Пневмография - көкірек куысының тыныстану қозғалысын пневмограф көмегімен жазу. Оның сырт түрі үлкен Мареев капсуласын еске түсіреді, ол жұқа резинамен жылқыда 9-13 қабырғаның ортасында, ал басқа малдарда 7-10-шы қабырғаға бекітілген. Капсулада пайда болған ауа толқыны жіңішке резина түтікшесі арқылы кіші марея капсуласына беріледі, онда жазатын кұрал бар, ол жылжымалы кимограф қағазына қисық сызықтар пневмограмманы түсіреді.
Хронографтың көмегімен көкірек қуысы тыныстану қимылының ырғағын, тыныс санын, тереңдігін және де әртүрлі тыныстану аритмиясын анықтауға болады.
Ринография - бул дем алу, дем шығару кезіндегі ауа қозғалысының ағынымен тыныстануды жазу. Осы мақсатпен екі танау тесігінің біреуіне шыны воронканы тығыз жақындатады. Ол резина түтікше арқылы Мареев капсуласына жалғанған, жазу қүралы бар. Ауа ағыны жазу қүралында толқын тудырады, сол кезде кимограф лентасында қисық сызықтар ринограмма пайда болады. Осы лентаға ринограммамен бірге уақыт белгілері жазылады.
Кеуде қуысын зерттеу үлгісі
Кеуде қуысынын пішіні - жіңішке (жалпақ), орта деңгейде, бөшке тәрізді, дөңгеленген, үзын, қысқа.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңқы, сол не оң жағы жалпайған, жергілікті шығыңқылар не керісінше енулер).
Тыныс алу түрі - кеуделік (косталды), қүрсақтық (абдоминалды), кеуде қүрсақты (аралас).
Тыныс алу қозғалыстары.
Тыныс алу жиілігі. Жиі, сирек, қалыпты (мөлшері келтіріледі).
Күші - терең (күшейген), орта деңгейде, беткейлік (әлсіреген).
Демігуі (демікпе) - инспираторлы, экспираторлы, аралас. Түрақты, күш түскенде не турған күйінде. Демігу науашасы болуы.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңкы, жалпайған, оң не сол жақ кеуде түсының шығып немесе еніп түруы).
Ырғақтылық - ырғақты, ырғақтысыз - сатылар ара қашықтығы созылыңкы, саккадирленген (ауық-ауық), Биотовтік, Чейн-Стокстік, Куссмаульдің үлкен тыныс алуы, Г рокктың диссоцирленген тыныс алуы.
Қарау арқылы қабырғалар мен қабырға аралық бүлшық еттер біртүтастығының бұзылуы анықталынады. Пальпация арқылы бұлшық еттер мен қабырғалардың жасырын бұзылулары мен ауырсынулары анықталынады. Өкпенің артқы перкуторлық шекараларын анықтайды - өзгермеген, ауытқыған (алға, артқа, қай қабырғаға дейін).
Перкуторлық дыбыс сипаты - ашық өкпелік, тимпаниялық, қорашық, қаталдау, қатқыл, жарылған қүмыра дыбысы, металл дыбысы.
Патологиялық дыбыс шығу орны белгіленді - кеуде маңының қай бөлігінде (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), қабырға аралығы, бөлік аумағы, патологиялық ошақ шекараларының сипаты (көлбеу, түзу емес, майысқан).
Плегафония - қатаң дыбыстар, тимпаниялық дыбыс, күрт үзілмелі дыбыстар, дыбыстар күрт әлсізденген, естілмейді.
Аускультация. Кезекті тәртіпте өткізіледі: ортаңғы-алғы бөлік және ортаңғы-артқы бөлік, жоғарғы-алғы және жоғарғы-артқы, кеуде маңының төменгі бөлігі мен жауырын алды маңы.
Негізгі тыныс алу шуылдары - везикулярлы және бронхиалды тыныс алулар. Везикулярлы тыныс алу - күшейген (қатты), орташа, әлсіреген, тыныс алу байқалмайды (естілу орны).
Қосымша шуылдар (патологиялық) - бронхиалды тыныс алу (сау малда болмауы керек), амфоралық, аралас (айқын емес); қырылдар: құрғақ, ылғалды; ірі, орта, усақ түйіршікті, кіршілдейтін (крепитация); кіршілдеу, жерге түскен тамшы шуылы; плевралды: үйкеліс, шалпылдау, өкпе фистуласы шуылдары. Біліну орны белгіленеді. Тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау (көрсеткіштері болғанда) - (3-5 минут бойы жүгірту үлгісі, «апноэ» үлгісі - 1-2 минут).
Жеңіл дәрежелі кемістіктер - турған күйінде тыныс алуы қалыпты, күш түскенде күшеюі және жиілеуі. Айкын және ауыр дәрежелі кемістіктер - турған күйінде күшейген және жиілеген тыныс алу, функционалдық сынамаларды қолданған кездері күрт күшеюі мен жиілеуі.
Плевроцентез (көрсеткіштері бойынша) - экссудат (жалқаяқ), транссудат, қан. Түсі бойынша - қызыл, сары, сарғыш-жасыл, консистенциясы бойынша - сулы, кілегейлі, иісі бойынша - иіссіз, шіріген иісті, ихорозды деп сипаттайды.
Бақылау сұрақтары:
Кеуде қуысының қағып урудың маңызы неде?
Сау малдың артқы өкпе шекарасы қай қабырға аралығында жатады, оның кандай патологиялық өзгерістері кездеседі?
Өкпені тыңдаудың маңызы неде?
Дем алу шуылдарының жіктелуін атаңыз?
Әдебиеттер: 1, 2, 4
№ 8 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |