Операция жасалатын жануарларды зерттеудің негізгі әдістері
Жедел жәрдемді қажет етуші малдар: жақсы, қанағаттанарлық, қиын және өте қиын жағдайда болуы мүмкін. Аурудың жалпы жардайы жарақат алудың немесе аурудың деңгейі мен сипатына байланысты болады. Мысалы, ең ірі тамырдан қан кетудің өзі бірден қиын жардайды туғызбайды. Басында мал өз-өзін жақсы сезінеді, ал қан кету басталған соң 1 сағаттан кейін немесе одан да ерте малдың хал-ахуалы төмендеп, нашарлай береді. Сонымен қатар асфиксация (тұншығу), жедел тимпания (мес қарынның желденуі) басталуы мүмкін. Жарақат алу жарақат алған малдың өміріне қауіп төндіретін жағдайға лезде немесе тез жеткізуі мүмкін.
Фермада, қораларда, жайылатын аулада, жайлауда және малға қарайтын басқа да пунктерде көбінесе ұзақ жатқан, тұра алмай, қатты ақсандап жатқан немесе қандай да бір басқа жағдайда тұрған малдарға көңіл аударады. Бұл организмнің жалпы жағдайын өзгертуші жеке және топты жүйелердің функциясының бұзылуын тудыратын талшықтар мен органдардың жарақат алуы мен әртүрлі аурулары кезінде болады.
Жүйкелік, жүрек - қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің қызметтері бұзылған кездегі функционалдық өзгерулер ең алгашқы болып байқалады.
Жедел жәрдем көмегінің тез және дұрыс жүргізілуі:
1) жалпы жағдайды зерттеумен;
2) дененің бөліктерін жеке зерттеумен;
3) жарақат алу жағдайларын анықтау үшін адамдардан сұрастыру арқылы немесе аурудың өрістеу себептерін сұрастырумен қамтамасыз етіледі.
Жарақат алған малдың жалпы жағдайын қарастырғанда, ең басты назарды жүйкелік және жүрек қантамырлары мен тыныс жүйесіне аударады. Малды зерттеуде қарап шығу мен басқа да қарапайым клиникалық әдістер оңай қол жетімді, тез орындалады және аурудың жағдайына баға беру үшін, жедел жәрдемді дұрыс көрсету үшін қажет.
Малды қарап шығу. Малды зерттеп және қарап шығу процесінде аурудың жағдайын тез әрі дұрыс анықтау, өз уақытында жедел жәрдемін көрсету үшін ең алдымен тамыр соғысы жиілігін және сипатын, дем алу, дене температурасын өлшеу керек. Көз қарашығын және малдың жалпы жағдайын қарау керек
Дене жабынын зерттеу. Мүйізді ірі қара малдың коньюнктивасының өзгеруін анықтау үшін мүйізінен ұстап басын жанынаа қаратады, ал ұсақ малдарда екі қолдың саусақтарымен қабақты ашу керек, ал жылқыларда – бас және сұқ саусақпен ашып зерттеледі. Танау кілегей қабықшасын, танау қанаттарын саусақпен кеңейту арқылы қарап шығады. Ауыздың кілегей қабықшасын - ерінді созып және ауызды ашып қол немесе арнайы құрал арқылы тексереді.
Сау малдарда кілегей қабықшалары ақ - қызрылт түсті болады, конь-юнктиваның және кілегей қабықшасының бозаруы көп қан кетудің болғанын, шок немесе жүрек қызметінің әлсірігенін; көкшіл рең (цианоз) — демалудың дұрыс еместігі туралы (булығу) және т.б. дәлелдейді.
Теріні саусақтармен қарап, сипалайды. Терілік жабынның ылғалдылығын, жергілікті температураның көтерілуі мен төмендеуін, сезгіштігін, иісін, созылымдылығын анықтайды.
Жоғары сезімталдылық терінің қызуы көтерілуінен, ылғалдылығы жүйке жүйесінің бұзылуынан, талықсулардан, жарақаттық шоктан, күннің өтуі кезінде және басқада сыртқы әсепрлер кезінде болады. Ал мұздай суық тері - туу кезіндегі кесіп алулар, терінің бұзылуы кезінде, жарақат алу кезіндегі ісінуден, уланудан, аллергиялық жағдайда болуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын ең алдымен «естің» ауысуы, бұлшықет тонусы мен көздің қарашығы жағдайымен, рефлекс бойынша, сонымен қатар температуалық реакциямен анықтайды. «Естің» ұзақ ауысуы миға қан кетуден туындайды. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы жағдайында «ес» сақталады. Жүйке жүйесінің функцоналдық зақымдануы бұлшық еттердің еріксіз қысқаруын туындатады, бұл - талықсулар. Бас миындағы жылуды тұрақтандыратын орталықтың бұзылуы кезінде дененің жалпы температурасы 1-3°С көтеріледі. Қан тамырлары мен демалу орталықтарының бұзылуы кезінде тамыр соғысы мен демалуы дені сау малмен салыстырғанда 2 - 3 есе жиілейді.
Қарашықтар мен рефлекс жағдайын анықтау. Ең ерекше назарды қарашыққа аударады. Қарашық - көздің түсті қабықшасы ортасындағы тесік, ол арқылы жарық сәулелері өтеді. Шошқа мен иттердің қарашығы шеңбер тәріздес, ал жылқы мен күйіс қайыратындарда көлденең созылыңқы. Қарашық жарық кезде кішірейеді және әлсіз жарықта симпатикалық, парасимпатикалық жүйкелерімен жүйкеленетін қарашықтық бұлшық еттерінің қысқарылуының көмегімен кеңейтіледі. Ауру, қозу, қорқыныш, күннің әсері, бас миының зақымдануында, электр жарақаттары мен булығулар, терминалды жағдайлар қарашықтың кеңейюімен сипатталады, ал кейбір жардайларда ол кішірепйеді, бұл орталық жүйке жүйесінің бұзылуын дәлелдейді.
Малдың ауыр жардайы кірпіктік, түбірлік және қарашық рефлекстерінің жойылуымен сипатталады. Кірпіктік рефлекс - кірпіктерге қолмен немесе оларға ауа қозғалысы әсері нәтижесінде қабақтардың қағылуы. Түбірлік немесе көздің касаң қабыгы рефлексі – қабақ шетімен немесе көздің алдыңғы беткейіне қауырсынмен әсер ету кезінде қабақтың қағылуы. Қарашық реакциясын көзді қолмен 2 - 3 минут жауып тұру арқылы анықтайды. Бұл кезде сау малдардың қарашығы ұлғаяды. Содан соң көзді ашады, ал қарашық баяғы қалпына тез оралады.
Сезім және ауру рефлекстері жүйке жүйесінің зақымдануы кезінде,
улану және жалпы организмнің жардайының бжзылуымен қатар жүретін
аурулардың қатарында болады. Тактильді сезімталдылықты әртүрлі заттармен және дененің ең нәзік бөліктеріне ауаның ағымымен, жеңіл жанасуымен тексереді.
Дене температурасын өлшеу. Малдың жардайын тез бағдарлау үшін дене температурасының жалпы көтерілуін анықтайды. Ауру малдардың көбінесе танауы қызады және т.б. арқылы анықтайды. Сау малдарда танау, ауыз айналасы сулы және салқын болады. Малдың денесінің жалпы температурасының көтерілуі - әртүрлі өзгерістерге организмнің оң нәтижелі қорғаныс реакциясы. Әдетте дененің температурасының көтерілуі пульстің жиіленуімен қатар жүреді.
Демалудың жиілігі мен сипатын анықтау. Демалу қозғалыстарының тереңдігін, ритімін және солардан шығарылатын ауа бойынша 1 минутқа анықтайды. Сау мүйізді ірі қара малдарда демалу қозралысы 12 – 25 - ке тең, ал жылқыда 8 - 16, қой мен ешкілерде 16-30, шошқаларда -15-20, қояндарда -50-60, ал тауықтарда ол 12-30-ды құрайды.
Ритмінің бұзылуын кеуденің ауаны сору мен оны тез шыраруы бойынша, сонымен қатар демалушы қозғалыстарды теңдей арақашықтықтары уақыты сандарының өзгеруі бойынша анықтайды. Демалу қозғалыстарындары паузалардың ұзақтығы зақымдалу мен аурудың сипатына байланысты болады.
Аурудың жалпы ауыр жардайы көбінесе жүйкелік жүйенің бұзылуымен тіркеседі, сонымен қатар ол жүрек - қантамырларының және демалу жүйесінің бұзылуымен қатар жүреді. Оның туындалу себебін анықтап жою керек. Бұдан кейін жедел жәрдемнің жоспарын анықтау үшін жүйелер мен ағзаларды жеке-жеке зерттеуге өтеді.
Дененің аудандары мен бөліктерін зерттеу, ол жүйелі және тізбекті болуы мүмкін. Тізбекті зерттеу дененің барлық жерін қарап шығу, ол бірінші көзге түсетін жарақаттарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелі тексеру ережеге сай клиникалық зерттеу жоспарына сай жүргізіледі. Бұдан басқа, мысалы; зәр шырару жүйесін зерттеумен шектеледі.
Мұқият және толық зерттеуді ессіз жағдайда, шок жағдайында, клиникалық өлім кезінде жүргізеді. Жарақаттанған малды қимылдатпай зерттейді. Малға жарақат алған кезде ұқыпсыз қараудан туатын шок немесе май эмболиясы туындалуы мүмкін екендігін есте сақтау керек.
Негізінен басты, мойынды, көкірек қуысын, қарынның жиырылуын, омыртқаны қарап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |