1.1 Табиғи қорлар экономикасының басқа да жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Табиғатты пайдалану экономикасы бір қатар экологиялық ұғымдармен негізделеді. «Экология» терминін 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынды (грекше «ойна» үй, мекен-жай, «логос» - ғылым ілім). Дегенмен бұл ғылым ХХ ғасырда дамыды.
Экология – табиғат экономикасын тану, бір уақытта тірі ағзалардың органикалық және бейорганикалық орта компоненттерімен арақатынасын зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, экология Дарвиннің тіршілік үшін күрес ретінде қарастырған табиғаттағы барлық қиын арақатынастарды зерттейтін ғылым.
Геккельше «экология» терминінің теориялық мағынасы тек физиология шегінен шықпайды (яғни Геккель тірі ағзалардың арақатынасының физиологиялық механизмін зерттейді). Осылайша, Геккель түсінігінше, экологияның өркениет проблемаларымен түк қатынасы жоқ.
XIX ғасырдың аяғында- ақ экология ұғымы физиология шеңберінен шығып кетті, ал ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде биология әлеуметтану сферасына енеді. Осылай, экология сферасына адам енеді, және экология деп адаммен қоршаған ортаның барлық арақатынас кешені аталды. Бұдан әрі адам экологиясы, әлеуметтік экология, сонымен қатар урбоэкология (қала экологиясы) сияқты тармақтану, өнеркәсіп экологиясы, агроэкология ерекшеленіп шықты, яғни түрлі ғылым мен тәжірибе салаларына енді, білім мен іс-әрекет экологияланды.
Экологиялану табиғи ортаны сапалы сақтай отырып, жер қорларын тиімді мүмкін технологиялық, басқару және басқа шешімдер жүйесін енгізу процесі.
Табиғатты пайдаланудың нақты формаларын ғылыми негіздеу қажеттігі адамзат қоғамының жермен, бәрінен бұрын биосферамен қарым- қатынасының кешенді жүйесінің тұжырымдауға алып келді.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тұжырымдамасы ғаламдық экология атауын алды, табиғаттың жалпы құрылымы мен функциясы туралы ғылым.
Қазіргі кезде эукология негізінде биоэкология идеялары жатқан ғылым салалары мен пәндерге бөлініп кетті.
Зерттеу объектілерінің өлшемі бойынша ерекшеленеді:
аутоэкология (ағза және оның ортасы),
демоэкология (популяция және оның ортасы),
синэкология (экожүйе және оның ортасы),
ландшафт (географиялық) экологиясы,
глобалды экология (жер биосферасы туралы білім).
Зерттеу пәніне байланысты экология микроағзалар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адам, ауылшаруашылық, өнеркәсіп, жалпы (теориялық) экология болып бөлінеді. Орталар мен компоненттерге қатысты экология құрғақ жер, тұщы су қоймалары, теңіз, таулы жер, химиялық экология болып бөлінеді.
Экология пәнді зерттеу жағына қарай былай ерекшеленеді:
аналитикалық (ағзаның табиғи ортамен қазіргі заңды қарым- қатынастарын зерттеу),
динамикалық (ағзаның қоршаған ортамен заңды қарым-қатынасын зерттеудің динамика-эволюциялық жоспары),
уақыт ағымына сәйкес әдістемелік және эволюциялық (архиэкология) қарастырылады.
Қазіргі экология – қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын мақсатты пайдалануға бағытталған, табиғат пен қоғаммен арақатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Атап айту керек, соңғы 20жыл бойы ғалымдар қазіргі экологиялық жағдайда адамзатты сақтау мен дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді.
Сөз адам экологиясы атты ғылыми бағыттың дамуы туралы болып отыр. Бұл адамның қажеттіліктерін жан-жақты қамтамасыз ететін, адам ортасының маңызды бөлігі болып есептелетін әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттарды қамтитын кешенді экологиялық әлеуметтік экономикалық білім саласы.
Адам экологиясының зерттеу пәні «адам қоршаған орта» жүйесі, адамды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау болып табылады,
«қоршаған орта» түсінігіне «техникалық жүйелер» түсінігіне енеді. Адамның техникалық жүйелерімен қарым-қатынасын адамның жұмыс ортасындағы әлеуметтік биологиялық және өндірістік қатынас құрылымын эргономика ғылымы зерттейді (грекше Ergon –жұмыс және nomos – заң).
Қазіргі кезде адам өміріне техника тереңдеп ене түсуде, нәтижесінде адамның «табиғи» ортасы «жасанды» ортамен көбірек араласа түсуде. Адамның космостық орта шарттарында өмір сүруін космостық экология зерттейді.
Зерттеу объектілеріне өте жақын болып келетін адам экологиясы мен әлеуметтік экологияның бөлінуі күрделі қиындыққа ұрындыруда. Тек әлеуметтік экология адам өмірінің биологиялық жақтарын қамтымауымен ерекшеленеді.
Экологияның жаңа дамушы бағыты адамды барлық өлі және тірі табиғат пен бірге қарастыратын терең экология болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |