368
741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған деген болжам
айтады.
Шыңғыс хан (1162-1227) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет
құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі
ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. Оның аты Тэмүүжин
(моңғ.) болған. Ол дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен барыс
жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да,
«Шыңғыс хан» лауазымын алды.
Перғауын, фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты.
Аллаһ оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Фараон Зулаутад деп
те аталады. Құранда Перғауын
өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның
айтқанына сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді.
Дінге
сенетіндерді қудалайды. Мұса мен оның қандастары Мысырды тастап
кетпек болғанда, соңынан әскер алып қуады.
Бірақ теңіз көтеріліп,
топан судың астында қалады. Тек жантәсілім сәтте ғана тәубасына
келеді.
Халифа, халиф (орынбасар) – Аллаһ
елшісінің орнын басушы,
мұсылман қауымының басшысы. Мұсылман қауымына Әбу Бәкір
басшылыққа сайланғаннан кейін «халифа» терминдік мәнге ие болды.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ең жақын, алғашқы төрт халифасын
(Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли) сүнниттер «әулие халифалар» деп
таныды. Олардың өмірі мен ісі мұсылмандарға үлгі-өнеге
болып
саналды.