5.2 Араларды бағалау (бонитировка)
Бонитировканың негізі мақсаты – ара отбасыларын шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша және зоотехникалық есепке алу деректері мен тексеру нәтижесінде обьективті бағалау.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда бонитировка жұмыстары жыл сайын қыркүйек – қазан айларында күзгі қайта қарау барысында жүргізіледі. Ағымдағы жылда бал жинау науқанына қатысқан, қыстап шыққан, дені сау ара отбасыларын бонитировкалайды.
Аралар тұқымы, бал өнімділігі, ара отбасының күші және қысқа төзімділігі бойынша 5 балдық шкала арқылы бағаланады (кесте 11).
11 кесте – ара отбасын бал өнімділігі, ара отбасының күші және қысқа төзімділігі бойынша бағалау
Бағалау, балл
|
Омартадағы орташа бал өнімділігі, %
|
Ара отбасының күші, ара бар кәріз саны бал жинау науқаны алдында
|
Қысқа төзімділігі, күзде ара отбасы күшімен салыстырғанда аралардың кету %
|
Рамкаға 435×300 мм
|
Рамкаға 435×230 мм
|
5
|
200
|
24 кем емес
|
30 кем емес
|
10 кем емес
|
4
|
150
|
20
|
25
|
15
|
3
|
120
|
18
|
22
|
25
|
2
|
100
|
16
|
18
|
30
|
1
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Бонитировка нәтижесі бойынша ара отбасының класын анықтайды (12 кесте).
Ата аналары белгілі бірінші класты отбасылар элита класына жатады.
12 кесте - Балдық бағалау бойынша ара отбасыларының класы
Достарыңызбен бөлісу: |