ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ (SMS) ІС-ӘРЕКЕТКЕ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ТРЕНИНГТІК
КУРСТАРЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2011
Ұлттық ақпараттандыру орталығының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір айтушылар:
К.С. Мусин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
С.Т. Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша Мектеп директорлары мен директордың орынбасарларының тренингтік курстарының оқу бағдарламасы – Алматы: «ҰАО», АҚ 2011. – 19 б.
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» 008 бағдарламасы аясында дайындалынған.
Осы оқу бағдарламасы 36 сағат теориялық және практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады. «Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 18 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 16 сағаты – практикалық сабақтар.
Оқу бағдарламасы жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды дайындауға, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға жауап беретін мамандарға бағытталған және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларын – электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларын оқыту үшін арналған.
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы – e-learning электрондық оқыту жағдайындағы іс-әрекетке білім беру ұйымдарының директорлары мен директор орынбасарларының дайындығын жасақтайтын негізгі білімдерді, біліктер мен машықтарды ұсынатын нормативтік құжат.
Мектепті басқару жүйесі (School Management System, бұдан әрі қарай – SMS) – бұл мектепті басқару процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Мектеп әкімшілігін SMS-пен жұмыс істеудің білімдерімен, біліктерімен және машықтарымен қаруландыру педагог, оқушылар және ата-аналар ұжымдарының ынтымақтастық негізінде басқарушылық қызметті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
SMS кадрлық есепке алу мен оқушыларды есепке алу жүйесін қамтиды, іс қағаздарын жүргізуді, құжат айналымын, оқуды жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді, штаттық кесте мен тарифті қалыптастыруға, тексеруші ұйымдарға беру үшін және ішкі пайдалану үшін стандарттық және стандарттық емес есеп-қисапты әзірлеуге көмектеседі.
Мектептегі білімдік процесті тиімді басқару білімдік мақсаттарға жетуді жеңілдетеді, оң факторларды үйлестіреді және теріс әрекеттердің орнын толтырады, болжаушылық, жедел-алдынала ескертушілік сипатқа ие болады, инновациялық процестерді белсенді етеді және оңтайландырады, ұйымның технологиялық әдептілігін қамтамасыз етеді, басқарудың тұлғалық-бағдарланған әдістерін қолдануды қарастырады, міндеттерді, ақпараттық, кадрлық қолдауды үлестіреді, соның негізінде әкімшілік саясатты жақсартуды жүргізе алатын болады.
Жалпы көлемі 36 сағатты құрайтын осы оқу бағдарламасы электрондық оқыту жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстар бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады. «Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 18 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 16 сағаты практикалық сабақтарды жүргізуге бөлінген. Практикалық сабақтар оның міндеттерімен танысу үшін бағдарламаға қарқынды «батуды» қамтамасыз етеді.
Курс SMS-пен жұмыс істеу бойынша тек нақты білімдер, біліктер мен машықтар алу үшін ғана емес, тұтастай білім алу ұйымдарының директорлары мен директор орынбасарларының ақпарқатынастық мәдениетін арттыруға бағытталған, өйткені оны меңгеріп алу – қазіргі уақыттағы білім беру жүйесін жаңартудың қажетті шарты.
,
Тыңдаушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар
SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетке дайындау бойынша тренингтік курстың қорытындысында ұйымның директоры мен оның орынбасары:
-
білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты;
-
қазіргі заманғы педагогтың АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптарды;
-
e-learning электрондық оқыту жүйесінің мақсатын, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндігін;
-
SMS мектепті басқару жүйесінің мақсаты, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндігін
білуі тиіс.
-
SMS арқылы мектеп іші бақылауды, кадрлық есепке алуды және оқушыларды есепке алуды, үлгерімді есепке алуды жүзеге асыруды;
-
білім беру ұйымы іс-әрекетінің жоспарын қалыптастыруды, штаттық кестені, сабақтардың, үйірмелердің, секциялардың кестесін әзірлеуді және т.б.;
-
мектептің кез келген қызметкері (оқушы, мұғалім, әкімшілік қызметшілер) бойынша ақпарат іздестіруді жүргізу мен оны шығаруды;
-
тексеретін ұйымдар үшін және ішкі пайдалану үшін беруге стандарттық және стандарттық емес есеп-қисапты динамикалық режімде қалыптастыруды;
-
қызметкерлердің тарифын жүргізуді, жұмыс істеушілердің санаттары бойынша еңбек ақысының қорын қалыптастыруды, оқыту жүктемесін үлестіруді;
-
мәзірді қалыптастыруды, азық-түліктерді сатып алу мен тамақтанушылар есебін жүргізуді;
-
электрондық журналмен, электрондық күнделікпен және электрондық портполиомен жұмысты;
-
мәліметтерді мәтіндік пен кестелік редакторға шығаруды және басып шығаруды
істей алатын болады.
-
хабарландыруларды қалыптастыру мен оқуға, білім беру ұйымы аясында он-лайн мен офф-лайн мәтіндік хабарларын алмасуға, форумдардың тақырыбын тағайындауға, оқу-тәрбие процесін және т.б. ұйымдастыру мәселелері бойынша талқылау жүргізуге:
-
басқарушылық іс-әрекетке, іс-қағаздарын жүргізуге, құжатайналымды және оқуды жоспарлауды автоматтандыруға;
-
SMS арқылы білімдік процесс субъектілерімен өзара әрекеттестікке
дайын болатын болады.
Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша Мектеп директорлары мен директордың орынбасарларының тренингтік курстарының
оқу-тақырыптық жоспары
№
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Сағаттар саны
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақатр
|
1.
|
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты
|
2
|
|
2.
|
ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі
|
2
|
|
3.
|
ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар
|
2
|
|
4.
|
SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту,
оның ішінде:
|
2
|
16
|
4.1.
|
SMS мектепті басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері
|
2
|
|
4.2.
|
SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.3.
|
«Жоспарлар», «Мектеп тарихы» модульдерімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.4.
|
«Кесте» модулімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.5.
|
«Электрондық журнал», «Оқушының электрондық күнделігі» модульдерімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.6.
|
«Тәрбие жұмысы», «Сауалнама жүргізу» модульдерімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.7.
|
«Бухгалтерия» модулімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.8.
|
«Тамақтану», «Кітапханаа», «Дәрігерлік бөлме» модульдерімен жұмыс істеу
|
|
2
|
4.9.
|
«Статистика», «Қатынас» модульдерімен жұмыс істеу
|
|
2
|
5.
|
Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетті оқыту
|
|
2
|
6.
|
Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-әрекетті оқыту
|
|
2
|
7.
|
Тестілеу жүйесіндегі (TMS-тегі) іс-әрекетті оқыту
|
|
2
|
8.
|
«Пән бойынша электрондық әдістемелік жүйе» (ММС) жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту
|
|
2
|
9.
|
Қорытынды тестілеу.
|
|
4
|
|
Қорытынды:
|
8
|
28
|
|
Барлығы:
|
36
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты (2 сағ.)
Қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) кешенді енгізумен, ауқымды телеқатынастық желілер мен интеллектуальдық компьютерлік жүйелерді біріктірумен байланысты ақпараттық қоғамның жаңа әлеуметтік экономикалық шарттары. Ақпараттық қоғамның ЮНЕСКО бойынша білім беруінің жетекші қағидалары: «барлығына білім беру», «ғұмыр бойы білім алу» − «Life Long Learning (LLL)». АҚТ-ды пайдалану негізінде білім берудің жаңа парадигмасының өзектілігі. Білім беруді ақпараттандырудың халықаралық тәжірибесі.
Педагогикалық жүйе ретінде білім беруді ақпараттандыру. Қазақстан республикасындағы нормативтік құқықтық жасақтама, ақпарқатынастық инфрақұрылым, білім беруді ақпараттандырудың бағдарламалық, контенттік және кадрлық жасақтамасы.
2011-2020-жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
2-тақырып. ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі (2 сағ.)
2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 8 бағыттарының бірі ретінде электрондық оқыту.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың (e-learning) мақсаты мен міндеттері.
Электрондық оқытудың нормативтік құқықтық жасақтамасы. Электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды дайындау және біліктіліктерін арттыру. Технологиялық инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің компьютерленген жұмыс орындарын дайындау, білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру мен интернеттеу. Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы. Оқу процесін автоматтандыру.
Электрондық оқыту жүйесінің педагогикалық архитектурасы: мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) басқару жүйелері және білімдердің пәндік салаларындағы электрондық әдістемелік жүйелер (MMS).
3-тақырып. ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар (2 сағ.).
Білім беруді ақпараттандыру мен жаңартудың маңызды факторы ретінде білімдік процестегі АҚТ-ды жүйелі пайдалануға педагог кадрларды дайындау. Педагогтың ақпарқатынастық тұлғалылығының моделі. Мектепті ақпараттандырудағы басшының рөлі.
АҚТ-біліктілігі – білімдер, біліктіліктер, іс-әрекеттік тәсілдер және кәсіптік қызметтегі АҚТ-ды пайдалануға құндылық қатынас ретінде ақпараттық қоғам азаматтарының біліктілігі.
Курсты тыңдаушылардың АҚТ-біліктілігінің бастапқы деңгейін айқындау, олардың компьютермен, кеңсе бағдарламаларымен, кейстік және интернет-технологиялардағы оқу ақпаратының әр түрлі көздерімен жұмыс істеудің біліктіліктері мен машықтарын, АҚТ негізінде білімдік процестің басқа субъектілерімен ауызша және жазбаша өзара әрекеттестік тәсілдерін игеруі.
4-такырып. SMS МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ІС-ӘРЕКЕТТІ ОҚЫТУ
4.1-тақырып. Мектепті басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері (2 сағ.)
Мектепті басқару жүйесінің (SMS-тің) міндеттерімен және жұмыс істеуімен шолулық танысу – мектепті басқару жүйесін автоматтандыруға, білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес процестерді ескеріп іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруға, есеп-қисапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Пайдаланушылық интерфейсімен танысу. SMS-тің мына негізгі модульдеріне шолу жасау: Құжаттар, Мектеп тарихы, Жоспарлар, Кесте, Электрондық журнал, Электрондық күнделік, Тәрбие жұмысы, Сауалнама жүргізу, Статистика, Бухгалтерия, Кітапхана, Тамақтану, Дәрігерлік бөлме, Қатынас.
Мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар: директор, оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер, SMS басшылары. SMS-тегі пайдаланушылардың құқығы мен рөлі. Бағдарламамен жұмысты орындау бойынша басшылыр мен атқарушылар арасындағы міндеттерді үлестіру.
4.2-тақырып. SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу (2 сағ.)
Логин және құпия сөздің көмегімен SMS пайдаланушыларын тіркеу; пайдаланушының Порталға қауіпсіз кіруі; басшы тағайындаған SMS ақпаратын қарап шығу; SMS-ке есеп беру жазбасын енгізу; пайдаланушының SMS-тен шығуы.
Бағдарлаудың (каталогтар, хабарлар, ескертулер және пайдаланушының жұмыс істеу барысы бойынша көмек көрсету) ерекшеліктерімен танысу, пайдаланушының әдейі емес әдепсіз әрекеттерінен қорғау.
«Құжаттар» модулі мектептің іс-әрекетін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету туралы пайдаланушыларға жедел хабарлауды қамтамасыз ететін құрал ретінде. «Нормативтік құқықтық құжаттар», «Мектеп құжаты» бөлімдері.
«Нормативтік құқықтық құжаттар» бөлімімен жұмыс істеу, SMS-ке білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын нормативтік құқықтық құжаттарды, білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын және т.б. енгізу.
«Мектептің құжаттары» бөліміне әр түрлі форматтағы (*doc, *pdf, *jpg және б.) білім беру ұйымының нормативтік құжаттарын енгізу. Ортақ қатынас құру құжаттарын әзірлеу. Мектепті дамыту бағдарламасының үлгілерін, директордың бұйрықтарын, педагогикалық кеңестердің хаттамаларын, ата-аналар жиналысының хаттамаларын толтыру. Өндірістік қажеттілік кезінде құжаттардың инварианттық тізімдерін толықтыру тәсілдерімен танысу. Мәліметтерді тасымалдау, импорт/экспорт, модульден мәліметтерді басып шығару.
4.3-тақырып. «Жоспарлар», «Мектеп тарихы» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Жоспарлар» модулі пайдаланушыларға берілген рөлге байланысты олардың ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін аспап ретінде.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлгілерін толтыру, күнтізбелік тақырыптық жоспарларды жүргізу; педагогикалық кеңестің, оқу әдістемелік бірлестіктің, пән комиссияларының, ғылыми-әдістемелік кеңестің, сынып жетекшілері кеңесінің, оқушылар кеңесінің (оқушылардың өзін өзі басқаруы) және басқадай құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын, біліктілікті арттыруды, педагог кадрларды дайындау мен қайта дайындау бойынша шаралар жоспарын, мектеп іші бақылау графигін бақылауды қалыптастыру. Құжаттамаға өзгерістер енгізу. Мәтіндік редакторға жылдық, айлық жоспарларды шығару, жоспарларды басып шығару.
Мектеп циклограммасымен, басқа да жоспарлайтын құжаттамалармен жұмыс істеу.
«Мектеп тарихы» модулі мектептің жетістіктері, олимпиядаларға, спорттық және басқа шараларға қатысуы, жыл бойынша жетістіктерге сараптама жүргізуі, білім беретін басқа ұйымдардың арасындағы мектептің өсу динамикасы мен рейтингін қадағалауы, мектептің виртуальдық мұражайының қалыптасуы, әр түрлі форматтағы (*doc, *pdf, *jpg және б.) материалдарды орналастыру туралы ақпаратты бейнелеуге мүмкіндік беретін аспап ретінде.
Модульден мәліметтерді басып шығару.
4.4-тақырып. «Кесте» модулімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Кесте» модулі сабақтардың кестесін, сабақтан тыс жұмыстардың (үйірмелердің, фаультативтердің және т.б.) кестесін және қоңыраулардың кестесін дайындау аспабы ретінде.
Жұмыстық оқу жоспарларын, жүктемелерді, тазалық нормалары мен ережелерін, мұғалімдердің тілегін, ауысым бойынша сыныптардың үлестірілуін, сыныптардың топтарға бөлінуін ескеріп сабақтардың кестесін қалыптастыру.
Пәндердің, бөлмелердің, мұғалімдердің, сыныптардың, кестенің алуан түрін өзгертудің түрлері бойынша, оның ішінде сыныптар мен мұғалімдер бойынша қарап шығу үшін кестелерді шығару; әр түрлі форматтағы кестелерді ұсыну.
Сабақтардың кестесіне өзгерістер енгізу, сабақтарды болдырмау, бірге өткізілетін сабақтарды жүргізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша біріктіру тәсілдері.
4.5-тақырып. «Электрондық журнал», «Оқушының электрондық күнделігі» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Электрондық журнал» модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың аспабы ретінде, ата-аналармен үнемі өзара әрекеттестік, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігі. Электрондық журналдың интерфейсімен, оны толтырудың жүйесімен және ережелерімен танысу.
Электрондық журналды сабақ кестелерін дайындаудың және күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды, сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу; сыныптарды жеке сабақтардың топтарына бөлуді есепке алу. Тоқсандық және қорытынды бағаларды есепке алу; оқушылардың қатысуышылығын, әрбір оқушының және сыныптың тұтастай тоқсан мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу. Электрондық журналды жүргізу бойынша ескертулерді енгізу.
Үлгерім және қатысушылық бойынша жиынтық және дербес есеп-қисаптарды, пәндік есеп-қисаптарды қалыптастыру, есеп-қисапты Excel-ге шығару және т.б..
Оқушының электрондық күнделігіндегі дербес мәліметтерді өзгерту.
Оқушының электрондық күнделігіне қосымша бағалар мен түсініктемелерді енгізу.
4.6-тақырып. «Тәрбие жұмысы», «Сауалнама жүргізу» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Тәрбие жұмысы» модулінде сыныптық ұжымдардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру аспабы ретінде, тәрбие шаралары, сынып сағаттары дайындамалары бар қапшықтарды қалыптастыру, сынып сайтарына сілтемелермен, оқушылардың электрондық портфолиоларымен жұмыс істеу.
Оқушылардың электрондық портполиосына әр түрлі форматтағы материалдарды (грамоталардың, көтермелеулер туралы мәліметтердің көшірмелерін және т.б.) енгізу.
«Сауалнама жүргізу» модулі білім беру субъектілерінің сауалнамаларын жүргізуге мүмкіндік беретін аспап ретінде. Сауалнаманы қалыптастыру, нәтижелерді қарап шығу. Мәтіндік/кестелік редакторға есеп-қисаптарды шығару.
4.7-тақырып. «Бухгалтерия» модулімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Бухгалтерия» модулі оқу-материалдық активтермен жұмыс істеуді автоматтандыру аспабы ретінде. «Штаттық кесте», «Тариф», «Материалдық техникалық жабдықтандыру».
«Штаттық кесте» бөлімі штаттық кестенің жүйеге келтірілген формасын дайындау аспабы ретінде.
«Тариф» бөлімі қызметкерлердің тарифын жүргізу аспабы ретінде. Қызметкерлердің тарифі бойынша ақпаратты дайындаудың дәйектілігі. Жұмыс істеушілердің санат бойынша еңбек ақысының қорын қалыптастыру. Педагог қызметкерлердің нақтыланған оқу жүктемелерін үлестіру. Сыныптар мен мұғалімдер қимасындағы жүктеме бойынша мәліметтерді бейнелеу. Базаға жаңа тарифтерді енгізу, жаңа тарифтік торларды, қосымша мен есептелген қаржыларды дайындау.
«Материалдық техникалық жабдықтандыру» бөлімімен жұмыс істеу. Білім беру ұйымының ғимараттары мен бөлмелері туралы; мамандандырылған және зертханалық жабдықтар және б. туралы мәліметтерді қалыптастыру. Бөлмелердің төлқұжаты. Есеп-қисаптарды, импорт/экспорт мәліметтерін, басылымдарды қалыптастыру.
4.8-тақырып. «Тамақтану», «Кітапханаа», «Дәрігерлік бөлме» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)
«Тамақтану» модулі тамақтану жоспарлары мен кестелерін дайындаудың, азық-түліктер сатып алудың, мәзірді құрастырудың, тамақтанатындар санының және тамақтану құнының есебін алу аспабы ретінде. Тамақтанудың құны мен тағамдық құндылық бойынша талаптарды есепке алып мәзірді қалыптастыру. Бір аптаға мәзірді баспаға шығару. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.
«Кітапхана» модулі дәстүрлі мектеп кітапханасымен жұмыс істеуді автоматтандыру аспабы ретінде. Мектептің кітапханалық қорының автоматтандырылған анықтамалық-библиографиялық каталогымен жұмыс істеу, кітаптарға тапсырыс беру және олардың қорын жасау. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.
«Дәрігерлік бөлме» модулі оқушылардың денсаулықтарының жай-күйі және әр түрлі спорттық-сауықтыру іс-әрекетінің түрлеріне тартылуы туралы мағлұматтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін аспап ретінде. Дәрігерлік қараудың нәтижелерін, оқушылардың физикалық дайындылықтарының көрсеткіштерін, диспансерлік және басқа алдын алу шараларын жоспарлауды бақылау. Мезгіл-мезгіл қарап шығу қажеттілігінің тағайындалуы бойынша факторы көрсетілген, периодты түрде дәрігерлік қарап шығуға жататын тұлғалардың тізімін қалыптастыру. Оқушының жеке ісі қағазындағы мағлұматтарды өзгерту.
4.9-тақырып. «Статистика» (1сағ.), «Қатынас» (1сағ.) модульдерімен жұмыс істеу
«Статистика» модулі мәліметтер базасын енгізудің және статистикалық есеп-қисаптарды қалыптастырудың аспабы ретінде. «Оқушылар» және «Қызметкерлер» бөлімдері.
«Оқушылар» бөлімі. Мәліметтер базасын (оқушылардың жеке бас іс-қағаздары, ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар туралы мәліметтер және т.б.) дайындау үшін SMS-тің мүмкіндіктері. Оқушылар туралы ақпаратты әзірлеудің дәйектілігі, оны қалыптастырудағы нақты пайдаланушылардың рөлі. Сыныптар, оқыту сатылары, оқыту тілі, ауысым бойынша оқушылар саны қималарында оқушылар контингенті, жалпыға бірдей оқуға оқушыларды тарту, үлгерімнің жиынтық тізімі туралы есеп-қисаптарды қалыптастыру.
«Қызметкерлер» бөлімі. Қызметкерлер туралы ақпаратты әзірлеудің дәйектілігі, оны қалыптастырудағы нақты пайдаланушылардың рөлі. Педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамының мәліметтер базасын жүргізу. Мұғалімдерді мамандықтары, пәндері, жастары, өтілдері, санаттары және т.б. бойынша үлестіру.
Мектептің кез келген қызметкері (оқушы, мұғалім, әкімшілік қызметші) бойынша ақпаратты іздестіру және шығару, формалары мен мазмұндары әр түрлі динамикалық режімдегі есеп-қисаптарды, оның ішінде стандарттық статикалық есеп-қисаптарды әзірлеу. Аттестаттау қаракетін (лицензия беру) жүргізу үшін қажетті құжаттарды және жоғарыда тұрған білім беруді басқару мекемелері үшін есеп-қисаптық материалдарды және т.б. дайындау.
«Қатынас» модулі SMS аясында пайдаланушылардың өзара әрекеттестігінің аспабы ретінде. Модульдің бөлімдері: «Хабарландырулар», «Блогтар», «Хабарлар», «Форум», «Чат».
Хабарландаруларды қалыптастыру. Хабарландыруға бір немесе бірнеше қосымшаларды (құжаттарды, веб-сілтемелерді) жапсыру мүмкіндігі. Көрсетілген мекен-жайлар бойынша хабарландыруларды электрондық поштамен жөнелту.
Пайдаланушыларға мәтіндік хабарларды жеткізу, алынған хабарға жауап. Жарлықтар мәртебесі үшін бақылау. Кестедегі өзгерістер, жиналыстар және т.б. туралы пайдаланушыларға хабарлау. Алда тұрған жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер және т.б. туралы оқушылардың ата-аналарына хабарлар жөнелту. Жеке пайдаланушы бойынша немесе бір мезгілде адамдар тобына хабарлар жөнелту. Пайдаланушылардың әр түрлі тобынан алынған хабарларды баптауға/тиым салуға мүмкіндік беретін опция.
Блогпен жұмыс істеу. Тақырыптарды тағайындау және түсініктемелерді орналастыру.
Арнайы тақырыптарға қарым-қатынас үшін арналған чат бөлімдерін әзірлеу. Шынайы уақыт режіміндегі хабарларды орналастыру. Чат бөліміне пайдаланушылардың қатынас құруын шектеу.
Форум тақырыптарын тағайындау. Түсініктемелерді орналастыру. Жабық талқылауларды әзірлеу.
5-такырып.Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетті оқыту(2 сағ.)
CRMS оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімге толығымен бақылауға және басқаруға, мультимедиалық кабинетте сабақтар жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама ретінде.
CRMS көмегімен оқытудың әр түрлі әдістерін: жұптағы, топтағы жұмысты, дербес және жаппай сауалнамаларды, топтық талқылауды және б. қолдану мүмкіндігі.
Мұғалімнің модулімен жұмыс. Оқушының компьютерін басқару, барлық мүмкін болатын алыстағы файлдық операцияларды (қосымшаларды іске қосу, пернетақта мен тышқанды басқару, компьютерді қосу, қайта жүктеу және ажырату) орындау.
Мұғалімнің Модулі мен Оқушының Модулінің өзара әрекеттестігі.
6-такырып. Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-әрекетті оқыту (2 сағ.)
Оқытуды басқару жүйесі (LMS) – бұл оқу контентін дайындауды автоматтандыруға және оқу процесінің барлық қатысушыларына on- мен off-line режімдерінде оқытуға қатынас құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Оқытуды басқару жүйесіне (LMS-ке) қойылатын жалпы талаптар. LMS мектепте оқып білетін әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну, әр түрлі теориялық сабақтарды өткізу, оқушылардың жеке де, топтық та оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін, оқу ақпаратының әр түрлі үзінділеріне қатынас құруды басқару үшін арналған кең құрал-жабдықтар.
LMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Оқу бағдарламалары» модулімен жұмыс.Оқытуды басқару жүйесінің негізгі пайдаланушылары белгілі бір рөл телінген білімдік процес пен басқаруға тікелей қатысушылар: «мұғалім»; «оқушы»; «қонақ»; «LMS басшысы».
Хабарлар хабарландыруларын дайындау бойынша «Хабарландырулар» модулімен жұмыс, оқып білу үшін белгілі бір ЦБР-дың тағайындалуымен және белгілі бір тақырыптармен жұмыс істеу датасымен танысу, белгілі бір мерзім ішінде тапсырманы аяқтаудың қажеттілігі туралы еске салу және т.б.
«Оқу контентін дайындау» модулімен жұмыс.Оқу контентін дайындау модулі оқыту мазмұнын дайындау, басқару және жүргізу, өзінің дидактикалық материалдарын, авторлық бағдарламалық өнімдерін, викториналарын, бақылау жұмыстарын және т.б. дайындау немесе жариялау үшін құрал-жабдықтар.
Контентті басқару модулі тыңдаушылардың практикалық машықтарды меңгеруіне бағытталған және пән бойынша оқу курсының құрылымдалуына сәйкес ЦБР-тармен жұмыс істеу және іздестіру құралдарын ұсынады. Модульдің цифрлық білімдік ресурстар каталогы бар және ол оқу процесінің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық іс-әрекеттік және бағалаушылық нәтижелік құрамдас бөліктері бойынша оқу контентінің элементарлық құраушыларын мақсатты ұсынатын тетік болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |