Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Кашхынбай Байжуман Балтабайулы



Pdf көрінісі
бет527/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   615
3-106-2015-2-chast

Кашхынбай Байжуман Балтабайулы
Роль профессиональной мотивации в подготовке специалистов
В данной статье автором рассматриваются роль и значение профессиональной мотивации при 
подготовке специалистов. Также уделяется внимание проблемам повышения внутренних мотивов, а именно 
познавательных способностей, внешних положительных мотивов, таких как: общественное признание
специальность, представляющая интерес для общества и др.
Ключевые слова: мотивация, подготовка специалистов, познавательные способности. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
438
Kashkynbaу Bayzhuman Baltabayuly
The role of professional motivation preparing of specialists
This article views the role and importance of professional motivation inspecialists’ training. Also the author 
focuses on the problems of increasing internal motives, namely cognitive activity, and external positive motives, such 
as public recognition, specialty of interest to the society, etc.
Key words: motivation, preparing of specialists, cognitive activity.
Редакцияға 15.03.2015 қабылданды.
ӘОЖ 159.923-053.5
А.Р. МАНДЫКАЕВА
психол.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ АХУАЛЫН РЕТТЕУДЕ АРТТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Мақалада жасөспірімдердің эмоционалдық ахуалын реттеуде арттерапияны қолдану маңыздылығы 
және арттерапияны жүргізу барысы мен оның кезеңдері баяндалады. Сурет, ертегі, ойын терапиялары 
сияқты арттерапия элементтерін қолдану креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен 
шараларын жасаудың алғы шарты болады.
Түйін сөздер: арттерапия, эмоциональдық ахуал, коммуникативтi – рефлекстi функция.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-
ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің 
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының 
қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім 
алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа 
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс 
жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа 
иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [1,12].
Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың интерактивті режимінде арттерапия элементтерін қолдану 
креативті жеке тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың алғы шарты болады. 
Сонымен қатар, оқып, білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл атқарады.
Шығармашылығы жоғары, ойлауы терең адамзатты тәрбиелеу, өзін-өзі тану сияқты өзекті 
мәселелер қазіргі күннің басты міндеттері болып отыр [2,87]. 
Жасөспірім жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез ти-
пологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің 
жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен 
әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен.
Л.Е.Личко пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының 
психопатияға кризистік кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл 
бөлінбесе олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. 
Бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен 
қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды – типологиялық 
ерекшеліктерге де байланысты болады. Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау 
дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да 
есеюдің психологиялық қиындықтары «мен» бейнесі және талпыну деңгейінің қарама-қайшылығы 
сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. 
Сонымен қатар, балалардағы дисгармонияның жеткіншектік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің 
денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, тағы сол сияқты жағдайлар олардың эмоционалды 
үйлеспеуіне әкеліп соғады. Бірақ нормадағы оқушылардың эмоционалды үйлеспеушіліктің 
психопатиялық белгілері аз көлемде болады. Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің 
барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, 
үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет