Тақырыбы: Жануарлардың алдыңғы қарындарын және ултабарын, ішектерін зерттеу
Сабақ мақсаты: Жануарлардың алдыңғы қарындарын және
ултабарын, ішектерін зерттеу әдістемесін оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, ауыз кергіштер, зонд т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
9.1 Алдыңғы қарындарды және үлтабарды зерттеу
Ішектерді зерттеу
Нәжісті зерттеу
Әдістемелік нұсқау
Алдыңғы қарындарды және ұлтабарды зерттеу
Үлкен қарынды зерттеу (таз қарын, мес қарын). Күйіс қайыратын малдың (мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі) қарыны төрт бөлімнен қүралған: таз қарын, тақия, жалбыршақ пен үлтабар. Түйеде жалбыршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен қүралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек үлтабар негізгі қарын болып саналады. Себебі үлтабарда қарын сөлі бөлінеді, ал қарынның басқа бөлімдерінде ас қорыту микроорганизмдердің қатысуымен өтеді.
Сол жақ жамбастың және сол жақ аш қарынның тттүңқырының маңын көзбен қарау арқылы қүрсақтың көлемін сыртқы пішінін және оның өзгеруін анықтайды. Үлкен қарынды пальпациялау әдісімен оның сезімталдығын және 2 минутта жиырылу саны мен күшін анықтайды. Ірі қара малда месқарынның 2 минутте жиырылуы 2-5 (азық қабылдаған соң 3-5), 9-15 рет 5 минутте, қойларда 2 минутте - 3-6, ешкілерде - 2-4.
Патология кезінде таз қарынның жиырылуы жиілейді, әлсірейді және мүлдем жоғалады. Сау малдың сол жақ аш бүйірінен соғып, перкуссия арқылы үлкен қарынның дыбысы ашық та жоғарғы (тимпаниялык) естілуін, яғни даңғырлаған перкуссия дыбысын және оның өзгеруін анықтайды. Фонендоскоп немесе стетоскоп арқылы үлкен қарынның дыбысын тыңдап, оның соғуының жиілігі және үзақтығын анықтайды. Дені сау малда мес қарыннын түсынан шытырлаған дыбыс естіледі, ал мал ауырғанда ол дыбыс күшейеді, әлсірейді, әлде мүлдем естілмейді.
Тақия қарынды зерттеу. Тақия қарынның көлемі сиырда 5-10 л, қой мен ешкіде 1,5-2л. Тақия қарын негізінен азықты жөн-жөнімен реттеу қызметін атқарады. Азықтардың ірі кесектерін үстап қалып, қайтадан мес қарынға жібереді. Мүйізді ірі қара малда тақия қарынның ауруы, яғни жарақатты ретикулиті жиі кездеседі, себебі олар азықты бір-екі шайнап жүтады және де тілінің сезімталдығы жеткіліксіз (18-ші сурет). Жарақатты ретикулитті анықтау үшін мынадай ауырсыну келтіретін тәсілдер қолданылады:
•төс шеміршегінің тусынан жудырықпен қысу арқылы;
•шоқтық терісін жинау; кеуденің бүйір жағынан қысу арқылы;
•көк еттің сызығымен кеуде қуысын перкуссиялау; малды биіктіктен ылдиға (темен қарай) жүргізу арқылы; терінің астына дәрілерді жіберу арқылы тексереді;
•рентген сәулесін, ультра дыбыс, электр тогын қолдану және тағы басқа тәсілдер арқылы анықтау.
Жалбыршақты (қатпаршақ) тексеру.
Жалбыршақтың көлемі мүйізді ірі қара малда 7-18л, қой мен ешкіде 0,3-0,9 л. Жалбыршақ көптеген қабаттардан құралған. Сондықтан оның көлемі көп мөлшерде улғаяды.
Жалбыршақ негізінен сүзу мен сіңіру рөлін атқарады. Жалбыршақта көп мөлшерде су және ыдыраған заттар сіңіріледі. Сондықтан жалбыршақ күйіс қайыратын малдың негізгі сіңіру мүшелерінің бірі болып саналады. Зерттеу әдістері: пальпация, перкуссия және тыңдау.
Жалбыршақтың маңайын жудырықпен басу тәсілімен ауырған жерін білу, ауру малдың ауырсынуын, мөңіреуін және оның жұдырық қысуынан денесін алып қашу әрекетін анықтайды. Жалбыршақ тусын перкуссиялағанда әлсіз естілер-естілмес дыбыс шығады, ал ол бітеліп қалғанда, бәсең дыбыспен қатар ауырсыну байқалады.
Түтікше аспаптар пайдалана отырып сау малдың жалбыршақ қозғалысынан пайда болатын қытырлаған дыбыстардың естілу мен естілмеуін анықтайды. Жалбыршақтың жиырылуы әлсіресе немесе жиырылмай қалса дыбыс әлсірейді немесе естілмей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |