Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


 Тотальдық сапа менеджменті жҥйесі мен принциптері (TQM)



Pdf көрінісі
бет141/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

8.2. Тотальдық сапа менеджменті жҥйесі мен принциптері (TQM) 
 
Сапаға қол жеткізу аумағындағы белгілі ғалымдар Бове мен Тилл ТQМ 
әрекеттеріне: «Жалпыға ортақ сапаны басқару – бҧл жалпыға ортақ сапаға 
әкелетін басқару тәжірибесі мен сапаға ҧмтылдыруға негізделген ҧйым 
философиясы, яғни сапа – бҧл ӛндірістік процестің қандай да бір сатысында 
іздеп табатын немесе қосуға болатын нәрсе емес, сапа ҧйымның болмысы », –
деп анықтама береді
TQM әрекеттері жоғары деңгейде ХС ИСО 9004:2000 стандартында 
келтірілген. Ол сапа жҥйесін пайдалану бойынша әдістемелік нҧсқау болып 
табылады. ХС ИСО 9001:2000 тҧтынушы сҧраныстарын қанағаттандыруға 
арналған талаптардың минимумынан тҧрады. Бірақ 9000 сериялы ИСО 
стандарттары мен TQM концепциясы арасында бірқатар айырмашылықтар бар 
(8.1-кесте). 


199 
TQM-ның 9000 сериялы ИСО стандарттарынан негізгі айырмашылығы – 
TQM жҥйесі сапаны басқарудың заманауи әдістерінің шыңы болып табылады 
және қандай да бір деңгейге қол жеткізілген жағдайда бҧйым сапасын кӛтеруге 
бағытталады. Ал 9000 сериялы ИСО стандарттарын енгізу қандай да бір 
нәрсені дҧрыс емес жасау ықтималдығын тӛмендетуге бағытталады.
8.1-кесте. ИСО стандарттары мен TQM концепциясы арасындағы 
айырмашылықтар 
ISO 9000 
TQM 
Белгілі бір тҧтынушыға фокустың қажеттілігі 
жоқ 
Белгілі бір тҧтынушыға фокус 
Корпоративтік стратегияға 
интеграцияланбаған 
Компанияның интеграцияланған 
стратегиясы 
Техникалық жҥйе мен процедураларға фокус 
Философияға, қҧралдарға және 
әдістемелерге фокус 
Барлық қызметкерлерді тарту міндетті емес 
Барлық қызметкерлерді тарту 
қажеттілігін кӛрсетеді 
Ҥздіксіз жақсартуға фокусталмайды 
Ҥздіксіз жақсару мен TQM синонимдер 
болып табылады. Нәтижесінде TQM 
ҥздіксіз және аяқталмайтын сапаға 
саяхат болып кӛрсетіледі 
Сапаға жауапкершілік анықталуы және қҧжат 
бойынша рәсімделуі тиіс, бірақ кӛбінесе, 
сапаға жауапкершілік сәйкес бӛлімшелерге 
тапсырылады, мысалы сапа бӛлімі
Әрбір қызметкер сапаға жауапты 
Бӛлімшелерге фокустың мҥмкіндігі 
Барлық бӛлімшелерді, функцияларды 
және деңгейлерді ҧйымдастыру 
Негізінен статикалы болып табылады 
Процесс пен мәдениетті ӛзгертуге 
тырысады 
TQM теориясының дамуына американдық ғалымдар мен басқарушылар 
Эдвардс В. Деминг, Джозеф М. Джуран және Филипп Б. Кросби ҥлкен 
ҥлестерін қосты. Олар сапаға ҧйым деңгейінде қол жеткізу қажеттілігін 
тҥсіндірді. Ӛздерінің кӛптеген жҧмыстарын тәжірибеде тексеріп, тамаша 
нәтижелер алды. Мысалы, соғыстан кейінгі Жапонияда Э. В. Деминг пен Д. М.
Джуран жҥргізген сапа жҥйесін жасау бойынша семинарлар мен практикумдар 
осы елде сапаны қамтамасыз етудің ең ҥздік жҥйелердің бірін жасап шығаруға 
және әлемнің кӛптеген елдерінде даңқы жайылған ӛнім шығаруға мҥмкіндік 
берген маңызды факторлардың бірі болды. 
Ф. Б. Кросби кӛптеген атақты компаниялардың бас менеджері болды, 
оның басқаруымен бҧл компаниялар бизнесте ҥлкен жетістіктерге қол жеткізді, 
мысалы, ITT телекоммуникация саласындағы американдық гигант. 
Э. В. Демингтың сапа тҧжырымдамаларының ең бастысы: ауытқулар, 
шынайы емес ауытқуларды іздеу және оның себептерін шығару процестері 
әрқашан болып тҧратындығын мойындау болып табылады. Егер процесте 
экстремалдық ауытқулар туындаса, бҧл болжамды едәуір қиындатуы мҥмкін, 
яғни ҧйымға жеткізушілерден тҧрақсыз жеткізулердің әсерін минимумға дейін 


200 
жеткізу ҥшін кӛбірек персоналдар, шикізаттар мен материалдар қажет болуы 
мҥмкін. 
Деминг жҧмыстарында кӛбінесе, процестерге, жҥйелер мен статистикаға, 
әсіресе, сәйкессіздіктің пайда болу себептерін табу ҥшін статистикалық 
әдістерді пайдалану бойынша сапаны жақсартуға кӛп кӛңіл бӛлінсе, Джуран 
әрбір менеджердің тікелей сапаны жоғарылату бойынша жҧмыс істеу 
қажеттілігін кӛрсетеді.
Осы ғалымдар ҧсынған сапаға қол жеткізудің негізгі принциптерін 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет