Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет173/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
141
Ибадатовтың «Кетбұға» жинағының бірінші бетінде жарияланды. Марат Ескендір-Әбдешевтің 
«Қазақ портреттерінің тарихы» атты кітапта қазақ хандарының баспасөз беттерінде жарияланған 
фотопортреттері мен көркемдік портреттері топтастырылған. Бұл еңбекке ХIХ ғасырдың орта 
шенінен басталған қазақтардың фотосуреттері енген. Онда фото бейнелерді анықтайтын нақты 
деректер берілген. Сонымен қатар бұл еңбекте ежелгі қазақтардың суреттері де жүйеленген. 
Ел тарихының бейнелеу өнеріндегі көркем бейнесі Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 
жылдарынан бастау алды. Еліміздің туы, гербі, әнұраны жасалып, олар елдің көркемдік келбетін 
көркейтті. Еліміздің көрнекті қалаларында тәуелсіздікке арналған монументтер орнату дәстүрге 
айналды. Хандар мен батырлардың көлемді ескерткіштері көрнекті жерлерге орнатыла бастады. 
Графика, кескіндеме өнерінде хандар мен батырлардың образдары жасалды. Сәндік қолданбалы 
өнерде еліміздің тарижи тұлғалар портреттері кілемдер беттеріне салынып, гобелендерге бейнеленді. 
Қазақстан халқының кемеңгер көсемдерінің қайталанбас бейнесін жасауда ерекше көрінген 
көркемөнер суреткерінің бірі Ағымсалы Дүзелханов. Ол Қазақстанның ұлттық ақшасы теңгені 
тарихи тұлғалар портреттермен безендірушілердің бірі ретінде шығармалары халыққа кеңінен 
таныс болды. Қыл қалам шебері А.Дүзелханов халық өмірінің қилы кезеңдерін кең қамтыған
аңыздарға арқау болған «Қорқыт», «Томерис», «Алтын сарбаз», «Сақтар», «Көріғұлы», «Қамбар 
батыр» портреттер сериясын жасады. Қазақ хандығының бостандағы мен тәуелсіздік жолындағы 
күрес жолын ашып көрсетуге арналған «Абылай хан», «Әбілхайр хан» атты шығармалары қазақ 
бейнелеу өнерінің алтын қорына тәуелсіздік жылдарының басында қосылған туындылар болды.
Қазақстан тарихының кемеңгер көсемдері мен батырларының бейнелерін жасаудан басқа, хандар 
мен батырлар тақырыбына қосылған сюжеттік шығармалар қатарынан суретші кескіндемеші 
Т.Асықовтың «Қасым ханды ақ киізге отырғызған, хан көтеру» рәсімі бейнеленген картинасы 
болды. Сол сияқты кескіндемеші Қ.Каметовтың «Ұлы көш», Т.Тілеужановтың «Отырар шайқасы», 
кескіндемеші С.Жорабековтің «Отырарды қорғау», «Елтұтқалары», кескіндемеші Ділдабай 
Кемешовтың «Жолан батыр» картиналары қазақ халқының портреттер галереясынан көрнекті 
орын алды. 
Қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі мүсін саласының дамуы соңғы жылдарда қарқында дами 
түскенін ел мен жерді қорғаған хандар мен батырлардың монументтік мүсіндік образдарын жасау 
бағытында ерекшелене түсті. Егемен ел кезеңінде тарихи тұлғалар образын қазақ бейнелеу өнеріне 
алып келуге суретшілер Исатай Исабаев, Кенжебай Дүйсенбиев, Жұмахан Қайранбаев, Бақытжан 
Мырзахметов, Өмірзақ Жұманиязов, Талғат Тілеужан, Алпысбай Қазығұлов, Тоқтарбек Рахимов 
егемен ел өнеріне ерекше үлес қосты. 
Ел егемендігін алуы Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуы мен қалыптасуында жаңа бағыт 
беріп ұлттық идеяны әкелді. Қазақ бейнелеу өнері жаңа суретшілер есімдерімен толықты. Осы 
кезеңде суретші Өмірзақ Жұманиязовтың «Мамлюктер», «Сарбаз», кескіндемешілер Есенғели 
Садырбаевтың «Қазақ хандарының жаппай аңға шығуы», Бақытжан Мырзахметовтің «Абылай ханды 
хан көтеру», Талғат Тілеужанның «Баян», Омархан Құмардың «Батыр бабалар», К Әжібекұлының 
«Жеті жарғы» Н. Қарымсақтың «Қарасай батыр» кескіндемесі жарық көрді.
Жаңа мыңжылдықтың басында, қазақ хандары мен батырларының монументтік тұлғаларын 
жасау егеменді елдің бейнелеу өнеріндегі дамыған бағыттың біріне айналды. Мүсіншілер арасында 
Нұрлан Далбайдың «Наурызбай батырдың», «Қабанбай батырдың», «Раймбек батырдың» 
мүсіндерін, белгілі өнер шебері Амангелді Тұрсыновтың «Қапал батыр» ескерткіші, мүсінші Едіге 
Рахмадиевтің жасаған Раймбек батырдың бейнелері ұлтың көркем қазынасына қосылған көркем 
туындылар болды. 
Бүгінгі Қазақстанда жаңа демократиялық құрылым жағдайында шығармашылық ізденістен 
туындаған тарихи тұлғалар бейнелері негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштікке 
баулу аса маңызды. Қазіргі кезде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері – ұлт саясатына қатысты 
шығармашылық ой-пікірлер және қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы талаптарынан 
туындап отырған тәрбие ұғымының педагогикалық мәнін ашып көрсету орынды. Аға ұрпақтың 
сан қилы замандардан бергі ерлік дәстүрлерін көрсететін қазақ бейнелеу өнерлерінде көркем 
шығармалар жеткілікті, бірақ бұлардың танымдық – тәрбиелік мәнін ашып, практикада қолданудың 
моделі, мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдерін жинақтайтын педагогикалық инновациялық 
технолгияны жасау заман талабынан туындап отырған қажеттілік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет