион
адамнан айырылған.
Аштық, әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқына өте ауыр тиді.
Шектен тыс азық-түлік жоспарын орындау мен малды жаппай
сою шараларынан кейін мал
шаруашылығы өте ойсырап қалды. Ал «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранынан
кейін 1931-33 жылдары 2 млн.қазақ және 200-250 мың басқа ұлттар аштан қырылды. 1 млн.-
нан астам қазақ атажұртын тастап, алыс-жақын шетелдерге үдере көшті.Түрлі дереккөздері
бойынша бұл жылдары халықтың 50-75 пайызы құрып кеткен.
Қазақстандағы кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығындағы Кеңес өкіметінің
жүргізген саясатының нәтижелерінен туындаған қазақ халқының
ұжымдастырудың салдары
арқылы келген ашаршылыққа ұшырауына байланысты деректер бар. Енді соларға келсек,
ауыл шаруашылығындағы қуғындау саясаты Қазақ АССР орталық атқару комитеті мен халық
комиссарлары кеңесінің 1928 жылдың 27 тамызындағы
«Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу
Достарыңызбен бөлісу: