Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
510
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау
ЕРЕЖЕСІ
«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы» ғылыми журналындағы мақалалар гуманитарлық
және техникалық
бағыттағы ғылыми зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды.
Мақала көлемі кестелерді,
суреттерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және негізгі мәтін алдында жазылатын
түйінді қосқанда 6-12 бет аралығында қабылданады. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 пт әрпімен,
аралық 1 интервалмен, үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып
теріледі. Бірінші бетке ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеме), ортасына қалыпты әріптермен автордың аты-жөні, оның астына
мақаланың аты, төменіректе жай жақшаның ішінде жұмыс орындалған ұйымның аты мен қаласы жазылады.
Суреттер саны 5-тен аспауы керек (биология, физика-математика, химия салалары бойынша 10-нан аспауы керек)
және иллюстрациялар (графиктер,
схемалар, диаграммалар) компьютерде салынуы керек.
Барлық формулалар мен символдар (математикалық, физикалық, химиялық) Microsoft Equation және Microsoft Word
редакторында теріліп, нөмірленіп, сілтемелер жасалады.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15] көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі төмендегіше
мақаланың
жазылған тілінде және латынша, не ағылшынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады:
Достарыңызбен бөлісу: