Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк


Аполлон - ежелгі грек мифологиясында және діни адамға шипагер және өнер беретін құдайдың аты (Зевстің баласы). Аренда



бет3/10
Дата06.12.2022
өлшемі472.19 Kb.
#466683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ежелгі және орта ғасырлар тарихы - ГТ-21 8 к

Аполлон - ежелгі грек мифологиясында және діни адамға шипагер және өнер беретін құдайдың аты (Зевстің баласы).
Аренда (лат. arendare - жалға беру) – жер, мүлік жалға беріледі, арендатор – жалға берілген жерді пайдаланушы адам.
Ареопаг (гр. Areios pagos - Арес дөңі) - 1) ертедегі Афиныдағы жоғарғы сот трибуналы және бақылайтын орган; соғыс құдайы Арейға арналған төбе; 2) мәртебелі адамдар жиналысы, онда ірі мәселелер шешілетін болған.
Аристократия (гр. aristokratia) - 1) таптық қоғамдардағы тұқымынан байлық, билік арылмаған жоғары ақсүйектер тобы; 2) ежелгі Грекиядағы мемлекеттік өкіметті басқарудың бір түрі; 3) құлдық, феодалдық қоғамдардағы ру басылардың, қанаушы таптың, жоғары ақсүйектер тобы.
Археология (гр. archaias – ескі, logos-ғылым) – халықтың мәдениетін, тарихын ежелгі ескерткіштері, тұтынған заттары арқылы зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.
Архив (мұрағат) – ескірген құжаттарды, жазба ескерткіштерді сақтайтын мекеме.
Архивариус (лат. arcyivum– архив) – мұрағатшы, мұрағат құжаттарын сақтау орнында қызмет істеуші.
Архиерей христиан, православие шіркеу қызметкерлерінің жоғарғы шенін (атағын) алған адамдар (епископтар, архиепископтар, митрополиттер, патриархтар), яғни діни қызметкерлер.
Арьергард (фр. arriere–соңы, garde- күзет) – жорықтағы әскери бөлімдерінің соңында болатын арнаулы күзет бөлімі.
Аскет (гр. asketes–сопылық, тақуалық) – тақуа, сопы, о дүниеге берілген тіршіліктегі өмір игілігінен безген адам.
Аскетизм – бұл дүниедегі өмір игілігінен безуді, о дүниеде жұмаққа жетуді уағыздайтын діни көзқарас.
Атеизм (гр. А. –жоқ, theos – құдай) – дінсіздік, дінге сенбеушілік. Барлық дінді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі; құдайдың және дүниеде қандай да бір табиғаттан тыс күш бар екенін теріске шығару.
Әкімшілік – мемлекет басқарудағы басшы органдар.
Әскери өнеркәсіптік потенциал – соғыс жүргізуге қажетті адам және материалдық ресурстарының жиынтығымен өлшенетін белгілі бір елдің күш қуатының дәрежесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет