Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 2011 жылдарға арналған cтратегиялық жоспарының іске асырылу барысы туралы


«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері мен мүмкін тәуекелдер» деген бөлімі бойынша



бет16/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.69 Mb.
#23481
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері мен мүмкін тәуекелдер» деген бөлімі бойынша


Іс-шаралар

(есепті кезең)

ескерту

жоспар

нақты

Орындамау/асыра орындау себептері

Ұсынылған шешім жолдары

4.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері

Қаржы министрлігінің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді үнемі өзектендіру.


Қажеттілікке сәйкес ҚР ҚМ-нің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру

2009 жыл бойында қажеттілікке сәйкес ҚР ҚМ-нің құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру жүргізілді







Бизнес-процестерді оңтайландыру және тиімділігін арттыру үшін озық ақпараттық технологияларды енгізу, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесін реинжинирингтеу – е-Қаржыминінің инфрақұрылымын дамыту: е-Қаржыминінің базалық құрамдас бөліктерін дамыту кезінде е-Қаржыминін басқару, мониторингілеу және шешімдерін қабылдау жүйелерін құру (оның ішінде мемлекеттің талаптары мен міндеттемелерін басқару, бюджет процесінің мониторингі, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру мен нақтылау жөнінде), ақпараттық жүйелерді біріктіру.


1) ҚР ҚМ –нің «Мемлекеттің талаптары мен міндеттемелерін басқару», «Бюджет процесін мониторингілеу», «Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» ақпараттық жүйелерін дамыту және кеңейту бойынша іс-шараларды аяқтау.

2) ҚР ҚМ ақпараттық жүйелері базасында электрондық қызметтерді іске асыру бойынша консалтингтік жұмыстарды аяқтау.



ҚР ҚМ өз жұмысында инновациялық технологияларды белсенді пайдаланады және енгізеді.

1) «ҚР ҚМ ақпараттық жүйелерін құру және дамыту» инвестициялық жобасы іске асырылды.

Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес ҚР ҚМ АЖ функционалын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілді.

2) «е-Қаржымині» біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру» ТЭН-і ҚР ҚМ Жауапты хатшысының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 бұйрығымен бекітілді.









Заңнамаға сәйкес айқындалған рәсімдерді регламенттеу және Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтерді стандарттау.


Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және енгізу


Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің тиісті қаулылары әзірленді

2009 жылы мемлекеттік қызметтердің стандарттары бекітілген жоқ, өйткені, мемлекеттік қызметтердің бекітілген жаңартылған тізілімінің болмауына байланысты ҚР ӘМ келісуден бас тартты.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтердің тізіліміне лицензиялау саласындағы қызметтер енгізілгенін атап айтқан жөн, себебі бүгінгі таңда ҚР ЭБЖМ әзірлеген, жекелеген лицензияланатын қызмет түрлерін өз өзін реттеуге көшіру жөніндегі норманы енгізуді көздейтін «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы мемлекеттік органдармен келісілуде»






ХҚҰ, рейтингтік агенттіктермен, елдермен, біріккен бірлестіктермен өзара іс-әрекет, ХҚҰ қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру.


9

шет мемлекеттермен (Хорватия, Израиль, Ресей, Сауд Арабиясы, Қатар, Египет, Вьетнам, Дания, Түркия) қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны талқылау бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі іс-шаралар



8

шет мемлекеттермен (Кувейт, Сауд Арабиясы, Чехия, Хорватия, Вьетнам, Дания, Швейцария, Ресей) қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны талқылау бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі іс-шаралар









2

2009 жылғы сәуір – АҚШ-тың Вашингтон қаласында ХВҚ мен ДБ басқарушыларының орынбасарларының жыл сайынғы көктемгі отырысы;

2009 жылғы 18-19 мамыр – Ұлыбританияның Лондон қаласында ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы.


21

Ү.ж.13-14 қаңтарда, 5-15 мамырда, 14-16 маусымда, 23 шілдеде – ХВҚ миссиясының кездесулерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;

Ү.ж.20-24 қаңтарда, 24 ақпанда, 10-13 маусымда, 29 шілдеде, 10 қыркүйекте, 15 қыркүйекте 20-21 қазанда – ЕҚДБ өкілдерінің сапармен келулері;

Ү.ж. 2 ақпанда – Азия Даму Банкі өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;

Ү.ж. 10 сәуірде, 10 шілдеде – Алматы қаласында АДБ Кеңесінің отырыстары;

Ү.ж. 25-26 сәуірде - АҚШ-тың Вашингтон қаласында ХВҚ мен ДБ басқарушыларының орынбасарларының жыл сайынғы көктемгі отырысы;

2009 жылғы 15-16 мамыр – Ұлыбританияның Лондон қаласында ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы;

Ү.ж. 2-3 маусымында – Түркменстанның Ашхабад қаласында ИДБ Басқарушылар Кеңесінің жыл сайынғы отырысы;

Ү.ж. 28 тамызында. – Дүниежүзілік Банктің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;

Ү.ж. 11 қарашасында – ХҚК өкілдерімен кездесулер;

Ү.ж. 19-22 қыркүйегінде –Нью-Йорк қаласында Роуд шоуда ЕАБР қатысу (АҚШ)

Ү.ж. 11 желтоқсанда – Санкт-Петербург қаласында ЕАБР Кеңесінің отырысы (РФ)


1) ХВҚ-ның бастамашылығы бойынша ХВҚ-мен іс-шаралар; ЕҚДБ-мен іс-шаралар ҚР-ның 2011 жылғы ЕҚДБ-ның жыл сайынғы отырысын Астана қаласында өткізуге өтінім беруіне байланысты, сондай-ақ ЕҚДБ бастамашылығы бойынша;

2) іс-шара Азия Даму Банкінің бастамашылығы бойынша өткізілді;

4) іс-шара қабылдаушы тарап есебінен өткізілді;

6) іс-шара Дүниежүзілік банк бастамашылығы бойынша болып өтті.





2

(Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы Шартқа және Еуразиялық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы Келісімге қол қою бойынша іс-шаралар)



2

(2009 жылғы 9 маусымда - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы Шартқа және Еуразиялық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы Келісімге қол қою бойынша іс-шаралар)









Қажеттілігіне қарай халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен кездесулер өткізу

4

1) 2009 жылғы 2 наурызда, 2009 жылғы 15-16 мамырда – ҚР Қаржы министрі Б.Б.Жәмішевтің Moody’s және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен кездесулері. Ескертпе: Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесу ҚР Қаржы министрі Б.Жәмішевтің Лондон қаласындағы ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына барған сапарында болып өтті;

2) 2009 жылғы 3 маусымда - «Standard@Poor’s» рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;

3) 2009 жылғы 23 қыркүйекте – «Fitch Ratings» рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;



Іс-шаралар рейтингтік агенттіктердің бастамашылығы бойынша өткізілді




14

Ү.ж. 30-31 наурызында ТМД қатысушы елдерінің қаржы министрлерінің тұрақты жұмыс істейтін кеңесінің екінші отырысы (Мәскеу қ.); ү.ж. 20-23 сәуірінде - КҚТ ЕурАЗЭҚ кезекті отырысы (Мәскеу қ.);

ү.ж. 13-15 мамырында - КҚТ ЕурАЗЭҚ кезекті отырысы (Мәскеу қ.);

Ү.ж. 20-21 мамырында ТМД қатысушы елдерінің қаржы министрлерінің тұрақты жұмыс істейтін кеңесінің кезекті отырысы (Мәскеу қ.);

ү.ж. 26-30 мамырында - КҚТ ЕурАЗЭҚ кезекті отырысы (Минск қ.);

ү.ж. 7-10 маусымында – ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің кезекті отырысы (Мәскеу қ.)

ү.ж. 23-26 маусымында - КҚТ ЕурАЗЭҚ кезекті отырысы (Мәскеу қ.);

ү.ж. 12 тамызда – Кеден одағы Комиссиясының отырысы;

ү.ж. 25 қыркүйекте – Кеден одағы Комиссиясының отырысы;

ү.ж. 21 қазанда – Кеден одағы Комиссиясының отырысы;

ү.ж. 26 қарашада - Кеден одағы Комиссиясының отырысы;

ү.ж. 27 қарашада - Кеден одағы Комиссиясының, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі отырысы; (мемлекет басшылары деңгейінде);

ү.ж. 9 желтоқсаны – Алматы қаласында ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Қаржы министрлері мен орталық (ұлттық) банктерінің басшыларының отырысы;

ү.ж. 11 желтоқсанда - Кеден одағы Комиссиясының, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі отырысы (үкімет басшылары деңгейінде);

ХҚД сонымен қатар ТМД, ШЫҰ, БЭК, ОАЫ, ЕурАзЭҚ және т.с.ынтымақтастық шеңберіндегі құжаттарды қарады.


Іс-шара нтеграциялық бірлестіктің бастамашылығы бойынша өткізілді




11

Ү.ж. 6 қаңтарда – шетелдік ұйымдар алдындағы берешектер жөнінде ВАК отырысы («Рассик Вудворт ЛТД»), Р.Е. Дәленов;

Ү.ж. 3 ақпанында – ЭМРМ басшылығымен ҚР –ның Оман Сұлтандығы алдындағы берешегін қайта құрылымдау бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті;

Ү.ж. 10-11 наурызда – ҚР –ның Оман Сұлтандығы алдындағы берешегін қайта құрылымдау бойынша Оман Сұлтандығының Қаржы министрлігінің өкілдерімен кездесу;

Ү.ж. 13 наурызда – Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен үкіметаралық комиссияның 7-отырысы шеңберінде қазақстандық кәсіпорындардың үнділік әріптестер алдындағы берешектері мәселелері жөнінде келіссөздер;

Ү.ж. 7 сәуірде - ЭМРМ басшылығымен ҚР –ның Оман Сұлтандығы алдындағы берешегін қайта құрылымдау бойынша жұмыс тобының отырысы;

Ү.ж. 29 мамырында – ҚР Үкіметінде ҚР –ның Оман Сұлтандығы алдындағы берешегін қайта құрылымдау бойынша отырыс;

Ү.ж. 16 шілдеде – ҚР ҚМ басшылығымен қазақстандық кәсіпорындардың үнді тарапының алдындағы берешектері мәселелері жөніндегі ЖТ отырысы;

Ү.ж. 7-9 қыркүйегінде Алматы қаласында «ОАЫжДБ» ЖАҚ-ның активтері мен кепілдерінің тізбесін жасау мақсатымен ҚР ҚМ және ҚҚА сарапшыларының кездесуі болып өтті;

Ү.ж. 18 қыркүйекте – Қазақстан мен Үндістан арасындағы СІМаралық саяси консультациялар («шәй борышы» жөнінде);

Ү.ж. 5-7 қазанда – ҚР ҚМ мен ҚҚА сарапшыларының қырғыз тарапының мүдделі органдарымен кездесуі;

Ү.ж. 10-11 желтоқсанда - қазақстандық кәсіпорындардың үнді тарапының алдындағы берешектері мәселелері жөніндегі ЖТ отырысы (департамент директорлары деңгейінде);



Іс-шара шет мемлекеттердің бастамашылығымен өткізілді










8

Ү.ж. 7 шілдеде – Banking Group Басқармасының мүшесімен кездесу;

Ү.ж. 17 шілдеде – Үндістанның ҚР-дағы Өкілетті елшісімен кездесу;

Ү.ж. 4 қыркүйекте – АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесу;

Ү.ж. 11-13 қыркүйекте, 5-7 қазанда – ОАЫжДБ бойынша кездесулер;

Ү.ж. 1 желтоқсанда – Францияның Қаржы вице-министрімен кездесу;

Ү.ж. 4 желтоқсанда – АҚШ Қазынашылық Департаменті өкілдерімен кездесу;

Ү.ж. 7 желтоқсанда – Қаржы министрінің Франция Елшісімен кездесуі.



Іс-шара шет мемлекеттердің бастамашылығымен өткізілді





Аумақтық бөлімшелер қызметінің бірқатар көрсеткіштеріне негізделген және тиісті комитеттер жүргізетін Министрлік ведомстволары аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігі мен сапасын рейтингтік бағалау.


ҚР ҚМ ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің көрсеткіштер рейтингін қалыптастыру (жыл бойында)

ҚР ҚМ ҚБК аумақтық бөлімшелерінің 2009 жылдағы рейтинг көрсеткіші қалыптастырылды.

Сондай-ақ, аумақтық кеден органдарының қызметін рейтингтік бағалау бүгінгі таңда «ҚР ҚМ КБК аумақтық кеден органдарының қызметін рейтингтік бағалау критерийлерін бекіту туралы» ҚР ҚМ КБК Төрағасының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 360 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.

ҚР ҚМ ҚК өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау көрсеткіштерінің кестесін әзірледі. Қызметтің тиімділігі мен сапасын бағалау әр тоқсанның қорытындысы бойынша жүргізіледі.

ММЖК Төрағасы 2009 жылғы 25 наурызда өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметінің тиімділігі мен сапасының рейтингтік бағасын анықтау бойынша № 146 Нұсқаулықты бекітті және жұмыста қолдануда.

ҚР ҚМ ДБК аумақтық бөлімшелерінің 2009 жылдағы қызметінің рейтингтік көрсеткішін қалыптастырды. Сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің қызметін рейтингтік бағалау бүгінгі таңда «ҚР ҚМ ДБК аумақтық бөлімшелердің қызметін рейтингтік бағалау критерийлерін анықтау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР ҚМ ДБК Төрағасының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 85 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.








Көрсетілетін қызметтерді алушылармен өзара іс-әрекет – ақпаратты, министрліктің Wев-сайтына жедел орналастыру, БАҚ жариялануын қамтамасыз ету, сауалдарға жауап беру.


ҚР ҚМ web-сайтындағы ақпаратты, «Неғұрлым жиі берілетін сұрақтар» айдарындағы ақпаратты, сондай-ақ ҚР ҚМ жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілердің барлығының, есептердің, ресми құжаттардың, баспасөз релиздерінің, заң жобаларын әзірлеу графиктері мен мәтіндерінің жарияланымдарын уақтылы жаңартып отыру.

Ақпаратты ҚР ҚМ web-сайтына жедел орналастыру, интерактивтік қызметтер көрсету, атап айтқанда: ҚР ҚМ web-сайты арқылы сұрақтарға жауап, сондай-ақ ҚР ҚМ жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілердің барлығының, есептердің, ресми құжаттардың, баспасөз релиздерінің, заң жобаларын әзірлеу графиктері мен мәтіндерінің жарияланымдары толық көлемде көрсетіледі.







Кадрлық әлеуетті тұрақты арттыру, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының бітірушілерді тарту, біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру.


2009 жылға арналған жоспар мен графикке сәйкес ҚР ҚМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (жыл бойында)



2009 жыл ішінде графикке сәйкес:

Қазақстан Республикасының ҚМ орталық аппаратының 163 қызметкері;

Қазақстан Республикасының ҚМ ҚБК-нің 301 қызметкері;

Аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда ҚР ҚМ ҚК-нің 275 қызметкері;

ҚР ҚМ ММЖК мен оның аумақтық бөлімшелерінің 107 қызметкері;

ҚР ҚМ ДБК-нің 160 қызметкері;

Аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда ҚР ҚМ КБК-нің 3500 қызметкері;

Қазақстан Республикасының ҚМ СК-нің 1508 қызметкері;

ҚР ҚМ ҚМК-нің, оның ішінде аумақтық бөлімшелерінің 37 қызметкері біліктілік арттырудан өтті.








ҚР ҚМ бос орындарына конкурс өткізу (жыл бойында)

2009 жылдағы Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналып өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша:

ҚР ҚМ орталық аппараты бойынша 23 маман.

Қазақстан Республикасы МҚА-ның кадрлық резервінен (бұдан әрі - резерв) 10 адам ҚР ҚМ орталық аппаратына қабылданды.

ҚР ҚМ ҚБК 34 маман, оның ішінде 2 жоғарғы оқу орының түлегі қабылданды;

ҚР ҚМ ҚК резервтен 3 жоғарғы оқу орының түлегі қабылданды;

ҚР ҚМ КБК резервтен 5 жоғарғы оқу орының түлегі қабылданды;

ҚР ҚМ ДБК 42 маман, оның ішінде 13 жоғарғы оқу орының түлегі қабылданды;

ҚР ҚМ СК 1 маман қабылданды. Резервтен 13 адам қабылданды.

ҚР ҚМ ҚМК 20 маман қабылданды, 16 адам ауысу жолымен және 15 адам резервтен қабылданды.








Қызметкерлерді мақтау қағаздарымен наградтауға ұсыну (жыл бойында)

2009 жылы мақтау қағаздарымен наградтауға ҚР ҚМ ҚБК-нің 11 қызметкері, ҚР ҚМ ҚМК-нің 1 қызметкері, ҚР ҚМ КБК-нің 111 қызметкері және ҚР ҚМ СК-нің 150 қызметкері ұсынылған.







Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру және ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту – Министрлік жүйесінің ішінде міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлу мақсатында функционалдық талдаудың екінші кезеңін жүргізу, корпоративтік басқару мен стратегиялық менеджменттің – БКЖ үздік практикасын енгізу (басшыларға ұйымның стратегиялық мақсаттарын бөлімшелердің және негізгі қызметкерлерінің жедел қызметінің нақты жоспарларына ауыстыруға және стратегияны іске асыру тұрғысынан олардың қызметінің нәтижелерін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің көмегімен бағалауға мүмкіндік беретін басқару жүйесі).

ҚР ҚМ қызметін ұйымдастыру және ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту

ҚР ҚМ жаңа ұйымдастырушылық құрылымы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 210 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 166 бұйрығымен бекітілген







4.2. Мүмкін тәуекелдер

Мүмкін болатын қаражаттар шеңберінде көтермелеу жүйесін жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Мүмкін болған қаражат шеңберінде уәждеу жүйесін тұрақты жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Бюджет қаражатын оңтайландыруға байланысты қаржылық көтермелеу елеулі қысқартылды. ҚР ҚМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ақпарат жоғарыда айтылды.







Жаңа IT-технологиясына көшу

1) ҚР ҚМ –нің «Мемлекеттің талаптары мен міндеттемелерін басқару», «Бюджет процесін мониторингілеу», «Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» ақпараттық жүйелерін дамыту және кеңейту бойынша іс-шараларды аяқтау.

2) ҚР ҚМ ақпараттық жүйелері базасында электрондық қызметтерді іске асыру бойынша консалтингтік жұмыстарды аяқтау.




ҚР ҚМ өз жұмысында инновациялық технологияларды белсенді пайдаланады және енгізеді.

1) «ҚР ҚМ ақпараттық жүйелерін құру және дамыту» инвестициялық жобасы іске асырылды.

Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес ҚР ҚМ АЖ функционалын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілді.

2) «е-Қаржымині» біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру» ТЭН-і ҚР ҚМ Жауапты хатшысының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 бұйрығымен бекітілді.









Кеден органдарын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша қысқартуды шектеу

Кеден органдарын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша секвестрлеуді шектеу

2009 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2008 жылғы 2 ақпандағы Қарыз туралы келісім (Қазақстан Республикасының кедендік қызметін дамыту жобасы) күшіне енді.

2009 жылғы 3 шілдеде Кеден қызметін дамыту жобасы бойынша Қадағалау комитеті осы Жоба бойынша Жұмыстарды орындау жоспары мен Сатып алу жоспарын бекітті.

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік Банктің рәсімдеріне сәйкес ҚМ КБК техникалық тапсырмалар мен тендер құжаттамасын, оларды келісу үшін Дүниежүзілік Банкке жіберді.








Республикалық ақпараттық түсіндіру акциялар, кеден саясаты бойынша Консультативтік кеңестіктің отырыстар, «дөңгелек үстелдерді» жүргізу, кеден органдарының Web-порталында және БАҚ мәліметтерді орналастыру жолымен ақпараттандырудың деңгейін арттыру

Республикалық ақпараттық – түсіндіру акцияларын, кеден саясаты бойынша Консультациялық кеңестердің отырыстарын, «дөңгелек үстелдер» өткізу, мәліметтерді кеден органдарының web-порталында және БАҚ-та орналастыру жолымен ақпараттану деңгейін арттыру



Әкімшілік кедергілерді төмендету, кедендік рәсімдерді жеңілдеті, контрабандамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу мақсатында республикалық, қалалық, облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Кеден келбеті айқын» журналистік десант республикалық акциясы өткізілуде.

Кәсіпкерлік құрылымдармен конструктивті диалогты дамыту мәселесіне ерекше көңіл аударылуда.

Осы мақсатта, Комитетте және жергілікті жерлерде «дөңгелек үстелдер», кездесулер мен консультациялар тұрақты түрде өткізіліп отырады, олардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көреді. Сонымен бірге ҚР ҚМ КБК сайтында күн сайын СЭҚҚ-на қойылатын сұрақтар бойынша түсіндірулер орналастырылады.

Бүгінгі таңда ҚР ҚМ КБК-нің барлық аумақтық кеден органдарында Кедендік саясат бойынша қоғамдық-консультациялық кеңестер құрылған, олардың функцияларына кеден ісін жетілдіру және түсіндіру бойынша іс-шараларды іске асыру кіреді. 9 айда аумақтық кеден органдары Кеден саясаты бойынша консультациялық кеңестердің 108 отырысын өткізді.









Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының жалақы деңгейін арттыру және оларға әлеуметтік – зейнетақылық кепілдіктер беру

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорєау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметіне мүдделі орталық органдармен бірлесе отырып, құқық қорғау органдарының қамтамасыз ету функцияларын орындайтын қызметкерлерге қарағанда негізгі функцияларды орындайтын қызметкерлері үшін еңбекақының неғұрлым жоғары деңгейін белгілеу бойынша шаралар қабылдау бұл ретте, қызмет өтілін анықтау, зейнетақылық қамтамасыз ету, негізгі немесе қамтамасыз ету функцияларының қайсысын орындауына қарай атақ және сыныптық шендер беру тәртібін қайта қарау тапсырылған.

Тиісті шаралар қабылдау мақсатында «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен ҚР ҚМ-нің және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Бұдан басқа, ҚР Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрінің атына кеден органдары қызметкерлерінің жалақы деңгейін ұлттық қауіпсіздік органдарының деңгейіне дейін жеткізу туралы, зейнетақы аударымдары үшін шығыстарды қоса алғанда, осы мақсаттарға арналған шығыстарды ұлғайту бойынша есеп айырысуларын бере отырып, ұсыныстар жіберілген.




ҚР ҚМ «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының жобасына құқықтық мәртебені бірегейлендіру бойынша ұсыныс енгізді.

Бұл Заң жобасын қарау 2010 жылға жоспарланып отыр.






Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру

Графикке сәйкес Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру

2009 жылы Алматы мен Атырау қалаларының Оқу-әдістемелік орталықтарында кеден органдарының 3500 қызметкері біліктілік арттыру және бастауыш дайындық курстарынан өтті.

2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 1254 ҚРҮҚ-на сәйкес Алматы қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласына көшірілді, осыған байланысты 2009 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған біліктілік арттыру курстары 2010 жылға көшірілді.

Бүгінгі таңда бастауыш курстар өткізілуде. Бұдан басқа, Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік оқу орталығы ашылды.








ҚР Үкіметінің басшылығымен ведомствоаралық комиссиялар құру, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту

ҚР Үкіметінің басшылығымен ведомствоаралық комиссиялар құру, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту

2009 жылы мүдделі органдармен жасасқан, кеден органдарының тиісті индикаторларына қол жеткізуге бағытталған және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі жетекшілік ететін сектораралық келісімдердің орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырды.

Бүгінгі таңда «ҚР ҚМ КБК Жедел басқару орталығын пайдалана отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР ҚМ, ҚР ККМ, ҚР АШМ және ҚР ДМ-терінің бірлескен бұйрық жобасы келісу сатысында тұр.









Заңнамаға өзгерістер енгізу (1997 жылғы 16 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексі, «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы ҚР кодексі)

Заңнамаға өзгерістер енгізу (1997 жылғы 16 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексі, «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы ҚР кодексі)

ҚР ҚМ «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» ҚР кодексінің жобасына енгізу үшін ұсыныстар мен ескертулер әзірледі және ҚР ӘМ-не жіберді

Бүгінгі таңда бұл жоба ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр




Құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды арттыру.

Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қабылданған жедел іс-шаралар санын ұлғайту.

Құқық қорғау органдары арасында ведомствоаралық үйлестіруді күшейту


Құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды тұрақты түрде арттыру.

Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қабылданған жедел іс-шаралар санын ұлғайту.

Құқық қорғау органдары арасында ведомствоаралық үйлестіруді күшейту


Кеден ісі саласындағы экономикалық қылмысқа, есірткі мен қару-жарақ контрабандасына қарсы іс-қимылдар мақсатында ҚР ІІМ мен ЭҚСКА «Саранча» шартты атауымен арнайы операция шеңберінде «ұйымдастырылған қылмыстық топтарды қаржыландыру көздерін айқындау және жою және кеден ісі саласындағы экономикалық қылмысқа, есірткі құралдарының және басқа да айналымнан алып тасталған немесе айналымы шектелген заттар контрабандасына қарсы іс-қимылдар бойынша 2009-2011 жылдарға арналған жедел-іздестіру іс-шараларының бірлескен жоспарына» 2009 жылғы 5 мамырда қол қойды.

Кеден органдары тікелей кедендік шекарада 173 есірткі құралдары контрабандасы фактісін, одан 115 фактіні қызметтік - іздестіру иттерін қолдана отырып, дербес айқындады. 213 қылмыстық қозғалды, одан 130 іс – ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша (есірткі контрабандасы), 82 іс – ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша, алынған есірткінің салмағы 755,8 кг құрады, оның ішінде 117,9 кг – героин. Есірткі бизнесімен күрес тікелей кедендік бақылау аймағында, ал атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасында не республиканың ішкі аумағында – жедел-іздестіру іс-шараларын, халықаралық бағыттағы жолаушылар поезді мен автокөлік құралдарын (рейстік автобустарды) тексеру өткізу кезінде өткізілетін басым бағыт болып табылады.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша іс-шаралардың ұзақ мерзімді бірлескен жоспарлары («Мак», «Арна», «Канал», «Допинг» операциялары) негізінде кеден органдары Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен және арнаулы органдарымен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде Орта Азиядан Қазақстанға және одан әрі Ресейге есірткі құралдарын алып өту фактілерінің жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша департаменттің Контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің қызметкерлерімен және Қырғыз Республикасы мен Ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, «Бішкек-Петропавловск-Омбы» бағыты бойынша «Сыртқы бақыланатын жеткізу» әдісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын кәсіби деңгейде өткізді.

Нәтижеде, 3,3 кг героинді бақыланатын жеткізу жүргізу жолымен Ресей аумағында есірткі жүгін алу кезінде РФ азаматтары ұсталды. Осылайша, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Тәжікстаннан Қырғызстан, Қазақстан арқылы Ресей Федерациясының Омбы қаласының аумағына транзитпен өтетін есірткі трафигінің кезекті арнасы жойылды.

2009 жылы басқа да құқық қорғау және арнаулы органдармен бірге «бақыланатын жеткізу» әдісі бойынша 14 жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуде қатыстық. Нәтижеде ТМД-ның оңтүстік республикаларынан (Қырғызстан, Өзбекстан) Қазақстан арқылы транзитпен Ресейге есірткінің ірі партияларын контрабандалық жеткізуді жүзеге асырып жүрген ұйымдасқан халықаралық қылмыстық қоғамдастықтың қызметінің жолы кесілді.








ХҚЕСКҚ-мен ресми келіссөздер мен хат алмасулар, қаржыландыру қажеттігі туралы уақтылы хабарламалар

ХҚЕСКҚ-мен ресми келіссөздер мен хат алмасулар, қаржыландыру қажеттігі туралы уақтылы хабарламалар

ХҚЕС-ті аударуға құқық беру бойынша ХҚЕСКҚ-мен келіссөздер тұрақты негізде жүргізіліп отырады







Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-ке өтуге міндетті, бірақ өтпеген заңды тұлғаларды айқындау бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ оларға тиісті шаралар қолдану.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-ке өтуге міндетті, бірақ өтпеген заңды тұлғаларды айқындау бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ оларға тиісті шаралар қолдану.

2009 жылы қаржылық есептілік депозитарийі ұйымдардың қаржылық есептілігін бірінші рет 2009 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімде қабылдады. Сондай-ақ облыстардың және Алматы, Астана қалаларының әкімдері ұсынған есептері негізінде ХҚЕС-ке өтпеген мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар бойынша деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы уәкілетті органға бақылау функциясын беру бөлігінде өзгерістер енгізілді.









Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен ресми келіссөздер мен хат алмасулар. Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы ХАС-ты қолдану бойынша кәсіби және аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін күшейту бөлігінде оңтайландыру

Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен ресми келіссөздер мен хат алмасулар. Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы АХС-н қолдану бойынша кәсіби және аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін күшейту бөлігінде оңтайландыру

ХАС-ты аударуға құқық беру бойынша ХБФ-пен келіссөздер мен хат алмасулар жалғасуда.







Борышкердің берешектерінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімақы, айыппұлдар), сондай-ақ алынған кредиттері бойынша сыйақы есептеуді тоқтату

Борышкердің берешектерінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімақы, айыппұлдар), сондай-ақ алынған кредиттері бойынша сыйақы есептеуді тоқтату

2009 жылы 626,2 млн.теңге сомаға борышкерлердің салықтық берешектері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімақы, айыппұлдар) есептеу тоқтатылды







Шығындарды қысқарту, активтерді басқаруды жақсарту, айналым қаражатын толықтыруға ұзақ мерзімді несиелер немесе қарыздар алу, өндірісте пайдаланылмайтын активтерді сату, әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден өтеусіз және қайтарымды негізде мемлекеттік қаржылық қолдау алу бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру

Шығындарды қысқарту, активтерді басқаруды жақсарту, айналым қаражатын толықтыруға ұзақ мерзімді несиелер немесе қарыздар алу, өндірісте пайдаланылмайтын активтерді сату, әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден өтеусіз және қайтарымды негізде мемлекеттік қаржылық қолдау алу бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру

10 079,6 млн. теңге сомаға әкімшілік шығындар қысқартылды; активтерді басқаруды жақсарту үшін оңалтатын кәсіпорындарға 14 оңалтуды басқарушы тағайындалды және төртеуі ауыстырылды; Кредиттік ұйымдар мен екінші деңгейдегі банктер оңалтатын кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға несиелер мен қарыздар берген жоқ; 205,7 млн.теңге сомаға өндірісте пайдаланылмайтын активтер сатылды; коммуналдық кәсіпорындар әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден 1 400,4 млн. теңге сомада мемлекеттік қаржылық қолдау алды.







Дүниежүзілік Банктің респонденттерімен және сарапшыларымен тұрақты ынтымақтастық және банкроттық саласындағы объективтік деректерді беру

Дүниежүзілік Банктің респонденттерімен және сарапшыларымен тұрақты ынтымақтастық және банкроттық саласындағы объективтік деректерді беру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Дүниежүзілік Банктің респонденттерімен және өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Дүниежүзілік Банктің респонденттерінің негізінен заңды, консалтингтік фирмалар болып табылатыны және дәрменсіз борышкерлерді тарату мәселелерімен іс жүзінде мүлдем айналыспайтыны және кәсіпорындарды банкроттық рәсімдері арқылы тарату саласындағы істердің шын мәніндегі жағдайы туралы жеткілікті хабары жоқ екені айқындалды.

Дүниежүзілік Банктің респонденттерімен және өкілдерімен болған көрсетілген кездесулерде Министрлік банкроттық рәсімдер арқылы кәсіпорындарды таратуға қатысты тиісті ақпаратты (банкроттық жағдайларының өсу немесе азаю тенденциясы, банкроттық рәсімдерді жүргізудің орташа ұзақтығы, кредит берушілердің талаптарын қанағаттандыру) ұсынды, сондай-ақ банкроттық туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жіті түсіндірмелер мен респонденттерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік Банктің банкроттық рәсімдермен байланысты мезгілдік және қаржылық шығындарды көрсететін бағалау көрсеткіштері бойынша Министрлік Қазақстанның статистикалық деректерін нақтылады.

Дүниежүзілік Банктің респонденттерімен және өкілдерімен өткізілген жұмыс кездесулері, сондай-ақ Министрліктің аргументтелген ұстанымы «кәсіпорындарды тарату» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын түзету мүмкіндігімен бірге оңтайлы нәтиже берді.

Дүниежүзілік Банк 9 қыркүйекте 2009 жылдың барлық индикаторлары бойынша қорытынды жасады. «Кәсіпорындарды тарату» индикаторы бойынша «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 100-орыннан 54-орынға ауысып, еліміздің ұстанымы жақсарды.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет