Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ауыз ашарда әуелі дұға жасалады ма, әлде ауыз



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ауыз ашарда әуелі дұға жасалады ма, әлде ауыз 
ашқан соң дұға жасала ма?
Жауап: 
Сәресіде әуелі су ішіп, содан соң дұға оқып 
бекітеді. Ал ақшамда әуелі дұға жасап кейін ауыз ашады. 
Ауызды құрма не сумен ашқаны абзал әрі ұнамды амал. 
Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын): «Ауыз ашар сәтіндегі ораза тұтқанның 
дұғасы кері қайтарылмайды», – деген 
(Тирмизи)
. Хадисте 
«ауыз ашар сәтіндегі дұға» деп келген. Демек, риуаяттан 
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


34
ауыз ашардан алдын дұға жасаған абзал екендігін аңғаруға 
болады. Десе де, ауыз ашар уақытында дұға жасау ерікті 
әрі сауапты іс болғандықтан әуелі аузын ашып кейін дұға 
жасауының да оразаға зияны жоқ. 
Сұрақ:
Ораза кезінде жүніп болған адам ғұсыл аларда 
тамағына ғарғара жасауына және мұрнына терең су тартып 
шаюына бола ма?
Жауап: 
Оразада ғұсыл құйынып, дәрет алғанда тамақты 
ғарғара етіп шаймай және мұрынға суды тым қатты тартпау 
керек. Тамақтан не мұрыннан су кіріп кетсе, ораза бұзылады. 
Сұрақ:
Ораза кезінде тіс салдыруға бола ма?
Жауап: 
Ораза кезінде тіс салдыруға да, тісті емдеп 
не жұлдыруға да рұқсат. Тіс салдыру барысында етті 
жансыздандыру мақсатында салынған ине оразаны 
бұзбайды. Алайда емдеу не тіс салдыру барысында емдік 
мақсатта салынған дәріні және тістен шыққан қанның 
тамаққа кетіп қалмауын жіті қадағалауы шарт. Бір тамшы 
болса да тамақтан дәрі не қан кіріп кетсе, ораза бұзылады. 
Сондықтан қолдан келгенше тіс салдыру, емдеу т.б. 
шараларды ауызашардан соң немесе рамазаннан кейінгі 
күндерге қалдырған абзал.
Сұрақ:
Парыз не нәпіл ораза ұстаған адам қонаққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет