Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет273/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
227
мақсатында батырларды ру басыларының өкілдері, бай-ауқатты адамдар деп олардың қоғамдағы 
орнын төмендетіп көрсетуге ұмтылады. Бұндай жағдайды С.Е.Толыбековтың еңбектерінен 
байқаймыз. Сондықтан «қазақ хандығы қалыптаса бастаған тұстан бастап әскери-көшпелі өмір 
жағдайында бірнеше ұрыстарда жеңіске жеткен әрбір қазақ батыры айналасына қаруланған 
адамдарды топтастырып, басқа ауылдар мен руларға шабуылдар жасады»,- деп тұжырымдайды 
[3, 209б.]. Қазақтың ұлттық мемлекеттілігі мен азаттығы жолында күрескен батырлардың біразын 
хан-сұлтандардың өкілдері болғаны үшін қаралайды. Автор көпшіліктің қолдауына сүйенген 
ру басылары болған ірі батырлар өздеріне қарулы дружиналарды бағындырып, үлкен әскери 
топтардың басшыларына айналды дей келе, ондай батырлардың қатарында Бөкенбай, Тіленші, 
Сырым, Жоламан, Есет, Жанқожа және басқа да белгілі есімдерді атайды [3,215б.].
Тіленші батырдың есімі қазақ жерлері Ресей империясына қосылғаннан кейінгі империяның 
өзінің отарлық саясатын бастап жүргізе бастаған кезеңдеріндегі азаттық күресі жылдарында, әсіресе 
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс жылдарында тарих төріне шықты. Бұған дейінгі кездерде Тіленші 
батыр жетіру тайпалық бірлестігінің бас биі ретінде белгілі болды. Әкесі Бөкенбайдың басқарған 
рулары мен территорияларға басшылық жасады. Жетірудың бас биі болған тұсында Тіленші батыр 
екі бірдей азаттық соғысына қатысты деп ой қорытуға толық негіз бар. Оның біріншісі 1773-1775 
жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы, екіншісі 1780/1790-шы жылдары Сырым батыр 
бастаған көтеріліс. Сондықтан Тіленші батырға байланысты нақты жазба деректер осы азаттық 
соғысына қатысты қазақ-орыс қарым-қатынасы құжаттарында сақталды. 
Бұл тұлғалар тарих сахнасына шыққа кезде қазақтарға Жайық пен Еділ өзендері аралығына 
көшуге, сол сияқты Ертіс өзенінің екінші бетіне өтуге де тыйым салынды. Мұның бәрі көшпелі 
шаруашылыққа негізделген қазақ тұрмысына ауыр тиді. Тек қана Нұралы хан мен оның қасындағы 
сұлтандарға ғана «ішкі жаққа» қыстауға кейде рұқсат беріліп тұрған. А.Нүсіпбеков Жайықтың ішкі 
бетіне өтуге рұқсат 1758 жылы Нұралы хан әулетіне ғана берілген [4, с. 48], - деп көрсетеді. 
1782 жылы Жайықтың ішкі бетіне мал өткізу шекара әкімшілігінің рұқсатымен мүмкін болды. 
Қазақтар мал өткізуге Орал әскери казак атамандарымен өзара келіседі. Кейін мал өткізуге ақы 
төлемеген сылтауымен казактар ішкі бетке өткен қазақтардың малдарын барымталап, жасырын ай-
дап алады. Қазақтардың орыс шекарасына барымтасы жиілеп тұрған тұста қара халық арасынан 
батыр Сырым Датұлы тарих сахнасына шығады. Оның жақтастары байбақты, адай, шекті рулары 
болды. Сырым батыр мен сұлтандар арасында қарым-қатынастар шиеленісіп, мұның арты қазақ 
старшындары бастаған қазақтардың қозғалысына ұласады. 1785 жылғы бұл қозғалысқа Сырым 
Датұлы басшылық жасап, Сағыз өзенінің бойында 2700 қол жиналып, көтерілісшілер саны 6000-ға 
жетеді [5, 67 б.].
Қазіргі кезде дәстүрлі қазақ қоғамын зерттеу саласында оның белгілі бір тұрақты ережелердің, 
нормалардың, ұстанымдардың кешенді жиынтығы ретінде қаралады. Институт атауы (латын 
тілінде «institutum») қоғамдық ғылымдарды зерттеу саласында өткен ғасырда қолданыла 
бастайды.
Сондықтан да кейінгі жылдары ерекшелігін сипаттайтын құрылымдар тарихына көңіл 
бөлінді. Осыған орай «сұлтандар институты», «тархандар институты», «қожалар», «төрелер» 
тақырыбындағы зерттеулер пайда болды. Институт терминінің анықтамасы көптеген теорияларда 
адамдардың іс-әрекетінің әртүрлі салаларын реттейтін және оларды рөлдер мен статустар жүйесіне 
айналдырады. Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Біздің сан ғасырлық 
тарихымыздағы биліктің дәстүрлі институттарына баға бергенде, біз селдіреген ағаштың арғы 
жағындағы қара орманды да көре білуіміз керек» - деп дәстүрлі институттарды зерттеу мәселесіне 
мән берген болатын [6, 227-228 бб.].
Батырлар институты мәселесін арнайы ұстаным ретінде зерттеуге бірнеше негіз бар. Біріншіден, 
батырлар институты тарихи ұзақ уақытты қамтиды. Екіншіден, батырлар қоғамда маңызды саяси, 
әлеуметтік, экономикалық рөл атқарды. Үшіншіден, батырлар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы 
мен сақталуына қызмет етті.
С.Е.Толыбеков қазақ хандары мен сұлтандары, ру басыларының көпшілігі батырлар болды, 
сондықтан олар қарапайым халықты қанаушылар еді деп тұжырымдайды. Ал батыр атағының 
әлеуметтік дәрежеге емес, әрбір жеке тұлғаның қасиетіне, жаугершілік кезеңдегі ұрыстардағы 
ерлігіне сай берілетін атақ екеніне мән бермейді. Осыған орай М.П.Вяткиннің «Сырым 
батыр» еңбегіндегі «батыр» деген термин әлеуметтік-таптық мазмұны жоқ болып ұғым береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет